АТА-АНА МЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
-
«Табиғатты қорға!» квест-ойыны
Мақсаты: Балалар мен ата-аналарды табиғатқа жанашыр болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Белгілер, тапсырмалар парағы, "таза" және "ластанған" аймақ суреттері.
Ойын барысы:
– Балалар мен ата-аналар карта бойынша бірнеше бекетті өтеді.
– Әр бекетте тазалыққа байланысты тапсырмалар болады:
- “Қайсысы табиғатқа зиян?”
- “Қоқысты жина”
- “Таза мен кірді ажырат”
– Соңында дұрыс жауаптар санына қарай марапат беріледі.
-
«Таза–лас» сұрыптау ойыны
Мақсаты: Қоршаған ортаны таза ұстау ұғымын қалыптастыру.
Барысы: Балалар мен ата-аналарға суреттер көрсетіледі (орман, көл, қала көшесі т.б.).
– Әр суретте қоқысты – таза немесе лас деп бөліп, не істеу керек екенін айтады
1
– "Не істер едің?" деген сұраққа бала мен ата-ана бірігіп жауап береді.
-
«Сен тазалық сақшысысың!» рөлдік ойын
Мақсаты:
Жауапкершілік сезімін арттыру, тазалықты қорғауға ынталандыру.
Барысы: Бала – тазалық сақшысы, ата-ана – "қоқыс тастаушы".
– Бала не істеу керегін, тазалықтың маңызын айтып, әрекет ұсынады.
– Рөлдермен ауысып ойнауға болады.
-
«Кім тезірек жуып болады?» ойыны
Мақсаты: Қол жуу тәртібін үйрету
Қажетті құрал: Қол жууға арналған муляж (не ойыншық раковина), сабын, қағаз сүлгі
Ойын барысы:
– Балалар мен ата-аналар жұп болып тұрады
– Белгі бойынша әр жұп қол жуу ретін (су–сабын–уақыт–шаю–құрғату) дұрыс және жылдам орындауға тырысады.
2
– Қазылар ең таза, дұрыс және ұқыпты орындаған жұпты анықтайды
5. «Тазалық – табыс кепілі» жарыс ойыны
Мақсаты: Тазалық құралдарын ажырата білу және мақсатымен сәйкестендіру
Құралдар: Кесілген суреттер немесе заттар (тіс щеткасы, сабын, тарақ, т.б.), сәйкес суреттер немесе жазулар
Ойын барысы:
– Әр жұпқа 5 құрал мен 5 карточка (қолдану мақсаты) беріледі
– Белгі бойынша кім бірінші дұрыс сәйкестендірсе – жеңімпаз
3
ТӘРБИЕШІ МЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
1. «Табиғатты таза ұстайық!»
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға баулу.
Құралдар: Түрлі түсті шелектер (қағаз, пластик, қалдықтар суреттері).
Өткізу барысы:
Тәрбиеші:
– «Балалар, табиғатты ластайтын қоқыстарды дұрыс тастай аламыз ба?»
Балалармен бірге әр түрлі суреттерді (қағаз, бөтелке, жеміс қабығы т.б.) көрсетіп,
дұрыс шелектерге салуды үйретеді.
Соңында бәрі бірге ұран айтады:
«Тазалықты сақтаймыз – табиғатты қорғаймыз!»
2. «Қоқысты сұрыптаймыз»
Мақсаты: Қалдықтарды ажырата білуге және қайта өңдеуге баулу.
Құралдар: Қалдықтардың суреттері, үш түрлі жәшік (қағаз, пластик, әйнек).
Өткізу барысы:
Тәрбиеші балаларға суреттер таратады.
– «Мынау пластик бөтелке қай жәшікке кетеді?»
– «Бұл қағаз ше?»
Бала дұрыс жауап берсе, оны “тазалық шебері” деп
марапаттайды.
4
Ойын соңында:
«Таза жер – аман жер!» – деп бәрі бірге айтады.
3. «Табиғатты қорғаушылар» (қимылды ойын)
Мақсаты: Табиғатты сүюге, таза ұстауға, топтық жұмысқа тәрбиелеу.
Құралдар: Жасанды гүлдер, жасыл және қоңыр түсті маталар.
Өткізу барысы:
Тәрбиеші екі топқа бөледі:
1-топ – «табиғат қорғаушылары» ?
2-топ – «ластаушылар» ?
«Ластаушылар» жерге қоқыс шашады, ал «қорғаушылар» оны тез жинап,
жасыл аймақты «тазалайды».
Кім тез тазаласа – сол жеңеді.
Тәрбиеші қорытындылайды:
– «Таза табиғат – бақыттың кілті!»
5
4. «Судың да сұрауы бар»
Мақсаты: Балаларға суды үнемдеу және таза ұстаудың маңызын түсіндіру.
Құралдар: Су бейнеленген суреттер, шелек, суы бар ыдыс.
Өткізу барысы:
Тәрбиеші:
– «Балалар, суды босқа төгуге бола ма?»
Балалар: «Жоқ!»
Одан кейін кішкене тәжірибе жасайды:
– Бір ыдысқа аздап су құяды, балаларға қолдарын жуғызады.
– Басқа ыдысқа артық су құяды – «бұл ысырап» дейді.
Соңында:
«Суды үнемдесек – табиғатты қорғаймыз!»
5. «Таза аула» (ұжымдық ойын)
Мақсаты: Балаларды өз айналасын таза ұстауға үйрету.
Құралдар: Жасанды жапырақтар, қағаздан қиылған қоқыстар, себеттер.
6
Өткізу барысы:
Тәрбиеші мен балалар бірге «балабақша ауласын тазалау» ойынын ойнайды.
– «Кім бірінші барлық жапырақты жинайды?»
– «Қай бала қоқысты дұрыс шелегіне салады?»
Балалар бірігіп тазалап болған соң, бәрі бірге шеңберге тұрып айтады:
«Біздің ауламыз таза, көңіл-күй тамаша!»
7
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбиеші, ата-ана, тазалық ойындар

шағым қалдыра аласыз