1.Қазақстан
территориясындағы тарихи
ерекшеліктер
Ескерткіш – 1) кең мағынасында –
елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. 2) тар
мағынасында – ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі
тарихи оқығаларды есте қалдыру үшін орнатылған мүсіндік
туындысыТарих және мәдениет ескерткіштері – тарихи немесе көркемдік
қазына саналатын, адамдардың материалдық және рухани
творчествосының объектілері. Олардың неғұрлым маңыздыларын мемлекет
қорғайды. Ескерткіштер шартты түрде «қозғалатын» (ьейнелеу өнері
шығармалары, қолжазбалар, архив материалдары т.б.) және
«қозғалмайтын» (тарих, археология
т.б.).Оның типологиялық
топтары: тарих
(рев қозғалыстың, тәуелсіздік жолындағы күрестін
ескерткіштері, архитектуралық (мінәжат
архит.,тұрғын үйлер т.б), археология, құжаттық (кинофотодокументтер,
дыбыс жазбалары т.б.), монументтік өнер
ескерткіштер (монументтік мүсін,
сәндік өнер, хауыздар (қараймыз:.Қазақ Совет Энцикл. Тарих.
561 бет)
Áiçäiң қîғàìíûң áàé ìәäåíè ì½ðàñûí ñàқòàó æәíå
ìîëàéòó, ìәäåíèåòòi ¼ðêåíäåòó ìәñåëåñiíiң á¾ãiíãi ê¾íi ìàңûçû ¼òå
çîð. Мәдени мұраны игеру – халықтың тарихи жадының негізі, онсыз
шынайы патриотизм болмайды. Тарихи мәңгүрттіктің осынау екпінін
еңсеру жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу үшін айрықша
маңызды.
Бағдарламаның
негізгі міндеттерінің бірі – тарихи-мәдени мұраны толығымен
тізімдеу, тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімін дайындау. Тізімдеу
дегеніміз – ескерткіштерді сақтау және және зерттеу жұмыстарының
барлық ірге тасы.
²àçàºñòàí õàëºûíûң ì½ðàñûíà êiðåòiíäåð: 25000-íàí
àñà òàðèõ, àðõèòåêòóðà, àðõåîëîãèÿ åñêåðòêiøòåði; 100-äåí àñà
ìåìëåêåòòiê ìузейлерде 2 ìëí. äàíà ì¸äåíè º½íäûëûºòàð ñàºòàóëû,
3066 êiòàïõàíàäà 66 ìëí. 840 ìûң òîì êiòàïòàð, ñèðåê ºîëæàçáàëàð
ìåí áàñûëûìäàð æèíàºòàë¹àí. Á½ëàðäûң áàðëû¹û áîëàøຠ¾øií ºîð¹àó¹à,
콺èÿò ºîëäàíó¹à æ¸íå íàñèõàòòàó¹à æàòàäû. ̸äåíè ì½ðàíûң çàòòàé
áëîãû õàëûºòûң ìàòåðèàëäû åñêåðòêiøòåðií º½ðàéäû. Á½ë áëîêòûң
ìàңûçäû á¼ëiãií º½ðàéòûí ²àðõèòåêòóðàëûº æ¸íå àðõåîëîãèÿëûº ì¸äåíè
ì½ðà².
Қазіргі күні
Қазақстан территориясында қалған 30 мыңға жуық тарихи және мәдениет
ескерткіштері жыл сайын шетінен құрылыс және басқа да себептермен
бүлініп жойылуда.
Қазақстан аумағында
орта ғасырлық мұсылмандық сәулет ескерткіштері (мешіт, ғибадатхана,
кесене ғимараттары көптеп саналады.
ҮІ-ХІІІ ғасырлар
аралығында қалалардың көбейе түсуі, қала құрылыстары мен сәулет
өнерінің дами түсуіне өз ықпалын тигізді. Шеберлер жаңа
конструкцияларын, формаларын енгізіп, декоративті өрнек түрлерін
салды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде бұл дәстүр ХХ ғасырдың
басына дейін сақталып келді. Орта дәуірдегі ХІІ-ХҮ ғасырлар
аралығында салынған түрлі ғимараттардың осы кезге дейін жеткендері
өте аз. Олардың бұзылуы, қайта раставрация жүргізуші жөнделуі,
ескерткіштердің бастапқы уақыттағы өзінің түр-сипатының көп
өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырды. Дегенмен, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда
салынған ескерткіштердің азда болса сақталған бөлігінің өзі-ақ
жоғары шеберлікті көрсетеді.
