Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешінің
көмекшісінің лауазымдық нұсқаулығы
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешінің
көмекшісі лауазымына қабылданатын тұлғаға қойылатын
талаптар.
1. Жалпы ережелер.
1.1. Тәрбиешінің көмекшісі лауазымына орта білімі бар
тұлғалар қабылданады, жұмыс өтіліне талап
қойылмайды.
1.2. Балабақша меңгерушісіне бағынады.
1.3. Меңгерушінің бұйрығы негізінде қызметке қабылданады және қызметтен босатылады.
1.4. Жарты жылда 1 рет медициналық тексеруден өтеді.
1.5. Өз жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін басшылыққа алады.
1.6. Еңбек тәртібін сақтайды.
2. Лауазымдық міндеттері.
2.1. Топтық бөлме, жатын бөлме, кіреберісті және басқа алаңдарды күніне екі рет ылғалды әдіспен уақтылы тазалауды жүргізеді.
2.2. Үй-жайларды кестеге сәйкес желдетеді, ыдыстарды дезинфекциялық өңдеуді қатаң түрде бақылайды және карантин кезінде топтың дезинфекциялық режимін сақтайды.
2.3. Тәрбиешіге балаларды серуендеуге, ұйықтауға және басқа да іс-шараларға киіндіруге және шешіндіруге көмектеседі.
2.4. Тәрбиешімен бірге балаларды тәрбиелеу бойынша жұмысты жүргізеді (тәрбиешінің нұсқауы бойынша жалпы талаптарды қоя отырып): тамақтану, жуыну, киіну және т.б. кезінде мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру. Балаларға дастарқанды дұрыс жабдықтауды, төсек-орынды ұқыпты жинауды үйретеді.
2.5. Тәрбиешіге ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындалуға және одан кейін жинастыру жұмысына көмектеседі, балаларды кіші топтардағы ұйымдастырылған іс-әрекетке апарып кіргізуге көмектеседі.
2.6. Балалардың сүлгілері мен төсек-орын жабдықтарының тазалығын қадағалайды, бекітілген кестеге сәйкес төсек-орын жаймасын ауыстырады, тәрбиешімен бірге төсек-орын жаймасын уақтылы таңбалайды, топ мүлкінің сақталуын қадағалайды.
2.7. Жиһаз және басқа да жабдықтарда ақау болған жағдайда өтінімді уақтылы жасайды.
2.8. Кестеге сәйкес ас болгынан дайын асты алады, арнайы киімді киеді, топқа асты жабық ыдысқа салып әкеледі.
2.9. Балаларды ас блогына кіргізуге қатаң тыйым салынады.
2.10. Балалардың қолы жететін жерде тамақты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
2.11. Топтағы санитарлық-гигиеналық режимді сақтайды.
2.12. Қажет болған жағдайда сырқаттанып қалған тәрбиешінің орнын ауыстырады.
2.13. Басшының, бас медбикенің, бас тәрбиешінің
талаптарын орындайды.
2.14. Ас үйде жұмысшы болмаған кезде аспазға
көмектеседі.
2.15. Тыныштық сағатында тәрбиешінің қатысуымен өткізілетін өндірістік іс-шаралар уақытында балалардың қасында болады.
3. Тәрбиешінің көмекшісі білуі
тиіс.
3.1. Білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, мүкаммалды ұстаудың санитарлық-гигиеналық нормаларын, Қазақстан Республикасының санитария мен гигиена және басқа да нормативтік құқықтық актілерін.
3.2. Еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, санитариялық қағидалар мен нормаларын.
3.3. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесінің тәртібін.
3.4. Төтенше жағдайда іс-әрекет ету тәртібін.
4. Құқықтары.
4.1. Әкімшіліктен өзінің тікелей міндеттерін
орындау үшін жағдай жасауды талап ету.
4.2. Өз құзыреті шегінде шешім қабылдау.
4.3. Еңбек шартының талаптарына сәйкес, жалақысы уақтылы және толық көлемде төленуіне.
4.4. Еңбегінің төленуі біліктілігі, орындалған жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасына сәйкес болуына.
4.5. Жоғары көрсеткіштері және өз жұмысын үлгілі орындағаны үшін көтермелеуге, сыйлықақы беруге және сараланған қосымша ақы төленуіне.
4.6. Демалысқа, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына.
5. Жауапкершілігі.
5.1. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің
көмекшісі осы лауазымдық нұсқаулықта айқындалған өзінің
функционалдық міндеттерін уақытынан кешіктіріп және сапасыз жүзеге
асырғаны үшін жауапкершілікте болады.
5.2. Ішкі тәртіп ережелерін, санитариялық-эпидемияға қарсы режимді, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын сақтамау.
5.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шекте Ұйымға материалдық залал келтіру.
6. Осы Нұсқаулықта өзіне жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты болады.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым және
келісемін.
Күні ____________________________
Қолы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тәрбиешінің көмекшісі лауазымына қабылданатын тұлғаға қойылатын талаптар

шағым қалдыра аласыз