Күні: 12.11.18ж.
Мектеп: Жалпы білім
беретін №8 орта мектеп
Пән: Тәрбие
сағаты
Сынып: 3
А
Сынып жетекшісі:
Касен
Ақбота
Машықкер: Молдабекова
Алия
Сабақтың түрі: викторина
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Викторина «Біздің Отанымыздың әйгілі
азаматтары»
Тәрбие сағатының
мақсаты: Оқушыларға еліміздің белгілі азаматтары
туралы түсінік беріп, олардың білімін жан-жақты
кеңейту. Отанын, туған жерін
қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата -
бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы
оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай
білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Тәрбие сағат
көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық
безендіру,видео.
Ұйымдастыру
кезеңі:
I.Сабақтың
басы:
а)
Амандасу. Көңіл-күй
сұрау.
б) Психологиялық
дайындық
II.Сабақтың
ортасы:
а)
Видео
көрсету
б)
«Пазл құрастыру»
ойыны
с)
«Ұяшықтар»
ойыны
д)
Сергіту
сәті
е) «Иа, жоқ» ойыны
ж)
Викториналық
сұрақтар
III.Сабақтың
соңы:
Сабактан алған әсерлерін
смайлик арқылы көрсету.
Тәрбие сағатының
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
I.Мұғалім:
-Сәлеметсіңдер ме оқушылар!
(Сәлеметсізбе мұғалім)Көңіл-күйлерін қалай, сабаққа деген
ынта-құлшыныстарын қалай?(жақсы) Оқушылар бүгінгі сабаққа
дайынсыңдарма? (Иа)
Психологиялық
дайындық:
Оқушылар сабағымызды бастамас
бұрын орындарымыздан тұрып психологиялық дайындықты өткізіп алайық!
Балалар мен сендерге әртүрлі дене мүшелерін айтамын сендер сол
мүшені ұстауларын керек.Бірақ мен сендермен бірге жасап, сендерді
шатастыру тырысам.Алайда, сендер шатаспауларын
керек.
Тақырыппен
танысу:
-Балалар, сендер Біздің
Отанымыздың қандай әйгілі азаматтарын білесіңдер? Әйгілі адамдар
бұл қандай адамдар?Осы әйгілі адамдардың ішінде өздеріне ұнайтын
немесе ұқсағыларын келетін, қатты сыйлайтын адамдар бар
ма?
(Балалардың
пікірлері)
Жарайсыңдар балалар!Ал енді
бәріміз тақтаға назар аударайықшы!Балалар тақтада кімдер
бейнеленген? (Балалардың пікірлері)Дұрыс айтасыңдар, тақтада
Қазақстанның әйгілі адамдары бейнеленген.Сонау батырлардан, қазіргі
спортшыларға дейін көрсетілген.Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай,Наурызбай
сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан
оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен
ерліктерінің бәрі Тәуелсіздігімізге жеткізді. Бүгінгі сабағымызда
бізді осы қазіргі кезге жеткізген батырларымыз, ақын,жазушыларымыз,
қазіргі кезде отанымызда әйгілі азаматтар туралы білетін боламыз.
Білетін білімдерімізді әрі қарай
жетілдіреміз.
II.Сабақтың
ортасы:
а)
Видео
көрсету
Ал балалар қазір мен сендерге
видео көрсетемін.Балалар видеода кімдер көрсетілген?(Балалардың
ойы) Олар туралы не айта
аласыңдар?
б)
«Пазл құрастыру»
ойыны
Б алалар
ойынымызды бастамас бұрын, 3 топтқа бөлінейік.Әр топқа пазл
беріледі.Оқушылар пазлды жылдам құрастырулары керек.Шыққан сурет
бойынша басқа 2 топқа сұрақтар қойылу
керек.
с) «Ұяшықтар» ойыны
Әр топтан 2 бала шығып,
ұяшықтар тандайды.Балалар таңдаған ұяшықтардың сұрағына жауап беруі
керек.
1 2 3
-
5 6
1)ҚР – ның тұңғыш президенті? (Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев)
2)Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларын
білесіңдер? (Бекзат
Саттарханов, Ольга Шишигина
(жүгіру), Бақыт
Сәрсекпаев, Серік Сәпиев
(боксшы), Зульфия Чиншанло
, Майя Манеза (ауыр
атлет), Ольга Рыпакова(үш қарғып секіру сайысы
бойынша), т.б.
3)Мұхтар Әуезовтың
суреті
4)Талғат Амангелдіұлы
Мұсабаевтың суреті
5)Қазақстан тарихында елеулі орын алған үш биді
ата (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке
би)
6)ҚР белгілі әншілерін , жұлдыздарын ата
(Баланың ойы)
д)
Сергіту
сәті
Оқушылар ал енді сергіту сәтін
өткізіп алайық! Балалар қазір біз «қоян, түлкі,
аю»ойының ойнаймыз. Мен сендерге
қоян десем, сендер отырасыңдар,түлкі десем,тұрасыңдар,ал аю
десем,қолдарынды көтеріп жоғарыға қарай
созамыз.
е) «Иа, жоқ» ойыны
1)
Илья Александрович
Ильин
— Қазақстандық зілтемірші (ауыр
атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының
екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы
(2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан
чемпионы.
а)
Иа б)
жоқ
2)
Головкин
Геннадий
Геннадьевич—әлем
бойынша самбо
чемпионы.
а) Иа
б) жоқ
3) Мұхтар Омарханұлы
Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері,
ғұлама ғалым.Әлемге «Абай жолы» атты романын паш еткен
жазушы.
а)
Иа б)
жоқ
4)Жамбыл
Жабаев–
қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең
сөздің дүлдүлі, жырау,
жыршы.
а)
Иа б)
жоқ
5) Тоқтар Оңғарбайұлы
Әубәкіров– 1891 жылы қазанның 2-інде ғарышқа
ұшты.
а)
Иа б)
жоқ
ж)
Викториналық
сұрақтар
1)
Бауыржан
Момышұлы кім?
(Кеңес
одағының
батыры, жазушы, Екінші
дүниежүзілік
соғыстың даңқты жауынгері, әскери
қолбасшы, стратег және тактик.)
2)
Ыбырай
Алтынсарин шын
аты?
(Ибраһим)
3)Балқаш қаласының
тумасы боксшы,
еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының чемпионы ,
Баркер кубогының иегері , Парасат орденінің кавалері?
(Василий Валерьевич
Жиров)
4) Мағжан Жұмабайев
кім? ( Алаш
қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын
жұлдызы.)
5) Ләззат Асанова
кім? (Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Алматыда
1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және
әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене
қатысқан.)
6)
Қазыбек би кім?
(ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және
мемлекет қайраткері)
7)
Төле би кім?
(қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің
бас биі)
8) Әйтеке Байбекұлы
кім? (қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес
қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет
қайраткері)
III.Сабақтың
соңы:
-Балалар, сонымен тәрбие
сағатымыз аяқталды. Сендерге үлкен алғысымды білдіремін. Бүгін
тәрбие сағатымызды жақсы көңіл-күйде өткіздік.
Оқушылардың сабақ жайлы
ойларын білу. Сабақты қортындылау. Оқушылармен
қоштасу.Сабактан алған әсерлерін
смайлик арқылы көрсету. Оқушылар осымен бүгінгі
сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңдар!
Мұғалім:
Әдіскер:
Баға: