Тәрбие үрдісіндегі оқушы
мен топ жетекшінің өзара байланысы
Жас ұрпақтың тәрбиесіне
қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын сүйіп және құрметтейтін,
өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін - өзі жетілдіру арқылы
өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды
қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам
талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие
үрдісін ұйымдастыруды кешенді түрде қараудың қажеттілігіне баса
назар аудару.
Бірақ барлық оқушылар ойдан
шыға бермейді. Бірен – саран болса да топта да, колледжде де
берекені кетіріп, көпке ортақ қоғамдық ережелерге көлденең келетін,
аяқтарын шалыс басып, басқалардың байсалды оқуына іріткі салатындар
аз емес. Олармен оңаша жұмыс жүргізіп, қатарға қосатын қажырлы
еңбеккерлердің алдыңғысы – топ жетекшісі.
Жас ұланның жаратылысынан
жаман болып тумайтыны сияқты, жақсы өсіп келе жатқан баланы теріс
жолға түсіретін жағдайлар аз ба? Иә, біреулері тәрбиенің
нашарлығынан, екіншілері жолдастарының жамандығынан, үшіншілер
психо - физиологиялық даму сатысындағы дағдарыстардан
бұзылады.
Топ жетекші педагогикалық
тәлімге босаң шәкірттің ойсыраған жағын, оның ар – намысына
тимейтіндей, жасытпайтындай ескертуі тиіс. Жақсы мінез бітістерін
дамыта, өз күшіне сенімділігін арттыра, ұнамды істерге еліктіре
білу керек. Оқушыларды бір - бірімен оқу үлгеріміне, қасиетіне,
қабілетіне қарай салыстырмаған абзал деп есептеймін, себебі, мұндай
салыстыру қалыс оқушының жеке – типологиялық ерекшелігіне қарай
намысына тиіп, озат оқушыға өшпенділік туғызады. Сондықтан
салыстыру, мадақтау, жазалау сияқты әдістерді қолданғанда
оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру
керек.
Топ жетекшінің оқу – тәрбие
үрдісінде қиындық келтіретін оқушылармен жұмысында ұжымдық шаралар
мен дара тәрбие қатар жүруі тиіс. Ер баламен жеке сөйлесе отырып,
мінез – құлқын түзету, өзін - өзі тәрбиелеу, реттеу, ерік – жігерін
дамыту жолдарына бағыт беріледі. Білім мен тәрбие беру мақсатында
«апта күні» айдарымен спорт жаңалықтары таныстырылады. Мысалы,
«Туриндегі олимпиада», «Азия чемпионаты», «Грек – рим күресі
күнделігі», «Олимпиада ойындары тарихынан естелік» т.
б.
Топ сабақтарында үлгерімге
байланысты мәселелер талқыланса, оны оқушылардың өздеріне басқарту,
ал топ жетекшісі кеңесші дауыста қызу айтыс куәгері ретінде отыруы,
демократиялық сана қалыптасуының белгісі. Оқушыға мақсат қойсаң
қиындығына қарама, қолға алғаныңды аяқсыз тастама деген бағытта осы
қағидалардың мәнін, мазмұнын өз бойына сіңіріп, терең ұғынуы
керек.
Тәртібі босаң, енжар шәкіртті
қатарға қосу бағытында «Демала білу керек», «Сенің білімің –
келешегіңнің жемісі» т. б. әңгімелер
өткізілуде.
Жасөспірім қиялын қиялға
шаптырып, білгісі келіп қызықтыратын бұқаралық шаралар
тақырыптарына, Мысалы: М. Б. Ықсанов туралы толық мағлұматтар беру,
көше аттары не себепті бұл кісінің есімімен аталғаны туралы айту т.
б. оқушының бойына адал еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдерін
оятуға көмек береді.
