Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты:Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз.
Мақсаты:Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері,Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларының суреттері, Отан, жер туралы нақыл сөздер.
Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді...
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Тұңғыш Президент.
1-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-оқушы:Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
3-оқушы:Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
4-оқушы :Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
5-оқушы:Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
6-оқушы:Азат елдің тәуелсіз азаматы
Сенің келді мінбе де сөз алатын
Аттан барыс бейнелі болашаққа
Барша әлемге шығыршы қазақ атын.
7-оқушы:Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы,өзені, көлі бар
Қазағымның елін жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Би «Қазақша»
Тұғырлы туымыз.
Жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры
ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
8-оқушы:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
9-оқушы:Мен қазақтың ұланымын
Мен қазақтың,ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімін
Ұланымын туын көкке көтерген.
Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер:
Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
10-оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
11- оқушы:Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
Асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
12-оқушы:Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
13-оқушы:Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Қорытынды:
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз
Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-
дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті оқушылар! Сендер
тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің
тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары
дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер
терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Тақырыбы:Ұлттық тәрбие отбасынан басталады.
Мақсаты:Отбасы - халық тәрбиесінен
үнемі нәр алып отырған. Халық тәрбиесі - отбасы тәрбиесінің
бастауы.Халық тәрбиесінің отбасындағы ролі, мақал - мәтелдердің
тәрбиелік мәнінен тоқталу.
Көрнекілігі: Отбасы өмірін бейнелейтін
суреттер, қанатты сөздер: «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он
төртке келгенше құлынша қина, ал он төрттен кейін құрдасыңдай
сыйла». «Тәрбие баламен баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған
ақыл кеңес берумен ғана шектеледі» (А. С.
Макаренко)
Барысы:
І. Кіріспе
Жүргізуші. Ғасырлар бойы халқымыз бала тәрбиесіне ерекше мән
берген. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап өсіп өнуіне қалыптасуына
ерекше мән берген. Ата - ананың жүрек жылуын сәби жарық дүниеге
келместен бұрын ана құрсағында жатып сезу керек. Дүниеге келген
нәресте бір мен бес жас аралығында адамгершілік әліппесі және
дүниетану тәрбиесін ұғынады. Бесіктегі балаға тіл қату, бесік жырын
айту, тілі жаңа шыққан баланың қойған сұрақтарына ойланып жауап
беру, түсіндіре білу керек, ол да тәрбиенің алғашқы қадамы. 6
жастан бастап мектеп есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша
өмірде адамгершілік асыл қасиеттерді қастерлеп өмір заңдылықтарын
үйренеді.
Мақал-мәтелдер
айту.
Тәрбиенің мәнін ашатын тәлім - тәрбие туралы мақал - мәтелдерді бір
- бірден айтып, мағынасына тоқталамыз.
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1. Үлкенге үнемі сәлем бер
2. Үлкенге қарсы шықпа
3. Үлкеннің батасын қабыл ал.
4. Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
5. Үлкен кісіні ренжетпе
6. Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
7. Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
8. Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі
9. Ақылды қария - ағып жатқан дария
10. Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
11. Махмуд Қашқари «Жақсы үлкенді қадірлесе - құт
болар!
Жүргізуші: Қазақ отбасында
әуелі әке содан соң шешесі отбасы мектебінің ұстаздары. Әке мен
шешесінің баласына қоятын ең басты талап - тілектері баланың
«әдепті» болып өсуі.
Солндықтан қазақ отбасы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе,
көргенсіз болма деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып
өсірген, Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа
баулып өсірген. Үйінде үнемі осылай тәрбие көрген бала ақырында,
өздігінен тіл ағылшын, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
«Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре
жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу
үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй
балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!»- дейді. Бір сәтке
балалық сезім жеңіп, қателік жеберіп алғанын түсінген жас Абай кілт
бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткірек тұрған оқшау топқа
қарай адымдай жөнеледі.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүреке жылы осындай тамаша
дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын
жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Көрініс:
Оқушы: Бүгінгі біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол
бізге мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата ендігі сөз
өзіңізде.
Мақалбай ата: ата - анаңды құрметтесең, сенде жақсылық игілік
көресің.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата - бәйтерек,
Бала - жапырақ,
Әке - асқар тау,
Ана - бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең қартайғанда сені де етер
ізет.
Маған мынаны айтып беріңдрші, балаларым!
Дүниеде не қымбат?
Не қатты?
Не тәтті?
Жеті жоқты апап беріңдерші?
Балалар жауабы
тыңдалады.
Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой.
Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал - мәтел
білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарадыңдар. Енді өздеріңе ақ батамды
берейін.
Сабағыңды оқы беске
Балалар үйінің қуанышы бол
Бауырыңның жұбанышы бол
Сенімін ақта үлкендердің
Түлесін көктеп мекенің.
Қорытынды:
Жүргізуші:Сонымен бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше.
Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса алмасотыра алмайды.
Отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған ата -
бабасының салт - дәстүрі, ақыл тәрбиесін беру, бүгінгі өмірдің
құндылықтарын қабылдату, ата - анасына, қоғамға, еліне қамқор болар
ұл - қыз тәрбиелеу.
Қатты тәртіп берсек бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан
Өлелгенше соны таныр қиядан.
Өнер білім берем десең басынан
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы, жаман болса, бала солардан - деп ХІ ғасырда Ж. Баласағын
айтқандай, ата - аналардың баланың жеке ерекшеліктерін танып, жақсы
тәрбие беруі қоғам алдындағы міндеті. Сыйластық, түсіністік, үлкен
жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты
отбасында ғана дені сау, жан дүниесі бай, өмірге құштар, ой - өрісі
кең, білімді ұл - қыз өседі.
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықтың мәні, мазмұны, қоғамға тигізер зардаптары»
Мақсаты:1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыбайлас жемқорлық туралы слайд,т.б.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сыбайлас-жемқорлық деген не?
(оқушылардың пікірлері
тыңдалады)
Баяндамашы:Сыбайлас-жемқорлық деген
не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды
БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
1 -
оқушы
Жамандыққа тосқауылды
қояйық,
Пара
алғанның жолы жабық қой
анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын
жол,
Күресейік, жемқорлықты
жояйық.
2-
оқушы
Әр ата -
ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз
шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа
үйретсең,
Жолдан
таймас ар болған соң санада.
3 -
оқушы
Пара
алғандар темір тордан әрі
асар,
Алса да
оны мойындамай санасар,
Беделі
кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді
өмірі енді қайтіп жарасар.
4 -
оқушы
Қазақ елі
байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге
кесеміз,
Сонда
ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда
ғана шарықтаймыз, өсеміз.
5 -
оқушы
Егеменді
өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр -
әнмен.
Жолыменен
Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген
ұранмен.
Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»
(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)
Сахналық көрініс (Әр топтан екі оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)
Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .
1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір
сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ
СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.
Қортындылау:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар
Тақырыбы:Тұмаудың алдын
алу.
Мақсаты:Оқушыларға тұмау туралы
түсіндіріп, тұмау туралы баяндау және оның адам ағзасына әкелетін
аурулардан алдын ала сақтану. Оқушылардың спортқа, еңбекке,
тазалыққа баулу.
Міндеті:
Оқушыларды салауатты өмір сүруге шақыру.
Болашақта тұмаумен ауырмау үшін оның алдын алу туралы оқушыларды
ескерту.
Көрнекілігі:тұмау туралы
слайд,бейнеролик.
Барысы:
Жүргізуші:
Тұмау
Тұмау - өте көп таралған жұқпалы ауру. Онымен бір уақытта өте көп
адам ауырады, өйткені ауру жылдам тарайды. Өмірінде тұмаумен
ауырмаған бірде - бір ересек адам жоқ болар. Бұл аурудың аты
француз тілінде «гриппе» - жаулап алу деген сөзден шыққан.
Шындығында, бұл ауру үлкен қалалардың, бүкіл бір елдің немесе
құрылықтың халқын қамтып тарай алады. Тұмаудың қоздырғышы - бірнеше
түрлі вирустар Екі - үш жылда бірнеше рет қайталанып тұруы және оны
әр жағдайда әр түрлі вирус туғызуы мүмкін.
Тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарау қате әрі зиянды. Ол жұқпалы да
қатерлі сырқат. Халық арасында «Тұмау түбі – құрт» деп бекер
айтылмаса керек. Себебі, бұл ауруда уақытылы алдын алып, ем
жолдарын қолданбаса, түрлі қосымша дерттердің тууына және асқынуына
әкеліп соқтыруы ықтимал.
Тұмау науқас кісіден сау адамға вирус арқылы жұғады. Яғни, инфекция
көзі – ауру адам. Ол тыныс жолдарының жоғарғы жағына күшті зақым
келтіреді. Тұмаумен ауырған адам жиі түшкіріп, жөтеледі де, оның
сілекей тамшыларындағы вирустар жан - жаққа шашырап тарайды. Ауру
адам
сөйлегенде, түшкіргенде және жөтелгенде вирус оның демімен ауаға
шығып, сау адамның тыныс жолдарына түседі.
Тұмаудың бірінші белгілері бір - екі күнде санаулы сағаттың өзінде
байқалады.
Сөйтіп барып кенеттен, күтпеген жерден қатты басталады. Ауруға
шалдыққан адам қалтырап тоңады, денесінің ыстығы 38 - 40 градусқа
дейін көтеріледі, басы ауырып, кейде құсады.
Бұл сәтте, сондай - ақ, дене әлсірейді, бұлшық еттері мен
сүйектері, буындары сыздап сырқырайды, дел - сал болып, терлей
береді, мұрны бітіп қалады, қан қысымы төмендейді және науқас жиі
түшкіріп жөтеле бастайды. Тамақтың жыбырлап ауруы және жөтелу
сияқты тұмауға тән белгілер көбінесе ауру басталғаннан кейін
байқалады.
Құрғақ жөтел екі - үш күннен кейін пайда болады. Мұндай кезде ауыз
- мұрынының айналасы қызарып, ашып мазалайды.
Тағы бір ескеретін нәрсе, тұмауға жас балалар, қарттар кеш
шалдығады. Сондықтан, мұндай жастағылардың бойында басқада бір
аурудың түрі болса, ол осы тұмаудың әсерінен асқынып кетуі ғажап
емес. Тұмау әсіресе, жасы ұлғайған қарт адамдарға өте қауіпті,
өйткені олардың ағзасының жас адамдардың ағзасымен салыстырғанда
жұқпалы аурулардан қорғану мүмкіншілігі төмен. Тұмаумен ауырған бір
адамның таңертеңгілік қоғамдық көлікте бір рет түшкіргені сол күні
кешке ондаған немесе жүздеген осы ауруды жұқтыруына әбден
жеткілікті. Егер тұмауға шалдыққан адамдар оны елемей жұмысқа
немесе оқу орындарына барса, олар тағы да мыңдаған адамға
жұқтырады.
Сөйтіп тұмау қоршаған ортаға тез тарап, індетке айналады. Егер
науқас тұмаудан жатып емделмесе, ауру асқынып өкпенің немесе ми
қабығының қабынуы мүмкін. Адамзат тұмау ауруының зардабын көп
тартты. Соның ішіндегі ең ауруы 1918 - 1920 жылдары болған испан
тұмауының індетінен дүние жүзінде 25 млн. адам өлген.
Бүгінгі күні адамның тұмаудан қайтыс болуы өте сирек жағдай,
өйткені оны емдеудің және асқындырмаудың тиімді жолдары табылған.
Бірақта осы ауруды тарататын вирустар мен күресу әлі қиынға соғуда.
Алдын – ала егуге қажет дәрілер болғанымен де, вирустардың өте тез
таралуына байланысты, аз уақыт ішінде барлық адамдарды егіп үлгеру
мүмкін емес. Осы жайға байланысты «емделген тұмау - тек бір аптаға,
ал емделмеген тұмау - толық жеті күнге созылады» деген қалжың бар.
Сондықтан тұмаудың бірінші белгісі пайда болысымен дәрігер
шақыртып, емделу қажет. Егер оны уақытында емдемей, жұмысқа немесе
оқу орындарына барсаңыз, айналаңыздағы жүздеген жазықсыз адамдарға
тұмау жұқтырасыз.
Тұмаудан сақтану жолдарына келетін болсақ, оны алғашқы белгілері
біліне бастасымен төсекке жатып, дәрігер шақырту керек. Әрине,
мұндай уақытта сырқаттың көпшілік орындарына баруына шектеу қойған
жөн. Сырқаттың жанында болып, оған емдеу қолданатын адам төрт -
алты қабат дәкеден жасалған ауыз жапқыш салуы және мұрын ішіне
оксолин майын жаққан дұрыс. Тұмаудан тезірек айығып кету үшін
міндетті түрде бөлек бөлмеде жатып емделу, егер адам сау кісілермен
бірге бір бөлмеде тұратын
болса, онда оның төсегін шымылдық пен бөлі керек. Әрине, мұндайда
сырқаттың пайдаланатын ыдыс - аяқтары бөлек ұсталғаны жөн.
Ем алу кезінде тамақты жылы орау, көбіне сұйық тағам - лимон қосқан
шай, көк шай, ыстық сүт, минералды су, пияз қабығының қайнатпасын,
сарымсақ тұнбасын, емдік өсімдіктерді пайдаланған тиімді.
3-оқушы:
Тұмау кезінде сырқат жататын бөлменің тазалығына ерекше аударған
жөн.
Еденді хлорлы әк ерітіндісі қосылған сумен жүйелі сүртіп, бөлмені
әлсін - әлсін желдетіп, ондағы температураны 18 - 20 градус
төңірегінде ұстау қажет.
Дер кезінде дәрігерге көрініп, оның тағайындаған, емін бұлжытпай
орындаса, әдетте, 3 - 4 күннен кейін ауру адамның ыстығы төмендеп,
денсаулығы жақсара бастайды. Сөйтіп, одан 3-4 күннен кейін айығып
та кетеді. Қалай дегенімен, тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарауға
болмайтынын әркім жадында ұстауы керек -
ақ.
Қорытынды: (сұрақ - жауап арқылы).
1. Осы тұмау ауруының инфекция көзі кімдер саналады?
2. Тұмаудың алғашқы белгілері қай уақытта және тұмаумен ауырған
адамның күйі қандай болады?
3. Тұмаудан сақтану жолдары қандай?
Тақырыбы:Экологиялық соқпақ табиғат тазалығы.
Мақсаты: Бейнефильм көрсету арқылы оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
табиғатты қорғай алатын, аялай білетін
адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті
жоғары жаңа ұрпақ
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақстан туралы, табиғат туралы
бейнетаспа.
Барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
а)Оқушылармен сәлемдесу;
ә)Оқушыларды орындарына
отырғызу.
Тәрбиеші:
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты
қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су –
алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін
емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты
қорғауды жетілдіру мақсатында болып
отыр.
Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс
басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне
тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.: Табиғат, Жер Ана, Отан,
Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық
сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай
сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның
азаматтық борышы. Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат
баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш,
Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған
таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз
қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау,
өлім-жітім көбейді.
Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен
немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе
демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды
ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз
екенбіз.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен
маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің
ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық
мәселе.
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы
және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер
мекені.
Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық,
ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат –
адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді
қалыптастыратын ұлағатты
ұстаз.
Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық
өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс.
Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы
бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең
ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз
керек.
Қорытынды:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза
тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған
жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік
жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың дей
келе бүгінгі іс-шарамызда өз мәресіне келіп
жетті.
Табиғат адам бойына шабыт,
көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие
көзі.
Адам табиғатқа мейірімділікпен,
сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда,
адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс
болатынын ешқашан
ұмытпайық!
Тақырыбы: Күзгі орманға
саяхат.
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы
білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін
қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат
дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар,
аңдар, өсімдіктер өмір сүруге бейімделетіндері туралы түсінік
беру.
Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және
оны қорғай білуге тәрбиелеу.
І - бөлім. Ұйымдастыру
сәті.
Балалар шеңбер бойына жиналып
тұрады.
Тәрбиеші: Қуан шаттан
алақай
Қуанатын келді
күн
Қайырлы таң, қайырлы
күн!
Күліп шықты бүгін де
күн.
Балалар таңертеңгілік бір - бірімізге не деп
айту керек?
Балалар: Қайырлы
таң!
Тәрбиеші: Ендеше қане бір - бірімізге қайырлы
таң айтайық.
Балалар: Қайырлы таң деп амандасып
шығады.
Тәрбиеші: Балалар енді көңіліміз жақсы болу
үшін, жақсы тілектер айтып, қолдарыңдағы жапырақтардан «тілек
шоғын» жасайық.
Аспанымыз ашық
болсын!
Денсаулық
болсын!
Достық
болсын!
Нан көп
болсын!
Еліміз тиыш
болсын!
Елбасшымыз аман
болсын!
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме балалар қандай жақсы -
жақсы тілектер айтылып, қандай әсем «тілек шоғы» пайда
болды.
Тәрбиеші: Балалар, саяхатқа шықпас бұрын
сақтайтын ережелері еске түсіріп
алайық.
1. Бір - біріміздің
қалмаймыз
2. Орманда
айғаламаймыз
3. Ағаштың бұтағын
сындырмаймыз
4. Құстың ұясын
бұзбаймыз
5. Орманды
ластамаймыз
6. От
жақпаймыз
ІІ бөлім:
Қорытынды
1. Табиғат дегеніміз
не?
2. Табиғат нешеге бөлінеді және қандай –
қандай
3. Өлі табиғатқа не
жатады?
4. Табиғатқа байланысты тыйым сөздер
айтқызу.
Тақырыбы: «Туған жерім,тұғырым-Қазақстан»
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстанның қашан, қалай құрылғандығы туралы білім беру арқылы ой өрістерін кеңейту.
Міндеті:
а)
білімділік: «Қазақстан» тақырыбы
бойынша оқушылардың
білімдерін толықтыру,тиянақтау,дүниетанымдарын
кеңейту;
ә)дамытушылық:оқушылардың
ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын
дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру;
б )
тәрбиелік : Отанын сүюге,рәміздерді
,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу,достықты
күшейту,ынтымақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін
ояту.
Түрі: патриоттық тәрбие
сағаты
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,
ойын
Пәнаралық
байланыс:әдебиет,география,тарих,
музыка.
Қатысушылар саны, құрамы: 2-3 сынып оқушылары, 25 бала
Өту
орны: мектепте,
кабинетте.
Көрнекі
құралдары: флипчарт,карта,рәміздер,Елбасының портреті,сөзжұмбақ,
сандық, көрініске арналған киімдер (Атаның,ағаның,әскерден қайтқан
баланың киімдері).
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Сәлеметсіз бе,мұғалім!
-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін
құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар
хормен).
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
-Орындарына отыра қойыңдар.
Ойын «Миға шабуыл» Сақтың тақырыбын ашу үшін балаларға бірнеше сұрақ қоямын.
— Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
— Дұрыс айтасыңдар.
— Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз, зайырлы, әдемі)
— Өте
жақсы,балалар.
ІІ.Негізгі
бөлім. Қазақстан дейтін
менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз
жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың
тақырыбы: «Туған жерім, тұғырым
-Қазақстан » деп
аталады.
1991 жыл …1желтоқсанда республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазак ССР-інің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
10 желтоқсонда Қазақ ССР Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасына атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді.
Бүгінде Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылып отыр. Сіздер қазақ елінің ең жас ұланысыздар. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері (130-дан астам) тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өз жерімізді, елімізді, Отанын қорғаған ағаларымыз, апаларымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.
№2 флипчарт: қазақ батырларының суреттері. (Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, Қ. Рысқұлбеков және тағы басқа.
-Мұғалім: Балалар биыл Ұлы Жеңісімізге неше жыл болды?
-Балалар: Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл.
— Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті Ел ретінде танылып, Өзінің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлейй білуі керек.
№3 флипчарт:
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбамды.
Елтаңба,Туың,Гимн-
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән береді,
Иесі оның мына біздер.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мұғалім: ҚР МЕмлекеттік рәміздерін кім біледі?
Оқушы: ТУ,Елтаңба, Әнұран
№4 флипчарт:
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Ту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
1-ші
оқушы: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Елтаңба.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
2-ші
оқушы:Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт,әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Әнұран
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Әнұран орындалады.
№5 флипчарт:
Қазақстан жері өте бай. Еліміздің жерінен мұнай, көмір,минералдар, алтын, түсті металдар және тағы басқа қазба байлықтар алынады. Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.
№6 флипчарт: Қазақстаннан қазба байлықтар өндірілетін аймақтар.
№7 флипчарт: Астана.
Алтыншы шілде-Астана күні,
Жадыдан, шырақ, тастама мұны.
Жаңа шаңырақ көтеріп биік,
Жаңа дәуірге бастама күні.
Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
Балтыбаев Әлинұр өзінің жүрегінен Астанаға арнап шығарған өлеңін оқиды.
Астана
Еліміздің мақтанышы жас қала,
Қалалардың барлығына бас қала.
Нұрын шашып жарқыраған бүгінде,
Асқақтатқан қазақ елін Астана!
Астана деп ән саламыз бәріміз.
Жарасады бұл қаламен сәніміз,
Барлық арман орындалсын осында.
Жалғасады махаббатпен әніміз.
№8 флипчарт: Бәйтерек суреті.
Балалар, бұл Бәйтерек самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.
№9 флипчарт: Пирамида.
Пирамида-әлем кереметінің бірі. Зорлық пен зомбылықтан бас тарту нышаны ретінде есептелінеді.
№10 флипчарт: Хан шатыры.
Хан шатырдың аумағы 1 млн 700 шақырым метр, биіктігі 150 метр, 7қабаттан тұрады.
№11 флипчарт: Ақ орда.
Ақ орда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мәжілістер өткізетін және Республикамыздың ең маңызды ғимараттары.
3-оқушы. Отанды әркім анасындай
Қастерлейді қолдайды.
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
4-оқушы. Отан-анам,
Отан-әкем, осы сөзім қате ме екен,
Қате болса неге біздер
Дейміз оны Атамекен?
5-оқушы. Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде,
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам-бас қалам!
6-оқушы. Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Енді балалар Дамирмен Әділдің орындауында «Жаса қазағым!»атты тамаша әнге кезек берйік.
Жаса қазағым
Жастарының жалыны бар,
Қарттарының қадірі бар,
Жақсылыққа жаны құмар,
Жаса қазағым!
Тарихының тамыры бар,
Дәстүрінің тәлімі бар,
Сақ пен ғұнның сарыны бар,
Жаса қазағым!
Қайырмасы:
Жаса, жаса қазақ тілім!
Жаса, жаса ғажап дінім!
Баянды боп, азат күнің,
Бағың таймасын!
Жаса, жаса рухты халқым!
Жаса, жаса құтты салтым!
Айдан асып мықты даңқың,
Жаның жайнасын!
Көсемдері кесім берген,
Керуен тартып, көшін керген,
Төрт түлігі төсінде өрген,
Жаса қазағым!
Ту көтеріп, тұлпар мінген,
Саят құрып, сұңқарды ілген,
Күй төгіп, ән шырқап жүрген,
Жаса қазағым!
Балалар шаршадыңдарма?
Ия.
Ойын ойнасақ қалай болады?
Алақай…
Кел,балалар келіңіз,
Тамашаны көріңіз,
Томсырайып отырма
Мақал ,ребусты ойла
Шешімін таппай қойма.
№12 флипчарт: Мақалдың жалғасын тап.
Шарты: тақтадағы мақалдың жалғасын тауып, оқу.
1.Отансыз адам… (ормансыз бұлбұл)
2.Отан…(оттанда ыстық)
3.Отан үшін отқа түс…(күймейсің)
4.Отан елдің анасы…(Ел ердің анасы)
5.Ердің көркі-ерімен…(Отан көркі-жерімен)
Өте жақсы балалар. Енді сендермен «Қазақстан» деген сөзжұмбақ шешейік.
№13 флипчарт: Сөзжұмбақ шеш. Қазақстан!
Қ |
А |
З |
А |
Қ |
С |
Т |
А |
Н |
1 Мемлекеттік тіл. (қазақ)
2 ҚР Астанасы (Астана)
3 ҚР қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
4 Ең ардақты жан (Ана)
5 Біздің ұлтымыз (Қазақ)
6 Жақсы баға (Бес)
7 Қазақстанның ақша бірлігі (Теңге)
8 Қазақстанның бұрынғы астанасы (Ақмола)
9 Қазақтың жаңа жылы (Наурыз)
Көрініс: «Тәуелсіздік деген не?»
