Материалдар / Тәрбиелік іс-шара "Аяулы күз, Алтын күз."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиелік іс-шара "Аяулы күз, Алтын күз."

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
811
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Аяулы күз, Алтын күз.

Мақсаты:

Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістерді жайлы балалардың білімдерін кеңейту:

Күз мезгілінің берекелі екенін айтып ,түсінік беріп, ойлау қабілетін дамыту.

Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы: Топ іші күзгі суреттермен ,мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірлген.)

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші:Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар!«Аяулы күз,Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Міне, қабағын түйіп күз келді.Күз молшылықтың байлықтың берекелі айы.Қырман басы тазаланып бау-бақша жиналып құс басы тарқайтын кез.Күз мезгілі барлық үйге молшылық ала келсін.

Бүгінгі берекелі де ырысты «Аяулы күз, алтын күз» ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Би : Жапырақтар

Жұлдыз тобының орындауында «Күз » әнін қабыл алыңыздар.


Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

(Балалардың жауабы).

Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз – Алтын күзді шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).

Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздерме ме, қонақтар!

Мен – Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге. Пияз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!

Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!


Медбике бала:

Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.

Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оларды жақсы көріңдер. (Амир)




Жүргізуші: Балалар медбикенің кеңесіне құлақ асайық, жемістердің бізге берер пайдасы мол екен. Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін

Мақтанбақшы сендерге , көкөністер мен жемістер !

( Ортаға «көкөністер мен жемістер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).



Пияз: Асханадан шықпаймын

Атым – пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын! (А. Айзере)



Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен- қызанақ,

Күнге қарап ұялып! (Мұхаммедт)




Картоп: Картоп- біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз! (Санжар))


Алмұрт :         Мен алмұртпын, алмұртпын

                         Аузындамын бар жұрттың.  (Сагдияна)


 Алма              Мен алмамын, алмамын

                          Тандайда қалар бәр дәмім.  (Жания)


Алма : Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі. (Жанару)



Қызанақ: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін. (Сымбат)


Алма :         О, алақай, тамаша,

                            Шашу шашады жапырақ.

                            Бақтың іші алаша,

                            Аунар ма еді жатып ап!

  (Айшолпан)

Картоа : Ұшты талдан жапырақ 

                                Сары көбелек секілді 

                                Аспанда жай шатырлап

                                Тамшы жерге секірді  (Дәулет)



Сәбіз:            Ұшты талдан жапырақ 

                                Сары көбелек секілді 

                                Аспанда жай шатырлап

                                Тамшы жерге секірді  (Әли)


Сәбіз: Сарағайды тоғай

Сапсары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кеті қайтып ( Ж Дельназ)

Алмұрт: Көбейді құт-береке

                              Астық толы қоймамыз.

                              Құтты болсын мереке

                               Алтын күзді тойлаймыз (Т.Айзере)



Алма : Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады жарқын күз

Сайраңдадық күліп ойнап

Келді ,міне ,алтын күз (Т Дельназ)

Пияз:      Жайдары күз, жарқын күз

                                Аяулы күз, алтын күз.

                                Дәнге толы кең далам,

                                Дариядай шалқар күз. (Алдияр)

Сәбіз:           

Ұшты талдан жапырақ 

                                Сары көбелек секілді 

                                Аспанда жай шатырлап

                                Тамшы жерге секірді  (Әли)



Хор : «Алтын күз»


Жүргізуші: Әсем әуен сылдырлаған

Сәбилерде алғыр жан.

Балдәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.

Кезекті өлең шумақтарына берейік .(Саңырауқұлақтар)


Әлімхан: Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жабады.

Күн бірте суытып,

Жауын көп жауады.



Нұрлы: Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!



Саян :        Күзім-ау, күзім-ау!

                         Мінезің бұзық-ау  

                         Жаңбырың сіркіреп,

                          Келгенің қызық-ау!  



 

Бекарыс              Астық жеміс жиылды,

                            Қамбамызға құйылды.

                            Ардақты күз мың алғыс,

                             Алдық өнім сыйыңды.

                


Азиза: Күн шуаққа маужырап,

                               Жатыр еді атырап

                               Ағаштардан жамырап,

                               Ұшты кенет жапырақ.

              

Шапағат:  Қуандырып біздерді,

                                Мерекелі күз келді.

                                Кел жемісті алтын күз,

                                Кемелденсін халқымыз.

         


Сафинұр:        Жүзім, алма жинаймыз,

                               Алтын мақта тереміз.

                               Үлкендерді сыйлаймыз,

                                Көмектесе береміз

Әдемі: Төңірек толы сары алтын

Күз келді туған жеріме

Шуағы нұрлы жайнаған

Алтын күз әсем айналам


                               

Жүргізуші:Жарнамаға құлақ түріңіздер

Жаңалықтарды біле жүріңіздер

Әп сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты,күз кереметтерін бейнелеген ата-аналарға үлкен сыйлығымыз бар.

Асығыңыздар,асығыңыздар!(Бірнеше ата-аналар сурет салады)

Алтын күз: Бәрекелді, керемет! Ата-аналарға алғысымызды білдіріп қошеметтеп қояйық.

Жүргізуші: Алтын күз біздің бүлдіршіндеріміз көптеген ертегілер біледі, сонын ішінде күзде толып пісетін«Шалқан» -орыс халық ертегісін тамашалайық.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып қарайды.



Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.

Тәрбиеші: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. қой көмекке, кемпірмді шақырайын.

Кемпірім, кемпірім,келші қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым.Кел екеуміз бірге тартайық.

Кемпір: Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ тартайық.

Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқандыКемпір: Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ тартайық.

Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызың көмекке шақырады.

Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз: жарайды апа сізге көмектесейін.

Тәрбиеші: қыз көмекке келіп, шалқанды рет ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін шақырады.

Қыз: Ақтөс, ақтөс, көмекке келші.

Ит: Аф, аф, аф, көмектес, десендер көмектесейін.

Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты шақырады.

Ит: мысық, мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық: мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.

Мысық: мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.

Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Тышқан: әрине көмектесіп жіберемін.
Олар, тарта, тарта шалқанды суырып алады

Алтын күз: Өте жақсы ертегі, рахмет, балалар! Шалқан ертегісі қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!

Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.

Хор: Кап –кап


Жүргізуші: Сән әлемінен сырттап құр қалмаңыздар Күз-2018 сәнді киім үлгілерін тамашалайық.Сұлу қыздарымызды шығарып салайық.

Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?

Алтын күз: Білмейді екем...

Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырат себетке жинаймыз»).

Жарайсыңдар, балалар!

Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші Ендеше «Алтын күз-2018» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген қыздар шығып киім үлгілерін көрсетеді).

Жүргізуші: Осымен ,бүгінгі күзгі мерекеміз аяқталып келе жатыр. Біздер де балалар, өзіміздің жылы тобымызға оралайық!

Алтын күз Менің де кетуім керек балалар!

Барлығыңды қимаймын,барымды мен сыйлаймын !

Алтын күз балаларға ішінде алмалары бар себетін береді .

Балалар алтын күзбен қоштасады.

Балалар автобусқа отырып топқа кетеді.

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жемістерге-жидектерге,толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Міне, ата-аналар осымен « Аяулы күз ,Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын әр отбасына бақыт-береке тілеймін.








































Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

         жомарт көңіл жарқын жаз.

        Сары алтынға малынған,

         Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән «Күз»

Аділхан           Күзім-ау, күзім-ау!

                         Мінезің бұзық-ау  

                         Жаңбырың сіркіреп,

                          Келгенің қызық-ау!  

Айгерім           Қарашы күз келді, күз келді,

                         Сары алтын жауыпты іздерді  

                          Құс біткен керуен түзеді,  

                          Көңілсіз неліктен күз енді? 

Диар                  Қара бұлт қабағын түйеді,

                           Бұталар боз қырау киеді

                           Осы ма, осы ма күз деген

                           Бақшаға баратың бізбенен

Сабина              Сары теңге жапырақ,

                           Бояған ба көл бетін? 

                           Тоңазыпты топырақ, 

                            Ызғарлы екен жел де тым.

Артём                 Кездескен сон күзімен,

                            Бұтағынан үзілген.

                            Ай жапырақ-сары алтын,

                            Айналаның бәрі алтын

Жүргізуші:           «Қолшатыр» биі ( Айгерім, Айлана, Роза)

 

Ақерке                Гүл жайнаған даланың,

                            Жапырағы солыпты.

                            Таңырқадым, қарадым,

                            Танымастай болыпты.

Батырхан            Алтын, сары, қызыл, көк,

                            Алуан-алуан жапырақ.

                            Күзгі бақта күлімдеп,

                            Көз тартады атырап.

Роза                    О, алақай, тамаша,

                            Шашу шашады жапырақ.

                            Бақтың іші алаша,

                            Аунар ма еді жатып ап!

 

Кәусар                Астық жеміс жиылды,

                            Қамбамызға құйылды.

                            Ардақты күз мың алғыс,

                             Алдық өнім сыйыңды.

Элина                   Көбейді құт-береке

                              Астық толы қоймамыз.

                              Құтты болсын мереке

                               Алтын күзді тойлаймыз.

Полина                  

                              Өнім үйіп тастадық,

                              Оқуды да бастадық.

                               Берекелі алтын күз,

                               Ашық болсын аспаның.

Айша                     Күн шуаққа маужырап,

                               Жатыр еді атырап

                               Ағаштардан жамырап,

                               Ұшты кенет жапырақ.

Ирина                     Қуандырып біздерді,

                                Мерекелі күз келді.

                                Кел жемісті алтын күз,

                                Кемелденсін халқымыз.

         


Қаби                       Жүзім, алма жинаймыз,

                               Алтын мақта тереміз.

                               Үлкендерді сыйлаймыз,

                                Көмектесе береміз

Аяжан                    Жайдары күз, жарқын күз

                                Аяулы күз, алтын күз.

                                Дәнге толы кең далам,

                                Дариядай шалқар күз.

                                

Самира:                  Ұшты талдан жапырақ 

                                Сары көбелек секілді 

                                Аспанда жай шатырлап

                                Тамшы жерге секірді 

Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Кім жылдам»     

Би:        «Жапырақтар»

Жүргізуші:  Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт                      Мен алмұртпын, алмұртпын Сагдияна

                                   Аузындамын бар жұрттың.                   Алма                          Мен алмамын, алмамын

                                   Тандайда қалар бәр дәмім.     Алма

              Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Жүргізуші:  Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

   Мезгілсіз оны үзбе

   Аузынан кетпес бал дәмі

   Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

   Ағаштың басын иеді.

   Жемістерін аиырып,

    Танисын ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап,

    Өсетін жері-бақша-бақ

    Күрен қызыл шіркін-ай

    Оның аты…(танқұрай )

 

«Шалқан» -орыс халық ертегісі

«Алтын күз» өленің тамашалыныздар

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!