400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарих саңылақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тарихына шолу мақсатында сыныптан тыс Шығармашылық бағыттағы жеке туындым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих саңылақтары

Тұрсынбаева Гүлмира Нажимадиновна Алматы қаласы, №10ЖББМ

Батысынан Жайықтың, шығысынан Балқашқа,

Күн көрінді қазаққа.

Орнықты шығыс Дешті Қыпшағым,

Орнатты қамал ошағын.

Ұлы жүз тараған үйсіннен,

Орта жүз тарады Болаттан.

Кіші жүзім Алшыннан

Айналдым қазақ өзіңнен.

Ұлытаудан Есілге мекендеген Найманым,

Бұзылмаған қаймағың.

Түркістан мен Қаратау мекен еткен Қоңырат,

Мекен еткен Керейлер Жетісу, Ертіс аймағын.

Хан тағына сайланған Төре Шыңғыс ұрпағы.

Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқаны Құрылтай.

Тәуелсіздігін аңсаған, қазақтың жазған жүзі деп,

Ғалымың Шоқан, ол да төре ұрпағы.

Негіздеген қазақты Керейменен Жәнібек,

Егіз тұрады қазаққа Кеременен Жәнібек.

Түркістан мен Созаққа шабуылын тоқтатпай,

Қол бастаған шабуылда Керейменен Жәнібек.

Еділ менен Жайықты алып берген Қасым хан,

Шайбани ханмен шайқасқа дем берген де Қасым хан.

Ерлігін әрі жалғаған ғұлама хан Хакназар,

Батысқа Алашты танытқан,

Мемлекетін қазақтың, ғұлама хан Хакназар.

Есімханның тұсында астана болды Түркістан,

Еркін қойып өзіне, кеңес алды сұлтанменен болыстан.

Жеті жарғы шығарған Қасым хан мен Есім хан.

Орта жүздің сұлтаны, Уәлидің баласы Әбілмансұр Абылай,

Билігінде Ресейдің мойындаған Абылай,

Билігінде Қытайдың мойындаған Абылай,

Парасат пен ақылмен,

Тарбағатай Алтайды алып берген де Абылай,

Тәуелсіздігін қазақтың бастап берген Абылай,

Кенесары әскерін бастап берген Сұраншы, Бұхарбай, Ағыбай,

Абылайдың ұрпағы Кенесары бастаған,

Көтерілісті қоштаған Елемме, Мұса, Бабатай.

Елдігім деп еңіреген құрбандары Алаштың,

Білім, тілім, ділім деп, тілімделген Алашым,

Бөкейханов, Байтұрсынов, Аймауытов – зиялысы қазақтың,

Үш бәйтерек биік тұрар мұнарасы қазақтың.

Ұлы Отан соғысында аңыз болған Бауыржан,

Мәскеу үшін шайқасты Ғабдуллин ер Мәлігің.

Сталинградта шайқасқан Сафиуллин батыр Ғаниың,

Қазақстан шыққан партизан – қасқайып тұрған Қасымың,

Қазақтың батыр қыздары Мәншүк пен Әлия қыз мергенің,

Рейхстақа ту тіккен Қошқарбаев Рахымжан ғой батырың.

Жазалаудың құрбаны Сәкен, Ілияс, Бейімбет,

Осыдан кейін тарихты тасқа басты әдебиет,

«Оянған өлке» романы оятты жұртты Ғабеңнің.

Қазақ алды осыдан әсерлі бір ғанибет.

Ұрпағында әрбір Алаш айбын бар,

Жүрегінде қалған сызат қайғың бар.

Даласында ойпат – қырат боп жатқан,

Шұбырынды Ақтабанның ізі бар.

Әр қазақтың жүрегінде жалын бар,

Сол жалының даламда бір жалындар.

Сол даламда «Аңырақай» қырғынын,

Жеңіп алған қазағымның қаны бар.

Баянөлгей аймағынан басталған,

Еділ – Жайық жағасы бар жайқалған.

Сарыарқамның төсінен ән шырқаған,

Шығысымның шуағы бар жылытқан.

Аңсаған тәуелсіздік күні туды,

Күткендейміз ұзақ жүріп торсық ұлды.

Егеменге ерлікпен қол жеткіздік,

Биікте қазағымның көк байрағы!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.05.2021
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі