Материалдар / Тәрбиелік іс-шара "Қыз сыны" балабақша

Тәрбиелік іс-шара "Қыз сыны" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдістемелік көмек ретінде беріліп отырған бұл "Қыз сыны" сценарийі балабақшаның тәрбиеленушілері арасында өткізетін 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Атырау облысы, Мақат ауданы

Бәйге төбе комплексті мектеп - балабақша кешені

Музыка жетекшісі – Гульфайрус Кайдаровна Муратова


«Көктем гүлі» атты мектеп-балабақша кешеніндегі қыз сыны сценарийі

Жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым!

                      Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
                    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
                    Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
                   
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
 
«Көктем гүлі- 2017» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, қош келдіңіздер! Бүгінгі өткелі отырған «Көктем гүлі» атты «Қыз сыны 2017» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан балапан қыздарымыздың табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.

                  Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
                Аруы деп балабақша  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
                Ал аруларға сәттілік тілейікші

- дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық

1 аруымыз мектепалды даярлық тобынан Айя  
2 аруымыз мектепалды даярлық тобынан Нұрдана  
3 аруымыз ортаңғы «Күншуақ» тобынан Аружан
4 аруымыз ортаңғы «Балапан» тобынан Айару

5 аруымыз І-ші кіші «Ботақан» тобынан Айзере

6 аруымыз І-ші кіші «Құлыншақ» тобынан Айкөркем

  Ж
үргізуші:   Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.
Балабақша әдіскері- Ақкенже Қашағанқызы
2. Т
әрбиеші- Айнұр Сәтімжанова
3. Т
әрбиеші-Камшат Жауылбаева

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар. Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

І - бөлім: .    «Мен қазақтың қызымын» - деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Мұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ бөлім. Білгенге  маржан (сұрақ-жауап). Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

ІІІ - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІV бөлім: «Шебер қолдар» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.

V бөлім: «Көркіне көз тоймаған»- деп аталады. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.


I кезе
ң.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді - дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар!

Ортаға сайыскерлер шығып өздерін таныстырады.

Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

II кезең Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

«Сұрақ - жауап» бөлімінде аруларымыз алдарындағы бұйымдарға қарап сұрақтарға жауап береді немесе заттардың атауын айтады. (Бұйымдар: домбыра, бесік, әр ұлттың киімдері, жануарлардың мүсіндері, түрлі түсті шарлар, әшекейлі бұйымдар, т.б.)

  1. Домбыра аспабын көрсету немесе аспап туралы білетінін айту.

  2. Бесік не үшін керек

  3. Әр ұлт киімдерінен қазақ қызының киімін тауып әңгімелеу

  4. Әр түрлі жануарлар ішінен төрт түлік малды тауып, аттарын атау

  5. Түрлі түсті шарлардың түстерін ажырату.

  6. Қазақ қызының әшекей бұйымдарын тауып, атау (сырға, сақина, шашбау)


Қазылар алқасынан ІI бөлімнің бағасын сұраймыз

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

     III  кезең. Өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты - деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

Сайыскерлер дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

(ән, би, көркем сөз)

Қазылар алқасынан ІIІ бөлімнің бағасын сұраймыз

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

IV кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
 
Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасынан ІV бөлімнің бағасын сұраймыз

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

V кезең. Сән үлгісі
Ал, халайы
қ ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.

Жүргізуші: Қазақ қызы - тамсандырған талайды,

Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.

Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,

Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз
 
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.

Қазылар алқасы сайыстың қорытынды бағасын шығарғанша көрермендерге бір әсем би жолдаймыз

Құстар биі. Орындайтын - Ортаңғы топ бүлдіршіндерінен бишілер.

Әділ қазы алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз.

Берілетін номинациялар: «Көктем аруы - 2017», «Өнерлі ару», «Сүйкімді ару», «Білімді ару», «Әнші ару», «Биші ару» (әділ қазылардың атаулар жазылған ленталарды сайыскерлердің иықтарына ілу салтанаты )


Жүргізуші: «Қыз ұлттың жаны» демекші, сайыскерлерімізге ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастардың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер демекпіз.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды келе жатырған сегізінші наурыз аналар мерекесімен құттықтап, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.



ЖИ арқылы жасау
05 Қаңтар 2018
1570
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі