400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиедегі кешірім мен мейірім

Материал туралы қысқаша түсінік
Кешірім мен мейірім адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Кешіру үшін «Хан қызынан да қателік кететінін» санамызға түйгеніміз жөн. Мінсіз адам болмайды, барлық адамның шалыс басатын,біреуді абайсыздан ренжітіп алатын кездері болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш ығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің

«№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ

Директордың тәрбие ісі орынбасары

Тыштыбаева Элвира Муратовна



Тәрбиедегі кешірім мен мейірім

Кешірім мен мейірім адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Кешіру үшін «Хан қызынан да қателік кететінін» санамызға түйгеніміз жөн. Мінсіз адам болмайды, барлық адамның шалыс басатын,біреуді абайсыздан ренжітіп алатын кездері болады. Осындай сәттерде жүрегімізде мейірім болса кешіреміз. Кешіру арқылы өзгелерден еш нәрсе күтпейтіндігімізді дәлелдейміз. Адамдардан жақсылық күтудің орнына, сол қарым-қатынасты өзіміз бірінші болып көрсете білуіміз керек. Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық- отбасы ішінде, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, мейірімділік, бақытқа толы жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.

Мейірімді, кешірімді, адамдар-кез келген қоғамның тірегі. Бала тәрбиелеуде осы қасиеттерді бала бойына сіңіре алу біздің басты міндетіміз. Бірақ, соны қалай сіңіреміз? Нені басты назардан тастамауымыз керек. Баланы тәрбиелемес бұрын, әрине өзімізден бастауымыз шарт. Қас алдыңда отырған балалардың біреуі қателік жіберіп алса, ол балаға бірден шара қолданбастан бұрын қателігіне қарай кешіре білсек, мейірімімізді көрсете алсақ, тек қана бір оқушыға емес, бүкіл сыныпқа да кешірім мен мейірімнің не екенін ұғындыра алатын едік. Мектеп ішінде ұстаздар қауымы бір-бірімен жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті оқушыларға тарата алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты –әдептіліктің белгісі. Әр бір бала бірінші кезекте мейірімділікті анасынан көреді, кейін өсе келе ұстазынан, сыныптастарынан байқайды. Ал сол көрген білгенін санасына құйған бала ержеткенде өзі дәл соны қайталайтыны сөзсіз. Ал сол бала қоғамның бір мүшесі, яғни қоғамда жүректері мейірімділікке толы, кез-келген сәтте таразыға салып кешіре білетін адамдар көп болса, тәрбие жалғастығы болмай ма.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі