Негізгі
бөлім.
Сызбамен
жұмыс
Еңбектің
пайдасы
1-оқушы: Адамның адам болуында
еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын
жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан
қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу
тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті
күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы
етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне
көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен-
еңбек»
2-оқушы: Еңбектену тек адамға
ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай
еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектен
Құмырсқа илеуінің ішінде
қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық
құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп
атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та
жетпей ме?
Жануарлар да еңбектенеді екен.
Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар
ғой.
Қандай айырмасы бар? Адам
еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп,
өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа
қандай жануар арнайы шам жасап қараңғыны жарық
етеді?
Адамның еңбегі- саналы еңбек,
оған мысал келтіріп айтуға болады.
Демек, адам табиғатта
кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап
жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті.
Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап
тапқан.
1-оқушы: Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап
ұшақты ойлап шығарды.
2-оқушы: Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының
діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі
ғимараттар салды.
3-оқушы: Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар
тұрғызды.
4-оқушы: Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер
жасалды.
5-оқушы: Табиғаттағы инелікке қарай отырып
тікұшақ жасады.
Осы
айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын
байқаймыз.
Сонымен тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн
де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз
еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас
жігерімен құдіретті. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек.
Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады.
Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен
ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап
етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде
құрметке бөленеді.
1.Суретпен
жұмыс.
Топтарға сурет қиындыларын
құрастыру тапсырылады. Сол сурет бойынша әңгіме құрайды.Топтар бір
–бірін бағалайды.
2.Мақалдың жалғасын
тап.
Мақалдың алғашқы жолын оқимын,
әрі қарай өздерің қолдарыңды көтеріп
жалғастырасыңдар.
Сахналау: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө.
Тұрманжанов. Автор: Дастарханда
шашылып Жатты аппақ
бауырсақ Бауырсаққа
қызығып Қарап тұрып көзін
сап. Қуыршақ: -Қайдан келдін
бауырсақ? Бауырсақ: -Дүкеннен келдім нан
сатқан. Қуыршақ: Дүкенге келдің қай
жақтан? Бауырсақ: -Наубайдан келдім нан
жапқан Қуыршақ: -Наубайға келдің қай
жақтан? Бауырсақ: Диірменнен келдім ұн
тартқан. Қуыршақ: -Диірменге келдің қай
жақтан? Бауырсақ: Даладан келдім
жан-жақтан. Жер-анам менің
көсілген Дихандар мені
өсірген.
Нан дастарқанға қалай келеді? деген сұрақ
аясында еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы
әңгімелету.
|