Тәрбие сағаты."Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты."Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;ата –ана және бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту.

Мектеп, ата- ана ұстаз бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, дос қарымқатынасын нығайту.

Көрнекілігі: Слайдтар,қанатты сөздер,оқушы партфолиосы.

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру.Ашулы шарлар» жаттығуы. Психологиялық дайындық.

  2. Кіріспе.

Мұғалім:

Құрметті ата –аналар,ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыбында тәрбие сағатында бала тәрбиесі тақырыбында ойымызды ортаға саламыз. Отбасы –адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық –суығына бейімделіп ықпалына көніп ,осында ер жетеді. Әке –шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.Ана отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу тікелей ананың міндеті. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер

Ән «Ай дидарлы анашым»

2-бөлім

Ата-ананы және балаларымызды қаншалықты танып білеміз? Ойыны.

Ата –анаға, балаға жеке- жеке сұрақтар қойылады.



Ата- анаға сұрақ

1.Балаңызды еркелетіп айтар атауыңыз қандай?

2.Қандай пәнді жақсы көреді?

3. Сыныпта парталасы кім?

4. Балаңыздың досы кім?

5. Бір минутта қанша сөз оқиды?

6. Балаңыздың сүйікті асы не?

7. Балаңыз қандай мультфильм көргенді ұнатады?



Оқушыға сұрақ

1.Анаң сені қалай еркелетеді?

2.Қай пәнді жақсы көресің?

3.Парталасың кім?

4.Досың кім?

5.Бір минутта қанша сөз оқисың?

6.Сүйікті асың қандай?

7.Қандай мультфильмді жақсы көресің?

3-бөлім.

Бинефильм көру «Бала тәрбиесіне байланысты жиі кездесетін кемшіліктер»

Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир Балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни балаңыздың өмір сүру үшін төрт рет құшақтау керек деп есептеген.Өмірде өзін жақсы сезіну үшін күніне сегіз рет, ал баланың интелектуалдық жағынан даму үшін кем дегенде он екі рет құшақтау керек деп есептеген. Ересектер үшін өте қажет екендігін айтқан. Бала өзі ата –ананың құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін ризасыз қабылдайтынын сезініп өсуі керек.

Қазір ата-аналар ортаға шығып балаларымызды қалай жақсы көретінімізді айтып құшақтайықшы.

Ән хор «Біз әдепті баламыз»

4 –бөлім.

«Ұлылардан қалған ұлы сөздер»

Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана , талай ақын жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, «Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ түрейік.

1. оқушы. Мұхаммбет Пайғамбар: «Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!»

2. оқушы.Кемал Кеніш: «Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі- әке, өзіңсің»

3. оқушы.Дулат Бабатайұлы: «Ата-ана ақылы-қазылған қара кенмен тең»

4. оқушы. Махмұд Қашқари: «Атасынан ақыл алса-тентек ұл да жөнделер»

5.оқушы. Ғабиден Мұстафин.

«Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббат ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле –өлгенше суынбайтын махаббат»

Оқушы. Жүсіп Баласағұн «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған , жақсы –жаман бала болса –солардан.

5-бөлім Ситуациялық сұрақтар.

Көрініс «Пайдасыз заттар», «Себепсіз сабақ қалдыру»

Ата –аналар оқиға шешімін табады.

Қорытындылау.

Бала тәрбиесіне жауапты ең әуелі ата-анасы болмақ. Сондықтан еліміздің болашағы балаларымыздың заман талабына сай сапалы білім , саналы тәрбие алуына бірлесе атсалысайық құрметті ата-ана!





































Оқушыға сұрақ

1.Анаң сені қалай еркелетеді?

2.Қай пәнді жақсы көресің?

3.Парталасың кім?

4.Досың кім?

5.Бір минутта қанша сөз оқисың?

6.Сүйікті асың қандай?

7.Қандай мультфильмді жақсы көресің?



Ата- анаға сұрақ

1.Балаңызды еркелетіп айтар атауыңыз қандай?

2.Қандай пәнді жақсы көреді?

3. Сыныпта парталасы кім?

4. Балаңыздың досы кім?

5. Бір минутта қанша сөз оқиды?

6. Балаңыздың сүйікті асы не?

7. Балаңыз қандай мультфильм көргенді ұнатады?













Е Айшуақұлы атындағы орта мектеп









Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы»



Өткізген: Сейдалиева .А









Жыңғылды 2017-2018

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
2548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі