тәрбиеленуші мен тәрбиеші сайысы "Мен тәрбиешіммен мақтанамын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбиеленуші мен тәрбиеші сайысы "Мен тәрбиешіммен мақтанамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша әдіскері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен тәрбиешіммен мақтанамын»


Мақсаты: Тәрбиеші мен тәрбиленушінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Үлгілі тұтар тәрбиеші болып, инабатты да ибалы, парасатты да өнерлі

бүлдіршінді қалыптастыру. Балаларды мейірімділікке, тәрбиешілердің

өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу.


(Зал әдемі безендірілген. Алдын ала көрермендерге фишкалар

таратылады. )

Жүргізуші: Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып билеткен,

Таныстырған ең алғаш,

Әріптермен, суретпен-

Ол тәрбиеші апайым.- дей отырып, құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Мен тәрбиешіммен мақтанамын» атты тәрбиешілермен, тәрбиеленуші бүлдіршіндердің сайысына қош келдіңіздер.

Сайысымызды бастамас бұрын шарттарымен таныстырып өтейін. Бұл сайыстың бір ерекшелігі әділқазы деген болмайды, сайыскерлерімізді көрермендер, яғни сіздер бағалап, қай сайыскерлер ұнады соған дауыс бересіздер. Осы залға келерде сіздерге фишкалар берген болатынбыз. Қазір сайыс соңында өздеріңізге ұнаған сайыскерлерімізге дауыс беріп, мына жерде тұрған ыдыстарға қолдарыңыздағы фишкаларды саласыз. Сайыскерлер қазір өздеріне ұнаған түстерін таңдайды, мұқият түстерін жаттап алыңыз.

Жүргізуші: Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы тәрбиеші апайлар мен бүлдіршіндерді шақырайық. (көңілді әуен ойнап сайыскерлер ортаға шығады.)

  1. Тәрбиеші- Мақпал Оразқызы, тәрбиеленуші Назерке Сұңғатқызымен

  2. Тәрбиеші-Элеонора Болатқызы, тәрбиеленуші Інжу Ержанқызымен

  3. Тәрбиеші-Сәндеш Дүйсекенқызы, тәрбиеленуші Жанель Ізімқызымен

  4. Тәрбиеші-Жангүлім Сағидоллақызы, тәрбиеленуші Нұрсана Мұратжанқызымен

  5. Тәрбиеші-Құндызай Сейфуллина, тәрбиеленуші Гүлназ Біржанқызымен


Жүргізуші: Құрметті сайыскерлерлер мына жерден өздеріңіз ұнатқан түсті таңдап алып, артын қараңыздар. Сіздердің реттік нөміріңіз берілген.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

І кезең- «Танысып біз алайық» (бірге таныстыру)

ІІ кезең- «Үй тапсырмасы» (бірге үйден дайындаған қол өнер немесе тағамның жасалу жолын слайд арқылы көрсету және алып келу )

ІІІ кезең- «Ән шырқайық қосылып» (бірге ән орындау)

ІY кезең- «Би билейміз бұралып» (би билеу)

Ендеше, сіздерге сәттілік тілеймін.

Жүргізуші: Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырсын өздерін,
Сайыскерді ду қол соғып қостайық.- дей келе
«Танысып біз алайық» кезеңіне берміз. Сайыскерлер өздерін таныстырсын.

(Таныстыру)

Жүргізуші: - Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл кезең істің бәйгесі,
Кім жүйрік ғана сол алда – «Үй тапсырмасы» кезеңіне береміз. Үйге тапсырма берілген болатын тағам пісіру, не болмаса қолөнерді екеуі бірге жасап жасаған сәттерін слайд арқылы көрсетіп таныстыру.


Жүргізуші: Ән- көңілдің ажары,

Думан тойдың базары.

Әнге аусын бір мезет,

Көпшілік қауым назары- деп келесі кезекті «Ән шырқайық қосылып» кезеңіне береміз.

(Әндерін орындайды.)

«От улыбка» әні Орындайтын: Мақпал Оразқызы, Назерке Сұңғатқызымен

«Жас дәуірдің түлегіміз» Орындайтын: Элеонора Болатқызы, Інжу Ержанқызымен

«Анашым қартаймашы» Орындайтын: Сәндеш Дүйсекенқызы,

Жанель Ізімқызымен

«Құттықтаймын мама» Орындайтын: Жангүлім Сағидоллақызы, Нұрсана Мұратжанқызымен

«Қошақаным» Орындайтын: Құндызай Сейфуллина, Гүлназ Біржанқызымен


Жүргізуші: Көйлегінің желегін

Желбіреткен өренім.

Дөңгелетіп билеңдер

Өрлей берсін өнерің. – деп соңғы кезең «Би билейміз бұралып» сайысына береміз.

(Билерін билейді)

«Үнді» биі Орындайтын: Мақпал Оразқызы, Назерке Сұңғатқызымен

«Өзбек» биі Орындайтын: Элеонора Болатқызы, Інжу Ержанқызымен

«Украйн» биі Орындайтын: Сәндеш Дүйсекенқызы,

Жанель Ізімқызымен

«Буратино» биі Орындайтын: Жангүлім Сағидоллақызы, Нұрсана Мұратжанқызымен

«Жалқаубек» биі Орындайтын: Құндызай Сейфуллина, Гүлназ Біржанқызымен


Жүргізуші: Құрметті қонақтар әне-міне дегенше сайысымызда аяқтала бастады. Бүгінгі тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің өнерлеріне тәнті болдық. Енді бағасын беріп, дауысқа салатын кезде келіп жетті. Сіздердің дауыс берулеріңіз аса маңызды.

М а р а п а т т а у


Жүргізуші: Ән көмейден құйылды,

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние

Көрікті де көңілді- дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назар аударып тамашалауға келгендеріңізге көптен- көп рахмет.

Қош сау болыңыздар!



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.10.2018
1414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі