Материалдар / Тарих сабағын саралап, деңгейлеп оқыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих сабағын саралап, деңгейлеп оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе арқылы мұғалімдер біліктілігін арттыру кезінде эссе жазған кезде өздеріне қосымша мысал ретінде алып қарауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2019
2071
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Тарих сабақтарын саралап, деңгейлеп оқыту жолдарыСолтүстік Қазақстан облысыУәлиханов ауданыКөбенсай орта мектебініңТарих пәнінің мұғаліміБирлиг Озат Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім жұмысы үлкен жауапкершілікті қажет етеді, сондықтан мұғалім кәсіби қызметінде оқыту нәтижелігін арттыру мақсатында аянбай еңбек етуі керек. Жаңартылған бағдарлама сындарлы оқуға негізделген. Оқу үдерісінде тиімді орта қалыптастырып, белсенді оқуды жүзеге асыру үшін және оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сындарлы ойлауды дамыту қажет. Осы мақсатта «Тарих сабағын сындарлы оқыту арқылы оқушылардың бойында құндылықтарды дарыту» бойынша жұмыс істеудемін . Менің тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты  мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету баулу ,осыған байланысты оқушыларды мұражайларға апарып, тарихи құжаттармен, затармен таныстырып елге , жерге деген отансүйгіштік сезімдерін оятамын. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Оқушыларға ұлттық сана- сезім қалыптастыру үшін елдің көне көз қарияларымен кездесулер ұйымдастырып, шежіре тарату, жеті ата жаттату, бата беру, табақ тарту сияқты ұлтық құндылықтарымызды үйрету. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Осы бағытта қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Мысалы, 7-сыныпта өткізілген Қазақстан тарихы пәнінің бірнеше сабақтарына көз жүгіртіп көрелік. Сабақ тақырыбы – Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы, сабақтың мақсаты – Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының даму деңгейін анықтай отырып, Тәуке ханның қосқан үлесіне баға беру, тарихтағы орнын анықтау. «Жеті жарғы» заңдар жинағын талдау арқылы, оның Қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі мен рөлін түсіну.Бұл кезеңде мен сабағыма өзгеріс енгізу үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдаландым: түсіндіру, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, бағалау.Сондықтан мен көбінесе оқушылардың белсенділіктерін арттыру мақсатында балаларды қашықтық олимпиадаларға қатыстырып отырамын . Атап айтсам КИО қашықтық олимпиадысының аудан бойынша ең жоғарғы көрсеткіші, NIO ұлтық олимпиадысының ІІ дәрежелі дипломы, ТIO қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломы осының дәлелі бола алады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» ұлтық идеологиясын түсіндіру мақстында өзімнің «Мәңгілік ел және Ұлы Жібек жолы» авторлық бағдарламамды оқушыларға факультатив сабақ ретінде 11-сыныпта 34 сағаттық жүктемемен жүргіздім. Мәңгілік ел дегеніміз-ммлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп,өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Шығармашыл ұстаз үнемі ізденіс үстінде болады деген қағидаға сүйене отырып мен өзімді жетілдіру үшін мына қашықтық конкурстарға қатыстым. Республикалық «Шығармашыл ұстаз» І дәрежелі диплом, республикалық «Ұлағатты ұстаз» І дәрежелі диплом сияқты марапаттарым бар. Тарих сабағында оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруда саралап оқытуға басты назар аударамын, яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай блум таксономиясыБойынша деңгейлік тапсырмалар, ортаңғы буында мысалы «сақтардың тәуелсіздік үшін күресі »сияқты күрделі тақырыптарға қызығушылығын арттыру мақсатында ресурстарды саралаймын, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша материалдармен, АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми жобалармен дәлірек айтсам «Астана-Бәйтерек» ғылыми жобамен аудандық деңгейде оқушым қатысты.Саралап оқыту оқушылардың білім сапасының артуына оңтайлы әсер етеді, сондықтан осы бағыттағы жұмысымен, тәжірибеммен әріптесттерімен бөлісемін. Атап айтқанда аудандық мұғалімдер семинарында «Тарих сабағы арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу» және мектепішілік әдістемелік отырыстарда «Тарих сабағында ойын элементтерін қолдану» сияқты баяндамалар оқыдым.Саралап оқыту білім алушының айтылым, тыңдалым деңгейлерінде оқушының өзін-өзі көрсетуге жақсы мүмкіндіктер береді.Мысалы: тарих пәні апталығында «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Мұнда оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Және де оқушылар жадында талқылау барысында алынған ақпараттың 50 пайызы сақталатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Яғни, мен топтық жұмыс ұйымдастыра отырып, олардың арасында диалог тудыра отырып, оқушыларға белгілі бір ақпаратты талқылауға мүмкіндік бердім. Тарих сабағында фактілер, ұғымдар өте жиі кездеседі. Оларды есте сақтау маңызды. Себебі кез келген мәселені талқылау, дәлелдеу барысында фактілерді ұштастыра отырып, әңгімелей білу қажет.Сабақты бекіту кезеңінде саралап оқыту модулінің әдістәсілдерін қолдана отырып сабақты аяқтадым. Осылайша сабақтың соңында алынған білімді бекітіп, түйіні мен қорытындысын жасау дағдыға айналды және оған уақыт та қалатын болды. Сабақты үнемі дұрыс ұйымдастырып, жаңа техноллогияларды қолдану нәтижесінде менің метептегі көрсеткішім де өсе бастады. Мысалы 2015-2016оқу 69%, 2016-2017 ж, 75% 2017-2018 ж 82%





Қорыта келгенде саралап оқыту арқылы тарих сабақтарында оқушыларға құндылықтарды үйретудің маңызы өте зор болды.«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, біздің міндетіміз – жеке тұлғаның өзіне,қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін – өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау.Сондықтан да әрбір оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды өз мамандығын жақсы меңгерген, теориялық біліммен тереңсусындаған, қазіргі қоғамның талабына сай, нарықтық экономиканың сұранысын қанағаттандыра білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға етіп шығару мына біздің қолымызда. Осы қиын да, қызықты ұстаздық мамандықта сіздерге шығармашылық жолында талмас қанат, үлкен шабыт тілеймін!





























Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп окыту). 2002, 27 б.2.Жампеисова М.М. Технология модульного обучения. Актобе, 1999, С.129

3. Бөрібекова Ф.Б.,Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2014. – 360 б. 48 4. Әбілқасымова А.Е.Қазіргі заманғы сабақ. - Алматы, 2014. – 218 б. 5. Қожамқұлова Ж.Ж. Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2013. 4. Арыстан Ж. Деңгейлеп оқыту технологиясын жүзеге асыру // Қазақстан мектебі.- №2, 2015.

















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!