Қонақ күту салтымыз.
Тақырыбы: Қонақ күту салтымыз.
Мақсаты: Қонақ күту- қазақ халықының
дәстүрлерінің бірі екенін, ол адамдар арасындығы қатынастың
көрінісі екенін түсіндіру. Қонақ күтудің ерекшелігін, оған
балалардың және отбасының әр мүшесінің қатысын түсіндіріп,
«қонақжай-лық», «меймандостық» деген сөздердің мағанасын
түсіндіру.
Қонақ: Қонақ күту рәсімі. Адамдар арасындағы
сыйластық. Халықтың салт-дәс-түрі.
Тірек білім: Отбасы. Ата-ана мен ержеткен бала
арасындағы қарым-қатынас. Өмір тәжірбиесі.
Көрнекілігі: Мазмұнды сурет. Плакат.Тест.
Көрініс.
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме.
Ана тілі, еңбек пәнімен жаңа сабақты байланыстыра
түсіндірумен.
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Балаң жақсы болса . . .
а) Екі баладан мазмұнын сұрау.
ә)Үш балаға тест беру.
б) Өткен сабақты қорытындылау мақал-мәтелден
жарыс.
Жеңімпаз топ алдында еліміздің Туы
желбірейді.
Жаңа сабақ:
1.Кіріспе:
-« Мен бізге қонақтар келе жатыр» деп бекерге
айтқан жоқпын. Бүгінгі сабағы- мыз-«Қонақжайлылық» деп
аталады.
-Дәптерлерімізді аламыз,тақырыпты
жазамыз.
-Қонақ дегенді қалай атауға болады ?
-Мейман.
-Қонақ деген кімдер өзі ?
-Үйге келген кісілер.
-Оларды шақырамыз ба ?
-Иә.Шақырылмай да алыстан туған-туысқандар
келеді.
2.Суретпен жұмыс.Тақтада қонақтар жайлы
сурет.Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.
3.-Жақсы балалар, қонақ әртүрлі болады екен.
Мынаны оқиық:(Тақтадағы пла- катағы жазу. Екі бала дауыстап
оқиды.)
Қонақтың мынандай түрі бар:
1.Арнайы қонақ. Алыстан арнайы келген жақын-туыс,
сүйікті дос, жақсы жол- дас. Бұл сыйлы қонақ.
2.Құдайы қонақ. Өзің танымайтын, білмейтін шалғай
елден жолаушылап жүріп
ат басын тірей қалған бөгде қонақ.
3.Қыдырма қонақ. Ерігіп, желігіп, үйден-үйге
қыдырып жүрген сандалма қонақ.
Бұл-далбаса қонақ.
4.Қылқима қонақ. Үй арасында түтіні түзу шыққан
үйді аңдып, құлқыны үшін
жүрген көлденең қонақ.Бұл-сұғанақ
қонақ.
Балалар дәптерлеріне қысқа түрін жазып
алады.
4.Балаларға мұғалім осы тақырыпта әңгіме айтып
береді.
5.Оқулықпен жұмыс жүргізіледі:
1)Мұғалім оқиды.
2)Оқушылар оқиды.(тұтас)
3)Қиын сөздерді талдау:
«қонақжай»,«меймандостық»,«береке-құт»,«құдайы қонақ».
6. Мәтінен кейін берілген сұрақтар мен
тапсырмаларды орындау.
1)-Қонақ деген кім ?
-Ол арнаулы шақырылған туған-туыс, жора-жолдас
және арнайы іздеп кел- ген кісілер.Тоқтайтын жер таппай «құдайы
қонақпыз» деп келетін кісілер.
2)-«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің
?
-Қонақты жылы жүзбен қарсы алып, барын
ұсыну.
3)-Қонақтың қандай түрлері бар ?
-Арнайы, құдайы, қыдарма, қылқима.
4)-Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай
түсінесің ?
-Сәлемдесіп, жылы шыраймен жөн сұрасу.
7.Мазмұнын 2 баладан сұрау.
8.Көрініс.Қонақ келгенде (Балалардың өздері
көрсетеді.
-Балалар, бізге қонақ келуі мүмкін.(Қонақ
келеді:)
-Ассалаумағалейкум !
-Уағалейкумиссалам ! Сәлем бердік !
-Төрге шығыңыздар !
-Келіңіздер !
(Оқушылар қонақ күту рәсімдерін
жасайды.)
-Кәне, балалар, ауылдың «алты ауызын»
айтайық.
(Бір бала терме айтады.)
-Ой, өркеннің өссін !
-Абырйлы бол !
-Енді «қонақкәде» сұрасақ қайтеді .
(Қонақкәде орындалады. Қонақ болып келген баланың
біреуі өнер көрсетеді.
-Сау болыңыз !
-Өнерің өрге жүзсін !
-Ал қонақтар, ас әзір болғанша, алтыбақанға
келіңіздер.
9.-Ал енді балалар,оқулықтағы суретке қарап,
көрген көрінісімізді кірістіре отырып, бірнеше сөйлемдер
құрайық.
Балалар оқулықтағы сурет туралы
әңгімелейді.
10.Қорытынды: Қала мен ауыл қонағының
айырмашылығы.
11.Үйге тапсырма.
12. Бағалау.
13. Оқушылар орындарынан тұрып сабақта отырған
кісілермен қоштасады:
1-оқушы:
Қонақжайлық салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз.
Ата салтын сақтасақ,
Арта берер даңқымыз.
2-оқушы:
Сау болыңдар көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше !
3-оқушы:
Біз еңбек сабағында бірнеше тағам түрлерін жасап
үйрендік. Үйге келген қонаққа өзіміз ас әзірлеп бере аламыз.
Қонақтарды өзіміз дайындаған ас мәзірі-не шақырамыз. (Дайын үстелді
ортаға қояды.)
Менің
Отаным-Қазақстан.
Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан».
Мақсаты:
а) өлеңдерді мәнерлеп оқи білуге
үйрету;
ә) оқушыларға елін, жерін сүюге мақтан
ету;
б) оқушыларды Отанын сүюге, патриотизмге
тәрбиелеу;
Көрнекілігі: альбомдар, нақыл сөздер, мақалдар,
карта, елтаңба, көк байрақ, Ел-
басымызлдың портреті.
Мұғалім: -Балалар, біз қандай елде тұрамыз
?
-Қазақстан.
-Еліміздің астанасы қандай қала ?
-Астана.
-«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер
?
-«Отан» туып өскен елің,жерің.
-Балалар, біздің Отанымыз-Қазақстан елі
екен.Біздің еліміздің астанасы-Астана қаласы екен.
-Біздің Елбасымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ағамыз. Біздің еліміздің ел- таңбасы, көкбайрағы, әнұраны
бар.
Н.Ә.Назарбаев ағамыз 1991 жылы 25-қазанды
Республика күні деп белгі-леді.
-Қазақстан Республикасының Әнұраның сөзін жазған
ақындар: М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев және Ж.Дәрібаева.
Елтаңбамыздың авторларлары:
белгілі суретшілер Шотаман Уәлиханов пен
Жандарбек Мәлібеков ағаларың.
Республикамыздың Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың
үстіне салынған.Одан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды, шаңырақ
бейнесінен тұрады.Осы шаңы-рақпен уық Отанымыздағы көптеген
ұлттардың бірлігін көрсетеді, ал қанатты тұлпар көшпенділердің
бүкіл өмірі атпен байланысты. Ат-адамның сенімді до-сы.
Елтаңба-еліміздің тарихи дәстүрін көрсететін белгісі.
Туымыз-көгілдір түсті.Ол бірлік пен ашық аспанды
тыныштықты көрсетеді, ал дәл ортасындағы сәулесін шашқан
күн-тыныштықпен байлықтың белгісі, ас-тындағы қыран
құс-қырағылықты, ой-арманның биіктеуін білдіреді.
Еліміз1991 жылы тәуелсіздігін алып, ұлтымыздың
тілін, әдет-ғұрпын, дәстүр- лерін шыңдап қалпына келтіру барлық
салада (оқу, тәрбие, өнер-ғылым, өнді- ріс) басталады.
Осындай Н.Ә.Назарбаев ағамыздай елбасымыз бар,
сендер үшін бүкіл мүмкін-дікті туғызып отырғандығын білуге
тиістісіңдер. Сендер ержетіп, есейіп осы тәуелсіз еліміздің
тізгінін ұстайтын патриот ұл-қыздары, міне, сендерсіңдер. Патриот
деп Отанынсүйетін адамды айтады.
Отан деген отырған ортаң, туып өскен үйің, жерің,
елің. Бұл сөз қайсысымыз-дың болмасын, кіндік кескен жеріміздің
аталуын түсіндіретін сөз.
Бүкіл әлем жұртшылығы елімізге қызыға
қарайды.Өйткені,жеріміз кең бай- тақ, кенге бай, минералды сумен
емге шипа жері көп еліміз. Яғни, өнеркәсібі- мен шаруашылығы қатар
дамыған ел. Жастары сауатты, білімді, мәдениетті.
Демек, Отан деген сөз ұғымына кең байтақ, ұзақ
тарихы бар,аса бай,бүкіл әлем-
ге танымал, достыққа адал, ержүрек, дұшпанға
қатал, бауырмал, қонақжай хал-қы бар-тәуелсіз еліміз
жатады.
Ән: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны ».
Отан.
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан-қуат нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Қазақстан Туы.
Көк аспандай көкпеңбек Ақниетті-алтын
күн,
Қазақстан жалауы . Асқақ арман қыраны
.
Көк емес ол тектен-тек, Жалауы бұл-халқымның
,
Елдің ашық қабағы . Мәртебесі, мақтаны
.
Отан.
Отанды біз атамекен Отанды әркім
анасындай
Деп аялап атаймыз. Қастерлейді бағалап
.
Өйткені оны мекен еткен Өйткені, Отан
баласындай
Бабамыз бен атамыз. Бізді өсірер аялап
.
Отанды Отан деген-атамекен,
жас, кәрімізде Отан деген-туған жер.
Туған жер деп сүйеміз. Отан-ана,
Өйткені онда бәрімізде Отан-үлкен.
Туып,өмір сүйеміз. Қазақстан-туған ел
.
Рәміз.
Рәміздерім-елдігімнің белгісі ,
Білу керек баладағы ең кіші .
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба.
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі .
Ән: «Менің Қазақстаным» .
Мен қазақпын .
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен !
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Күлгенде күлкімнен түн тірілген .
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен
Европада, Азия да емеспін мен .
Аралықпын жетінші материктей .
Бірақ барша адаммен тел өстім мен .
Елтаңбасы елімнің.
Елтаңбасы елімнің Қанатты қос арғымақ,
Неткен әйбат, әдемі ! Екі жақтан
көмкерген.
Тұнығындай көңілдің, Тәуелсіздік жолында
,
Ортада аспан әлемі. Талай-талай тер тамған
.
Құт-береке шаңырақ, Билігім -өз
қолымда
Орын алған ол төрден. Еркіндігім елтаңбам
.
Қазақстан.
Шуақ шашқан көгінде арайлы күн .
Самалы мен жайқалған жерінде егін
Қия шыңға талпынған бала қыран,
Қазақстан-киелі елім менің .
Кең даласы төселіп жатқан бітпес .
Көк байрағы көлбеген аспан түстес .
Болашағын ойлаған ұрпағының ,
Ерлері бар елі үшін аттан түспес .
Ән: «Өз елім»
.
Қазақстан-Ұлытау бірлік басы .
Шежіреден сыр шерткен әрбір тасы .
Қазақстан-Қаратау қазыналы ,
Ой тастаған ұлтына Ордабасы .
Қазақстан –жүз ұлттың Отаны де ,
Боздамайды боз інген боталы де .
Тілі ,діні,салты бар , дәстүрі бар ,
Еңбек сүйген ұлдары жоталы де .
Қазақстан-әлемге аты кеткен ,
Қазақ ұлы ғарышқа сапар шеккен .
Өз тізгінін қолына алған қазақ .
Дала кезбей үйінде жатыр деп пең ?
Қазақ аты береке , бірлік дер ем ,
Қазақ осы бірлікті-тірлік деген .
Сахараға бүгінде шықты қазақ .
Тәуелсіз тағалы бір жүйрікпенен .
Ән: «Елім менің».
Мақал-мәтелдер:
Ел іші-алтын бесік .
Отан оттан да ыстық .
Отан үшін отқа түс күймейсің .
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Туған жердей жер болмас ,
Туған елдей ел болмас .
Өзге елде сұлтан болғанша ,
Өз еліңде ұлтан бол .
Туған жерге туың тік .
Сағынған ер елін аңсайды ,
Сары ала қаз жерін аңсайды .
Ердің көркі- елімен ,
Отан көркі- жерімен .
Туған жердің күні де ыстық ,түні де ыстық
.
Пәлен жерде пайда бар ,
Өз еліңдей қайда бар .
Отан –отбасынан басталады .
Туған жердің елі де сүйікті , жері де көрікті
.