Тәрбиес сағаты "Мен таңдаған мамандық"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиес сағаты "Мен таңдаған мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш білім беру мамандығы студенттеріне арналған шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен таңдаған мамандық
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, студенттер, бүгінгі шарамыздың қонақтары!

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан.

2 – жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең - мектеп ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығымен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басында мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.
1 – жүргізуші:
Бүгінгі ПиМНО-22-1 тобының оқу практикасы аясында ұйымдастырылған «Мамандығымның сырлары» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші:
Мамандық сөзіне анықтама
Мамандық дегеніміз не? Профессия - латын сөзінен шыққан, анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілетімен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне қалауына сүйену керек.

2 – жүргізуші:Мамандық алғың келеме,
Мамандық өзі немене?
Тыңдайық, қане ойлайық,
Білімге терең бойлайық,
Оқыған маман шын маман
Мамандық алмай қалмайық
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.
Сахнаға екі стюардесса шығады. (аэропорт әні орындалады, қолында билеттері болады)

Мамандықтар әлеміне саяхатқа шығамыз. Билеттеріңізді алып, белдіктеріңізді тағып дайын отырыңыздар.

1сахна Тәрбиеші Фондағы музыка

Спортшы: Ортада волейбол ойнайды. Маржан аяғын ауыртып алады.

Дәрігер:Осы кезде сахнаға келіп жарақаттанған Маржанды емдейді. Маржанның аяғы жазылып дәрігерлерге алғысын айтады


Аспазшы: Келген қонақтарға өзінің пісірген тағамдарын ұсынады.


Би:Сылқым сұлу


Сахнаға мұғаліммен оқушылар шығып, мамандықтар біртіндеп шығып қолын

алады.


1-Жүргізуші

Шындығында мұғалімдер барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

Ән:Ұстазбен шәкірт әні


Жүргізуші: Әріптер ойынын ойнатады

Ортаға 5студентті шығартып, өздеріне бір әріптерді таңдатады. Сол таңдалған әріптерден басталатын сұрақтарға жауап береді.


2-Жүргізуші

«Ми шабуылы» - ой қорзғау.:
Бірнеше студенттер мен оқытушылардан мамандық туралы өз ойларын білейік.
1.Мамандық дегенді қалай түсінесің.
2.Ақша болса мамандық қажет емес, дегенге келісесің бе? Себебі?
3.Неліктен мамандық иесі болу керек.
4. Мамандық бір – ақ рет бір жола таңдалады . (өз пікірің)


2-жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


1 – жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйенемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін.

Дей отыра ортаға Пимно-22-1 тобының ән шашуын қабыл алыңыздар!





1 – жүргізуші:
Үздіксіз жалғап келеміз,
Жолдарын аға буынның
Өздерің сірә, болмасаң
Кім болар едім мен бүгін.


Келесі сөз кезегін пәнінің мұғалімі береміз.


2 – жүргізуші:
«Мамандықты тап» ойынына берейік. Студенттер оқушыларға әр - түрлі мамандықты ыммен және іс қимылмен жасырады. Оқушылар қандай мамандық екенін табады.
1 – жүргізуші:
Енді студенттер мен оқушыларды араластырып екі топқа бөлейік. (Топқа бөліп аламыз) Қандай мамандық болсын кез – келген ситуациядан шыға алатын актерлік өнері болу керек.
Мұғалім мен оқушы, Директор мен мұғалім, Әкім мен бас маман, әкесі мен баласы, кітапханашы мен оқытушы, сатушы мен сатып алушы, полиция мен жүргізуші.(Оқушылар мен студенттер рөлге еніп шығады)
2 – жүргізуші
Екі топқа екі тапсырма беріледі.
1. Егерде мен Әкім болсам не істер едім
2. Егерде мен директор болсам не істер едім. (сурет арқылы постер қорғау)
Ән: Орындайтын:
Студенттердің дайындап келген «студенттердің қызықты кездері» атты көріністері
Ойындар:


2 -Жүргізуші:
Болашақпен қоштасып, даналыққа беттедің
Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің
Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр.
Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін.
1 -Жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін. – деп Мағжан ақын жырлағандай, еліміздің ертеңгі болашағын жалғаушы біздер жас ұрпақ, жеткіншектер.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі