Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие тал бесіктен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие тал бесіктен басталады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі-жас ұрпақтың зердесіне ұлттық патриотизмді қалыптасу және адамгершілік рухани тәрбие беру.Ол үшін баланы өмірге келген күнінен ана тілінің уызына жаратып,ұлттық мінез,әдет-ғұрып,дәстүрлерін,ұлы құндылықтарын санасына құя білу керек.Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» деп кезінде бекер айтпаса керек.Демек,тәрбие тал бесіктен бастау алады.Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына,ертеңгі болашығына сенімділікпен қарауына отбасындағы тәлім мен педагогтар маңызды әрі басты рөл атқарады.

Балабақшаға баланың алғашқы қадамы көбіне 2-3 жасынан басталады.Бұл оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін ерекше рөл атқаратын кезең.Сондықтан да балабақшадағы басты тәрбие көзі-баланың бойына ойлау қабілеті мен танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру.

Бүлдіршіндердің тілге,білімге деген құштарлығы да осы кезеңнен оянады.Осыны ескере отырып, «Болашақ» ясли-бақшасының меңгерушісі З.Ү.Батырбекова басқарып отырған ұжым жалпыға білм беру жөніндегі жаңа стандартты басшылыққа ала отырып жұмыс істеуде.Онда «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» секілді бес бағытта білім беру көзделген.Осы бағытта жұмыс істеп,балабаұшада тәрбиеленетін бүлдіршіндердің қабілет-қарымын оятып,олардың салауатты да,тәрбиелі болып өсуіне ықпал жасау біздің міндетіміз.Әрбіз ұстаз мектепке дейінгі балалардың жас ерекшіліктеріне сай оқу іс-әрекетін жүзеге асыруды алдына міндет етіп қояды.Біздің педагогтарымыздың да өз шеберлігін жетілдіріп отыру үшін үйренер мектебі аз емес.Олар:

-оқыту мен тәрбиелеу дістүрлерінің тиімді жақтарына сүйену.

-нақты,түсінікті айқын ғылыми еңбектерден тұратын тәжірибелерді талдап,талқылап басшылыққа алу.

-ұстаздық еңбегінде жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін пайдаланып,өзінің байқау,бақылау,зерттеу жұмысының дәрежесіне көтеру.

Педагогикалық шеберлік-оқу мен тәрбие жұмысына қатысты теориялық,методологиялық мәселелерді қамти отырып,нәтижеге жеткізетін баспалдақ.Педагогикалық шеберліктің қалыптасуы да бірнеше жұмыс салаларынан құралады:

-озат тәжірибелерге сүйеніп,жұмыс бағытын саралай құрып.оның тиімді жақтарын іріктеп алып,өзіндік толықтырулар арқылы тәжірибе құрастыру.

-ұстаздың педагогикалық еңбегін шығармашылықпен ұйымдастыру,әр түрлі технологияларды меңгертіп,кәсібм шеберлігін өзіндік ерекшелігі бар жоғары деңгейге көтеру.Өз қолтаңбасын қалыптастыруға тырысу.

Еліміздің болашағы-бүгінгі балабақша бүлдіршіндері десек,оларды оқыту мен тәрбиелеу-ұстаз міндеті.Ендеше оқыту мен тәрбиелеу үшін педагог-ұстау әрдайым ізденісте болуы заман талабы.


Ата-аналарға арналған тренингтік бағдарлама

Мақсаты:ата-ана мен бала арасындағы адамаралық қатынас пен коммуникацияны оптимизациялау.Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды.

1.Ата-аналардың баланы тәрбиелеу принциптерімен танысу,балалардың жас ерекшеліген ескере отырып,үйлесімді тәрбие беруге көмек көрсету;

2.Баламен бірлесе жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;

3.Баланы және баламен қарым-қатынасты түсінуді жақсарту;

4.Балабақша мен ата-ананың қарым-қатынасын нығайту.


Тренинг

Мақсаты:ата-аналар ұжымында психологиялық қауіпсіздік орнату,ата-аналарды өткізетін сабақтың негізгі принциптерімен таныстыру,ата-аналардың сабақтардан не күтетінін анықтау,жалпы ереже шығару.

Танысу. «Есімдер»

Құрметті ата-аналар!Сіздерден балаларыңызды балабақшаға әкелген кезден бастап,балаңыздың көптеген нәрселерге үйреніп,жан-жақты болып дамуына,тәрбиеленуіне қызығушылық білдіріп,белсенді қатысуларыңызға болады.Бүгінгі баланың ертеңгі-Азаматы екенін,ал Азаматтың-елдің бүгінін ойлап,ертеңінің іргетасын қалайтын,өз мүддесін жоғары қойып,міндетті болмаса да қызмет,біліміне абырой-атағына қарамай елді оятып,біріктіретін,қозғау салып,ілгері жылжытатын қозғаушы күш екенін ескеріп,Азамат институтын жандандырып,Азамат тәрбиесіне көңіл бөліп,баланың Азамат болып өсуіне көмектесуіміз керек.Ол үшін,біз балаға денсаулығын сақтап-тәнін емдеуді,жан дүниесін реттеп-жүрегін тазартуды,санасын көтеріп-рухани жақынын таңдауды,қаражат тауып-жұмсауды,өмірге ұрпақ әкеліп-тәрбиелеуді,оған қоса арам-адалды,обал-сауапты,жалпы табиғат,қоғам,адаммен үйлесімділік табуды үйретуіміз керек.Сонда ұрпағымыз «сегіз қырлы,бір сырлы» болып,өмірі мәнді,тіршілігі жеңіл,рухани өсуі жылдам болары сөзсіз.Бұл жұмыс барысында тексеріп көрмей,бір ілімді «ескіліктің қалдығы» деп жерінбей,екіншісі «миы жетпейді» деп кейінге тартпай,ата-бабамыздың,соңымен қатар дүние жүзіндегі халықтардың жылдар бойы ғылыми жадына жинаған дүниелерін пайдалануымыз керек.Сонда баланың қыры сегіз,сыры біреу,яғни арамдығы жоқ,жан-дүниесі таза,қанағатты болумен бірге сегіз түрлі әрекет қолынан келетін болады:білу,тану,табу, емдеу,қуанту,беру,сіңу,тәрбие.

Бала тәрбиесін анасының жүрегінің түбінде пайда болған сәттен бастап қолға алу керек.

Сонымен,алдымызда үш кездесуіміз бар:әр кездесуіміз шеңбер ішінде өтеді.

Жұмысымыздың алдында барлығымыз бір-бірімізбен танысайық.Мен допта лақтырамын,қағып алған қатысушы өзінің есімін айтады.


3. «Орындарымен ... алмасады»ойыны.

Қазір мен бір ерекшелік немес қасиет айтамын,кімге қатысты,кімнің бойында болса,солар орындарынан тұрып,бір-бірімен амандасады.

«Гүл» психодиагностикалық жаттығу.

Шарты:балаларын гүлдің образы арқылы суреттеу.Акварель бояуын пайдалана отырып,баласын әр түрлі түлге теңейді.15 минут беріледі.Ата-аналар тапсырманы орындап болғанға дейін релакс әуені қойылады.Уақыт өткен соң,балаларын суреттейді.

4. «Балалық шақты еске түсіру».


Қазір барлығыныз ыңғайлап отырыңыздар,дененізді бос ұстап,денеңізді сезініп көруге тырысыңыздар.Орындықта отырғаңдарыңызғаяқтарыңыздың жерде тұрғанын сезініп көруге тырысыңыз,сізге ыңғайлы,жақсы.Мүкін сіз өзіңіздің тынысыңызды сезініп тұрсыз,қалай дем алғанда кеудеңіз көтеріліп,ал дем шығарғанда кеудеңіздің басылғанын.Дем алған сайын сіздің санаңыз тереңірек батып барады,ал бойыңызға жылу тарайды.Санаңыз өзгерістерді байқаған сайын,бейсанаңыз ашылып келеді.Сізге жақсы,жайлы,өзіңізді жақсы сезініп отырыз.Жақсы . . .

Қазір балалық шағыңызды еске алыңыз.Сіз 5 жастасыз,қандай болдыңыз?Қай жерде,не істеп жүрсіз?Қасыңызда кім бар?

Есте қалған жағдайды толықтай көз алдыңызға елестесіңіз.(2-3 минут үзіліс)

Тағы 5 жыл өтті,енді не өзгерді?Қай жерде жүрсіз,не істеп жүрсіз?Осы кезеңннен қандай жағдай есіңізде қалды? (2-3 минут үзіліс.)

Тағы 5жыл өтті,енді не өзгерді?Сіз қайдасыз?Қасыңызда кім бар,не істеп жүрсіз?Қандай сезімдесіз?Қандай жағдай есіңізде қалды? (2-3 минут үзіліс)

Енді балалық шаққа саяхатыңыз аяқталып қалды.Кішкене уақыт тынығып,көздерінізді ашуларыңызға болад.(2-3 минут уақыт беріледі)









Ата-аналарға арналған сауалнама

  1. Осы жаттығудан қандай әсер алдыңыз?

  2. Балалық шағыңызды көз алдыңызға елестете алдыңыз ба?Қандай жағдайлар есіңізде қалған?

  3. Қазір қандай сезімдесіз?

  4. Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?

  5. Балаңыздың м


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12