Материалдар / Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру

Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
725
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Әбдібай Керімжан Құралбайұлы



Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы «Темірлан» жалпы орта мектебі Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіМамандығы: тарих,құқық және экономика негіздеріПедагогикалық өтілі: 12 жылСанаты: II (екінші) Курстан өту мерзімі: 2.09.- 30.11.2014 жылТобы: 26Топ тренері: Орақова Амангүл Шахарбекқызы

































А есебіІс-әрекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп «Қазақстан Республикасының білім жүйесін сапалы түрде қайта құру кезеңінде дүниежүзілік білім жүйесіне ену үшін әлемдік білім жүйесіндегі озық тәжірибелерді жинақтап, сұрыптап, оның тиімді тұстарын енгізу қажет болып отыр». (Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.11.2013). Оқыту мен оқу үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар үнемі жаңартылып отыруды қажет етеді. Мұғалім оқушыға білім беруде тек бағыт-бағдар беруші, бақылаушы болса, оқушы өз бетінше ізденуші болып табылады. ХХІ ғасырдың оқушысы білім мен ғылымды ұштастыра алатын жеке тұлға болуы тиіс. «Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі- ол да маңызы жағынан біріншіден кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының (бұдан әрі- Екінші деңгей бағдарламасы) мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған» (МАН, 4).Зерттеу тақырыбым: «Тарих сабағында Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру».Мақсаты: Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, танымдық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Нәтижесі: Оқушылар АКТ-ні пайдалана отырып құнды ақпараттар жинап сараптайды, талдау жұмыстарын жүргізіп бағалайды, шығармашылық жұмыстарымен айналысады және оны өз тәжірбиесінде ұтымды пайдаланады. «Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы» (МАН,10).Бұл тақырыптың менiң сыныбым үшiн маңызы: Сабақты тартымды әрі қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді.Интербелсенді тақтаның көмегімен әр-түрлі тапсырмалар бере отырып, оқушылардың білім деңгейін тексеруге септігін тигізеді.Оқулықтан тыс материалдарды оқушылар өз бетімен ізденіп тауып, зерттеуге жол ашады.Электронды оқулықтарды пайдалана отырып мәліметтер жинақтайды.Өз-өздерiне сенiмдi болады және АКТ-ны пайдалану арқылы есте сақтау қабілеттері артады. Оқушылар АКТ құралдарын тиімді пайдалану арқылы уақытын үнемдейді. Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады танымдық белсенділігін қалыптастырады. «Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештенеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады» (МАН, 46). Менiң мектебiм үшiн маңызы: АКТ арқылы сабақ өтуді дәстүрге айналдыру, әріптестер арасында тәжірбие алмасу. Мектепте мұғалімдер арасында жаңашыл ізденімпаз, шығармашылық топ қалыптастыру.«АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті,әсіресе проекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады.(Kennewell and Beauchamp, 2007). Алайда техникалық құралдардың болу фактiсi оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегiмен жетiстiкке жетуге болатын аспектiлер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерiмдi арттыруға кепiлдiк бере алмайды (Beaucamp,2006). Сондықтан АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшiн мұғалiмдер ақпараттық–коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерiнiң педагогикалық бiлiмдерiн дамытуға тиiстi(Mishra and Koehler,2006)және мұғалiмдердiң осы технологияны пайдаланудағы құзыреттiлiгi мен сенiмдiлiк деңгейiмен үйлесуi керек(Kennewell and Beauchamp,2007)» (МАН,110) Жеті модульдің ішінен «АКТ-ні тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру» тақырыбын таңдау себебім бұл модульде уақытты ұтымды пайдаланып сабақты тартымды әрі қызық етіп өткізуге болады. Әрбір сабақта оқушыларға АКТ арқылы интербелсенді тақтамен, электрондық оқулықтармен, тест материалдарымен жұмыстар жүргізіп, оқулықтан тыс өз бетінше ізденіп ғаламтордан тарихи құнды мәліметтер жинақтауына ықпал етуге және танымдық қабілеттерін қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруды алдыма міндет етіп қойдым. Сонда ғана зерттеу тақырыбымның нәтижесі болатынын түсіндім. «Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі-АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр» (МАН,110).
Сіз кіммен кеңестіңіз?Не туралы сөйлестіңіздер?Бұл сіздің жоспарыңызға қалай әсер етті?
Мектеп директоры









Кембридж тәсілілі негіздері бойынша ІІ-деңгей бағдарламасының мақсаты, міндеттері, нәтижелері туралы түсіндіріп өттім. Мектептегі тәжірибе кезеңінде атқарылған жұмыстармен таныстырдым.Біздің мектептен әзірге ІІ-деңгей бойынша пән мұғалімдері курсқа бармағаның ескертіп, мектептегі тәжәрибе кезінде өтілетін әрбір жұмысымның сапалы, құнды болуын талап етті, және сәттілік тілеп,сенім білдірді.
Жетекші маманӘріптестермен кеңесе отырып, тәлімгерлік және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары туралы ойларын, пікірлерін білдім.Мектептегі тәжірибе жоспарын, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспарларды жүйелеп, 8 «ә» сыныбына іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізе бастадым.
Басқа әріптестерПедагогикалық ұжымға Кембридждік ІІ-деңгей бағдарлама сы туралы түсіндірдім. Тәжірибе кезінде өтілетін жұмыстарға тоқталып өттім. Өтілетін сабақтарға қатысуға әріптестер тарапынан зор қызығғушылық орын алды.
Осы бағдарлама бойынша оқып жатқан басқа тыңдаушыларБетпе-бет кезеңінде ІІІ-деңгей бойынша тыңдаушы әріптесім екеуміз үнемі коучин, сабақтарға дайындық кезінде пікірлесіп, ой бөлісіп отырамыз.Дегенмен әріптесім екеуміздің ойымыз бір жерден шықпай жататын да кездер орын алады. Мұндай жағдайда білім, сенімділік, талап, жауапкершілік қажет екенің ұқтым.
Басқа мүдделі адамдар26-топпен әлеуметтік желі арқылы күнде байланысып, пікір алмасып отырдым. Себебі мектепте үш айлық курстан өткен мұғалім жоқ.Шығармашылық топпен бірге жұмыс істеу оң нәтиже көрсетеді деп ойлаймын.
Мектеп психологы Мектеп психологымен кеңесе отырып, 8 «ә»сыныбын таңдадым. Сыныптан психологиялық сауалнама алып, АВС оқушылардың деңгейін анықтауда көмек беруін өтіндім.Психологпен бірге 8 «ә» сыныбына жүргізілген зерттеу жұмыстары оң әсерін тигізді.
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін 8 «ә» сыныбын бекітіп алдым. Бұл сыныпта 16 оқушы бар.Үлгеріміне тоқталар болсам 1 үздік, 3екпінді 12 оқушы қанағаттанарлық деген бағаға оқиды. Оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығы орташа деңгейде, өз ойларын ашық білдіре алмайтын оқушылар сыныпта көптеп кездеседі. «Шынайы сынып –(грек. аuthentkys –түпнұсқалық) іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып» (МАН,134). Керісінше қарсы сыныпта үздік, екпінді оқушылар саны басым, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Сондықтан 8 «ә» сыныбын таңдадым. Себебі осы сыныпқа жетінші сыныптан бастап сабақ беремін, оқушылардың үлгерімі және мінез-құлықтарымен таныспын. Сабақ барысында оқушылардың өз ойын еркін білдіруін және бір-бірімен топтарға бөліну арқылы ынтымақтастықта жұмыс жасауын бақыладым.«Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілген, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген» (МАН,78). Алдыңғы дәстүрлі сабақтарымда сабақтың көп уақытында өзім жаңа тақырыпты түсіндіріп, оқушыға дайын мәліметтерді жеткізіп отыратынмын, үй тапсырмасын айтуда оқушылар тек оқулықпен шектелетін. Қазіргі жаңа әдіс-тәсілдерден ұққаным мен күнделікті дәстүрлі сабақтарда оқушылардың өз бетінше ізденіп жұмыс жасауына ,ой-пікірлерін ашық айтуына аса мән бермегенім менің қателігім екенің түсіндім. Сабақтарымда ой шақыру, кубизм, постер жасау, джигсо, АКТ арқылы презентациялармен, картамен жұмыс, басмармақ арқылы бағалау әдістерін пайдаландым. АКТ-ні тиімді пайдалану арқылы оқушыларды өз бетінше ізденуіне, шығармашылықпен айналасуына, танымдық белсенділіктерін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруды алдыма міндет етіп қойдым. Мен сабақтарымда мұғалімнің ынталандыру мадақтау сөздері арқылы формативті бағалау түрлерін пайдаландым. Бағалаудың басқа да түрлерін сабақтарда тиімді пайдалануды білімімді теориямен ұштастырып алдағы уақыттың еншісіне қалдырып отырмын. «Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқу үшін бағалауды (қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқу үшін бағалау- оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс» (МАН, 75). Өткізілетін төрт сабақтардың жоспарын жасау кезінде оқушылардың білім деңгейін ескеріп отырдым. Сыныптағы А, В, С оқушыларды анықтап соларды басты назарда ұстап жеке тапсырмалар бере отырып іс-әрекеттерін зерттеуге кірістім. А оқушы Жұлдыз, В оқушы Арысбек С оқушы Бахтияр. Жұлдыз – «А» оқушы. Мектеп мақтанышы. Сабақ үлгерімі өте жақсы, музыкаға әуес, логикалық ойлау жүйесі жақсы қалыптасқан, мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, сыныптастарының арасында беделі жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол. Арысбек– «В» оқушы. Сабақ үлгерімі жақсы, үйге берілген тапсырмаларды үнемі орындап келеді, сурет салғанды жақсы көреді, өз ойын пікірін еркін жеткізе алады, гуманитарлық бағыттағы пәндерге қызығушылығы басым. Бахтияр- «С» оқушы. Сабақ үлгерімі қанағаттанарлық, пәнге деген қабілеттері бар, бірақ қызығушылығы төмен, жақсы баға алуға тырыспайды, техникаға әуес.Алғашқы сабағымның тақырыбы: С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Сабақта оқушылар асықтардың түстеріне қарай топтарға бөлінді. Әр топ ақылдасып өздерінің алтын ережесін жасады. Ережедегі негізгі талаптар мен тапсырмаларды барлық сабақтарда орындау қажет екенімен танысып шықты. Үй тапсырмасына шолу жасағаннан кейін жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруі үшін ой толғаныс, мағынаны ашу әдісін қолдандым. Интербелсенді тақтадан С.Датұлының өмір жолдары, көтерілістің шығу себептері, қозғаушы күштері туралы бірнеше ашық сұрақтар қойып, оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа аудардым. «Танымдық даму –баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттік, сондай-ақ зейіп, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты» (МАН,58). Әрбір топ постер құрастырып қорғаған кезде тағы да А және В оқушылар белсенділігін көрсетті де С оқушы жұмыс жасамай жолдастарының көмегіне сүйенді. С оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында деңгейлеп жеңіл тапсырмалар бердім. «Көтерілістің шығу себептері, мақсаты не?» деген сұраққа С оқушым тағы да толық жауап бере алмады. «Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА)- оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық»(Выготский)(МАН,38).Бірінші сабағымда С оқушымның жауабына қанағаттанбасам да ынталандырып, топпен бірге қол шапалақтап бағалап өттім. Осы мақсатта қысқа мерзімді жоспарымды сыни тұрғыдан ойлау әдісін негіздеп жасадым. В оқушым Арысбек үй тапсырмасы: «Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуына не себеп болды?» деген ашық сұраққа өте жақсы деңгейде жауап берді. А оқушым Жұлдыз «Көтерілістің болған территориясын картадан тауып көрсетіп түсіндір» деген тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықты. Оқушылар көтеріліске қатысқан кіші жүз қазақтарының руларына шолу жасап, интербелсенді тақтада түзілген кесте бойынша өз ойларын жеткізді. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін жинақтау арқылы топтар арасында «Ойлан тап» ойының ойнатып, деңгейін анықтадым. Алғашқы сабағымда оқушылар топқа бөлініп отыруда күнделікті сабақтағыдай орындарына жайғасты. Алдағы сабақтарымда осы жағдайлардың қайталанбауын жадымда ұстадым. «Бірлескен оку ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдын да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарасты тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясына шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайда.Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылыр құрбы-құрдастарымен қарым-қатыныс жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әр түрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді катысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor,1992)» (МAН,78). Сабақ барысында назарымды үлгерімі төмен Бахтиярға, жақсы оқушы Арысбек, өте жақсы оқушы Жұлдызға аударып, тапсырма орындау кезінде бақылап отырдым. Оқушыларды ынталандыру мадақтау сөздері арқылы формативті түрде бағаладым. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, тақырыпты қалай түсінгендері туралы ойларын жазып қалдырды. Үйге тапсырма: АКТ-ні немесе энциклопедияны пайдалана отырып, С.Датұлы туралы құнды деректер жинап келу болатын. Сабаққа қатысқан әріптестерім,сабақтың жетістігі мен кемшіліктерін анықтауда өздерінің талдаған сараптама жұмыстарын ұсынды.



SWOT талдау:
Күшті жақтарыОқушыларды топтарға бөлуОқушылар еркін өз ойын айтуыАКТ-ның пайдалануыСын тұрғысынан ойлауының қалыптасуыӘлсіз жақтарыТерминдік сөздердің мағынасын білмеуіУақытты тиімді пайдаланбауХронологиялық кестемен жұмыстың аз болуы
МүмкіндіктерЖаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануТақырыптық зерттеу жүргізуБағалау түрлерін пайдалануҚауіптерАКТ-ны тиімді пайдалана алмауыАКТ құралдарының талапқа сай жұмыс істемеуі

Екінші сабағымның тақырыбы: С.Датұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы, нәтижиесі. Сабақта өз бетінше ізденіп АКТ-ның көмегімен А оқушым Жұлдыз С.Датұлы туралы тың материалдар дайындап әкеліп түсіндірді. А оқушым мына мәселелерге тоқталып өтті: С.Датұлының шыққан тегі, көтеріліске қатысқан кіші жүз қазақтарының ахуалы, тарихи құндылықтары. В оқушым Арысбек көтерілістің тарихи маңызы туралы кубиктегі сұрақтарды басшылыққа ала отырып жауап берді. С оқушым Бахтияр «Кім жылдам» ойынындағы «Көтерілістің мақсаты не?» деген сұраққа жауап беріп таң қалдырды. Бахтиярға деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырсан нәтижесі шығатын секілді болып көрінді. С оқушының бойында алғашқыда сенімсіздік байқалғаны жасырын емес еді. Мен ол оқушымды жиі қадағалап, мадақтау сөздерді орынды қолданып отырдым. Мен оқушымды жалықтырып алмас үшін жеңілден қиын тапсырмаға қарай сұрақтар беріп отырдым. Келесі сабақты жоспарлағанда осы оқушыма қандай тапсырма берсем болады, тағы қалай қызықтыра аламын деген ойда болдым. Әр топ мүшелері сабақта постер жасап оны қорғады. Сабақта АКТ-ні пайдаланып оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындады. Вен диаграммасы арқылы С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі мен Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі осы екі көтерілістің ерекшелігін және ортақ мәселелерін сәйкестендіріп тақырыпты қорытындылады.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