Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кітап менің досым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кітап менің досым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
2008
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кітап менің досым»
Сабақтың мақсаты:

Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітап жайлы жазылған нақыл сөздер, слайд
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабаққа психологиялық дайындық

Қонақ күту-салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге, 
Сәлем бердік жалпымыз.


Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

 (құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.)


  1. Сабақтың тақырыбын ашу. Жұмбақтар жасыру

Көзге танытқан,

Сөзді дамытқан.

Ойды кеңейткен,

Озықтарға теңейткен. (Мектеп)


Ойнақтаса қолыңда,

Із қалмайды соңында. (Өшіргіш)


Үстінде есігі,

Өзі орындық, әрі үстел,

Оқушылар бесігі. (Парта)






6.






1.

м

е

к

т

е

п



2.

ө

ш

і

р

г

і

ш

3.

п

а

р

т

а






4.

т

а

қ

т

а


5.

ә

л

і

п

б

и









Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)


Қырық екі жауынгер,

Санын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер,

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады. (Әліпби)


Көп әңгімем өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін.   ( Кітап).






Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітап біздің досымыз» деп аталады.

Ертегі кейіпкерімен кездесу

Марс планетасыннан қонаққа бөгде ғаламшарлық келеді. Оның қолында екі хатқалта болады.

  • Балалар, бірінші хатқалтаны ашып оқиықшы.

Shape1

«Сәлем, балалар! Мен аспаннан сендердің жиналғандарыңды көріп тұрмын. Сендердің кітапқа деген құмарлықтарыңды білгім келеді. Сендер шынында да кітапты құрметтейсіңдер ме? Кітап оқуды ұнатасыңдар ма? Дәлелдеп беріңдер. Рахмет сендерге, балалар»

Құрметпен

Бөгде ғаламшарлық




Picture 9








  • Балалар, біз бүгін кітаппен дос екенімізді дәлелдеп көрейік.

Кітап адам өміріне аса маңызды рол атқарады.Отанды сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Оны оқиды, одан тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Сондықтан да біз кітапты сүйеміз. Кітап-біздің досымыз!-дейміз. Ол-біздің рухани жан азығымыз!-дейміз.

Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар. Олар біздің салт-дәстүрімізді,тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады. 2 –сәуір- «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір- «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.

Қымбатты балалар! Мектеп табалдырығын аттағалы бері көптеген дүниені білдіндер,таныстындар, оқыдындар. Бүгін біз сендермен кітап туралы және кітаптың құрылымы туралы әңгімелесеміз.

Кітаптың шығу тарихы

Алғашқы кітап осыдан әлденеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа еш ұксамайтын. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалды. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу, жазып, оны кептіріп,сосын күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталған материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырдағы артқа тастаған екен.

Кітап қалай жазылады.

Қағаздың негізгі материалы – ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарына тиеп фабрикаларға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп, одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі. Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады,оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер мәтінің мазмұнына сәйкес суреттерімен безендіреді. Осылайша кітап сауда орындарына және білім мекемелеріне таратылады. Оқушылар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай тері бар екенін және көп көлемде қаржы бөлінгенін үнемі есіңде сақтау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдыланғаның жөн.


Жалғасын тап” ойыны

1.Білім - ... (таусылмайтын байлық).

2.Кітап - білім   бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 

3.Кітап – ... (алтын   қазына).

4.Өнерліге ... (нұр жауар).

5.Өнер - ағып    жатқан    бұлақ,

    ... (Білім – жанып жатқан шырақ).


Сергіту сәті (бейнеролик)


Тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді.

  • Балалар, бұл кім?

  • Дұрыс. Ендеше қазір біз Абай атаның кітап туралы айтқан нақыл сөзін табуымыз керек?

«Бұл не деген жұмбақ?» ойыны
   Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір нақыл сөз оқи аласыңдар.


р

т


қ


ғ


л


м


к


т


п

т

,



р


н

б




қ


п


к


р


г


а  ы  ы  ы  і  а  а, е  і  е  о  ы   ө  у  е.   

Шешуі: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге.»
                                                                                (Абай)

  • Жарайсыңдар, балалар. Ал,сендер кітап туралы өлең айтып бере аласың ба?

  • Қане, енді кітапты қалай жақсы көретініміз туралы айтып өтейік.

1 - оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
2 - оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
3 - оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
4 - оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
5 - оқушы:
Заводтарда күн - түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6 - оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7 - оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
8 - оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
9 - оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп - тегін.
Білмейсің - ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
10 - оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.


Сергіту сәті (ертегі кейіпкерлері, жануарлар туралы)


Мұғалім. –Жарайсыңдар!  Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?

Қандай ертегілерді білесіңдер?  (жауаптары.)

 

Ойын: «Суретті сөйлет». 

Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан қарап айтады.
Мұғалім: -Кітапты көп оқисыңдар  екен. Жарайсыңдар! Жұмбақ, жаңылпаштар оқыдыңдар ма?

-Қане, жатқа білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.)

- Балалар, ертегі кейіпкерлері сендерге викториналық сұрақтар алып келіпті.

Викториналық сұрақтар

1.Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)

2.Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады? (Кітапханашы)

3.Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады? (Оқырман)

4.Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіндер? («Ұлан», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» т.б.)

5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!