Материалдар / "Тарих толқынында" интеллектуалды сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тарих толқынында" интеллектуалды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Еліміздің тәуелсіздік шежіресінен түсінік беру, тәуелсіздік алып жеткен жетістіктермен таныстыру 2. Өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азамат тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2022
994
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тарих толқынында
Мақсаты:
1. Еліміздің тәуелсіздік шежіресінен түсінік беру, тәуелсіздік алып жеткен жетістіктермен таныстыру
2. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту
3. Өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азамат тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.

Мұғалім:Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар мен оқушылар?! Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтуде
1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.
Бұл мереке – шын мәнінде ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Мұнан 30 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.

Бүгінгі шарамыз ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Ақталған ақ арманы, үміттері,

Қашан көрсең жүреді күліп тегі.

Қаумалаған ағайын, аманбысың,

Аманбысың сайыстың үміткері.- дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!

  1. «Тәуелсіздік ұландары» тобы

  2. «Тұлпар» тобы

  3. «Жас алаш» тобы

  4. «Қыран» тобы


Шын жүйрік шабысымен танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады - дей келе сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазылар алқасын атап кетейік.

1.

2.

3.

4.


Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

І кезең: Сұрақ – жауап
2 кезең: Жасырын нотаны табу
3 кезең: Тарихи тұлғалар
4 кезең: Кинематография
5 кезең: Сәулет өнерлері
6 кезең: Тәуелсіздік шежіресі


1 - кезең «Сұрақ – жауап» шарттарын түсіндіріп кетейін. Әр топқа 15 сұрақтан беріледі. Сұрақтың жауабын алдарына берілген А4парағына жазбаша жауап береді. Әр дүрыс жауап - 1 ұпай. Барлығы 15 ұпай жинау керек.

1. ҚР - да ұлттық валютамыз теңге қашан айналымға енгізілді? 1993ж. 15 қараша

2. Гимннің авторларын ата. Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов

3.ҚР атауы қабылданған уақыт? 1991ж 10 желтоқсан

4.1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясындағы баптар мен бөлімдердің санын ата: 98 бап. 9 бөлім

5. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды? 1995 жылы

6. ҚР-ның туының авторы кім? Шәкен Ниязбеков

7. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астанаға берілген мәртебе? Бейбітшілік қаласы

8.1992 жылы шілдеде Н.Ә.Назарбаев қорытынды актісінде қол қойылған халықаралық ұйым? Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

9.Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өткен уақыт? 1992 жылы қыркүйек, қазан айларында

10. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған жыл: 2004ж

11. Елтаңба авторлары кім? Жандарбек Мәлібеков пенШот-Аман Уәлиханов

12. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын? Қайрат Рысқұлбеков

13.Желтоқсан оқиғасына дұрыс баға беруге, бейбіт шеруге қатысқан жастарды ақтауға күшін салған қоғам қайраткері? Мұхтар Шаханов

14.Қазақстанның қарулы күштері қашан құрылды? 1992 жылы 7 мамыр

15. Қазақстанда неше мәрте президент сайлауы өткізілді? 6 рет

2 - кезең “ Жасырын нотаны табу”. Мұнда сайыскер топтарға патриоттық әндерден үзінді беріледі. Әннің орындаушысы мен әннің атауын табу керек.Әрбір әнге 2 ұпайдан беріледі. Жалпы 10 ұпай жинау керек. Барлығы 5 ән.

1. Атамекен. Е.Хасанғалиев.

2. Атамекен. Р.Әлқожа

3. Көк тудың желбірегені Ибрагим Ескендір

4. Елім менің. Бекболат Тілеухан

5. Өз елім. Музарт

3-кезең: Тарихи тұлғалар. (16 ұпай). Мұнда қатысушы топтарға тарихи тұлғалардың суреті беріледі. Тарихи тұлғаның кім екенін және ол туралы қысқаша мәлімет берілуі тиіс.

1. Ләззат Асанова

2. Сәбира Мұхамеджанова

3. Қайрат Рысқұлбеков

4. Дінмұхамед Қонаев

5. Ермұхан Бекмаханов

6. Әлихан Бөкейханов

7. Ахмет Байтұрсынов

8. Абылай хан


4-кезең. Кинематография. (35 ұпай)Қатысушы топтарға отандық тарихи кинолардан үзінді беріледі. Топтар киноның атауын, режиссерын,кино кейіпкерлерін және рөлде сомдаған әртістерді атау керек.

1. «Жерұйық» фильмі

2. Тар заман

3. Балалық шағымның аспаны

4. Қазақ хандығы

5. Қызғыш құс

6. Аманат

7. Жау жүрек мың бала


5-кезең. Сәулет өнері. (16 ұпай) 8 кесене ұсынылады. Кесененің атауын және қай ғасырға тән, қайда орналасқанын айту керек. Әрбір дұрыс жауап 2 ұпай.

1.Бабажы-қатын кесенесі – Қазақстандағы 10—11 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткішіТараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан.

2.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимаратҚожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.

3.Әлемге аты мәшһүр Қорқыт ата мемориалды кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінің солтүстік-батысындағы 18 шақырым жердегі Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан. Коммунистік партияның асқақтап тұрған шағында сол кезеңдегі аудан басшысы Елеу Көшербаев осы кешенді тұрғызуға ерекше ықпал жасаған еді. Соның нәтижесінде кешен құрылысы 1980 жылы архитектор Б.Ә.Ибраев пен физик-акустик С.И.Исатаевтың жобасымен басталған. 

4.Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

5.Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізханамешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі ТүркістанғаӘзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

6.Жұбан-Ана күмбезі, Жұбан әулие – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы 189-разъезден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Сарысу өзенінің солтүстік жағасында XI ғасырда ірге көтерген архитекторлық ескерткіш.

7.Алаша хан кесенесі — Ұлытауда XV-XVI ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық ескерткіш. Кесене Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.

8.Домалақ Ана Кесенесі — Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының зиратына тұрғызылған. ХҮ ғасырда салынған.


6-кезең. Тәуелсіздік шежіресі. (10 ұпай)

  1. 1991ж 1991 жыл. 16 желтоқсан.Бұл күн –біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата заңы
    қабылданды.

  2. 1992ж ҚР мемлекеттік рәміздерін жариялады, БҰҰ мүше болып қабылданды

  3. 1993ж ҚР ұлттық валютасы теңгені айналымға енгізді

  4. 1995ж Абай жылы болып жарияланды

  5. 1996ж Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. Ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы

  6. 2000ж «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды

  7. 2002ж «Денсаулық жылы» деп жарияланды

  8. 2003-2005ж «Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды

  9. 2013ж «Қазақстан EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткiзу құқығына ие болды

  10. 2015ж Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!