Тарих пен тіл тамырлас ҚМЖ тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Тарих пен тіл тамырлас ҚМЖ тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пен тіл тамырлас
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді______________

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

04.12

Сынып: 3А

Қатысушылар

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

«Тарих пен тіл тамырлас»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



Психологиялық ахуал туғызу








Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады

Орнымыздан тұрамыз

Шапалақ ұрамыз

Тақтаға қараймыз сабақты бастаймыз

Оқу құралдарын реттейді

Мақал не туралы екенін айтадф







ҚБ

Мадақтау, қолдау


слайд










Сабақтың ортасы

20 минут

Тіл – ұлттың ұлттық сипатын ерекшелейтіні белгілі. Тілі жоқ халықтың ұлты да жоқ болатыны дау тудырмайтын ақиқат. Қазіргі таңдағы қазақ қоғамындағы ұлттық бірліктің дамуын қамтамасыз ететін рухани байлық пен материалдық өндірісті бейнелейтін негізгі құрал – мемлекеттік тіл екенін сезіну тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша қарауымызды қажет етеді. Олай дейтін себебіміз мемлекеттік тілімізді бекемдей түсу жолында жауапкершілік пен тиянақты істер өте қажет. Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел – жұртымыздың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.


Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен. Олай болса, сендердің осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін! Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті. Тарих пен тіл тамырлас. Ана тіліміз бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіл халық тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Ана тілі – бұл атаңның тілі, анаңның тілі, туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құблыс атаулары, көрген-білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары ойы, сезімі бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады

Бабалардан қалған асыл сөз» деп аталады. оқушылар тіл туралы мақал – мәтелдер айтады. Мақал – мәтел Өнер алды – қызыл тіл Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады Ең ащы да, тәтті де – тіл Оқушылар тіл туралы мақалдарды айтады Интербелсенді тақта/ компьютер

Тіл қаруы – сөз. Жеті жұрттың тілін біл Келесі мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жағалай – жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (Тіл) Онан әрі қарай тіл туралы өлеңдердің авторын табу. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда – ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін. (Сұлтанмахмұт Торайғыров) Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл. Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырзаәлиев) Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. (Әбділда Тәжібаев)


оқушылар тілдің тарихы жөнінде айтады 1.Тіл мерекесі қай күні аталып өтіледі?(22-қыркүйек) 2. Әдеби тіл түрлерін атаңыз?(ауызша-жазбаша) 3. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?(1992) 4. Тіл саясаты туралы тұжырымдаманы қай жылы қабылдады? (1996) 5. ҚР Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды? (1992) 6. Тіл туралы Заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (6-тарау, 27баптан) 7. Сүйемін туған тілді- анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. /Өлеңнің авторыкім? (С. Торайғыров.) 8. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес) 9.Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы туралы өлеңдерін ата және біршумағын айт? 10.Абайдың бес асыл ісін ата?


ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»










ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату












ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату



















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату



Слайд












Суреттер















Мәтін














Мәтін
























Стикер

маркер


Сабақтың соңы

5 минут

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар. Туған тілде әнім менен сәнім бар, Туған тілім- жүрек үнім наныңдар. Нанбасаң дар жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз. Бүгінгі танымдық сағатымыздың соңын Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен :

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар. Туған тілде әнім менен сәнім бар, Туған тілім- жүрек үнім наныңдар. Нанбасаң дар жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз. Бүгінгі танымдық сағатымыздың соңын Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен :

Тілің – халқың, халқың – тілің, Қос егіз! Екеуінің саясында өсеміз. Халық пен тіл – жасай берер қос емен, Саясында көгереді көсегең. Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз. Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз!

Ана тіліне, қазақтың ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан хан, билердің есімі тарихтан белгілі. Ақ пен қараның, шындық пен жалғанның, достық пен қастықтың ара – жігін ұстаған зерделі ақыл иелері, асыл сөздің шебері : Бұқар жырау, Аяз би, Жиренше шешендеріміз, Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз «Тура биде тума

жоқ» деп әділдігін айтқан, туған тілге деген тілектері бір емес пе еді?! Осы даналық сөздер, аңыз - әңгімелер, мақал – мәтелдер, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Бүгінгі жас ұрпақ, сендердің міндеттерің осы қасиетті сөздердің мән – мағынасын ұғыну, түсіну.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.

Смайликтер тарату

Стикерлер қалам



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2024
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі