жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты:Баланың бас ұстазы-ата-ана (тренинг)
Бекітемін
14.01.2019ж
ТАҚЫРЫБЫ: Баланың бас ұстазы-ата-ана
АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ
Мақсаты:
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат,маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
-
«Есімдер сөйлейді» жаттығуы;
-
Топқа бөлу;
-
Ой жинақтау;
-
Ситуациялық сұрақтар;
-
Сөз құра,тез құра
-
«Ашық айтсам…» жаттығуы;
-
Рефлексия;
-
қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
-
«Есімдер сөйлейді» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
-
Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті қағаздерды таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
-
Ой жинақтау:
Үш топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
-
Ситуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
-
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
-
Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
-
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
-
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
-
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
-
Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
-
Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
-
Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
-
Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
-
Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
-
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?
5. Сөз құра,тез құра (Қима қағаздардағы сөздерден мақал құрастырып түсіндіру)
-
«Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:Аты-жөніңіз
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________
Менің тренингтік есімім_____________________________________________
Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________
__________________________________________________________________
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________
Ұстазға ұсыныс_________________________________________________
__________________________________________________________________
-
Рефлексия:
-
Қорытынды:
Бекітемін
21.01.2019
Тақырыбы:«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық
мақтаныш»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік
белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің
әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне
қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса
маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой
өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге
үйрету, өз Отанының патриоты етіп
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер,
суреттер, Н. Назарбаевтың портреті, ҚР Конституциясы,
баптар
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін үлкен
мереке - Білім күні. Осы мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгін
сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие
сағатымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
(Сабақтың мақсатымен, жоспарымен
таныстырылады)
Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа
мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992
жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік
рәміздер күні» болып
белгіленді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда
референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында
ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы
және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 -
бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге
міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің
өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман
аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын
білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір
азамат терең түсініп, оны қастерлей білу
керек.
Мақтансаң мақтан елім
деп,
Тани біл елдік
таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран
-
Тәуелсіздікке тән белгі
-
Қасиетті осы
рәміздер.
Еліме рух, мән
берді,
Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие
сағатымызды ары қарай
жалғастырамыз.
Айгерім: Көк жүзінде
көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір
нұр.
Қазақстан жалауы
-
Азаттықтың
алауы.
Желбірейді
аспанда,
Отан орны
асқарда.
Берік:
Ту
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан
күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн
көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл
нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде
өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза
пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті
күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың
нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап
бүгін.
Бақытжан:
Елтаңба
Көгілдір түс аясында шаңырағым
шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен
қалықтап.
Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр
шаншылып.
Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ
анықтап.
Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған
бағымдай.
Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан
алынбай.
Ортасында «Қазақстан» деген жазу
жазылған,
Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің
қанындай.
Рахмет: Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді
арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды
шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің
нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып
тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар
пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып
тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді
пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба
тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның
төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің
кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы
елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем
есінде.
Мадина: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің
музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық
жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат
іспеттес.
Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің
жолдасындай
Еліміздің әнұраны жүректерде
жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі
халқымыздың.
Әділ:
Әнұраным
Әйгілісің әуеніңмен
әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді
дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт
бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр
елде.
Жүрегінен орын алып
елімнің,
Шартараптан шарықтаумен
көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен
тербеткен,
Белгісісің кең жазира
жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты
шайқады,
Күштілігін бүкіл халық
байқады.
Шабыт берген Әнұранды
әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен
айтады.
Мұғалім: Мемлекеттік туымыздың авторы
кім?
Нұрсейіт: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР
Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер
қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград
жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас
суретшісі.
Мұғалім: Қазақстан дейтін Отан анамыздың
Елтаңбасының авторы кім?
Жұлдыз: Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік
Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге
келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері
факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау
институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар
жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада
тұрады.
Болат: Шотаман Ыдырысұлы
Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.
Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері,
белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық
институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының
қызметкері.
Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді?
Авторлары кім?
: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші
Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына
айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде
жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да
халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне
айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар
саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық
жүрегінде мәңгі сақталады.
Хиуаз: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған.
1960 жылдардың бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық
бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі.
Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған.
1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып
жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»
атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына
айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен
жаңғыртып келеді.
Рахмет: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған.
Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды
әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.
Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық
кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған
ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген.
Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып
келеді.
Мұғалім:. Жалпылама Қазақстан туралы
білімдеріңді жинақтайсыңдар
балалар
1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы
алды?
2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп
неліктен аталады?
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші
орында? 4. Еліміздің жер
көлемі
5. Қазақстанда қанша облыс бар? 6.
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері
тұрады?
7. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі? 8. ҚР
- ның тұңғыш президенті
кім?
9.. ҚР - ның жаңа Астанасын атаңыз 10. ҚР -
ның рәміздерін атаңыз
Қазақстанға
саяхат
Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары,
таулары, жазықтарының аттары аталады. Картадан көрсету
керек.
Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), Қазақтың ұсақ
шоқысы (Сарыарқа), Күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), Ең ірі
өзен (Ертіс), Еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі
тау (Тянь Шань)
Қорытынды.
Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті
болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің
күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор
үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық
сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен
басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін
ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз,
Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып
тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне
сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін,
татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы
дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ
елін бүгінде әлем таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде
ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан
ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер
қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан
– жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.
Бекітемін
28.01.2019
Тақырыбы: Ата сөзі-бата сөз.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Оқушы бойына рухани адамгершілік,имандылық қасиеттерді ұғындыру,дамыту.
2. Дамытушылық:Бабалардан қалған ұлағатты,ғибрат алрлық сөздерден өнеге алуға баулу.
3.Тәрбиелік:Ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны оқып,үйренуге тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық.
-Балалар,ата деп кімді атаймыз?
-Отбасының үлкені,ақсақал,қария,қарт кісі.
-Үйде кімнің атасы бар? Аты кім?
- Бата дегенді қалай түсінеміз?
-Өнегелі сөз,алғыс,тілек,өсиет.
-«Жаңбырмен жер көгереді,батамен ел көгереді» деп халық батаны«киелі сөз» деп жоғары бағалаған.Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан,атақты батыр,билерден,шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
-Сіздерге аталарың қандай жақсы сөз,тілектер айтады немесе қандай баталы сөз естідіңіздер,қандай алғыс алдыңыздар?
«Үйінде атасы бардың берер батасы бар» дейді қазақ.Бата- қарт адамның ризалық сезімін,өсиетті ой тұжырымдарын,жақсы тілектерін білдіреді.
Диктофоннан Н.Айтовтың«Алтын сөз» өлеңін тыңдату.
Қайырлы болсын қадамың,
Білімге қанат басқаның.
Сөмке асынып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның.
Білімнен бақыт табармыз
Өсе берсін санамыз.
Балаларым дарын бол,
Сөнбейтұғын жалын бол!
Жақсы оқып,ер жетіп,
Қатардан асқан ғалым бол!
Әумин!
-Ата сіздерге не айтты?
-Бата берді
-Дұрыс-ақ,балалар,сіздер қыркүйекте алғаш мектепке келгенде аталарың осылай бата берген екен.
Бата беру – адал ниет,жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.
Халық ақ батадан рухани қуаталады,ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
-Батаны кімдер береді?
-Қарт кісілер,ақсақалдар.
-Бата беретіндер :көпті көрген құрметті ақсақалдар,ауызды билер,өз ісінің хас шебері.
Батаны халық арасында жас болса да бас боларлық жолы,жөні бар адам береді. Ер адамдар отырғанда әйел адам бата бермейді.
Егер әйелдер арасында сөз білетін ер бала отырса,оған бата беруге болады.
Бата көбінесе өлең түрінде болып келеді.
«Ата сөзі-бата сөз» деп ата-бабамыздың нақыл сөздері мен ақыл сөздерін,өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап,жадымызда сақтайық.
Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады.
-Балалар,үлкен кісілер батаны қандай мерекелерде береді деп ойлайсыңдар?
Осы біз білетін бата түрлері қалай беріледі екен,соған тоқталсақ.
Бесікке саларда.
1.оқушы:
А,құдай ұзақ ғұмыр бер,
Күлкісі мөлдір бұлақтай.
Ойыны елік лағындай
Қыдыр дарып басыңа
Бақ-дәулет келіп қасыңа
Алла тағалам қолдасын!
Әумин !
Шаш аларда:
2.оқушы:
Жортқанда балам ,жолың болсын,
Қалтаң ділдаға толсын.
Бір толмасын,жылда толсын
Өмір жасың ұзақ болсын!
Жамбылдың жасын берсін,
Абайдың басын берсін.
Қажымұханның қайратын берсін,
Алла саған бақ берсін.
Әумин !
Әскерге барарда:
3.оқушы:
Оң болсын балам сапарың,
Молықсын дәмің , татарың.
Туған елің тапсырған
Парызын өте Отанның.
Әумин !
Балаға енші беру:
4.оқушы:
Қоныстарың құтты болсын!
Босағасы мықты болсын.
Отауларың елге сән болсын
Өмірлерің бал болсын.
Дастарқандарың мол болсын
Үйлеріңе ырыс толсын!
Әумин !
Наурыз тойында:
5.оқ
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар .
Әумин !
Дастарқанға бата:
6.оқушы:
Сұрасаң бата берейін
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын!
Абыройың зор болсын
Абзал досың көп болсын
Берген батам сол болсын.
Әумин !
-Міне,балалар,батаның бірнеше түрлеріне толталдық.Негізгі бата-халықтікі,ал лебізді бата-халықтың арман тілегі,келешекке деген үміт-сенімі.
Көрініс «Әдепті балалар».
-Осы көріністе әже мен ата балаларға қандай баталы сөздер айтты?
Өркендерің өссін!
Қадірлі азамат болыңдар!
Алла жарылқасын!
Ізетті,инабатты,иманды болыңдар!
Өмірлерің ұзақ болсын!
Көргендерің қызық болсын!
-Осы бата тілекті не үшін айтты деп ойлайсыңдар?
-Балаларға риза болғаннан.
-Көмектескені үшін.
-Қарт кісілерді сыйлағаны үшін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген