Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы: ” Қаһарман Қайрат ”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағатының тақырыбы: ” Қаһарман Қайрат ”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы: ” Қаһарман Қайрат ” Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ой-өрісін, санасын ояту, кіндік кескен жерін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу.Оқушыларға тәуелсіздіктің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру,патриоттық сезімге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2022
546
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: ” Қаһарман Қайрат

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ой-өрісін, санасын ояту, кіндік кескен жерін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу.Оқушыларға тәуелсіздіктің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру,патриоттық сезімге баулу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

1. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың, Е.Спатаевтың, С.Мұхамеджанова сияқты қазақ жастарының суреттері.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Мағжан Жұмабаев

Мен сенемін жастарға,

Алаш отын аспанға.

Шығарар ол бір таңда

Мен жастарға сенемін.

Бір минуттық үнсіздік.

...1986 жыл желтоқсан айының 16 күні болған көтеріліс Қазақстанға Колбиннің жіберілуіне байланысты.16 желтоқсан күні Қазақстанның бірінші басшылығына Колбиннің тағайындалғанын естігенен соң,Алматыдағы театр және көркемсурет институтының 6 студенті қаладағы жоғары оқу орындарының 12 жатақханасын аралап,17 желтоқсан күні таңертең үкімет үйінің алдындағы алаңға шығуға шақырған.Олар түнімен транспаранттар жазып дайындаған.300-жуық адам сағат 11 шамасында алаңнан кетіп,қала көшелерін аралады да мыңдаған адам болып алаңға оралады.Түске қарай қызметтегі барлық қызметкерлер жұмыстарын тастап алаңдағы халыққа қосылады.Үкімет шешіміне наразылар,кеудесінде ұлттық намысы,оты бар азаматтар ешкімнің ұгітінсіз-ақ алаңға қарай ағылады.Осы көтерілісте Ш.Қалдаяқовтың “ Менің Қазақстаным ” әні орындалады.

1-слайд «Желтоқсан желі» әні

1-оқушы:

Қаз дауысты Қазбек.

Қазақ деген халық,мал баққан елміз,

Жерімізді жау баспасын,

Елімізден құт қашпасын деп

Найзамызға үкі таққан елміз.

Бірақ басымыздан намысты

Асырмаған елміз,

Әкенің айтатын өсиетін балаға,

Баланың беретін антын анаға,

Арымнан жаным садаға.

.Небәрі жиырма бір жас жасап,жасындай қысқа ғұмыр кешіп,ұлттық батырымызға айналған Қайрат Рысқұлбеков солардың қатарында ерекше орында.Ол – мойынқұмдықтардың,Жамбыл облысының ғана емес,бүкіл республикамыздың мақтанышы.

2-оқушы

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

2-оқушы

3-оқушы

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

4-оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн,

Қаракөз қазақ қыздерын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

5-оқушы

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қарға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.

6-оқушы

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

Қара бауыр қасқалдақ” әнін тыңдату

Ескерткіш түбіне тамған жас немесе “Жігіттер, үш күн шыдайық.Үш күн ішінде біздің дауысымыз Біріккен ҰлттарҰйымына жетеді”деген марқосқа е,ді ғой Қайрат.Қайраттың інісі Рашидтың тұлымы желбіреген қаршадай қызы Кәмшат ескерткіштің түбіне келіп қаһарман ағасының өлеңін оқиды:

7-оқушы:

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа секірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден

Алатаудай бабалар.

Аруағыңмен жебей гөр!

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар,

Аламдесең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты - құрбандық”

Атам десең атыңдар.

-деп,бозторғайдай шырылдап тұрып оқығаны... Ескерткішті алқа – қотан қоршаған жұрттың жүректері езіліп жүре берді...

... Иә,Қайраттың қазақы үні өркениеттің құлағына дәл сол күндері жетпесе де кейін дүние жүзін шарлап кете барды.Варшавалық бауырлар КСРО Жоғарғы Кеңесіне Үндеу жолдады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 23.04.1988 жылы Қ.Рысқұлбековке кешірім жасап,ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырады.Бірақ саясат жендеттері жаландаған пышағын қойнына жасырып қалған екен.Өлеңі өрт, сөзі серт жас қазақтан қауіптенген олар есіл ерді қапияда қыршынынан қиып тынады.

Қайрат мына өлеңінде:

8-оқушы:

... Хош болыңдар ағайын – туыс бәрің де

Хош болыңдар, жасыңыз да кәрің де,

Қараңғылық баста тұрмас қашанда,

Бостандықта кездесеміз әлі де ...

Желтоқсан батырына деген құрмет ешқашан ортайған емес.Оған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қол қойған Жарлықпен Халық Қаһарманы – ның жоғарғы атағы берілді.

Міне содан бері 25 жыл! (Әнұран орындалады)

9-оқушы:

Өзіңдікі Елің де,

Өзіңдікі Жерің де.

Өзіңдікі еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде.

Асқар тау да сенікі,

Бақша-бау да сенікі.

Қалтқысыз доспенен

Қатал жау да сенікі.

10-оқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық,

Құтты болсын қуаныш!

3-слайд «Желтоқсан желі» видео көрсету

11-оқушы

Қазақстан – менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаныиң.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап

12-оқушы:

Отан туралы. Авторы -М.Мақатаев

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған ”Отан” деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан,Отан

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілкке сүйіп өтем ...

10-оқушы

Шалқы қазақ, шалқытып заман келді,

Текке қанын төккен жоқ Амангелді.

Кең далаңда керіліп, атыңды атап,

Жырла қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді

11-оқушы

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыз көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

12-оқушы

Нашақор” деп, “Ұлтшыл” деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір түнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Озбырлық күштен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер-Қайрат қыршын кеткен күн.

12- Оқушы:

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. Орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

13-Оқушы:

1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.

14-Оқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

Ән “Атамекен” Хор

Мақал – мәтелдердің (тәуелсіздік туралы) мағынасын ашу.

Азат елдің аспаны ашық ”

Егемен елдің еңсесі биік ”

Тәуелсіздік туы - асқақ ”

Егеменді ел көрікті,

Бетегелі бел көрікті”

Қорытынды:

1.Шығармашылық тапсырма

I топ II топ

Қ.Рысқұлбековқа бес жол Қ.Рысқұлбековқа мінездеме беру.

өлең шығару.

«Көктудың желбірегені» әнімен тәрбие сағатын аяқтау.



Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ,Семей қаласы.

Өткізген: Мухамадиева Каламкас Ерназаровна 4 «А» сыныбы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!