Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы : «Отбасы-аялы алақан мекені»

Тәрбие сағатының тақырыбы : «Отбасы-аялы алақан мекені»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2021
994
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Шардара ауданы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Халимова Гульзипа Абдугалиқызы



Тәрбие сағатының тақырыбы : «Отбасы-аялы алақан мекені»



Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.

Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын

біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят жазылған үлестірмелі қағаздар

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім.

Барысы: Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппен таныстыру.

Топ жетекшісінің кіріспе сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы- адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ержетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

Жүргізуші:

Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,

Сен де ұлысың мынау дархан даланың

Әр халықта ұлттық намыс деген бар,

Оны биік қасиет деп санағын,

Адамды дүниеге әкелетін , өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?

Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.

Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кез де жетті. Кезекті сайысқа түсетін топтарға берсек. Топтар өздерін таныстырады

1. Топ аты. 2. Ұраны. 3. Топтың төс белгісі . (Қорғау керек)

1-топқа.

1. Балдан тәтті не? (бала)

2. Шаңырақтың иесі кім? (кенже ұл)

3. Балаға сыншы кім? (ата-ана)

4. Әкеден балаға беріледі (мұра)

5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі)

6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)

9. ҚР Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)

10. Қаз да емес, үйрек те емес,

Дастарханда болмайды

Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

2-топқа

1. 18 жасқа болмаған адам (бала)

2. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (Сара Назарбаева)

3. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)

4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта білім)

5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, ракым)

6. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? ( болмайды)

7. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы? (оқыған)

8. Жігңттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

9. Қазақ Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)

10. Азияда қысқы спорттық ойындары Қазақстанда қай қалаларда өтті? (Алматы, Астана)

Екінші кезең. Халқымыз «Аталы сөз- баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына береміз. (Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер)

Үшінші кезең. «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.

1-топқа

1. Сенің Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

2. Сен Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені қатты сөкті. Сен не істейсің?

3. Сыныпта Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай? Сыныптасы ретінде не айтар едің?

2-топқа

1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?

2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың ретінде не айтар едің?

3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?

Сабағымыздың төртінші кезеңі пікірталас

Кезекті ойынға берсек. Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.

Ортаға оқушы және ата-ана шығады

Оқушыға: «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады

Ата-анаға: «Менің балаға қатысты міндеттерім»

Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.

Келесі ойынымыз Ортаға бір оқушы мен ата-ана шығады.

Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.

Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе...» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.

Оқушыға «Менің ата-анам бақытты болсын десем…» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жаманды бір қорапқа жинақтайды.

Топ жетекшісінің қортынды сөзі. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен ана. Әке мен ана баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

Соңы. Ұпай саны есептеліп, баға қойылады.

Сүткент ауылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