Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбиелік шара "Арман қала -Ақтауым"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекмурзина Жаңыл Сүндетқызы
«А.Өтепбергенов орта мектеп» ММ
Маңғыстау ауданы
Маңғыстау облысы
Тәрбиелік шара
«Арман қала – Ақтауым»
(Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына)
Мақсаттары:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
2. Оқушыларды өнерге бейімдеу,сахна мәдениетіне баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,қала тарихынан сыр шертетін суреттер.
Тәрбие сағатының жүрісі: ( «Адай» күйі ойналып тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!
Назарларыңызға сүйікті қаламыздың тарихынан сыр шертетін, биылғы жылы 55 жылдық мерейтойын тойлап отырған ақ маржан мекенімізге арналған «Арман қала – Ақтауым»» атты тәрбие сағатын ұсынамыз!
2-жүргізуші: Не замандар өтсе-дағы бұлағай,
Көк түріктің туы қалды құламай.
Маңғыстауым –тұнып тұрған тарихым,
Ашық аспан астындағы мұражай,-демекші, кең байтақ қазақ даласында осы бір қасиетті өлкенің тарихы ерекше.Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жері талайларды тамсандырған.Табиғаты таңғажайып,тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған ғажап өлке.
Көркемсөз. Сабыр Адай. «Алтын бесік».
1-жүргізуші: Маңғыстау өңірі - Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан.Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса,оңтүстігінде Түркменстан, солтүстігінде Атыраумен шектеседі.
2- жүргізуші: Маңғыстау облысы 1973 жылы 20 наурызда құрылды.1988 жылы 2 маусымда таратылып,1990 жылдың 17 тамызында тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды.Орталығы –Ақтау қаласы.
«Аққуы назды әнмен ырғалған,
Бақ көшпес мәңгіге бұл маңнан.
Гүл жайнап, көзінде нұр жанған,
Ақ таңым, ата бер Ақтауымнан ,- деп ақын жырлағандай, биыл қаламыз 55 жасқа толып отыр.
(Слайдтар көрсетіліп тұрады).
1-жүргізуші: АҚТАУ. Ақ жібек көйлегінің етегін ақшулан теңіздің толқынына тосып, ақ жүзі күн нұрына шағылысып, су бетіндегі әз дидарына өзі тамсанып, айдын жағалаған аққулардың айнымас сырласына айналған ақмаржан шаһардың есімін қалайша дәл тауып қойған... Құдайдың құдіреті қолдап, Адам қолымен жасалған кез келген ғажайыптың әп-сәтте бола салмағаны анық.
2-жүргізуші: Өз еліміз тұрмақ, жақын шетелдің көзайымына айналып отырған осынау қаланың құрылысы қалай басталып еді? Қала жас болса да, оның өмірге келуінің өзіндік бірегей тарихы бар. Жаһандық тарихи үдерістердің ұлы доңғалақтарының сықыры бір қарағанда орталықтан тым алыста, ешкіммен, ештеңемен алыс-берісі жоқтай көрінетін Маңғыстау түбегінің ен даласына да естілген.Тарих беттеріне көз жүгіртсек.
1-оқушы: Ақтау - Қазақстанның
оңтүстік-батысында орналасқан, Маңғыстау облысының (ескі аты
Маңғышлақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау
поселкесі, кейін Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында
Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне
1964-1991 жылдары қала Шевченко деп ресми айтылды. Оның пайда
болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машина
жасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П.
басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті.
Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты
амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды. Қалада 1972-1999
жылдар аралығында еліміздегі жалғыз саналатын «МАЭК» атты АЭС жұмыс
жасады. Қазір атом реакторларында уран отыны қолданылмайды, оның
орнын газ басқан. Осы МАЭК арқасында қала тұрғындарына теңіздің суы
тұщытылып, ауыз су ретінде беріліп отыр. Қалада теміржол вокзалы
жоқ. Пойыздар Маңғыстау станциясына келіп
тоқтайды.
2-оқушы: Оның себебі - кеңес үкіметі
кезінде қаланың бас жоспары бойынша Ақтау қаласының аумағы
Маңғыстау станциясына дейін болады деп жоспарланған. Алайда кейін
еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, бас жоспар қайта қаралып,
нәтижесінде Ақтау қаласының аумағы кішірейтілді. «Ақтау халықаралық
әуежайы» да осы жоспар бойынша қаладан тысқары
салынған.
3-оқушы: Ақтау қаласы 1959 жылы жабық елді мекен-Гурьев-20 болып құрылды,1961 жылы ашық Ақтау поселкесі болды, 1963 жылы Ақтау қаласы болды. 1964 жылдың аяғында қала атауы Маңғыстау жарты аралында 1939 жылдан Форт Шевченко қаласы бола тұра Москвадағы орта машина жасау министрлігінің ұсынысымен Шевченко болып өзгертілді. Қазақстан тəуелсіздігін жариялаған соң 1990 жылдардың басында қаланың бұрынғы атауы қайтарылды.
4-оқушы:
Ақтауды өмірге әкелуде өз
нәрестесіндей қамқорлығын аямаған асыл адамдардың аты тұрғындардың
мәңгі жадында. ПГМК-ның алғашқы басшысы
Рубен
Арамаисович Григорян жергілікті халықпен етене
араласып, қаланың көркемдігін арттыруға қатты мән бергені соншалық,
күнделікті таңертең жаяу аралап жүріп, қаланың көркін бұзбасын деп
балкондарға киім ілгізбейтін болған деседі... Оның сол әсемдікке
құштарлығы қала тұрғындарының бойына сіңіп кеткен бе дерсің, Ақтау
әлі сол қалпында жас әрі таза. Қ.Сәтбаев атамыздың өзі осы қаланың
болашағы зор екендігіне сендіріп, ақ тілекпен
аттандырған Ефим Павлович
Славский қаланың өкіл әкесі атанып
кетті. Қаланың тұңғыш мэрі, ер адамға бергісіз еңбекқорлық пен
жанкештіліктің жарқын үлгісі
Ибаш
Жанболатованы сағынбайтын ақтаулық жоқ
шығар. Аңызақ далада оазисті қала салып шыққаны үшін бір топ
сәулетші-құрылысшылар 1975 ж. Патрик Аберкромби атындағы
халықаралық сыйлықты жеңіп алды. Бұл тастақты жердегі қаланы
көгалдандыруға, өзге елдерден жас өскіндерін ала келіп, жергілікті
орынға бейімдеп, тоғай, саябақтар өсіруге төгілген талай маңдай
тердің өтеуі еді.
5-оқушы:
«Мәңгілік алау» мемориалдық
ғимараты Ұлы Жеңістің 40 жылдық мерекесіне орай, 1985 ж.
пайдалануға берілді, өз тақырыбындағы бірегей ғимарат ретінде
ақтаулықтардың мақтанышына айналған. Ақтау деген өз атауы 1990 ж.
қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат
Сайын
Шапағатовтың күш салуымен қайтарылды.
Мұнайлы өлкенің орталығы ретінде, теңіз арқылы шекаралас елдерге
шығаратын портты қала ретінде Ақтаудың айбыны асқақтап, абыройы жыл
санап артып келеді.
6-оқушы: Қаланың жер көлемі шамамен 14 шаршы шақырым; халқының саны 300 мыңға жуық. Жаз мезгіліндегі орташа температура +30, қыс мезгілінде -10. Қазақтардан басқа орыс, татар, украин, әзірбайжан және корей ұлтының өкілдері жиі кездеседі. Соңғы уақытта түріктер көптеп келіп, қолжетімді бағада дәмді тағамдар даярлайтын кафелерді көбейтті. Жергілікті халық қонақжай, ашық. Мұндағы қазақтар өзге өңірліктерден дәстүрге беріктігімен, намысшылдығымен, ұйымшылдығымен, бірлігімен ерекшеленетіні айтпаса да белгілі.
7-оқушы: Басқа қалаларға қарағанда негізін орыстар қалап берген Ақтаудың тұрғындарының анағұрлым қазақы екендігін, тіпті орыстарының өзі қазақыланғандығын оның бірегейлігі демеске шараң жоқ. Басқа артықшылығын былай қойғанда, жалғыз осы қасиеті үшін ғана Ақтау – сүюге әбден лайық қала. Негізгі демалыс орындары теңізбен байланысты, ал қаладан сәл аттап шықсаңыз-ақ киелі орындарға бастайтын жолдар әр тарапқа ала жөнеледі. Жаз айларында туристер ағылып келіп, халық санын 2 есеге дейін көбейтеді. Жылы мезгілде қалада тамаша атмосфера орнап, теңіздің самалы есіп, айрықша әсерге бөлейді.
Көркемсөз. Оңайгүл Тұржан. «Ақтау».
8-оқушы: Кез келген сұранысты қанағаттандыратын, түрлі бағадағы демалыс орындарын оңай табуға болады. Қараша айының соңына таман тағы да теңізге асыға аласыз, өйткені мұнда қыстап шығуға құстың төресі – аққу ұшып келеді. Өз қолыңызбен жемдеп, тамашалап, суретке түсуге ақпан айының аяғына дейін уақытыңыз бар. Автобуста жүру құны 35 теңге, такси бағасы 200 теңге. Ауа райы жақсы болса, жолды білсеңіз жаяу жүрсеңіз құба-құп, аса шаршай қоймайсыз. «Ақтау», «Бәйтерек», «Астана» аталатын ойын-сауық кешендері бар, кинозалдарды да сол орындардан көптеп таба аласыз. Жаз келісімен гитарист, саксофоншылардың музыкасына елітіп, теңіздің жағасында саф ауамен тыныстап, таңға дейін қыдыра аласыз, ашық аспан астындағы кафетерийлерден дәм татасыз. Шетелдік туристер Ақтауды Италияның жағалаулық шағын қалаларына жиі ұқсатып жатады.
Өлең оқылады. «Ақтауым»
9-оқушы:
Мен қалайша өзіңмен мақтанбаймын?!
Ақтау! Ақтау!Аққұба,ақ маңдайлым!
Көгімнен нұр жауғанда Жүрегіме,
Көңілден кір кетеді,бастан қайғым!!!
Кереметтің өтейін-жырлап бәрін,
Ақтау! Ақтау!Тым ыстық,нұрлы ақ таңың!
Келем десең-ағайын,Ақтауға кел,
Көрем десең,қызарып күн батқанын!
10-оқушы:
Кесірлерден сақтаған халықты аман,
Ақтау! Ақтау!Аяулы –алып қалам!
Астарында бітпейтін байлық жатыр,
Аспанында шағала қалықтаған.
Қүламаған өмірде құзда бағы,
Ақтау! Ақтау! Талайдың ізгі арманы!
Қыздарының -бойына қылық тұнып,
Ұлдарының –керісінше қызған қаны.
Аямайды Ұлдары алысқанды,
Ақтау! Ақтау!Өсірген арыстарды!
Айдынында сан түрлі кеме жүзіп,
Жақындатқан жанына алыстарды!
11-оқушы:
Ғажабына жетпейді баға сірә,
Ақтау! Ақтау!Маңғыстау даласында!
Ақпандағы «Аққуды» көруге кел,
Ақтаудағы теңіздің жағасына.
12-оқушы:
Бақ сыйлаған басына талайлардың,
Ақтау! Ақтау!Күн күліп арайландың!
Бас қаласы өлкенің - осы қала,
Астанасы аруақты Адайлардың!
Жүректерге тұратын толтырып ән,
Ақтау! Ақтау!Әуелден- Халқы қыран!
Дара тұрған жағада –Ақтауға кел,
Жаратылған-Каспийдің толқынынан!
Хор. «Ақтау шаттығы».
Ақ маржан қала,теңізге төсеп бауырын,
Қарсы алған күндер Каспийдің нөсер жауынын.
Кеудесі жастық, көшесі шаттық гүл толы,
Ақ маржан қала-Ақтауың осы,бауырым!
Ақ маржан қала,ақ арман қала,
Ерліктің нағыз ертеңі.
Шырайлы қала,мұнайлы қала
Махаббат сазын шертеді.
Мұнда кел,достым,өмірді сүйсең сен егер,
Ертеңгі күнге бастайды жорық кемелер.
Дауылдың жырын, дәуірдің сырын айтатын,
Дәл осы қала,дәл осы қала –сене бер!
1-жүргізуші: Биылғы жылы Бас қаламыз Астананың-20 жылдығы, оңтүстік астанамыз-Алматының -1002 жылдығы тойлануда. Қалаларымыз жасай берсін,жайнай берсін! Халқымыздың мақтанышы бола берсін!
2- жүргізуші: «Елу жылда-ел жаңа» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Бүгінгі жаңарған Маңғыстаудың Ақтау қаласы да жасай берсін,ел аман,жұрт тыныш болсын!
Пайдаланылған дереккөздер:
1.Жыр жинақтары.
2. https://www.zharar.com/kz/olen/2341-aktau.html
3. https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/15889