Материалдар / Тәрбие сағаты:«Қош, сүйікті Әліппем!» 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты:«Қош, сүйікті Әліппем!» 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
606
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін »

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:__________Емешова.А.

__________Бакиева.З.

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. 

Тақырыбы: «Қош, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 

Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер.


Жүргізуші мұғалім: 
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош, сүйікті Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 « Б» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік. 

Армысыздар,аналар! 
Бармысыздар,балалар! 
Сөзіме құлақ салыңыз 
Бір серпіліп қалыңыз. 
Әліппеге арналмақ 
Бүгінгі жыр әңіміз. 

Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.

Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)

Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Әліппеге арналған тақпақтар:

Асем:

Қыркүйекке келдім де 
Сыныпқа кірдім қуанып. 
Қарсы алды ұстаз мейірмен 
Қадамымды құп алып. 
Бар білімнің бастауын 
Әліппеден бастадым. 
Үйренуге талпындым 
Құлшынып балғын жас жаным. 
Ақтөре:

Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Айару:

Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің

Бексултан:

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе!

Зарина:

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.


Аслан Аширбеков:

Әліппе - білім анасы,

Әліппе – кітап данасы.

Әліппе-бетін ашпаған,

Адамның барма баласы.


Алия:

Бар кітапқа бас болған 
Әліппе ғылым анасы 
Әліппеден басталған 
Даналықтың данасы.

Аслан:

Білімге жолды бастаған 
Әліппем саған,мың алғыс! 
Оқы деп ұран тастаған 
Әліппем саған, мың алғыс 
Раяна:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.

Сауатты адам санатына кіргенім.

Ән: «Әліппе» Айзере қызымыздың орындауында «Әліппе» атты әсем әнімізді қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Дауыссыз дыбыстар:Н,М,П,З . Дауысты дыбыстар А,Ө,Ә,Ё

Ерте, ерте ертеде, 
Ешкі жүні бөртеде, 
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда болыпты.


  1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
    (42) 

  2. У дыбысы қандай дыбыс? 
    (Дауысты да, дауыссыз да) 

  3. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата 
    (ю,я,ё) 

  4. Дыбыс бермейтін әріптер 
    (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 

  5. Дыбыстар неше түрі бар?

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

6.Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  1. Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  2. Сөз неден құралады? 
    (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 

Ендігі кезекті осы әріптерге берейік. 


Имран:

Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.


А Нурдана:

А дегенің Ана ғой

Ана деген дана ғой

М Зарина:

Мұғалім, мектеп,мекеме

Молда, мешіт, меккеде

М-әрпінен басталар

Мемлекет-мекен сөзі де.

Ж Бексултан :

Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақты жұлдыздар
Ж әрпінен басталған.



З Ералы :

Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.

Ө Айзере:

Өрікте сөздің басында
Бөрікте Б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
Е Амина :

«Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт, ойлан да.

Н Мадияр :

Н әрпінде – екі тіреу,

Ортасында басқыш біреу.

П Бейбарыс:

Әр үйде бір қақпа бар,

П - аумаған тап солар.

Т Айдын :

Т – кәдімгі телеграф бағаны,

Кейде оған ұқсатасың балғаны

Р Каусар:

Р әрпі жылқышының құрығындай,

Қарашы, құрыққа ұқсап тұруын-ай.

Ә Назым:

Таныстырар әріппен,

Мынау кітап әліппең,

Әліппе деген аты оның

Басталған ә әрпінен.

Б Нуркелды:

Қызықтырып әркімді,

Суда жүзер жалтылдап.

Б әрпінен басталған

Сол жүзгіштің атын тап.

Ф Айдана:

Ф-ның екі көзі бар,

Футбол деген сөзі бар.

Щ Султан:

«Щёткамен тазарт тісіңді»

Деп ағам маған бұйырды

Санжар:

О – кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.

Мұғалім:

- Рахмет, балалар! Міне, біз әліппені аяқтадық. Осы оқулықтан біз өз Отанымыз туралы көп оқып білдік. Ендігі кезекте Отанымыз туралы білгенімізді ортаға салайық.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

- Біздің елбасымыз,президентіміз кім? 

- Біздің еліміздің елордасы,астанасы қай қала?
-  Нұрсұлтан қаласының символы не?

- Рәміздерді білесің бе?

- Біз қай облыста тұрамыз?

- Ендеше Отан туралы қандай әндер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық.

Әсем:

Отан- сенің ата-анаң

Отан-досың бауырың

Отан-өлкең, астанаң

Отан-туған ауылың



Имран:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Айару:

Отан осы достарым

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өс,жас қауым,

Оны ардақтап,сүйе біл.

Ән: Каусар қызымыздың орындауында«Отан-Ана»әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім:Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.


Раяна:

«Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Аслан :

Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі-әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!

Акторе: Біз көп нәрсені – кітап оқуды, өлең жаттауды, ән айтуды, сурет салуды үйрендік. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!

Хормен:Рақмет,Алғашқы ұстаз!

Әліппе:

Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.

Әліппе:

Әр сөзімді жаттаған,

Балалар үшін мақтанам.

Рахмет айтып, шаттанам,

Риза болып аттанам.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман есен болыңдар!


ХОР «Рахмет саған, Әліппе!»


Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға ата-аналар шыға қойсын. Бағанадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Мен қойған сұрақтарға тек оң қолыңызды көтеріп жауап бересіздер. 
Ой ұшқырлығына құрылған есептер 
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар 
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 
3.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 
4.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? ( 1 тауық, 2 бұзау) 
5. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам) 

Мұғалім: Рахмет сіздерге, құрметті ата аналар! Қазір балаларыңыз сіздерге өз алғыстарын айтып, әндерін арнайды.

Мұғалім:

Ал, кәнекей достарым,

Асқақ әнге салайық.

Думандатып мейрамды,

Шырқып-шырқап алайық –

Ән:Айзере қызымыздың орындауында аналарымызға арналған

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!