тарих

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тарих

Материал туралы қысқаша түсінік
түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ел экономикасының жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын басым бағыттарды айқындап берді. Осы орайда индустриялдық–инновациялық бағдарламаны үш кезеңде іске асыру көзделген. Бірінші кезең–2003-2005 жылдарға жоспарланған. Екінші кезең2005-2010-жылдар. Үшінші кезең-2011-2015 жылдарға жоспарланды.Негізгі күтілетін нәтиже-экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті. Жолдауды іске асыру мақсатында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыәзірленді.Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстардың алдын алып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуді көздейді. Бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республиксының Ұлттық қорынан 2015 жылы –796 млрд. теңге, 2016 жылы –379 млрд. теңге, ал 2017 жылы –3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарланған. Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, «экспонат» деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алды. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысты. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді». Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. «Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2024
138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі