Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№10 орта мектеп
Өткізілген күні: 1.09.2018ж
Тақырыбы: «Мен кішкентай патриотпын»
Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бас қаламыз Астанаға 20 жыл толуын мақтан етіп ел тарихын білуге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, еліміздің патриоты болып Отанымызды өркендетуге,білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, білім туралы нақыл сөздер,шарлар.
Сабақтың барысы:
Мектептің жаңа берілген есімі Сағадат Нұрмағанбетовтың өмірбаяны туралы айтып өту.
Қазақстан туралы не білеміз?
Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.Мен елімнің кішкентай патриотымын.
Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім сөзі.
- Балалар, Отан деген не, кім қалай түсінеді? Жеке пікір алмасу
Мұғалім түсіндірмесі:
Негізгі бөлім:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Отан адам үшін біреу ғана.
Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіз ел тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Рухани жаңғыру» атты Жолдауы бойынша еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды.
Ой қозғау:
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
Ата Заң Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда – Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады)
«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»
Конститутция –кемел келешектің кепілі.
ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке?
(Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі?
(Білім күні)
Конституция туралы не білесіңдер? Сұрақ-жауап алу
«Санаға сапар»
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Еліміздің кішкентай патриоты бұл-– Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
ҮІ.Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің?
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мұғалім сөзі: Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты.Мен кішкентай патриотпын3сынып

шағым қалдыра аласыз