Оқу-әдістемелік құрал
Тақырыбы: Тарихи деректерді талдау әдістері
Авторы: Бутабаев Серик Ахметканович
Абай облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылы
«Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих пәні мұғалімі
Алғысөз
Қазіргі заманда ғылым мен білім жүйесі түбегейлі жаңғырып, зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар күшейіп отырған кезеңде тарихи деректерді терең әрі сыни тұрғыда талдау – тарихшы мамандар мен зерттеушілерге қойылатын басты міндеттердің бірі болып отыр. Әсіресе тарих ғылымында деректерді механикалық түрде жинақтау емес, оларды мазмұндық, құрылымдық және контекстуалды деңгейде талдау арқылы ғылыми негізде пайымдау өзектілікке ие болды. «Тарихи деректерді талдау әдістері» атты бұл әдістемелік құрал – мектептегі тарих пәні мұғалімдеріне арналған. Құралда тарихи деректерді зерттеудің заманауи әдістері: нарративтік талдау, салыстырмалы-тарихи әдіс, контекстуалды және квантификациялық тәсілдер, сондай-ақ деректанулық сынды әдістемелер жан-жақты қарастырылып, теориялық және практикалық тұрғыда баяндалады. Қазіргі тарих ғылымында дерек – тек факт емес, ол – мәдени-идеялық өнім, таным объектісі және ғылыми түсіндіру нысаны. Сондықтан да дерекпен жұмыс істеуде тарихшыға тек оқиғаны баяндау емес, оны ұғынықты, мәнді және объективті тұрғыдан талдау қабілеті қажет. Бұл орайда әлемдік ғылымдағы классикалық және постклассикалық әдістерді игеру арқылы дерекке деген ғылыми талаптың деңгейін арттыру – Отандық тарихнаманың дамуында жаңа белеске айналып келеді. Құралда шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, нақты әдістердің шығу тегі, қалыптасу жолы, қолданылу аясы мен артықшылықтары сарапталады. Әсіресе Леопольд фон Ранке, Марк Блок, Хейден Уайт, Пол Рикёр сынды ірі тарихшылардың көзқарастары мен ұстанымдарына талдау жасалса, қазақстандық ғалымдар — Манаш Қозыбаев, Кеңес Нұрпейіс, Бүркіт Аяған, Мәмбет Қойгелді, Берекет Кәрібаев, Талас Омарбеков, Жамбыл Артықбаев еңбектері арқылы ұлттық тарих деректерін зерттеу әдістемесі нақты мысалдармен сипатталады.Бұл әдістемелік құралды дайындау барысында тарихи таным мен зерттеулердің әдістемелік негіздерін терең қамтуға, тақырыпты ғылыми-практикалық тұрғыда игеруге бағытталған
материалдар топтамасы қолданылды. Әрбір бөлім нақты ғылыми көзқарас пен тұжырымдарға сүйене отырып жазылған, тарих пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек боларлықтай мазмұнда құрылған. Қорыта келгенде, бұл әдістемелік құрал болашақ тарихшылардың ғылыми дерекпен сауатты әрі жүйелі жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға, деректерге сыни көзқараспен қарауға, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына септігін тигізеді деп сенеміз. Автор бұл еңбекті тарих ғылымына шынайы қызығушылық танытып жүрген барша оқырманға, болашақ мамандарға арнайды. Тарихи деректерді талдау – бұл тек оқиғаны сипаттау немесе дерек көздерін тізбелеу емес, ол – күрделі ғылыми-практикалық процесс. Бұл әдістер деректің мазмұнын ашуға, оның пайда болу жағдайларын, авторлық ұстанымын, әлеуметтік-мәдени контекстін, әрі ғылыми құндылығын толыққанды түсінуге мүмкіндік береді.Ұсынылып отырған әдістемелік құралда заманауи тарих ғылымында қолданылатын негізгі зерттеу тәсілдері жүйеленіп, нақты мысалдармен толықтырылды. Әсіресе нарративтік, контекстуалды, салыстырмалы және деректанулық талдау әдістері арқылы тарихшы дерекке біржақты емес, көпқырлы көзқараспен қарауға машықтанады. Отандық тарих ғылымының алдында тұрған міндет – тарихи сананы жаңғыртып, ғылыми деректер негізінде ұлттың шынайы тарихын оқыту. Бұл жолда нақты әдіснама мен терең талдау дағдылары – тарихшылар үшін басты құрал болмақ. Құралдың мазмұны тарих мұғалімдерінің, студенттердің жұмысына бағыт-бағдар беріп, теорияны тәжірибемен ұштастыруына сеп болады деп үміттенеміз. Сонымен бірге, бұл еңбек тарихи дерекпен жұмыс істеуге деген қызығушылықты арттырып, отандық тарихнаманың сапалы дамуына үлес қосады деген сенімдеміз.
Мазмұны:
Алғы сөз-------------------------------------------------------------------------
Кіріспе: Тарихи дерек және оны талдаудың маңызы----------------5-6 беттер
1. Тарихи деректердің түрлері мен оны жіктеу-----------------------7-8 беттер
2. Деректермен жұмыс істеу кезіндегі әдістемелік талаптар---11-12 беттер
2.1.Тарихи деректерді талдау әдістері-----------------------------------16-17беттер.
2.2.Салыстырмалы тарихи әдіс ------------------------------------------17-23беттер
2.3.Сындарлы талдау (критикалық талдау) әдісі----------------------23-29 беттер
2.4.Контекстуалды талдау әдісі-------------------------------------------30-34 беттер
2.5.Квантификациялық талдау әдісі--------------------------------------34-37беттер
2.6.Өзара байланыс әдісі----------------------------------------------------38-41беттер
2.7.Нарративтік талдау әдісі------------------------------------------------41-45беттер
3.Қазіргі заманғы технологиялар мен тарихи деректерді талдау--46-49бб
4.Қорытынды---------------------------------------------------------------50-52 беттер
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------53-55беттер
Кіріспе: Тарихи дерек және оны талдаудың маңызы.
Тарихи деректерді талдау – өткен оқиғаларды зерттеу және түсіну үшін қолданылатын ғылыми әдістердің жиынтығы. Бұл әдістер тарихшыларға шынайы ақпаратты іріктеп, оны объективті түрде бағалауға көмектеседі. Осы әдістемелік құралда тарихи деректерді зерттеудің негізгі әдістері қарастырылады. Қазақстан тарихында тарихи деректерді талдау саласында еңбек етіп жүрген көрнекті ғалымдар мен олардың еңбектері төмендегідей: Көшім Лекерұлы Есмағамбетов – Қазақстан тарихы шетелдік тарихнамасының негізін қалаушы. Ол бірнеше шет тілдерін меңгеріп, әлемдік тарих ғылымындағы заманауи бағыттарды қадағалап отырды. Ғалымның «Что писали о нас на Западе», «Қазақтар шетел әдебиетінде», «Азат рухтың күрескері», «Әлем таныған тұлға» сияқты еңбектері белгілі. Соңғы жылдары ол Махамбет Өтемісұлының өмірі мен күрес жолын мұрағат деректері негізінде зерттеп, 20 томдық «Махамбет әлемі» жинағының алғашқы бес кітабына алғы сөз бен түсініктемелер жазды.[1] Ә.С. Тәкенов – деректану ғылымының негізін салған ғалым. Ол Қазақ мемлекеттік университетінде «Деректану және архивтану» кафедрасын ашып, басқарды. Ғалымның Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша құжаттар мен материалдар жинағы және басқа да еңбектері бар. Сонымен қатар, ол қазақ тарихшыларының еңбектерін қайта басып шығаруға үлкен үлес қосты.[2] Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол тәуелсіздік кезеңінде Алаштану ғылыми бағытын қалыптастырып, осы бағытты зерттеудің методологиялық ұстанымдарын орнықтырды. Ғалымның «Алаш қозғалысы», «Қорғансыздың күнін кешкендер», «Қиянат анатомиясы» сияқты еңбектері ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты.[3] Нәбижан Мұхаметханұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол қазақ тарихы мен Қытайдың сыртқы саясаты туралы зерттеулерімен танымал. Ғалымның «Қазақ тарихынан зерттеулер», «Тарихи зерттеулер», «XVIII-XX ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары», «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы», «Қазақ тарихының өзекті мәселелері» сияқты еңбектері бар.[4].Әлімғазы Дәулетханұлы – тарихшы, түркітанушы ғалым. Оның «Ежелгі және ортағасырлардағы түркілер: тарихи зерттеулер» атты еңбегі қазақ тарихының көне дәуірін ұлттық тұрғыдан сипаттаған маңызды зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, ол «Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» атты екі кітаптан тұратын еңбектің авторы.[5] Қайдар Алдажұманов – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстан тарихының көптомдық еңбектерін дайындауға негізгі авторлардың бірі ретінде қатысты. Ғалымның бес жүзге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік зерттеулері жарық көрген. Тарихи деректерді талдау – адамзат қоғамының өткен тәжірибесін жүйелі түрде түсініп-бағалау мақсатында ғылыми әдістерді қолдануды білдіреді. Осы үрдіс арқылы тарихшылар дереккөздерді іріктеп, оларға объективті баға беру үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Қазақстан тарихында бұл бағытты дамытуға үлес қосқан ірі ғалымдар шоғыры қалыптасты. Мәселен, К.Л. Есмағамбетов, Ә.С. Тәкенов, М.Қ. Қойгелдиев, Н. Мұхаметханұлы, Ә. Дәулетханұлы және Қ. Алдажұманов сынды зерттеушілер бұл саланың әр түрлі аспектілерін зерттеп, маңызды ғылыми мұра қалдырды. Тарихи деректер құрылымы мен мазмұнына қарай әртүрлі болады. Жалпы алғанда, олар жазба, ауызша, заттай және визуалды деректерге бөлінеді. Мысалы: Жазба деректер: архивтік құжаттар, хроникалар, заңдар, жеке хаттар, баспасөз беттері. Ауызша деректер: сұхбаттар, фольклор, ауыз әңгімелер мен куәгерлердің естеліктері. Заттай деректер: археологиялық қазбалар нәтижесіндегі материалдық мәдениет жәдігерлері, тұрмыстық заттар. Визуалды деректер: суреттер, фотографиялар, гравюралар, кино және бейне материалдар болып бөлініп кетеді.Осындай әр алуан деректердің әрқайсысы өзінің ерекшеліктеріне байланысты талдау мен түсіндірудің нақты әдістерін талап етеді.
1. Тарихи деректердің түрлері мен оны жіктеу.
Тарихи деректердің түрлері: Жазба деректер (мұрағат құжаттары, жылнамалар, хаттар, мемуарлар), археологиялық деректер (қазба жұмыстары, артефактілер), фольклорлық деректер (аңыздар, эпостар, шежірелер),көркем және материалдық мәдениет деректері (кескіндеме, сәулет ескерткіштері, қолөнер бұйымдары). Жазба деректер туралы айтсақ, құқықтық құжаттар: заңдар, жарғылар, келісімшарттар, жарлықтар (мысалы, "Жеті жарғы", Ресей патшалығының қазақтарға қатысты жарлықтары),ресми құжаттар: халық санағы, жер бөлу актілері, салық тізімдері, эпистолярлық деректер: тарихи тұлғалардың хаттары (Абылай хан мен Екатерина II хат алмасуы),Мемуарлар: белгілі тарихи тұлғалардың өмірбаяны (Мұстафа Шоқайдың естеліктері, Шоқан Уәлихановтың жазбалары), газет-журналдар: ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзі (мысалы, "Қазақ", "Айқап" газеттері). Археологиялық деректер: Ежелгі қалалар: Отырар, Сауран, Тараз, Сарайшық. Қорғандар мен кесенелер: Есік қорғаны (Алтын адам), Берел қорғандары. Қыштан жасалған бұйымдар: қыш құмыралар, ыдыстар, жазу үлгілері. Металл және сүйек бұйымдары: қару-жарақ, әшекейлер, еңбек құралдары. Фольклорлық деректер:Мифтер мен аңыздар: Ер Төстік, Қорқыт ата туралы аңыздар.Шежірелер: ру-тайпалардың шығу тегі, қазақ жүздерінің тарихы. Эпос, жырлар: "Қобыланды батыр", "Алпамыс батыр", "Манас". Халық ауыз әдебиеті: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, бата-тілектер. Көркем және материалдық мәдениет деректері: Сәулет ескерткіштері: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі. Кескіндеме: ортағасырлық миниатюралар, ұлттық ою-өрнектер. Қолөнер: кілем тоқу, зергерлік бұйымдар, киіз үй жасау дәстүрі. Музыкалық аспаптар: домбыра, қобыз, сазсырнай. Жазба деректер. Бұл деректер өткен дәуірлерден қалған мәтіндік ақпараттарды қамтиды. Қосымша мәліметтер: Геральдикалық (мөр, таңба) құжаттар: хандар мен билеушілердің мөрлері (мысалы, Тәуке ханның мөрі). Генеалогиялық (тектану) құжаттар: ру-тайпалардың шежірелік кітаптары, патшалар мен билеушілердің шежірелік жазбалары. Дипломатиялық хаттар: Қазақ хандары мен басқа ел билеушілерінің хаттар (мысалы, Әбілқайыр ханның Ресей патшасына жолдаған хаты). Ғылыми еңбектер: Шоқан Уәлиханов, Әл-Фараби, Қадырғали Жалайырдың еңбектері. Археологиялық деректер. Заттай деректер ежелгі адамдардың өмір сүру салтын зерттеуге мүмкіндік береді. Қосымша мәліметтер: Жерлеу дәстүрлеріне байланысты артефактілер: Бесшатыр, Берел қорғандарынан табылған алтын бұйымдар, жауынгер киімдері. Көне жазба ескерткіштері: Орхон-Енисей жазулары, Талас жазба ескерткіші. Сауда жолдары: Жібек жолындағы қалалардан табылған тиындар, керамика, қыш бұйымдары. Еңбек құралдары: қола дәуіріндегі кетпен, тас дәуіріндегі сүйек пышақтар. Фольклорлық деректер: Бұл деректер халықтың ауызша тарихын, мифологиясын және мәдениетін зерттеуге көмектеседі. Қосымша мәліметтер: Жұмбақтар мен жаңылтпаштар: қазақ халқының дүниетанымын көрсетеді. Тарихи айтыстар: Бұқар жырау мен Абылай хан арасындағы айтыстар.Халық ертегілері: "Алдар Көсе", "Қожанасыр" әңгімелері. Қазақтың жоқтау дәстүрі: белгілі тұлғаларға арналған жоқтаулар тарихи оқиғалар туралы мағлұмат береді. Көркем және материалдық мәдениет деректері: Бұл деректер халықтың рухани және материалдық мәдениетін көрсетеді. Қосымша мәліметтер:Ұлттық киім үлгілері: шапан, камзол, сәукеле, белбеулер.Ұлттық әшекей бұйымдары: күміспен көмкерілген білезіктер, жүзіктер, шашбаулар.Музыка және аспаптар: күй өнері (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет күйлері). Қазақтың ою-өрнектері: қошқар мүйіз, сыңар өкше, түйе табан. Мысал:Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – XIV ғасырда Әмір Темір салдырған, Түркістандағы ислам мәдениетінің маңызды ескерткіші. Тарихи деректер – өткен қоғамның дамуы мен оқиғаларын зерттеуге арналған, әртүрлі нысандары мен мазмұны бар дереккөздер. Қазақстан тарихын зерттеп жүрген ғалымдар тарихи деректерді бірнеше топқа бөледі: жазба деректер, археологиялық деректер, фольклорлық деректер, сондай-ақ көркем және материалдық мәдениет деректері.[6]
1. Жазба деректер
Жазба деректер – бұл мұрағат құжаттары, жылнамалар, эпистолярлық мұралар (хаттар), мемуарлар және баспасөз материалдарына негізделген мәліметтер. Жазба деректер тарихи оқиғаларды тікелей сипаттайтындықтан, зерттеуде аса маңызды орын алады. Мысалы, ресми құжаттарға «Жеті жарғы» мен отарлық кезеңдегі патша жарлықтарын жатқызуға болады. Абылай хан мен Екатерина II арасындағы хат алмасулар – эпистолярлық деректерге мысал (Қойгелдиев М.Қ. «Алаш қозғалысы», 1995, 24-25-б.). ХХ ғасыр басындағы ұлт баспасөзі («Қазақ», «Айқап» газеттері) қоғамдағы ой-пікірді айқын көруге мүмкіндік береді.[7]
2. Археологиялық деректер
Археологиялық деректер – ескі қалалардың қазбаларынан, қорғандар мен кесенелерден, тұрмыстық бұйымдардан, жазба үлгілерінен табылған мәліметтер. Қазақстан аумағынан табылған Отырар, Сауран, Тараз, Сарайшық секілді ортағасырлық қалалар қалдықтары ел тарихының маңызды кезеңдерін айғақтайды. Ал Есік пен Берел қорғандарынан табылған алтын адам, көне қару-жарақ, әшекейлер, қыш ыдыстар сол дәуірдің шаруашылық, мәдени ерекшеліктерін көрсетеді.[8]
3. Фольклорлық деректер
Фольклорлық деректерге аңыз-мифтер, шежірелер, эпостық жырлар, халықтың мақал-мәтелдері, айтыстар, ертегілер жатады. Бұл деректер ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, халықтың тарихи санасы мен дүниетанымын көрсетеді. Мысалы, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Төстік» секілді эпостарда қазақ халқының ерлік жолы сипатталады. Шежірелер ру-тайпалардың шығу тегі туралы мәлімет береді.[9]
Деректерді жіктеу қағидалары.
Тарихи деректерді жіктеуде мынадай қағидалар негізге алынады:
|
№ |
|
Сыныптау немесе жіктеу негізі |
Мысал |
|
1 |
|
Деректің шығу тегі |
Ресми, бейресми, жеке тұлғалық |
|
2 |
|
Уақыты мен кеңістігі |
Антикалық, ортағасырлық, жаңа заман |
|
3 |
|
Ақпаратты жеткізу формасы |
Жазба, бейнелік, ауызша |
|
4 |
|
Мазмұндық бағыты |
Саяси, әлеуметтік, мәдени, әскери |
|
5 |
|
Объективтілік деңгейі |
Нақтылық, субъективтілік |
2. Деректермен жұмыс істеу кезіндегі әдістемелік талаптар
Тарихи деректермен жұмыс істеу барысында мынадай сұрақтарға жауап беру қажет: Тарихи деректермен жұмыс істеу барысында мынадай сұрақтарға жауап беру қажет: Бұл дерек кімнің атынан жазылған?, Ол қай кезеңде, қандай жағдайда пайда болды?, Деректе қай мүдде немесе идеология көрініс тапқан?, Деректегі ақпарат нақты ма, әлде субъективті ме?, Басқа деректермен салыстырғанда сәйкестік бар ма? Бұл сұрақтар дерекке сыни тұрғыдан қарауды, оны талдау мен интерпретациялауды тиімді етеді. Тарихи деректердің типологиясы мен сыныптамасын білу – тарихшы үшін теориялық та, практикалық та маңызды білім саласы. Бұл деректерді жүйелі түрде талдау, оларды мазмұны мен формасына қарай жіктей білу зерттеушінің дерекпен сауатты жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Сонымен қатар, типология тарихи деректерді салыстырмалы негізде қарастыруға, олардың бір-бірімен байланысын анықтауға және шынайылық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
2.1. Тарихи деректерді талдау әдістері.
Тарихи деректерді талдау әдістері: шетелдік және Отандық зерттеулер.Тарихи деректерді талдау – өткен кезеңдердің құбылыстары мен оқиғаларын объективті әрі сындарлы тұрғыдан пайымдауға бағытталған ғылыми әдіс. Бұл әдістерді қолдану арқылы зерттеуші тарихи деректердің шынайылығын, маңызын, контекстін және олардың интерпретациясын анықтайды. Осы бағытта шетелдік және Қазақстандық ғалымдар тарапынан бірқатар маңызды еңбектер жазылған. Батыс тарихнамасында тарихи деректерді талдаудың теориялық негізін қалаған ғалымдардың бірі — Леопольд фон Ранке. Ол тарихи оқиғаларды нақты деректер негізінде зерттеу қажеттігін алғашқылардың бірі болып ұсынды. Сонымен қатар, Эдвард Халлетт Карр «What is History?» (1961) атты еңбегінде тарихи деректердің субъективтілігі мен тарихшының рөлі туралы терең ой қозғайды. [10].Француз тарихшысы Марк Блоктың «Апология тарихқа» (1949) атты еңбегі де тарихи деректерді сын тұрғысынан бағалаудың маңызды үлгісін ұсынады. Блоктың көзқарасын жалғастырған Фернан Бродель мен «Анналдар мектебінің» өкілдері тарихты кең әлеуметтік контексте зерттеуге шақырады. Сонымен қатар, Хейден Уайт тарихи нарратив пен дискурсты талдаудың теориялық негіздерін қалыптастырды.[11] Қазақстанда тарихи деректерді талдау әдістері ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде қарастырыла бастады. Бұл салада көрнекті үлес қосқан ғалымдардың қатарында Мекемтас Мырзахметұлы, Қойшығара Салғараұлы, Зардыхан Қинаятұлы, Манаш Қозыбаев, Берекет Кәрібаев сынды зерттеушілер бар. Мәселен, Манаш Қозыбаев тарихи деректердің идеологиялық ықпалын ашып көрсетіп, деректанулық талдаудың сыни сипатын баса айтқан. Ол «Тарих және тағылым» атты еңбегінде кеңестік кезеңдегі тарихи деректерге шынайы баға беруге тырысты. Берекет Кәрібаев өз еңбектерінде қазақ хандығы дәуіріндегі жазба және ауызша деректерді салыстыра отырып, олардың мазмұндық ерекшеліктерін, тарихи шындықпен байланысын талдайды. Сондай-ақ, Талас Омарбеков кеңестік тарихнама мен қазіргі отандық тарихты салыстыра зерттеу арқылы, тарихи деректерді қазіргі методологиялық ұстанымдар тұрғысынан қайта қарастыруға күш салған. Тарихи деректерді талдау әдістері – тарих ғылымының өзегі болып табылады. Шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері бұл әдістің теориялық және практикалық аспектілерін жетілдіруге үлкен үлес қосты. Қазіргі таңда тарихи деректерді интердисциплинарлық тәсілмен зерттеу, яғни нарративтік, контекстуалды және салыстырмалы әдістерді қатар қолдану қажеттілігі айқын байқалуда. Бұл бағыттағы зерттеулер тарих ғылымының методологиялық тұрғыдан жаңғыруына мүмкіндік береді.
2.2. Салыстырмалы-тарихи әдіс
Тарихи құбылыстар мен оқиғаларды әртүрлі уақыт кезеңдерінде немесе әртүрлі қоғамдардағы ұқсас жағдайлармен салыстыру арқылы зерттейді. Оқиғалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға көмектеседі. Мысалы:Қазақ хандығы мен Алтын Орданың мемлекеттік құрылымдарын салыстыру. Салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша, Қазақстан тарихы пәнінен мынандай тапсырмалар жасауға болады. Салыстырмалы-тарихи әдіс – тарихи құбылыстарды, тілдерді, мәдениеттерді және қоғамдық үрдістерді салыстыру арқылы олардың шығу тегін, дамуын, өзара ықпалын анықтауға бағытталған ғылыми тәсіл. Бұл әдіс ғылымның әртүрлі салаларында – тіл білімінде, тарихта, этнологияда, әдебиеттануда және философияда кеңінен қолданылады. Әдістің басты мақсаты – ортақ белгілер мен айырмашылықтарды талдай отырып, зерттеліп отырған нысанның тарихи дамуын анықтау. Салыстырмалы-тарихи әдіс алғаш рет тіл білімінде қалыптасты. XIX ғасырда индоеуропалық тілдерді зерттеу барысында бұл әдіс кеңінен қолданылып, Фридрих Шлегель, Франц Бопп, Якоб Гримм сынды ғалымдардың еңбектерінде теориялық негізделе түсті. Якоб Гримм өзінің "Deutsche Grammatik" (1822) еңбегінде герман тілдерінің фонетикалық заңдылықтарын салыстыру арқылы салыстырмалы-тарихи әдісті тіл біліміне енгізді.[12] Қазақстандық ғылымда да бұл әдісті әртүрлі қырынан қарастырған ғалымдар бар. Мәселен, академик Әбдуәли Қайдар мен Ерулан Мадияров түркологияда салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып, түркі тілдерінің тарихи байланысын анықтауға зор үлес қосты. Ә. Қайдардың "Қазақ тілі тарихынан" (1998) атты еңбегінде түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, лексикалық ұқсастықтар осы әдіс арқылы зерделенген.[13] Ал тарих ғылымында салыстырмалы-тарихи әдісті қолдану арқылы әртүрлі тарихи дәуірлер мен мемлекеттердің даму жолдарын, қоғамдық қатынастарын салыстырып зерттеу кең етек алды. Бұған қатысты М.Қозыбаев, К. Нұрпейіс және М. Әбусейітов сынды тарихшылардың еңбектерін атап өтуге болады. Мәселен, М.Қозыбаев өз еңбектерінде кеңестік және қазақ қоғамының тарихи даму ерекшеліктерін салыстыра отырып, отарлау саясатының салдарын ашып көрсетті. Философиялық тұрғыдан бұл әдіс мәдениеттер мен өркениеттердің диахрониялық дамуын салыстыра отырып, тарихи заңдылықтарды түсіндіруге мүмкіндік береді.[14] Бұл бағытта Эдвард Тайлор, Льюис Морган сынды батыс ғалымдары мен қазақ ойшылдары, соның ішінде Ә. Нысанбаев еңбектер жазды. Салыстырмалы-тарихи әдіс – зерттеу нысанын кең ауқымда, кеңістік пен уақыт шеңберінде қарастырып, тарихи дамудың заңдылықтарын ашуға мүмкіндік беретін әмбебап әдіс. Ғылыми дәлдік пен салыстырмалы талдауға негізделген бұл әдіс көптеген салаларда, әсіресе тіл, тарих және мәдениеттану бағытында маңызды рөл атқарады.[15] Салыстырмалы-тарихи әдіс – лингвистика, тарих, мәдениеттану және басқа да гуманитарлық ғылымдарда қолданылатын маңызды әдістердің бірі. Ол түрлі халықтардың тілдері мен мәдениеттерін салыстыру арқылы олардың ортақ түп-тамырларын, тарихи байланыстарын және даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы-тарихи әдістің ерекшеліктері: Тарихи процесті зерттеу – Бұл әдіс уақыт өте келе өзгерген тілдік, мәдени немесе әлеуметтік құбылыстарды қарастырады. Ортақ заңдылықтарды анықтау – Әртүрлі тілдердегі немесе мәдениеттердегі ұқсастықтарды зерттеп, олардың қандай тарихи себептерге байланысты пайда болғанын түсіндіреді. Реконструкция жасау – Ежелгі дәуірдегі құбылыстарды қалпына келтіру үшін қолданылады. Лингвистикада бұл әдіс арқылы прототілдер қалпына келтіріледі. Салыстыру принципі – Әртүрлі тілдер, оқиғалар немесе мәдениеттер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар талданады. Салыстырмалы-тарихи әдістің қолданылу салалары: Лингвистикада: Тілдердің туыстық байланысын анықтау үшін қолданылады (мысалы, түркі тілдерінің бір-бірімен байланысын зерттеу). Тарихта: Халықтардың миграциясын, мәдениеттердің өзара әсерін зерттеу үшін маңызды. Мәдениеттануда: Әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлеріндегі ортақ элементтерді анықтау үшін пайдаланылады. Салыстырмалы-тарихи әдіс ғылымда маңызды рөл атқарады. Ол тек өткенді зерттеуге ғана емес, қазіргі мәдени және тілдік процестерді түсінуге де көмектеседі. Осы әдістің көмегімен адамзат тарихындағы көптеген байланыстар мен ұқсастықтарды анықтауға болады. Салыстырмалы-тарихи әдіс – тарихи құбылыстар мен процестерді өзара салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға бағытталған ғылыми зерттеу тәсілі. Бұл әдіс тарихи деректерді талдау кезінде оқиғалардың даму логикасын, себеп-салдарын және әртүрлі елдер мен халықтар тарихындағы ортақ немесе ерекше белгілерді ашуға көмектеседі. Аталған әдіс зерттеушіден тарихи оқиғаларды тек біржақты қарастырмай, түрлі дереккөздермен салыстырып, әр тарихи кезеңдегі жағдайларды кең ауқымда зерделеуді талап етеді. Мысалы, қазақ хандығының құрылуын моңғол дәуірімен немесе көрші мемлекеттердің мемлекеттілік дәстүрімен салыстыра отырып зерттеу — осы әдістің нақты көрінісі. Салыстырмалы-тарихи әдіс тарихты зерттеуде әмбебап тәсіл ретінде қолданылады. Ол әсіресе этногенез, мәдениетаралық байланыс, саяси жүйелердің эволюциясы сияқты салаларда ерекше маңызды. Бұл әдістің тиімділігі – нақты бір елдің тарихын кеңірек контексте қарауға мүмкіндік беруінде. Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданған және сол тақырыпта жазған тарихшы-ғалымдар: Ермұхан Бекмаханов-тарихшы ғалым. XIX ғасырдағы Қазақстан тарихын Ресей империясымен салыстыра отырып зерттеді. «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40 жылдарында» атты еңбегі – салыстырмалы-тарихи әдіске сүйенген маңызды зерттеу.[16] Мәмбет Қойгелдиев-Алаштанушы ғалым. Алаш қозғалысын Ресейдің демократиялық қозғалыстарымен салыстыра отырып зерттеді. Алаш интеллигенциясының тарихи орнын түсіндіруде салыстырмалы тәсіл қолданды. Талас Омарбеков-тарихшы ғалым, аштық тақырыбын зерттеген. Кеңестік кезеңдегі репрессиялар мен тарихи бұрмалауларды өзге елдер тәжірибесімен салыстыра отырып талдаған. Манаш Қозыбаев-тарихшы ғалым. Ұлттық сананы ояту жолындағы қозғалыстарды тарихи салыстыру негізінде қарастырған. Зиябек Қабылдинов-тарихшы ғалым. Еуразиялық тарихи процестерді салыстырмалы тұрғыда талдаған. Қазақ хандығы мен көрші мемлекеттердің дамуын салыстырған еңбектері бар. Салыстырмалы-тарихи әдіс – тарих ғылымындағы маңызды талдау құралы. Ол тарихи шындықты кең ауқымда зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ тарихын ғылыми тұрғыда салыстыра отырып қарастырған ғалымдардың еңбектері осы әдістің маңызын дәлелдей түседі.[17]
Салыстырмалы-тарихи әдіске негізделген тапсырмалар
№1 тапсырма .Бірнеше дереккөзді салыстырып, айырмашылықтарын анықтау. Берілген екі немесе үш тарихи дереккөзді оқып, олардағы оқиғалар сипаттамасының айырмашылықтарын анықтаңыз.
Тақырыбы: «Алтын Орда тарихы»
1-дереккөз: Қазақ тарихшыларының зерттеулері
2-дереккөз: Орыс жылнамаларындағы мәліметтер
3-дереккөз: Батыс еуропалық саяхатшылардың жазбалары
Міндеттері:
1.Әр дереккөздің негізгі ұстанымдарын жазып алыңыз.
2.Олардың арасында қандай айырмашылықтар бар?
3.Айырмашылықтардың себебі неде болуы мүмкін? (Көзқарастар, дереккөзі авторының мақсаты, тарихи жағдайлар)
Деректердегі қайшылықтарды талдау бойынша мынандай тапсырмалар беруге болады.
№2.Тапсырма:
Тарихи оқиға туралы екі түрлі көзқарасты қарастырып, олардың
қайшылықтарын талдаңыз.
Мысал:
Тақырыбы: «Кенесары Қасымұлы
көтерілісі»
1-дереккөз: Қазақ тарихшыларының еңбектері (ұлт-азаттық көтеріліс ретінде сипаттау)
2-дереккөз: Ресей тарихшыларының зерттеулері (Кенесарыны көтерілісші емес, «бүлікші» ретінде сипаттау)
Оқушыға тапсырма :
1.Әр дереккөздегі негізгі идеяларды анықтаңыз.
2.Деректер арасындағы қайшылықтар қандай себептерге байланысты туындаған?
3.Сіздің ойыңызша, қай дереккөз тарихи шындыққа жақын? Неге?
№3 тапсырма. Ұқсас тарихи кезеңдер мен оқиғаларды салыстыру
Әртүрлі елдерде болған ұқсас тарихи оқиғаларды салыстырып, олардың ортақ және ерекшеленетін тұстарын анықтаңыз.
Мысал:
Тақырыбы: «АҚШ-тағы Тәуелсіздік соғысы мен Қазақ хандығының Ресейге
қарсы күресі»
1-оқиға: 1775-1783 жылдардағы АҚШ-тың Ұлыбританияға қарсы соғысы
2-оқиға: XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығының Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
1.Әр оқиғаның негізгі себептерін жазыңыз.
2.Қозғаушы күштері (қатысушылар, халықтың рөлі) қандай болды?
3.Нәтижелері мен тарихи маңызы қандай болды?
4.Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кесте түрінде көрсетіңіз.
Бұл тапсырмалар оқушылардың тарихи ойлау қабілетін дамытып, деректерді сыни тұрғыдан талдауға үйретеді.
Салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша берілген сәйкестендіру тапсырмалары.
№1 тапсырма.
|
Белгісі |
Алтын Орда |
Қазақ хандығы |
|
Мемлекеттік басқару жүйесі |
? |
? |
|
Билік иерархиясы |
? |
? |
|
Әскер ұйымдастыруы |
? |
? |
|
Салық және экономика |
? |
? |
|
Діни саясат |
? |
? |
|
Заң жүйесі |
? |
? |
№2 тапсырма .Сәйкестендіру тапсырмасы
.
Алтын Орда мен Қазақ хандығына қатысты ұғымдарды
сәйкестендіріңіз.
Сәйкестендіріңіз:
1. Алтын Орда астанасы болған
қала – A) Түркістан B) Сарай-Бату
C) Сығанақ
2. Қазақ хандығының негізін
қалаушылар – A) Абылай хан B) Едіге C)
Керей мен Жәнібек
3. XIV ғ. әйгілі
әмірші – A) Қасым хан B) Тоқтамыс C)
Тәуке хан
№3 тапсырма. Тарихи мәтінді талдау
Берілген үзінді қай мемлекетке қатысты екенін анықтап, оның құрылымдық ерекшеліктерін сипаттаңыз: "Бұл мемлекеттің билеушісі ұлы хан болып саналды. Оның жанында би, беклербек, уәзір сынды жоғары лауазым иелері болды. Мемлекет бірнеше әкімшілік аймақтарға бөлінді. Мемлекеттік басқаруда көшпелі дәстүрлер мен Шыңғыс хан енгізген жүйе қатар қолданылды."
2.3. Сындарлы талдау (критикалық талдау) әдісі .
Сындарлы (критикалық) талдауды кейде деп те атайды.Критикалық талдау – деректің шынайылығы мен сенімділігін анықтауға бағытталған әдіс. Бұл тәсіл деректің авторын, жазылу уақытын, тарихи контекстін, дереккөздің мүмкін бұрмалауылын түсінуге көмектеседі.[18] Сындарлы талдау- дегеніміз не деген сұраққа жауап берсек,(сындарлы ойлау арқылы талдау) — бұл белгілі бір мәселені немесе туындыны жай сипаттамай, терең, дәлелді түрде талдап, артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәні мен тарихи маңызын жан-жақты қарастыруды білдіреді. Ол – сын көзбен қарап, ой елегінен өткізу деген сөз. Сындарлы талдаудың белгілері: Мәтінді немесе деректі түсіну – тақырыптың мазмұнын ашу,бағалау – дерек немесе туынды қаншалықты маңызды, пайдалы, дәл? Екендігін қарау, басқа деректермен, оқиғалармен, авторлармен салыстыру, дәлелдеу – өз пікірін нақты деректермен, мысалмен негіздеу, қорытынды жасау – оқушыға қандай ой қалдырады? Тарихи деректерді сындарлы талдау тұрғысынан зерттеген ғалымдар (мысал ретінде Қазақстан тарихы бойынша): М Қозыбаев (ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары, XX ғасырдағы саяси репрессиялар тақырыбын зерттеген, сын тұрғысынан ойлап, кеңестік кезеңдегі біржақты көзқарастарды терістеген. Е Бекмаханов-XIX ғасырдағы Кенесары Қасымұлы көтерілісін ғылыми тұрғыда зерттеген алғашқы ғалым. Кеңестік жүйеде тарихты сындарлы тұрғыда қарастырғаны үшін қуғын көрді. Негізгі еңбегі – «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» (1947 ж.). М Қойгелдиев-Алаш қозғалысы, саяси тарих және ұлттық интеллигенцияны зерттеген ғалым. Қоғамдағы тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге ұмтылған. Оның еңбектерінде деректерге сын көзбен қарап, салыстырмалы әдіс қолданылады.[19] Б Кәрібаев-Орта ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуын зерттеген. «Қазақ хандығы тарихы» еңбектерінде тарихи оқиғаларды кең көлемде талдап, фактілерге сүйенеді.[20] Сындарлы талдаудың қысқа үлгісі бойынша мысал келтірсек, Мысалы:"Кенесары көтерілісі туралы" сындарлы талдау: "Кенесарыны кейбір деректерде патшаға қарсы шыққан бүлікші ретінде сипаттайды. Алайда Ермұхан Бекмахановтың ғылыми дәлелдері арқылы бұл көтеріліс шын мәнінде ұлт-азаттық қозғалыс екенін көреміз. Бұл тарихи көзқарас — сындарлы ойлаудың көрінісі. Ол деректерді тек қабылдамай, салыстырып, бағалап, дәлелдеп отыр." Сындарлы талдау — ой жүгіртіп, дәлелмен сөйлеу. Бұл – ғылыми ізденістің, әдеби сынның және тарихты терең түсінудің негізгі тәсілі.[21] Тарихшы-ғалымдар Е.Бекмаханов, М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Б.Кәрібаевтар – сындарлы тарихи талдаудың жарқын үлгісін көрсеткен тұлғалар. Сындарлы талдаудың артықшылықтары: тарихи оқиғаларға назар аударуы, қазақ халқының ерлігі мен рухын көрсетуі, сценарийдегі көркемдік шешімдер мен актерлік ойын. Кемшіліктері: кейбір тарихи фактілер бұрмаланған (нақты мысал келтіріңіз), кейіпкерлердің бейнесі біржақты болуы, диалогтар мен костюмдердің шынайылықтан алшақ болуы.Мысалы: Фильмде кейбір тарихи шындық бұрмаланған – мысалы, Абылай ханның жоңғарларға тұтқынға түсуі нақты тарихи контексте толық ашылмаған. Сонымен қатар, кей кейіпкерлер көркем образға айналып кеткендіктен, олардың тарихи бейнесі көмескі екендігін анықтау болып табылады. Сындарлы (критикалық) талдау – тарихи деректерді бағалау, салыстыру және объективті түрде пайымдау арқылы зерттеу нысанының шынайы мазмұнын ашуға бағытталған әдіс. Бұл тәсіл ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізі болып табылады, себебі тарих ғылымында деректердің түпнұсқалығы мен шынайылығын дәл анықтау аса маңызды. Қазақ тарихын зерттеу барысында сындарлы талдау әдісін кеңінен қолданған көрнекті ғалымдардың бірі – Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі. Ол өз заманындағы саяси оқиғалар мен тарихи тұлғаларға қатысты сын тұрғысынан баға беріп, деректердің маңыздылығына ерекше мән берген.[22] Е.Б. Бекмаханов – Қазақстан тарих ғылымындағы ірі тұлға. Оның «XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясында Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс оқиғалары сындарлы көзқарас негізінде қарастырылып, патша үкіметінің саясаты мен қазақ халқының мүддесі салыстырмалы түрде бағаланған.[23] Сындарлы талдау әдісін ұстанған тағы бір белгілі ғалым – М.Қ. Қозыбаев. Оның «Жауды шаптым ту байлап» атты еңбегінде қазақ батырлық эпосы мен тарихи оқиғалар арасындағы байланыстар сындарлы көзқараспен қарастырылады. Ол дерек пен аңыздың ара-жігін ажыратып, ғылыми пайымдаулар жасайды.[24] Сонымен қатар, Т. Таханұлының «Қазақ хандығы тарихының мәселелері» атты еңбегінде дереккөздерді талдау барысында ортағасырлық парсы, араб және түркі деректеріне сын көзбен қарап, идеологиялық ықпалдың әсерін ашып көрсетеді. Қазақ хандығы кезеңін зерттеуде сындарлы талдау тәсілін қолданған З.Қ. Қинаятұлы да атап өтуге тұрарлық. Оның «Хандар шежіресі» еңбегінде хандық биліктің эволюциясы мен саяси үдерістер сын тұрғысынан сипатталған.[24].Жалпы алғанда, сындарлы талдау – тарих ғылымындағы басты әдістердің бірі ретінде қазақ халқының өткенін ғылыми тұрғыда зерделеуде маңызды рөл атқарады. Бұл әдіс арқылы тек нақты оқиғалар ғана емес, сол оқиғаларға қатысты әртүрлі көзқарастар мен идеологиялық ықпалдар да ашық түрде сарапқа салынады. Деректің түпнұсқалығын анықтау үшін келесі негізгі тәсілдерді қолдануға болады: Ақпарат көзін талдау. Дерек қайдан алынған? (Ресми құжаттар, ғылыми мақалалар, мұрағат материалдары, куәгерлердің сөздері). Авторы кім? Оның сенімділігі мен біліктілігі бар ма? Көздің мақсаты қандай? (Ақпарат беру, үгіт-насихат жүргізу, манипуляция жасау). Дереккөздерді салыстыру. Бір деректі бірнеше тәуелсіз дереккөздерден тексеру. Басқа зерттеушілер мен ресми мекемелер бұл деректі растаған ба? Уақыт пен орын сәйкестігін тексеру. Дерек оқиға болған уақытқа және орнына сәйкес келе ме? Оқиға кезінде бұл дерек тіркелген бе? Мұрағат және ресми құжаттармен тексеру. Мемлекеттік немесе жергілікті мұрағаттарда сәйкес деректер бар ма? Заңды құжаттар, үкіметтік шешімдер немесе тарихи құжаттармен сәйкестігін тексеру. Құжаттың физикалық сипаттамасын зерттеу: Егер бұл қағаз құжат болса, қағазының ескіру деңгейін, мөрлер мен қолтаңбалардың түпнұсқалығын зерттеу. Цифрлық дерек болса, оның бастапқы дереккөзін анықтау. Контексті талдау: Оқиғаның тарихи, мәдени, саяси және әлеуметтік жағдайларына сәйкес келуін қарастыру. Деректе келтірілген фактілер мен мәліметтер тарихи логикаға сай келе ме? Мамандардың пікірін сұрау; Тарихшылар, архив мамандары, зерттеушілер және тиісті саладағы басқа сарапшылардан кеңес алу. Дереккөздің авторы мен уақыты туралы мәліметтерді тексеру. Авторының сенімділігін анықтау. Автор туралы мәлімет бар ма? (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, мамандығы, өмір сүрген уақыты). Ол белгілі тұлға ма, әлде анонимді ме? Оның басқа еңбектері бар ма және олар тарихи шындыққа сәйкес келе ме? Жазылған уақытын тексеру. Дерек нақты оқиға орын алған уақытқа сәйкес келе ме? Оқиға болғаннан кейін қанша уақыт өткенде жазылған? Егер құжаттың басылған немесе жазылған жылы көрсетілсе, оны мұрағаттық құжаттармен немесе басқа тәуелсіз дереккөздермен салыстыру.Тілдік және стильдік талдау. Құжаттың тілі мен стилі сол кезеңге сәйкес келе ме? Ескі жазу үлгісі қазіргі нұсқалармен сәйкесе ме? (Мысалы, көне түркі, араб графикасы, кириллица).Егер құжатта кейінгі дәуірге тән сөздер болса, бұл жалғандық белгісі болуы мүмкін. Қолжазбалар мен баспа материалдарының сәйкестігін салыстыру. Қолжазба мен баспа нұсқасының мазмұнын салыстыру. Екі нұсқа арасында мәтіндік айырмашылықтар бар ма? Баспа нұсқасында қосымша өңдеулер немесе өзгертулер жасалған ба? Қолжазба түпнұсқа болып, кейін баспада өзгертілген болуы мүмкін. Құжаттардың физикалық сипаттарын тексеру. Қолжазбаның жазылу материалы (қағаз, сия, пергамент) қандай дәуірге тән? Баспа материалында қолданылған әріп шрифті мен баспа техникасы қай кезеңге сәйкес келеді? Мұрағат және кітапханалардағы нұсқалармен салыстыру. Егер дерек белгілі бір мұрағатта сақталған болса, оны басқа ғылыми еңбектердегі сілтемелермен салыстыру. Басқа басылымдарда осы дерекке сілтеме жасалған-жасалмағанын анықтау. Палеографиялық және текстологиялық зерттеу жүргізу. Егер мәтін көне қолжазба болса, оны графикалық ерекшеліктері бойынша зерттеу (әріптер формасы, жазу мәнері). Егер бір дерек әртүрлі басылымдарда кездессе, олардың мазмұндық сәйкестігін тексеру. Оқиғаның хронологиялық сәйкестігін анықтау. Деректе сипатталған оқиға сол дәуірдің саяси, әлеуметтік, мәдени жағдайларына сәйкес келе ме? Басқа тарихи дереккөздерде бұл оқиға туралы мәлімет бар ма? Егер дерек белгілі бір уақыт кезеңіне сәйкес келмейтін элементтерді қамтыса (мысалы, белгілі бір технология немесе терминология тым ерте немесе кеш қолданылған болса), онда оның түпнұсқалығы күмән тудырады. Сол кезеңдегі басқа оқиғалармен салыстыру.Ұқсас оқиғалар сол уақытта басқа аймақтарда орын алды ма? Егер дерек белгілі бір соғыс, табиғи апат немесе саяси өзгерістерге сілтеме жасаса, ол басқа тарихи дереккөздерде қалай сипатталған? Егер басқа дереккөздерде ол мүлде кездеспесе, онда оның түпнұсқалығын қайта қарастыру керек. Тарихи тұлғалар мен олардың әрекеттерін салыстыру. Дереккөзде аталған тұлғалардың шынайылығын тексеру. Деректе көрсетілген адамдар шынымен өмір сүрді ме? Олардың өмірбаяны басқа дереккөздерде кездеседі ме? Егер тарихи тұлғаға тым әсіреленген немесе оған жат әрекеттер телінсе, дерек күмәнді болуы мүмкін. Тұлғалардың рөлін басқа дереккөздермен салыстыру. Сол оқиғаға қатысқан басқа тарихи тұлғалар бұл туралы қандай мәлімет қалдырды? Сол кезеңдегі билеушілер, әскербасылар, ғалымдар немесе жазушылар бұл оқиға туралы не жазған? Егер дерек белгілі бір тұлғаны асыра мадақтаса немесе даттаса, оның үгіт-насихат құралы болуы мүмкін. Ұқсас тарихи кезеңдер мен оқиғаларды салыстыру арқылы деректің шынайылығын анықтауға болады. Егер оқиға басқа дереккөздермен сәйкес келсе және тарихи логикаға сай болса, оның түпнұсқалығына сенуге болады. Ал егер дерек біржақты немесе басқа дереккөздерге қайшы келсе, оны қосымша зерттеу қажет. Сындарлы талдауға арналған бірнеше тапсырма жасауға болады.
№ 1 тапсырма. Мәтіндік талдау
Берілген мәтінді оқып, оның негізгі идеясын, автордың көзқарасын және мәтіндегі дәлелдерді талдаңыз.
Мәтін:
"Қазіргі әлемде ақпараттың
көптігі адам санасын шатастыруы мүмкін. Сондықтан әрбір адам кез
келген деректі сын тұрғысынан бағалап, оның шынайылығын тексеруі
қажет."
Сұрақтар:
1.Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.
2.Автор қандай дәлелдер келтіреді?
3.Осы оймен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды негіздеңіз.
№2 тапсырма. Фильм немесе кітап талдауы
Сіз жақында көрген бір фильмді немесе оқыған кітапты сындарлы тұрғыдан талдаңыз?
Бұл тапсырмада оқушы "Тарихи фильмді немесе оқыған тарихи кітапты сындарлы тұрғыдан талдаңыз" деген сұраққа жауап беру үшін, тарихи туындыны тек баяндап қоймай, оның мазмұнын, тарихи шындықпен сәйкестігін, автордың ұстанымын, кемшіліктері мен артықшылықтарын саралап, өз көзқарасыңызды дәлелмен айту керек. Ол үшін мұғалім туындыны таныстырып өтеді.
1.Қандай фильм немесе кітап?
2.Авторы кім? Қашан жазылды немесе түсірілді?
3.Қандай тарихи кезеңді сипаттайды?
Мысалы: Менің талдауым "Көшпенділер" (2005) тарихи фильміне негізделген. Бұл фильм қазақ хандығының құрылуы мен Абылай хан тұсындағы оқиғаларға арналады. Ол үшін фильмнің немесе кітаптың мазмұнына қысқаша шолу жасау керек. Мысалы мынандай сұрақтар қою арқылы тапсырманы нақтылай түсуге болады.
1.Негізгі оқиғалар қандай?
2.Қандай тарихи тұлғалар бейнеленген?
Мысалы: Фильмді алсақ, Абылай ханның балалық шағы, батыр ретінде қалыптасуы, жоңғарлармен күресі суреттеледі. Сонымен қатар тарихи тұлғалар – Қалдан Серен, Бөгенбай батыр, Төле би де бейнеленеді. Тапсырманы бекіту үшін немесе жалпы сыныпты жұмылдыру үшін қойылатын сұрақтар?
1.Фильмнің немесе кітаптың негізгі идеясы қандай?
2.Автор қандай көркемдік немесе риторикалық тәсілдерді қолданған?
3.Оның кемшіліктері мен артықшылықтарын атаңыз.
4.Бұл шығарма сізге қандай ой салды?
2.4.Контекстуалды талдау әдісі
Контекстуалды талдау – тарихи деректерді, құжаттарды, оқиғаларды олардың пайда болған заманының әлеуметтік, саяси, мәдени және идеологиялық жағдайында қарастыратын ғылыми әдіс. Бұл тәсіл тарих ғылымында деректің мазмұнын ғана емес, сонымен қатар оның мәнмәтінін ашуға көмектеседі. Қазақ тарихында бұл әдіс соңғы жылдары кеңінен қолданыс таба бастады. Әсіресе, жаңа тарихи парадигма аясында жазылған зерттеулерде контекстуалды талдау – негізгі әдістемелік құралдардың біріне айналды. Мысалы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зарқын Тайшыбай өз еңбектерінде Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттегенде деректерді заманауи саяси-қоғамдық жағдаймен байланыстыра отырып талдайды. Оның "Алаш арыстары: тарихи-деректік зерттеу" атты еңбегінде Алаш қозғалысы қайраткерлерінің жазбалары сол уақыттағы отарлық саясат, патша үкіметінің идеологиясы және халықтың ұлттық сана-сезімі тұрғысынан контекстуалды түрде сараланады.[25] Сонымен қатар, Бүркіт Аяған бастаған тарихшылар тобы жазған «Қазақ мемлекеті: дәуірлер үндестігі» атты еңбекте де тарихи оқиғалар контекстуалды тұрғыдан қарастырылған. Бұл еңбекте Алтын Орда, Қазақ хандығы, және Ресей империясының отарлау кезеңдері бір-бірімен сабақтастырыла зерттеліп, әр тарихи кезеңнің мәнмәтіні ашылады.[26] Жас тарихшы Ерлан Сайлаубай да XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарын зерттеу барысында контекстуалды талдауды қолданады. Оның мақалаларында тарихи қайраткерлердің қызметі заманауи саяси жағдаймен, мәдениетпен және халықаралық үдерістермен байланыстырыла қарастырылады. Контекстуалды талдаудың маңыздылығы – тарихи деректерді механикалық түрде емес, сол кезеңдегі өмір шындығымен, саяси құрылыммен, менталитетпен ұштастыра қарастыруында. Бұл әдіс әсіресе ұлттық сананың қалыптасуы, идеология, тарихи жад, тұлғатану бағыттарында тиімді. Осылайша, қазақ тарихында контекстуалды талдау әдісін қолданған зерттеушілердің қатарына З. Тайшыбай, Б. Аяған, Е. Сайлаубай сынды ғалымдарды жатқызуға болады. Бұл әдіс бүгінгі таңда тарихи объективтілік пен сындарлы пайым жасаудың сенімді құралы ретінде өз орнын тапты. Контекстуалды талдау – белгілі бір дереккөзді немесе құбылысты оның тарихи, мәдени, әлеуметтік және саяси контекстінде қарастыратын зерттеу әдісі. Бұл тәсіл мәтіндерді, оқиғаларды немесе артефактілерді олардың пайда болу жағдайларын ескере отырып талдауға көмектеседі. Контекстуалды талдаудың негізгі принциптері: Тарихи контекст – Зерттелетін дереккөздің немесе оқиғаның қандай тарихи кезеңде және қандай оқиғалар аясында пайда болғанын анықтау. Мәдени контекст –Зерттеліп отырған құбылыстың белгілі бір қоғамдағы салт-дәстүрлерге, құндылықтарға және идеологияға қаншалықты байланысты екенін қарастыру. Әлеуметтік контекст – Қоғамдағы әлеуметтік құрылымдар, топтар мен таптардың рөлі, олардың оқиғаға немесе мәтінге ықпалы. Саяси контекст – Белгілі бір кезеңдегі билік құрылымдары, саясаттың оқиғаға немесе дереккөзге әсері. Авторлық контекст – дереккөзді жасаған автордың көзқарасы, оның қандай әлеуметтік немесе саяси жағдайға байланысты мәтінді жазғаны. Қолдану салалары: Тарихта:тарихи құжаттар мен оқиғаларды зерттеу кезінде олардың заманына сәйкес мағынасын түсіну үшін қолданылады. Мысалдар: Тарихи құжатты талдау: Мысалы, Абылай ханның Ресей мен Қытайға жіберген хаттарын қарастырғанда, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайын ескеру қажет. Әдеби шығарма: Абай Құнанбайұлының шығармаларын түсіну үшін, сол дәуірдегі қазақ қоғамының ахуалын, отаршылдық ықпалды, әлеуметтік теңсіздікті қарастыру маңызды. Саяси дискурс: ХХ ғасырдағы КСРО-ның ресми баяндамаларын талдағанда, олардың пропагандалық мақсатта жазылғанын ескеру керек. Контекстуалды талдау оқиғалар мен дереккөздерді олардың пайда болу жағдайларын есепке ала отырып түсінуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс тарихи шындықты бұрмалаудан сақтап, оқиғалар мен мәтіндерді объективті бағалауға көмектеседі.[27]
Контекстуалды талдауға арналған тапсырмалар
Контекстуалды талдау белгілі бір оқиғаны, құжатты немесе мәтінді оның тарихи, мәдени, әлеуметтік және саяси жағдайымен байланыстыра зерттеуге көмектеседі. Төменде осы әдіске негізделген бірнеше тапсырма үлгілерін ұсынамын. Тарихи құжатты контекстуалды талдау
№1
Тапсырма:
Берілген тарихи құжатты оқып, оны жазылған уақыттың тарихи
жағдайымен байланыстырыңыз. Мысалы мына құжатты
алсақ:
1917 жылғы Алаш Орда
үкіметінің бағдарламасы.
Біздің міндеттеріміз: 1.Бұл құжат қандай тарихи жағдайда жазылды?
2.Сол кездегі Қазақстандағы саяси жағдай қандай болды?
3.Құжаттың авторлары қандай мақсат қойды?
4.Қазіргі заманда бұл құжаттың маңызы қандай?
№2 тапсырма. Әдеби шығарманы тарихи-мәдени контекстте талдау
Белгілі бір әдеби шығарманы жазылған дәуірінің саяси, мәдени және
әлеуметтік ерекшеліктерімен байланыстырыңыз. Мысалы мына шығарманы алсақ : Абай Құнанбайұлының шығармашылық сөздері.
Оқушының міндеттері:
1.Бұл шығарма қай кезеңде жазылды?
2.Сол кездегі қазақ қоғамының негізгі мәселелері қандай еді?
3.Абайдың философиялық ойлары заманына қалай әсер етті?
4.Бұл шығарма қазіргі заманмен қандай байланыс табады? Атты сұрақтарға жауап беру.
№3 тапсырма. Саяси дискурсты талдау туралы тапсырма берейік, алдымен саяси дискурс туралы түсіндіре кетсек, Саяси дискурс — бұл саясат саласында қолданылатын тіл мен коммуникация жүйесі. Ол саясаткерлердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғам қайраткерлерінің және азаматтардың билік, басқару, заң, құқық, мемлекет, халық сияқты ұғымдар туралы айтатын, талқылайтын, жеткізетін барлық пікір, сөз, ұран, мәлімдеме, пікірталас, сөйлеу тілі түрлерін қамтиды. Саяси дискурс — саясатқа қатысты тіл арқылы жүзеге асатын пікір алмасу мен ықпал ету құралы. Белгілі бір тарихи кезеңдегі саяси шешім немесе сөздің контекстін талдаңыз.
Тақырыбы: Назарбаевтың 1991 жылғы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы жарлығы
Оқушыға берілген сұрақтар:
1.Бұл шешім қандай тарихи оқиғалардың нәтижесінде қабылданды?
2.Сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай болды?
3.Қабылданған шешімнің ұзақ мерзімді әсері қандай болды?
№4 тапсырма. Өнер және мәдениетті контекстуалды талдау.
Белгілі бір өнер туындысын (сурет, ән, кино) оның жасалған кезеңімен байланыстырып талдаңыз. Мысалы; Құрманғазы Сағырбаевтың күйлеріндегі тарихи сарынды қазақ халқының батыр ұлы М Өтемісов пен И Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезеңінен байқауға болатынын тарихшы ретінде деректерді іздеу арқылы мынандай сұрақтар арқылы тапсырма беруге болады.
1.Бұл күйлер қандай тарихи
кезеңде дүниеге келді?
2.Дина Нұрпейісованың шығармашылығына қандай оқиғалар әсер етті?
3.Оның шығармалары қазақ мәдениеті үшін қандай рөл атқарды?
№5 тапсырма.Тарихи оқиғаларды салыстырмалы контекстте қарастыру
Екі тарихи оқиғаны салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын контекстуалды түрде зерттеңіз.
Тақырыбы: Француз революциясы (1789) мен
1916 жылғы Қазақ көтерілісінің тарихи
контексті
Міндеттер:1.Екі оқиға қандай тарихи
жағдайларда басталды?
2.Қозғаушы күштері (халық, билік, сыртқы факторлар) қандай болды?
3.Нәтижелері қандай болды?
4.Бұл оқиғалардан қандай сабақ алуға болады?
