ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ тақырыбында мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ тақырыбында мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ



Тарих пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің, жан - жақты талдаудың нәтижесінде күнделікті баспасөз құралдарынан табуға болады. Қазақ атамыз «Мың естігеннен бір көрген артық»дейді, бұл оқушы есінде ұзақ сақталар еді. Жиырма бірінші ғасыр мұғалімі, оның ішіндегі Тәуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих пәні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді.

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай

  • оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

  • бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

  • оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

  • оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

  • оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

  • эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша материалдарды пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде.Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.

Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабақтарымның бірі ойын сабақ. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты үйрету мен қатар, мәдениетті сөйлесуге, ептілікке, тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір - бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз.

Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой\өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді.

Тарих пәнін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы оқушылардың ойын жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, хронологиялық тапсырмалар, терминдер мен даталарды есте сақтауға үйретеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Интерактивтік әдістеме.-Алматы, 2001

2. Қазақстан тарихы; әдістемелік журнал (2009-2014 жж)

3. Г. Тұрымтаева «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдары». Қазақстан тарихы. 2009, №12

4. Б. Әбдіғұлова «Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану жолдары». Қазақстан тарихы. 2009, №6

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2025
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі