Тәрбиелік іс-шара «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиелік іс-шара «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»

Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген.Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші,өмір 27 жылда біраз өзгеріске ұшырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршін біз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің  сәні ешқашан бұзылмасын. Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты  ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз

.Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұраны орындалады

Жүргізуші: Енді ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып,желбіреп тұр.Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтып,даңқын көтере беруге үлес қосса,көк туымыздың абыройы үстем болып,дұшпандарымызды күйіндіріп,достарымызды қуанышқа бөлей берері анық.

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан Санжар

 Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады Т Айзере

 

 Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді Сагдияна



Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры Амир

 

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн Т Дельназ

Би : Айгөлек 

 Өзіңдікі туың да

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да! Жания  



Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен. Әли

 

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн. Шапағат 





Тәуелсіздік – ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу. Айшолпан

 

 Хор: Тәуелсіздік ел ұраны

Бақытты боп жүргенім -
            Сені
ң арқаң, Қазақстан!
           Елім - мені
ң тірегім,
           
Құшағында гүл атам. Ж Дельназ


Сарқылмайтын қуатым,
             Тірегімсі
ң, Қазақстан.
             М
әңгі соғып тұратын,
             Ж
үрегімсің Қазақстан Бекарыс


Отанның қасиетті тілін сүйем,
             Отанны
ң құдіретті үнін сүйем.
             Отан, Отан б
әрінен биік екен,
             Мен оны м
әңгілікке сүйіп өтем! Дәулет


Толтырған гүлге даланы,
             Жайнат
қан ауыл-қаланы.
             Арда
қты атамекенім,
             Отаным-
Қазақстаным. Жанару



Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте. Әдемі



Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн. Алимхан

 Хор: Атамекен

Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар Жұлдыз тобының дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

 Хор: Атамекен



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі