Материалдар / ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2025
47
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

ШОРАБЕКОВА УЛБОСЫН АБДАЛИЕВНА

Тарих пәнінің оқытушысы

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі


Тарих — мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана — сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Заманауи әдіс-тәсілдер сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда  өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді , сөйтіп өзін келесе мәселені талдауға дайындайды. Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Броундық қозғалыс», «Стикердегі диалог»  әдістерін пайдалануға болады. «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. 

Сабақта жаңа технологияларды қолданудың пайдасы зор. Жаңа технология дегеніміз не? Ғалымдардың пайымдауынша, жаңа өзгеріс, жаңалық деп айтылады. Осыған орай, Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Инновациялық технологияларды меңгеруде оқытушының жан-жақты білім қажет. Қазіргі оқытушы жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Жалпы педагогикалық технологиялар бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ, әрбір инновациялық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе – білім алушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда. Жаңа технология білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Енді осы инновациялық технологиялардың кейбіреулерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, мәселен:

  • ойын элементтерін қолдана отырып, оқытушы білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру;

  • проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлелдеу және логикалық ойлаудың ғылыми іздену жолына бағыттау;

Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендірсе, қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз ету;

  • деңгейлеп саралап оқыту технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру;

  • дифференциялап оқыту – әр білім алушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып, жеке шығармашылығын дамытуды қамтамасыз ететін білім беру.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

  • оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • білім алушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнына тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Оқытушы оқытудың жаңа формалары мен әдістерін үнемі іздестіруде. Оқытудың көптеген технологияларында оқу процесін дамытуға және жетілдіруге және мамандарды кәсіби қызметке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер көрініс табады. Олар балалардың білімін қалыптастыру және бекіту үшін жағдай жасайды.

Тарих пәнін қазіргі таңда да білім беру үрдісін ұлттық үлгі негізінде қалыптастыра отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру қажет. Тарих пәні оқу циклінің негізгі бөлігіне жатады және қазіргі заманғы мамандардың жалпы білім беру және дүниетанымдық дайындығының маңызды бөлігін құрайды.

Білім беру процесіне инновациялық процестерді енгізу және болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттерін қалыптастыру бойынша оқу жұмысының тиімді нысандары оқытудың әр түрлі белсенді нысандары мен әдістерін қолдану болып табылады. Бұл – проблемалық және ойын технологиялары, ұжымдық және топтық қызмет технологиялары, белсенді оқытудың имитациялық әдістері, нақты жағдайларды талдау әдістері, жоба әдісі, көпшілік алдында сөйлеу дайындығы, кәсіби маңызды мәселелерді талқылау, ынтымақтастықта оқыту, проблемалық жағдайларды құру, дәріс-әңгіме, дәріс-пікірталас және т. б.

Тарих сабақтарындағы инновациялық технологиялар өзара түсіністікке, өзара әрекеттесуге, бірақ сонымен бірге әр қатысушы үшін маңызды міндеттерді бірлесіп шешуге әкелетін диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды қамтиды. Диалогтық оқыту барысында балаларды сыни тұрғыдан ойлауды, тиісті ақпаратты талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама пікірлерді ескеруді, ойластырылған шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін семинар сабақтарында жеке, жұптық және топтық жұмыс жүргізіледі, зерттеу жобалары қолданылады, құжаттармен және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізіледі.

Сабақтарда мен «ми шабуылы», «пікірталас», «рөлдік және іскерлік ойындар», «дөңгелек үстел», «пікірталастар», «топта немесе жұпта жұмыс істеу», «пікірталастар» және т. б. ретінде белгілі тарихты оқытудың топтық жұмыс формалары қолданылады.

Негізгі сабақтарда топтық жүйе қолданылып, білім алушы білімін бағалауда жаңаша сипат алды. Топ ішінде бағалата отырып, біз оқушыларды әділ бағалауға, білім алушы жетістігі мен кемшілігін саралай білуге үйретеміз. Сонымен оқушының ой-таным әрекеттерін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті болып есептеледі. Өз бетімен білім алу, жоғарғы сынып оқушыларына тән болғандықтан, оқытушы көбінесе бағыт беруші, оқушының ой-өрісін дамытушы, шеберлігін шыңдаушы, музыка тілімен айтсақ, дирижер рөлінде болмақ.

XXI ғасыр оқытушы қандай болмақ десек, қазақтың данышпан ақыны, ұлы Абайдың отыз екінші қара сөзінде; «Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмей, іздегенмен табылмас», – дейді. Оқытушы да сол дирижерлік рөлді меңгеру үшін өзі де көп біліп, көп зерттеп, сабақ беру барысында оқушылардың бойында тарих пәнін оқып-үйренуге деген құштарлықты оятып, жауапкершілікке үйретіп, пәнді меңгеру тәсілдерін, яғни оқу қызметін қалыптастыру қажет. Осыдан барып оқушы бойында іскерлік пен дағды меңгеріледі. Іскерлік деген не? Іскерлік деген – іс-әрекеттің белгілі бір тәсілін саналы түрде меңгеру. Ал, дағды – автоматизмге жеткізетін іскерлік. Орта буындағы сыныптарда жекелеген тарихи тұлғаларды өткенде міндетті түрде СТО стратегиясының ассоциация құру әдісін, ал тарихи оқиғаларды өткенде кесте жасау немесе семантикалық картаны пайдалану арқылы оқиғаны алдын-ала дайындалған жадынама бойынша зерттеуді пайдаланамын. Бұл әдістер жоғарғы курсқа барғанда дағдыға айналғандықтан, білім алушыға үлкен көмек болады. Білім алушы ғылыми жоба жасағанда немесе этнографиялық зерттеулерде төменгі буындағы алған тәжірбиесін пайдалана отырып, өз зерттеулерін жасай алатын дәрежеге жетеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қ.Сарбасова Инновациялық педагогикалық технологиялар. 2021 ж

С.Әлкен. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу.

2.Р. Қ. Қарсыбаева. Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясының ерекшелігі.

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 деңгей, 2 басылым, 2018 ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!