"Мәдени-мұра"
бағдарламасын, жүзеге асырудың бірінші кезеңінде мынадай
жұмыстар аткарылды:
1. 35 тарих,
археология жаңе сәулет ескерткіштері кайта жаңғыртылып, қалпына
келтірілді;
2. 30-ға жуык
қалашықтарда, қоныстарда және қорғандарда археологиялық зерттеулер
жұзеге асырылды.
3. Казак халқының
тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбаларды, кітаптар мен
құжаттарды табу мен жинақтау мақсатында Қытай, Түркия, Монғолия,
Ресей, Жапония, Египет, Өзбекістан, Армения. АҚШ, бірсыпыра Батыс
Еуропа елдерінін мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу
экспедициялары ұйымдастырылды.
Нәтижесінде бес мыңға жуық Қазақстанның өнері,
тарихы, этнографиясы туралы қолжазбалар мен баспа басылымдары
табылды.
4. Облыстар бойынша
тарих және мәдениет ескерткіштерін жаппай инвентаризациядан
өткізіп, нақты Тізімін дайындап,
энциклопедиялық анықтамалық томдар ретінде басып шығарту жұмыстары
жүргізілді.
5. Ұлттык және
әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының
серияларын әзірлеу және басып шығару бағытындағы ауқымды жұмыстар
жүзеге асырылды. Үш жыл ішінде
барлығы 218 аталым колемді кітап
әзірленіп, жарыққа
шықты.
6. ЮНЕСКО-ның Дұниежұзілік
мұралар тізіміне Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен Тамғалы
кешені енгізілді.
7. Тарихи-мәдени
мұра саласындағы заңнаманы жетілдіру саласында 2007 жылы
"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» мәселелері бойынша
кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу
туралы" Заң қабылданды. Осының негізінде
бүгінде министрлік осы саладагы түрлі мәселелерді реттейтін заңға
қарасты 16 нормативтік
құқықтық актілерді әзірлеп,
бекітті.
Қазақстан мен Сирия,
Египет елдері арасыңда ұкіметаралық келісімге қол қойылды және
Дамаск қаласыңдағы қазақ этномәдени орталығының, Әл-Фараби
кесенесінің құрылысы, Каир қаласындағы Бейбарыс Сұлтан кесенесін
қалпына келтіру жобаларын іске асыруға байланысты жұмыстар
басталды.
2007 жылы Қазақстан
аумағындағы 20 тарихи, мәдени маңызды
ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соның
ішінде 9 нысан-мазарда, "Абылай
ханның ордасы" кешеніңде, Семей қаласындағы бір және қос мұнаралы
мешіттерде калпына келтіру жұмыстары
аяқталды, 32 көне қалашық, қоныстар
мен қорғаңдарда археологиялык зерттеулер
жүргізілді.
Көне түркі
жазбаларын зерттеу және ғылыми зерделеу мақсатында Моңғолияға
ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, "Тоныкөк" және "Тариғат"
руникалық жазуы бар екі балбал тастың көшірмелерін дайындау жұмысы
атқарылды. Қазак халқының және Орталық Азия көшпелі халықтарының
тарихы мен мәдениетіне арналған 8 қолданбалы
ғылыми-зерттеу жұмыстары іске
асырылды.
Республикалық маңызы
бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің
жаңа Тізімін әзірлеу жұмыстары
аякталды. 218 нысан енген
аталмыш Тізім Үкімет қаулысымен бекітілді.
Ұлттық және әлемдік ой-сана, әдебиет және мәдениет бойынша басылым
дестелерін өзірлеу сериясы
бойынша 74 атаулы кітап
әзірленіп, шығарылды.
Мемлеқеттің оң
имиджін калыптастыратын Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларын
шетелге кең таныстыру бағытында жұмыстар жүргізілді.АҚШ, Германия,
Тәжікстан, Иран, Египет, Украина, Қытай және Белоруссияда кітап
және сурет өнері көрмелері
ұйымдастырылды.
Тарихи және мәдени
ескерткіштерді туризмді дамыту ісіне белсенді пайдалану мақсатында
мұражай кешендерінің жүйесін дамытуға көңіл бөлінді. Петропавл
каласында "Абылай хан ордасы" мұражайландырылған кешені қайта
жөндеуден кейін есігін ашты. "Есік қорғандары", "Берел" мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық-мұражайларын құру жұмыстары жұргізілді.
Археологиялық және көне сәулет ескерткіштерін казақстандық және
халықаралық туристік маршрут жүйесіне енгізу жұмысы қолға алынды.
2004-2007 жылдары елді мекендерге жақын
орналасқан 40-қа жуық ескерткіш қайта
жаңартылды. Олардың ішінде Айша Бибі, Арыстан баб, Есімхан
кесенелері, Үшарал, Аккойлы медресе-мешіттері жөне т.б.
бар.