|
Сабақтың
басы
|
Сәлеметсіздер
ме? - Ұлдар, қыздар
жан жақтарыңа қараңдаршы. Қабырғада ілініп тұрған сөздерге назар
аударып, оқыңдар (ұқпаған сөздерді
түсіндіреді) - Бүгінгі
тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан
экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан
шығарсыңдар. - Экология
деген не? (оқушылар
пікірін тыңдау) Экология -
«эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген
сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып
шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын
зерттейік.
2. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік
атаулының өмірлік өзегі, аңсар арманы - таза
ауа Болмасын ауа
ешкімнің арман, мұны, Ауадан артық ас
жоқ жалғанда ұлы. Ойлашы, кімге
боламыз біз, Жұтудан таза
қалған күні. Бола алмас
аспан ұя зауалына, Жауларды тартар
уақыт жауабына. Бомбасын жер
мен суда сынатпаймыз, Улауға жол
бермейміз ауаны да.
|
Экологиялық ауа проблемаларды атаңдаршы?
Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі
неде? - орманды
жою; - атмосфераға
жыл сайын 30 миллиондай ластаушы заттар
лақтырылады; - Көлік ауаны,
қоршаған ортаны ластай ма? (оқушыларды
тыңдау)
|
|
презентация
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Табиғат —
ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл –
жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын,
ыстықта — көлеңке сая, суықта – пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде
— қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа,
еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.
|
|
|
Интербелсенді тақта/
компьютер
|
|
|
Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам
санасынан тыс жаратылыстан пайда болған дүние. Табиғат - бүкіл
тіршілік атаулының құтты - қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне
қажетті нәрі жер бетіне көрік берген сәні демекші. «Біздің жер
шарымыздың әсем табиғаты» атты бейнебаянды
тамашалайық. Осы
бейнебаяннан біз табиғаттың екі түрін де көріп отырмыз. Осы біздің
келесі бөлімімізде табиғатқа байланысты сауал
болмақ. Сыныпқа
сауал Табиғатты біз
кім үшін қорғаймыз? (Адам
үшін) Табиғатты
кімнен қорғаймыз? (Адамнан) Көрініс «Ақ
қайыңның мұңы» Оқушылар
«Табиғат» туралы тақпақтарын
айтады
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен
тікелей байланысты болған. Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік
ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл
бөлді. Бейнебаян:
«Еліміздің сұлу өңірлері»
көрсетіледі. Соңғы жылдары
елімізде табиғатты қорғау шараларына көңіл бөлініп, әр аймақтың
табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән берілуде. 1997 ж 15 -
шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997 ж 6 - тамызда «Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар» туралы заңдар қабылданды.. Және оны
жүзеге асыруда көптеген жұмыстар
жүргізілуде.
|
|
|
|