Шарты: балаларға үлестірмелі қағаздар таратылады. Онда кейіперлердің ат мен сөзі жазылған. Балалар сөздерін жаттап өз өнерлерін көрсетеді.
— Ата, тәуелсіздік деген не?
— Балам, сен барлық адамдар тең өмір сүрген тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің азаматысың.
— Аға, тәуелсіздік деген не?
— Елің де, жерің де сенікі. Тәуелсіздік деген сол. Сен қазақ баласысың. Отаның –Қазақстан, туған елін-қазақ елі.
— Мұғалім, тәуелсіздік деген не?
— Ол тәуелсіз туған жерің, туған тілің, салт-дәстүрің.
— Досым, сен тәуелсіздік үшін не істейсің?
— Ол үшін жақсы оқимын, тәуелсіз елім үшін адал еңбек етемін.
— Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
— Көкпар, асық, қыз қуу, теңге алу тағы басқа.
— Қандай жақсы, қазақтың ойындарын жақы біледі екеңсіңдер. Ола болса біз қазір сендермен «Құпия сандық» атты ойын ойнайық.
Ø «Құпия сандық»ойын.
Шарты: оқушылар, сандықтың ішінегі асықты алады. Асықта қандай сан жазылып тұрса сол санның сұрағы оқылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап беру керек.
Шарты:
Сандықтан асықтарды бір-бірден ала отырып асықта жазылған нөмір бойынша сұрақтарға оқушылар жауап береді.
1. Қазақстанның ақша бірлігі (теңге)
2. Қазақстанның астанасы (Астана)
3. ҚР рәміздері (ТУ, Елтаңба, Әнұран)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)
5. ҚР мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
6. Қазақтың ұлттық киімдерін ата (камзол,тақия, мәсі, бешпет, бөрік, шапан)
7. Қазақтың ұлттық ойындары (асық, көкпар,қазақша күрес, тоғыз құмалақ)
8. Қазақтың жаңа жылы (Наурыз)
9. ҚР тұңғыш президенті (Н. Ә. Назарбаев)
10. Тәуелсіздік алған күн (16 желтоқсан)
Қорытынды.
Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан — әр
адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің
адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне
,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. (оқушылардың барлығы тақтаға
шығып,келесі әріптерді көтереді.).
Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгерген
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор ,
Болашағы елімнің!
Жүректен
жүрекке
Балалар жүрекшені бір-біріне ұсынып Отанға арналған өз тілектерін айтады.
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және
полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие
сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным -
Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында
өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа
арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған
шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай
300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға
созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол
мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,
мол.(слайдтан көрсетіледі)
Хор: «Отан»
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін
тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1 - оқушы:
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
3 - оқушы:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
4 - оқушы:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5 - оқушы:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім:
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай
аталады?
- Арал
Туған жеріміз Арал біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір
бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп
жатырмыз.
Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз
ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.(өзім оқимын)
Осы кезде Аралдың өсіп - өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын
түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі, зер салып қарап
отырамыз.
- Біздің өз туған жеріміз Аралды сағынған кезіміз болды
ма?(тыңдау)
Қазір Қ. Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында
тамашалайсыздар.
Ата - ана «Туған жер» өлеңін оқиды.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай
мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.
Хор: «Атамекен» (ата - аналардың оындауында)
Мирас Ж. Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды
10 - оқушы:
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер -
Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына
Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз
бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні
11 - оқушы:
Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп,
аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен
өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық.
Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта
білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар
аударалық.
Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала
шығып, сөздерін айтады.
12 - оқушы:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
13 - оқушы:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Осы жерде ата - ана тәуелсіздік тақырыбына өлең оқиды.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
14 - оқушы:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
15 - оқушы:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
16 - оқушы:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
17 - оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
18 - оқушы:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
19 - оқушы:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Хор: «Сүйікті Отаным»
20 - оқушы:
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен
айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім.
Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.
Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін
таныстырамын.
21 - оқушы:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Ән «Бақытты балалық шақ»
22 - оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Ата – ана орындауында «Туған ел» әні домбыраның
сүйемелдеуімен.
23 - оқушы:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
24 - оқушы:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
25 - оқушы
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
26 - оқушы:
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Нұрай: «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.
Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз»
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе
деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар
перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын
балаңбыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты
қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау
болыңыздар!
Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің
болашағым
Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне,
жеріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге
үйрету
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды
достыққа,адамгершілікке,
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл
сөздер
Сабақтың барысы:
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы
«Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,
дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі
көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге
айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды.
Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда
Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді
тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.
Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да
Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Сөзжұмбақ «Отан»
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық
2. Елордамыз қай қала Астана
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран
Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.
Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Менің - Қазақстан
Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі
ошағы.
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан
Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы,
Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды
білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов.
Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек.
Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ
биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы
тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов
және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Біздің еліміз
Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам – Әнұраным
Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?
Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз көктейміз.
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Бұл - таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші
Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі
Ән. Елтаңбасы елімнің
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ
жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр.
Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір
көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық
далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба
байлықтар кездеседі.
Ақын – жазушыларымыз
Қандай сұлу, қандай көркем,
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.
Әйнегі күн – шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!
Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің
Абай туған, Сәкен Туған
Құрметте досттым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан – Республикам менің!
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің, туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Ән. Отаным Қазақстан!
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар
өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты
Қазыбек би былай деген.
Біз, қазақ – мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды
мақтаныш етеміз.
Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген
Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз
Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз
Бостандықты сағынып
Қолына алған қазақпыз
Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз
Би «Қара жорға»
Туған тілім – тірлігімнің тірегі
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы
– әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты
белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып
қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай
сақтауға тиіс.
Қымбат маған анам тілі, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Ана тілім бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам не білем
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем
Өлең жырмен арайланса таң күліп
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік
Ән «Айналдым ана тілімнен»
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт
тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп,
ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар
қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт
қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың
қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.
Көрініс Үш бидің даналығы.
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен
Данышпан даналары аңыз еткен
Үш жүздің басын қосып біріктірген
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер
Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)
Отанымыздың жүрегі
Тәуелсіздік тірегі
Жеріміздің кіндігі
Халқымыздың бірлігі – Астана
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып
бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы.
Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
Астана туралы өлең шумақтары
Осынау елде бақ табам.
Осынау елде шат балам
Мерейін елдің артырған
Астанам – менің Астанам
Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін кенің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп
өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды
мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды
қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен
ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін
демекпіз.
Жаса Қазақстаным,
Жаса, менің ұлы елім!
Ән «Атамекен»
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы
екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа
дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін
сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол.
Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің
азаматтары!
Тақырыбы:Кітап білім бұлағы.
Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.
Міндеті: Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту.
Оқушыларды кітапты сүюге баулу,кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу,
Көрнекілігі: Балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Жүргізуші. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар.
Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді?Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа
Терең білім, ой маржанын құясың.
Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,
Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар онда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.
Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.
Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.
Балым:
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
О, кітап, бас иемін мәртебеңе,
Игілік қазынасың бар адамға.
Сен берер игіліктің есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
Нұрай:
Адамның досы кітап - өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкің,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерін табамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз.(төмендегі суреттермен таныстыру)
Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?
Кебіс кімдікі? (ханшайымдікі)
Себеттегі самса (қызыл телпек)
Жыртық шапан (Алдар көсе)
Кілт (буратино)
Хат (Хат тасушы Печкин)
Жарайсыңдар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? (есік қағылады) Ол кім екен?
Хат тасушы апай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.
Мұғалім: Олай болса, оқиық, кімнен екен?
Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?
1. Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. (Андерсен ертегісіндегі Герда)
2. Мерекеге сондай барғым келді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. (Айболит)
3. Келгім ақ келеді, бірақ пеш тартпай қалды. (Жалқау Емеля)
Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал, енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?
1. Орман жанында
Үшеуі бір үйдетұрады.
Үш төсек, үш жастық,
Қане, олар кімдер? (үш аю)
2. Ұшып келіп батпаққа түсті
Батпақта оны ұстап алды.
Кім жасыл қабыршақты шешіп,
Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды? (патшайым бақа)
3. Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап-сары домаланған. (бауырсақ)
4. Жерден аспанға ұшу үшін
Оған үлкен сыпыртқы керек. (мыстан кемпір)
Жарайсыңдар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?
Жол алыс,
Ал себет ауыр,
Отырамын түбірге самсаны жеп. (Маша мен аю)
Шал кемпірге оралды:
Кемпірде жаңа астау. (балықшы мен алтын балық)
Тартамын, тартамын,
Тіпті де жұла алмаймын. (қызылша)
Енді өздерің кітап оқу үшін келдіңдер. Кітапты не үшін оқиды?
Қарақат:
Кітапхана – кітаптардың ордасы,
Білсең кітап – нағыз жолбасшы.
Ал, білімің – кітап нағыз,
Қанып ішсең сусыныңды қандырады.
Кітап – ұстаз,
Кітап – үйретуші.
Кітап – нағыз дос, жолдас,
Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.
Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)
Ал, олар қандай күйде?
Жыл бойы кітап иесі
Оқиды, өзіңе бірдеңе белгілейді.
Көктемде кітап өткізерде
Ол бәрін айтып қояды,
Оның не жазып қойғанын.
1-кітап, Рияна:Қалың қалай, кітабым?
2-кітап, Мадина:
Ой, мен сыныптың алдында ұяттымын, Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды! Онымен қоймай беттерімді де жұлып алды. Одан қайық, ұшақ жасады. Ал, сен бүтінсің бе?
1-кітап, Рияна
Сенің халің маған таныс. Менің оқушым қол жумай сабаққа отырған емес, беттерімде де бір сызық жоқғ тап-таза. Мен оны қалай болса солай емес, тек беске оқуға үйретемін.
2-кітап, Мадина: Ал менің оқушым үшке әрең ілігеді, тіпті екілік те алады. Ой, мен сынып алдында ұяттымын.
Екі кітап қосылып:
Кітап та алма ағашы
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
- Балалар, қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді?
Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.
Ойын «Иә-жоқ». Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер.
Кітап нені сүйеді?
Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ», Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».
Кітапхананың оқырмандарын кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсем:
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парғы түсіп қалады.
3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
4. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
6. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
Ал, оқушылар сендер кітаптапрмен дос болғыларың келе ме?
Мадина:
Ойшылдар мен білімпаздар мекені
Бәріне аяң кітапхана екені.
Кітаппенен дос болуға баулитын
Кітапханашы мұнда қызмет етеді.
Дарина:
Өмір мәні өнер менен білімде,
Құштар болсаң көп құмартып білуге.
Қарсы алып сәні дәйім күлімдеп,
Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.
Балым:
Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жас дос, ізденейік қосыла.
Қорытынды:
Жүргізуші: Кітабыңның әр бетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш кластардың өзінде –ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз.Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі –өнеге аламыз.Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар,білімді мыңды жығар»,-деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше,кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.
Оқушылар тәрбие сағатымызды «Айгөлек» әнін айтып аяқтайды.
Тақырыбы: Біз бабаларын
сыйлаған халықпыз.
Мақсаты: оқушылардың бойына ұлттық,
ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа,
мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами
қасиеттерді қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден
ғибрат алу.
Көрнекілігі:
адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер. Мақал -
мәтелдер жазылған плакаттар ілу.
Ұйымдастыру:
сәлемдесу, түгендеу
Барысы:
Жүргізуші: Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген
халық. Кендігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге
сыйғызған. Оның тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен
дала көңілі де сол сөзде жатыр. Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.
Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла
бойдың тылсым сырын сырқа жаря еткен сезім, терең ақыл, кемел ой,
арман - мұрат, мұң - сыр бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу
білсе, қазақтай - ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден
өткен құдірет жоқ.
1 - оқушы: Шешендіктен не пайда
Артында сөз қалмаса,
Батырлықтан не пайда
Халқына қайрат қылмаса
Хандықтан да пайда жоқ
Қара шашын жаймаса
Молдалықтан пайда жоқ
Шариғатты өзгертіп
Надандарды алдса.
2 - оқушы: Даралық сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Аумалы -
төкпелі алмағайып замандарды бастан кешкен халықтың өзіндік басқару
жүйесі болды: ел қамын жеген ерлердің, сөзін сөйлеп жағдайын
жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Би халықтың
көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет
жоқшысы.
Жүргізуші: 120 жасқа келген Абыз бабаға Әсет би амандаса
келеді де былай дейді.
Ассалаумағалейкүм, Абыз баба,
Жасыңыз келіп қапты 120 - ға.
Атамыз айтып еді дейтұғын ұрпақтарға
Айтыңызшы өсиет бір асқан дана.....
3 - оқушы: Өркенің өссін десең өршіл болма,
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең өршіл болма,
Өркеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма,
Қайғысы түсер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа
Бүгін сағы сынды деп
Жақыныңды басын ба.
4 - оқушы: Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса інің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын
Қимас жақын қарындасың,
Сыбайлас болсаң нағашың жақын.
Адал болсаң досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын.
5 - оқушы: Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат,
Туып - өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Кіндік кескен жер қымбат.
6 - оқушы: Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын,
Шанышқыланған сөз қиын
Жазылмаса дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын
Ақылыңнан адасып
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас миың.
7 - оқушы: Қызыл жасыл киінбесе
Қыздың сәні кірер ме.
Мың бұралып билемесе
Бидің сәні кірер ме,- дегендей келесі кезекті Айдананың биіне
береміз.
8 - оқушы: Ақыл - адамды аздырмайтын ем,
Білім таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Шолғыншысы - ой
Жолдасы - кәсіп
Қорғаны - сабыр
Қорғаушысы - мінез.
9 - оқушы: Еліңе жақсы көп болса
Пайдасы ерге тиер.
Содырлы сотқар көп болса,
Еліне найзасы тиер
Ақылды кең болсаң
Әрқашанда халқын сүйер.
Басыңа үлкен қатер төнсе,
Үшке дейін қатты шыда,
Кең болсаң кем болмайсың
Деген сөз бар.
Қорытынды:
Жүргізуші: Нартуғанның термесі «Қызыл тілім сөйлеші»
Иә, туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
10 - оқушы: Жақсыға үлкен кіші - бәрі жақсы,
Жасына бірге өскен көкесіндей.
Жақын адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың өркешіндей.
«Дедім - ай ау»
Жүргізуші: Қайтадан қайрылып өмірге келмейсің,
Барыңды, нәріңді тіршілікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң -
Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің.
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ден қойып тыңдағандарыңызға
рахмет