Оқшау жүретін балалардың сынып
ұжымымен жұғысып кетуі – ұжым мүшелерінің көзқарасына тікелей
байланысты. Топ оқушыларының әдсіздерге деген қарым – қатынасын
қалыпқа келтіру – топ жетекшісінің басты жұмысы. Әркім әлсізге
қамқорлық жасап, бауырына тартып, оның да алдыңғы шепке шыға
алатынына сенім орнықтырса, ұжым еркіне көнбейтін жасөспірім болмақ
емес. Мысалы, топта бір оқушы биылғы оқу жылында келген, келер –
келместен аяғын ауыртып алып, дайындыққа бара алмай, нәтиже көрсете
алмады, ал соңғы уақытта оның күрескенде қолданған тәсілдерін
балалар күлкі қылыпты (бапкердің өз ауызынан естідім). Содан кейін
ол баламен бірге жаттығатын оқушылармен жеке - жеке сөйлесіп,
оқушылар өз қателіктерін мойындады, оқушыдан кешірім сұрап, қазір
бәрі бірге бір ұжымның баласындай жаттығып
жүр.
Тәртібі босаң шәкірттерді
қатарға қосудың бір шешуші саласы – олардың өз қалауларына, дағды
икеміне қарай ұжым тең қоғамдық істеріне қатыстыру. Осы бағытта топ
старостасын сайлауда анкеталық сұрақ
беріледі:
1. Топ старостасы өзің болғың
келе ме?
2. Топ старостасы қандай
дәрежеде болғанын қалайсың?
3. Кімді сайлағың келеді,
қандай қасиеттері үшін?
Топ старостасын сайлағаннан
кейін сынып белсенділерін сайланады (әр оқушының қабілетіне қарай).
Тәртіп секторы – күнделікті сабаққа қатынасуы, тәртібі есепке
алынады. Тазалық секторы – аптасына бір рет сынып оқушыларының
тазалығы, киімі т. б. тексеріледі. Спорт секторы - спорт
жаңалықтарымен таныстырады, т. б. спортқа қатысты мәселелерді
шешеді. Шаруашылық секторы – қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуларын
қамтиды. Оқу секторы – оқушылардың үлгерімі, күнделігі т. б. есепке
алынады. Хабарлама секторы – әлем жаңалықтары, облыс, аудан, көлемі
т. б. Оқулық секторы – оқулықтың ұсталынуы, апта сайын түгендеп
отырады. Редколлегия – терзімді күндерге, колледж, сыны өмірінен
газет шығару. Әр сектор дәптер арнайды, тәрбие сағатында жұмыстары
талданады Екі оқушыдан 18 оқушы қамтылды, жұмысқа жауапкершілікпен
араласқаннан кейін нәтижесін көрді.
Әрине, бұл оқу жылының басында
көп еңбектенуге итермелейді, әрбір активтің жұмысты орындауы қатаң
талапты қажет етеді, дегенмен нәтижесі айқын көрінеді. екінші
жартыжылдықта «Бағдарлы оқыту» жүйесіне сай, бағдаралды даярлық
жұмыстары колледж психологымен бірігіп, кешенді жұмыстар
жүргізіліп, қорытындыланады. Әр бала өз қабілетіне, болашақ кәсіби
жоспарына сай бағыт – бағдарын айқындайды.
Егер бала бұзақы болса, онда
бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі деген екен А.
С. Макаренко.
Олай бола, І ден мұғалім терең
білімді болып, жауапкершілікті жете сезініп, сабағына жан – жақты
даярлану арқылы сапалы, тиімді, қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар
сабаққа ғана көңіл бөліп, басқа нәрсемен айналыспайды, тәртіп
бұзуға жол ашылмай қалады,
ІІ ден оқушының әрбір
тәртіпсіздігі мен шалыстары себебін анықтап, көз жеткізіп алып,
шара қолдану керек.
ІІІ ден мұғалім шыншыл,
әділетті болуы тиіс.
ІV ден, мұғалім кекшіл болмай,
кең пейілді, кешірімді, мейірімді, сабырлы, ұстамды болғаны
жөн.
V ден, мұғалім шәкіртіне
ақылшы, қамқоршы, кеңесші, шәкіртінің сеніміне ие болғаны
дұрыс.