400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиемен берілген білім- ұлттық қазына.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына

Педагогикалық білім алған соң араға біраз жыл салып педагогикалық қызметімді мектепке дейінгі саладан бастадым. Тәрбиенің бастауы бұл балабақшадан деп түсінемін. Сондықтан да білім мен тәрбиені қатар ұстауымыз керек. Алғашқы онжылдықтағы балалар тәрбиесімен қазіргі балалаларды тәрбиелеу әдісі жер мен көктей. Қазіргі балаларда мазасыздық пен агрессия жоғары. Көбінесе олар адамның жылуы мен қажетті ақпаратты ала алмаған кезде қарым-қатынастың жетіспеушілігімен агрессияны көрсетеді.Әрине, тәрбиені тек балабақшадан, мектептен күту жеткіліксіз. Отбасы- тәрбиенің қалыптасатын нағыз ортасы болуы керек. Қазіргі ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөле бермейді. Кейбір ата-аналар тәрбиені материалдық өлшеммен теңестіріп қойған.Сол үішн де өз баласының жеке қасиеттерін, қызығушылықтарын, талғамын мүлдем білмей жатады. Үйден жылулық, тығыз қарым-қатынас күте алмаған бала ақырында оны көшеден іздейді.Соңында опық жеп қалып жатады.

Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжрибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Осы орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына. Әрине, біз қашанда балаларға жан-жақты құқықтық тәрбие беруді жетілдіріп отыру – басты парыз дейміз. Бірақ сол тәрбие беруде үнемі кеш қалатынымыз ешкімді ойландырар емес. Ата-бабамыз баланың тәрбиесі бесіктен бастау алатынын айтудай-ақ айтқан. Бірақ көбіміз бүгінгі ұрпақтың, яғни ертеңгі ел тірегінің ақыл-парасаты мол, мәдениеті озық, саналы өсуі, оның кейін есейгенде жияр біліміне ғана байланысты емес, ең алдымен құрсақтан берілетін иманды әдет-ғұрып, өнегелі салт-дәстүр, ұлттық болмыспен келетін тәрбие көзінде жатқанын ескере бермейміз. Қазіргі жастарды білімсіз, ештеңе көрмеген деп айта алмайсыз. Жастарымыздың дені мектеп бітірісімен, елдегі қалаған оқу ордаларына немесе шет елдің іргелі оқу орындарына барып, әлемнің озық күйі мен білімін игеріп қайтады. Ал бірақ олардың бойында ата-бабамыз қалыптаған ұлттық тәрбие өзегі бар ма?

Баяғыда бір патша өзінің қол астындағы елдің атақты данышпанына баласын тәрбиелеуге беретінін айтыпты. Мұны естіген данышпан тәрбиеге берілетін бала неше жаста екенін сұраған ғой. Сонда патша баласының екі айға енді толғанын жеткізсе, әлгі данышпан: «Балаңның тәрбиесін ойлағаның жөн екен, бірақ кеш қалыпсың» депті. Бұған түсінбеген патша: «Не айтып тұрсың? Ана сүтінен әлі аузы кеппеген, буыны қатпаған, бесіктен белі шықпаған балаға тәрбие берудің кештігі қалай?!», – деп шамданыпты. Сонда данышпан қария: «Баланы құрсақтан тәрбиелеу керек еді», – деген екен. Көрдіңіз бе, нағыз тәрбие төркіні тереңде жатқанын осыдан да аңғаруға болар. Ұлтжанды адам мұндай мысалдардың астарында өмірлік тәжірибе мәні жатқанын түсінеді. Ендеше келешек ұрпаққа тәлімді тәрбие беру ісі әркімнің өз тәрбиелік ісінен басталатынын қоғамымыз ұмытпаса екен дейміз. Себебі «Не ексең – соны орасың» деп, бекер айтылмаған. Сәби кезінен ана сүтімен келетін тәрбиеден алыстап, тек құлаққап киіп, компьютер, интернетпен өскен жастардан инабатты келін, жақсы күйеу, рухы мықты Отан қорғаушы шығады дегенге сену қиын. Оның үстіне осы ғаламтор әлеміне енген қазіргі заманда жастар осы интернет иіріміне батып бара жатқандай көрінеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық даналығы. Тал бесіктен басталған тәрбие балабақшада, мектепте, одан әрі жоғары оқу орнында жалғасын тапқанда ғана нәтижелі болады. Ол үшін жаңадан нәрсе ойлап шығарудың қажеті жоқ, қолымыздан сусып кеткен текті ата-баба тәрбиесін қайта жаңғыртпасақ болмайды. Барлық жерде бірыңғай ата-баба тәрбиесі керек».Рас сөз. Он сегізге толған жас – жаманды да, жақсыны да сезіп, көріп, барлық тәрбиені бойына сіңіріп, өмірге қадам басқан азамат. Өкінішке орай, оны қайта тәрбиелеу қиын. Ол кезде «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» дейтін кезең өтіп кетеді. Демек, Абай атамызға құлақ түрсек: «Баламды медресеге біл деп бердім, Шен алсын, шекпен алсын деп бермедім...» - деуі арқылы адамның борышы шен - шекпен емес, тәрбие арқылы туған халқына қызмет ету дегенді меңзегенін ескеру қажет. Ендеше елдігімізді ерте қамдаймыз десек, «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді», деп айтылғандай, құрсақтан берілетін тәрбиенің орны бөлек екенін ескерген жөн. Сонда осы тәрбиемен бармақтай болса да берілген білімнің қоғам үшін өлшеусіз қазына болып оралатыны да сөзсіз.





Атырау облысы Білім беру басқармасының

Атырау қаласы білім бөлімінің

КМҚК «Шолпан» бөбекжай-бақшасының әдіскері

Иманғазиева Бақытгүл Айсақызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.10.2023
265
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі