Материалдар / Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Функциональдық сауаттылық – ұлттың, мемлекеттің немесе адамдардың мәдени және гуманитарлық бағытта дамуы, өмір сүріп жатқан әр адамның жасына қарамай қоғамдық-саяси, мәдени қызметтерге белсене араласуы және бүгінгі жаһандану дәуірінде заман ағымынан қалыспай ілесіп отыруы, мамандығын, білімін үнемі жетілдіріп отыруы ретінде түсіндіріледі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.


Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады [1].

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында" мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже, қажетті ресурстар көрсетілген [2].

Осыған орай оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі мектепте өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

         Функциональдық сауаттылық – ұлттың, мемлекеттің немесе адамдардың мәдени және гуманитарлық бағытта дамуы, өмір сүріп жатқан әр адамның жасына қарамай қоғамдық-саяси, мәдени қызметтерге белсене араласуы және бүгінгі жаһандану дәуірінде заман ағымынан қалыспай ілесіп отыруы, мамандығын, білімін үнемі жетілдіріп отыруы ретінде түсіндіріледі.

«Бaлaғa күштеп бiлiм беруден гөрi, бaлaның бiлiмге деген құштaрлығын oяту ең мaңызды мaқcaт», - деп xaлық aғaртушыcы К.Д.Ушинcкий aйтқaндaй,  қaзiргi зaмaндa oқушының бiлiм aлуғa қызығушылығын oяту үшiн мұғaлiм көп iзденiп, caбaқтың тиiмдi өтуiне жaғдaй жacaуы керек. Cебебi бiлiм caпacы oқушының бiлiмге деген құштaрлығы мен қызығушылығынa тiкелей бaйлaныcты.

Coңғы жылдaры зaмaн тaлaбынa caй oқытудың иннoвaциялық  әдic – тәciлдерi зерттеліп, oқытудың инновациялық теxнoлoгиялaры кеңiнен тaрaудa. Coндaй иннoвaциялық теxнoлoгиялaрдың бiрi – Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлi бaғдaрлaмaсы бoлып тaбылaды. Бұл бағдарламаны ең тиімді педaгoгикaлық әдicтерді бoйынa жинaғaн иннoвaциялық  теxнoлoгиялaрдың бiрi деп aйтуғa бoлaды. Педaгoгикaлық үдерicте жетi мoдульдi тиiмдi пaйдaлaну aрқылы oқушылaрдың бiлiмдерiн кеңейтiп қaнa қoймaй, coнымен қaтaр cыни тұрғыдaн oйлaуын, шығaрмaшылық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, шынайы бағалау қaбiлеттерiн  де дaмытaды. Oқушылaрдың пәндiк бiлiмдерiне, бiлiк- дaғдылaрынa cүйенiп, oқу пәндерi aрқылы функциoнaлдық caуaттылықты дaмыту үдерici oйлaу дaғдылaрын қaлыптacтыру негiзiнде жүзеге acaды. Coнымен тиiмдi oқыту бaғдaрлaмacының жетi мoдулi: oқыту мен oқудaғы жaңa тәciлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрету, oқыту үшiн бaғaлaу және oқуды бaғaлaу, oқытудa aқпaрaттық-кoммуникaциялық теxнoлoгиялaрды пaйдaлaну, oқушылaрдың жac ерекшелiктерiне cәйкеc oқыту және oқу, oқытудaғы бacқaру және көшбacшылық бoлып келедi.

Сабақтарымда оқушылардың функционалдық сауттылығын дамту көздейтін сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша өз тәжірибеммен бөліскім келеді.

11-сыныптағы «Қазақ хандығы кезеңіндегі қоғамдық-саяси ойлардың дамуы»

т ақырыбында білу мен түсіну кезеңінде оқушылардың қызығушылығын ояту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту  мақсатында «Суреттен бір факт» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөліп, сабақтың тақырыбына шығуды көздедім. Оқушылар кез келген бір суретті таңдай отырып ол суретте берілген адам туралы кез келген бір факт айтады, соған сәйкес сабақтың мақсатын да анықтап айтып берді. Бұл тапсырма оқушыларға қиындық  туғызған жоқ, себебі берген сурет бойынша  қандай ой туды, неліктен, қандай дәлел айта аласындар деп  сұрағанда, балалар өз ойларын еркін ортаға салды. Мен бұл тапсырма арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, жаңа та қырыпқа шығуды көздедім.

Т апсырма орындалып жатқанда оқушының таңда ған суретіне қарай топқа бөлу қарастырылды. Осы ідңс арқылы сабақтың тақырыбы мақсаты анықталды және сонымен қатар әр бір баланың және топтың бағалау шкаласын анықтап алдық. Осы әдістің соңында топтарға сабақ барсында қолданылатын әр бір әдісті-тәсіл топтық және жеке бағаланылатынды түсіндірліп өтілді.

«Кімнің сөздері?» тәсілі арқылы оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендігін тексеру барысында  мен алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты қайталау мақсатында жоғары дәрежелі сұрақ қоюдан бастадым. Дәстүрлі сабақ берген кезімде жабық сұрақтармен шектеліп дағдыланып кеткендіктен оқушыларым, жоғары дәрежелі сұраққа қаншалықты деңгейде жауап бере алады деген оймен қойдым.

P lickers.com. программасын қолдану арқылы оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін және оның уақытын үнемдеу мақсатында осы программаны таңдап алдым. Мақсатым осы программа арқылы оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру және бұрын пайдаланбаған әдіс арқылы оқушылардың жаңа дүниеге деген көзқарасын анықтау болатын. Үмітім ақталды оқушылар тақырыпты да прогамманы да тез меңгеріп алды. Қалыс қалып жатқан оқушылардың өзі болған жоқ, себебі бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз пайымын дәлелді жеткізе алды деп есептеймін.

«Сен білесің бе?» әдісі арқылы кез-келген бір ханның биографиясын төменгі сынып оқушылары суретттеп айтып береді. Факт келтіру арқылы оқушылар оның қай хан екендігін табу керек болатын осы әдіс арқылы оқушылардың өткен сыныптардағы білімін жаңғыртып ескер түсіру мақсатым болатын. Ол мақсатқа қол жеткізе алдық. Сесбебі ол фактіде берілген материалдар біздің оқулықта мүлде жоқ болатын. Оқушылар оны мүдірмей тез анықтап алды. Осы әдіс-тәсіл арқылы төмегі сыныптағы біліммен жасай отырып оқушыларды сыни ойлау дағдысының жақсы дамығандығына көз жеткіздім.

О қушылардың сыни ойлауын одан әрі дамыту мақсатында қолдану кезеңінде «Tarsia» әдісін қолдандық, мақсатым үш бұрышта берілген сұрақтардың жауабын құрасытар отырып оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергеннін тексеру және үш бұрыштарды құрастыру барысында олардың сыни ой лау дағдыларының жұмыс жасау әдісін одан әрі кеңейте түсу болатын. Сонымен қатар бітіріуші сыныптың ҰБТ қаншалықты деңгейде дайын екендігіне көз жеткізу. «Tarsia» Осы тәсіл арқылы тақырыпты өздігінен меңгертуді мақсат еттім және өз ойларын негіздеуге үйретуді көздедім. Ең алдымен оқушылар топ ішінде сұрақтарды талдау барысында оларға жауапты да бірден беріп жатты. Әдісіне шектеулі уақыт беріледі. Әрине барлығын дұрыс жинаған топтарға. Егерде топ «Tarsia» -ны дұрыс 4 минутта жинап шығатын болса 5 балл, ал 6 минутта жинап шығатын болса 3 балл, 8 минутта жинап шығатын болса 1 балл беріледі. Бұл орайда топтар берілген тапсырманы 3,50 минут пен 4,10 минутта жинап шықты.

Өтілген тақырыптың анализі ретінде «Qizizz. сom». программасы арқылы тақырыпқа қоыртынды жасау болатын. Интер белсенді тақтада программа ашыларды оқушылардың ватсап чатына оның ссылкасы жіберіледі. Осы ссылка арқылы оқушылар программаға қосылады және өздерінің аты-жөнін жазады. Бұл әдістің мақсаты оқушылардың сыни ойлау дағдысымен қатар оқушының есте сақтау қабілетінің қаншалықты жақсы дамығандығын анықтау болатын. Әдісті қолдану барысында байқағаным қанағаттанарлық деген дәрежедегі оқушының өзі бәсекелестікке түсе отырып сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырды. Әдіс арқылы сабаққа анализ жасай алдық. Программа өзі кімнің қанша жинағанын қай сұрақтан қанша пайыз алғанын анықтап береді. Ол өз кезегінде оқушының қай бағытта әлі де жұмыс жасау керектігін көрсетеді.



Сабақтың барысында жүргізілген әдіс-тәсілдерге кері байланыс беремін. Ол үшін сабақтың басында түсіндірілгендей бағалау шкаласына сүйенемін. Бірнші орында «Хан» тобы болды. Оларда 37 балл. Екінші орында 36 балмен «Би» тобы болды. Үшінші орында «Жыраулар» тобы болды. Жекелей оқушылардан Тұрапай 7 балл жинап жеңімпаз атанды. Белсенділік танытқан оқушылар: Касымбек Алихан 6 бал, 5 балмен Бакытжан Нурай, Арыстанбекова Дильфуза, Балгабаева Акниет болды.


Сабағымды талдай отырып мен мынадай қорытындыға келдім: сын тұрғысынан ойлауды үйрету модулін пайдалану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды, оқу үлгерімі де жоғарылай бастады,   көшбасшылық қасиеттері анықталып, оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптаса бастады. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білді. Сын тұрғысынан ойлауды үйретудің тиімділігін соңғы сабақтарымда көре бастадым. Оқушылар топтық жұмысқа белсенді  қатыса бастады, проблемалық жағдайлардың туындауы азайды, бұрын сабақтан «тыс» қалатын оқушылар оқу процесіне тартыла бастады. Сабақтарым эмоцианалды, қызықты өте бастағандығын оқушылардың менің пәніме қызығушылық таныта бастағандарына байқадым. Ол оқушылар сабаққа кешігіп келуінің азаюынан, «бүгін қандай тәсілмен топқа бөлінеді екенбіз?», «қандай тапсырмалар орындайды екенбіз?» деген сұрақтарынан, үлгерімі жақсы оқушылар үлгерімі төмен оқушыларды өздеріне тарта бастауынан көрініс тапты.

        Кемшіліктер де  орын алды оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында сыни   тұрғысынан ойлауға үйрету қиындыққа түсті, өйткені оқушылардың сөздік қоры аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды.  Болашақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамытып, олардың бойында  өзіне деген сенімділік,   логикалық ойлау сияқты көрсеткіштерін жетілдіруім керек.   Оқушыларымның сабақ үстінде берген жауаптарының сапасын арттыру үшін: сөйлеу мәдениетін дамыту, өз бетінше тұжырым, қорытындыға жасау қабілетін дамыту, қиындықтарды шеше білуге бейімдеу, пікірталасты жүргізе білу  қабілеттерін қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру. 

       Алда мен жаңа әдістерді пайдалана отырып, болашақта әр сабағымды оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуына бағыттап түрлендіріп өткізуге тырысамын.

 

 

 

 

 




















 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» www.akorda.kz.

2.     Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. -Астана, 2012.

3.     «Мұғалімге арналған нұсқаулық» ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептері». Үшінші деңгей. Үшінші басылым, 2012, 46 бет

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!