Материалдар / Тәрбие сағаты:Табиғат адамзатқа аманат.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты:Табиғат адамзатқа аманат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: Табиғат-адамзатқа аманат. Аққу киелі құс.4сынып. Ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2022
1752
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!


Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын.
(Суымен сырқаттарын емдейтұғын.)

Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып.


...Аққулар...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!


Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Ию-қию көл маңы, астан-кестен,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,
«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен,


Тау жаңғыртып, тамаша құстың әні,
Қош айтысып көлменен, ұшты бәрі.
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп- күш қылады...


«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан


Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,
Өлі менен тірінің арасында.
Отырғандай «Жетім көл» жағасында,
Аққу жатыр көзінің шарасында.

Өлі менен тірінің арасында.



Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапгы
Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.





«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (М. Мақатаев)

Сценарий:

Шымылдық ашылады.

Еденде бала ауырып, қасында әке мен ана тілеуін тілеп отырады. Бақсы болса қамшысымен аластап, дұға ғып дауыстайды.

Автор:

Бала жатыр төсекте, албыраған,

Әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

Түні мынау – тамыздың маужыраған,

Тауың анау – шымылдық салбыраған.

Бала жатыр төсекте күйіп – жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып.

«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,

Екеу болса, дүние – ай, арман бар ма!...»

Арагідік назарын аударады,

Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.

Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,

Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.

«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...

Бақсы:

  • Аққумен баланы аластаңдар,

Автор:

Деді – дағы жәйімен жөнеп кетті...»

Ана:

  • Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

...Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалайда тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!

Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...-деп жерде жатқан әкені жұлқылайды.

Әке:

  • Апыр – ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?...

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! – деп зарланады.

Амалы таусылған ана не істерін білмей:

Ана:

  • Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі! – деп мылтықты қолына алып сахынадан шығып кетеді.

Шымылдық.

Видео проектордан көл бетінде жүзіп жүрген аққулардың бейнесі көрсетіліп, автор дауысы естіледі.

Автор:

... Аққулар....

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынып,

Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,

Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,

Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Ақ қанатын сабалап, асыр салып,

Бірде суға сүңгиді басын малып.

...Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,

Тыныштығын олардың қашырмалық.


Ана отыр,

Озбыр ойлар қамалауда,

Қамалауда, әлдекім табалауда.

...аққулар ақ айдынды қалдырды да,

Тартты кеп, ана отырған жағалауға.

Шошымай шолжаң өскен батырларың,

Ана отырған шыршаға жақындады.

Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,

Білмей қалды мылтықтың атылғанын.

Шымылдық ашылып, аққуды атқалы отырған ана көрініп, тарс еткен мылтық дауысы естіледі.

Көздің алды көк түтін, ақыл жарым...

Ию – қию көл маңы, астан кестен,

Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.

Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,

«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен.

Сахынада мылтық дауысын естіп үрейлене шыққан шал көрінеді.

Шал:

«... Апыр – ай, бұл кім болды, таң сәріде,

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

«Бұл маңның адамы емес, сірә – дағы,

Білейін, табайын да бір амалын.

Қаруы бар кәззапқа құрықпенен

Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!

Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...»


  • Ей !

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың , арың бар ма?!

Тастағың қаруыңды, келгін бері,

Келгің бері, кеуденде жаның барда!


  • Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой...

Ана болған жайды шалға баяндап зарланады. Шал әйел азабын түсініп, құшақтап тұрып:

  • Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..

... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрыса саусағынды қанаттың ба?

Ана:

  • Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...

Жасымнан естігенім бар – тын еді,

«Әтеуір аққу атқан оңбайды деп...

Шал:

  • Солай, солай...

Аманат бір құдайға...

Шымылдық.

Автор:

Өмір емес өмірі, қораштанған,

Байғұс ана тірліктен қалас қалған.

Келеді ана, қарабет қарақшыдай,

Ел мен жерден бір жола аласталған.

Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,

Түн – түнекте бейне бір адасқан жан.

Ақ төсек – аппақ айдын, аққу - бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?...

Шымылдық ашылып, сахынада бала жанында отырған әке көрініп, қастарына еш амалы қалмаған ана келеді.

Ана:

«... Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...

Жоқ!

Мен емес...

Мен атпадым...

Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»

Қазір, ботам...

Мінеки, таң атады...

Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...

Жазыласың құлыным...

балапаным!

Қасиет!..

О, қасірет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалындығы шашымдай ма ең!..

Қасиет!..

Шымылдық.

 





























                                                               



















Тақырыбы: Табиғат - адамзатқа аманат. Аққу – киелі құс.
Мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың  қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету; Оқуылардың актерлік шеберліктерін дамыту.Оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту.
Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу. Түрі: тәрбие сағаты
Көрнекілігі: слайд материалдары , Пәнаралық байланыс Музыка, биология. 
Сабақтың құрылысы: СТО стратегияларын қолдану
Тәрбие сағатының өту барысы:
І.Ұйымдастыру жұмыстары. 1)Оқушылармен,қонақтармен амандасу.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін «Табиғат- адамзатқа аманат» атты тәрбие сағатымызға қош кедіңіздер. Біз бүгін, сіздермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі. «Табиғат дегеніміз – бұл кітап, яғни, оның әрбір беті өзінің мағынасымен маңызды. Бұның өзі табиғатта болып жатқан құбылыстарды әрбір адам білу керек екенін білдіреді» – деген екен ұлы ойшыл Гете, құс – табиғат байлығы. Соның ішінде Аққ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!