2.5. Квантификациялық талдау әдісі
Квантификациялық әдіс – зерттелетін құбылыстар мен процестерді сандық көрсеткіштер арқылы өлшеу, сипаттау және талдау әдісі. Бұл әдіс әлеуметтік, экономикалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарда кеңінен қолданылады. Квантификациялық әдіс – тарих ғылымында сандық деректерге негізделген зерттеу тәсілі болып табылады. Бұл әдіс тарихи құбылыстарды санмен өлшеу арқылы объективті қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Көбінесе демографиялық, экономикалық, әлеуметтік статистикалар осы әдіс арқылы талданады. XX ғасырда ғылымның пәнаралық сипат алуы тарих ғылымында да жаңа әдістемелердің пайда болуына ықпал етті. Соның ішінде квантификациялық әдіс — тарихи деректерді математикалық, статистикалық тәсілмен жүйелеудің маңызды құралына айналды. Тарихи зерттеулерде квантификациялық әдістің қолданылуы ең алдымен "жаңа экономикалық тарих" (ағылш. cliometrics) деп аталатын бағыттың дамуына байланысты. Бұл бағыттың негізін салғандардың бірі — Роберт Фогель (Robert Fogel) мен Дуглас Норт (Douglass North) болды.[28] Олар тарихи үрдістерді сандық деректермен түсіндіріп, математикалық модельдер құру арқылы экономикалық тарихты жаңаша пайымдауға жол ашты. Бұл ғалымдар 1993 жылы Нобель сыйлығын иеленді, олардың еңбектерінде тарих пен экономика пәнаралық негізде тоғысады [Fogel & North, 1993]. Францияда "Анналдар мектебінің" өкілдері, әсіресе Фернан Бродель (Fernand Braudel), тарихи үрдістерді ұзақ мерзімді сериялық деректер арқылы сипаттауды ұсынды. Ол тарихты тек саяси оқиғалар емес, әлеуметтік-экономикалық құрылымдар мен күнделікті өмір тарихы арқылы кешенді түрде зерттеуді ұсынды. Бродельдің бұл тәсілі квантификациялық әдіске кең жол ашты [Braudel, 1980]. Англиядағы әлеуметтік тарихшы Питер Ласлетт (Peter Laslett) демографиялық тарихты зерттеуде сандық деректерді тиімді қолдана білді. Ол отбасылық құрылым, некелесу үлгілері мен халық санағы деректеріне сүйене отырып, сандық талдаудың тарихнамада маңызын дәлелдеді. Қазақстандық тарихнамада бұл әдіс енді ғана жүйелі қолданылып келе жатқанымен, кейбір ғалымдардың еңбектерінде сандық талдауға баса назар аударылған. Мәселен, Манаш Қозыбаев ашаршылық жылдарындағы адам шығынын нақты статистикалық деректермен көрсете отырып, осы әдісті жанама түрде қолданған. Сондай-ақ, Жамбыл Артықбаев қазақ этнодемографиясы мен көші-қон үдерістерін зерттеуде сандық деректерге сүйеніп, квантификациялық тәсілдің маңызын көрсетті. Берекет Кәрібаев Қазақ хандығы кезеңіндегі әлеуметтік-саяси құрылымды талдағанда салық, әскери күш, ру санын нақты сандармен келтіріп, бұл әдістің маңызын жанама түрде дәлелдеді. Жалпы алғанда, квантификациялық әдіс – тарих ғылымының заманауи бағыттарының бірі ретінде тарихи шындықты дәл әрі ғылыми негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс, әсіресе, сандық дерекке бай тақырыптарды – демография, экономикалық тарих, көші-қон, салық жүйесі секілді салаларды зерттеуде таптырмас құрал болып отыр. Квантификациялық әдістің ерекшеліктері: Сандық мәліметтерге негізделеді – деректер сандар, коэффициенттер, пайыздар, орташа мәндер түрінде беріледі. Өлшеу құралдарын қолданады – статистикалық талдау, математикалық модельдеу, корреляция және регрессия әдістері қолданылады. Объективтілікке ұмтылады – субъективті пікірлерден гөрі нақты мәліметтерге сүйенеді. Қорытынды жасауға мүмкіндік береді – деректерді өңдеу арқылы белгілі бір заңдылықтар мен тенденцияларды анықтауға болады. Бұл туралы қазақ тарихының белді тарихшыларының бірі Хангелді Әбжанов еңбектерінен көруге болады.[29]
Тарих пәнінде квантификациялық әдістің тапсырмалары
1. Сандық деректерді талдау
№1
Тапсырма:
Қазақ хандығының XV-XVIII ғасырлардағы аумағы туралы деректерді
салыстырып, карталардағы өзгерістерді талдаңыз.
1-кезең: 1456 жылғы Қазақ хандығының аумағын анықтау.
2-кезең: 1598 жылғы және 1723 жылғы аумақтық өзгерістерді
салыстыру.
3-кезең: Өлшем бірліктерін пайдаланып, хандықтың қанша пайызға ұлғайғанын немесе азайғанын есептеу.
2. Демографиялық өзгерістерді есептеу
№2
Тапсырма:
1930-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде халық санының өзгерісін
зерттеңіз.
1-кезең: 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының санын
анықтау.
2-кезең: 1939 жылғы санақ мәліметтерімен салыстыру.
3-кезең: Ашаршылықтың халық санына тигізген әсерін пайыздық
көрсеткіш арқылы анықтау.
3. Соғыстар мен көтерілістердің статистикасы
№3
Тапсырма:
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан
жасақшылар саны туралы деректерді талдаңыз.
1-кезең: Көтеріліске қатысқан әскер санының шамамен қанша болғанын
анықтау.
2-кезең: Әр кезеңдегі әскер санының өзгерісін анықтау (мысалы,
1838, 1842, 1846 жылдары).
3-кезең: Көтеріліс барысында әскер саны қанша пайызға азайғанын
есептеу.
4. Экономикалық көрсеткіштерді талдау
№4
Тапсырма:
Қазақстанның ғасырдағы экономикалық көрсеткіштерін зерттеу.
1-кезең: 19 ғасырда Қазақстандағы мал басының санын талдау (ірі
қара, жылқы, қой, түйе).
2-кезең: Ресеймен сауда айналымының сандық көрсеткіштерін
анықтау.
3-кезең: Сауда көлемінің өсімі мен құлдырауын пайыздық түрде
есептеу.
5. Қалалардың даму динамикасын есептеу
№5
Тапсырма:
XX ғасырдың басында Қазақстандағы ірі қалалардың халық санының
өсуін зерттеу.
1-кезең: 1897 жылғы алғашқы халық санағы бойынша Алматы, Орал,
Семей, Қызылорда қалаларының халқының санын анықтау.
2-кезең: 1926 жылғы санақ мәліметтерімен салыстыру.
3-кезең: Қалалардағы халық санының өзгерісін пайызбен есептеп,
қандай факторлар әсер еткенін
талдау.
2.6. Өзара байланыс әдісі
Өзара байланыс әдісі (интерактивті әдіс немесе коррелятивті әдіс) – ғылымда құбылыстар мен процестердің арасындағы байланыстарды, тәуелділіктерді, себеп-салдар қатынастарын ашуға бағытталған зерттеу тәсілі. Бұл әдіс әсіресе тарихи зерттеулерде, педагогикада және әлеуметтік ғылымдарда маңызды рөл атқарады. Өзара байланыс әдісі арқылы зерттеуші белгілі бір тарихи оқиғаның өзге факторлармен, тұлғалармен, әлеуметтік жағдайлармен байланысын анықтап, кең ауқымды қорытындылар жасай алады. Тарих ғылымында өзара байланыс әдісі тарихи құбылыстарды бір-бірімен салыстыра отырып, олардың өзара әсерін, себеп-салдарлық байланысын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс, әсіресе, тарихи үрдістердің дамуын кезеңдік, құрылымдық тұрғыдан қарастыруда өзекті. Мысалы, Қазақ хандығы мен көршілес елдер арасындағы саяси-экономикалық байланыстарды зерттегенде бұл әдістің көмегі зор. Бұл әдісті қолданған отандық және шетелдік ғалымдар қатарында төмендегідей зерттеушілерді атауға болады: Шоқан Уәлиханов – тарихи-этнографиялық еңбектерінде қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының өзара қарым-қатынасын терең зерттеген. Марк Блок – француз тарихшысы, «Анналдар» мектебінің өкілі, тарихи деректерді өзара байланыста талдаудың маңызын алғашқылардың бірі болып негіздеген. Эдвард Халлетт Карр – өзінің «What is History?» атты еңбегінде тарихи фактілердің өзара байланысын талдаудың маңыздылығын атап өткен.[30] М.Қ. Қозыбаев – Қазақстан тарихын зерттеуде тарихи үдерістердің ішкі және сыртқы факторларымен байланысын жан-жақты қарастырған. Т.Т. Тәжібаев – қазақ педагогикасы мен психологиясының тарихында өзара байланыс әдісін қолданып, тәрбиелеу мен оқытудың кешенді сипатын дәлелдеген. Ғылыми педагогикада бұл әдіс пәнаралық байланыс жасау, оқу үдерісінде оқушының логикалық ойлауын дамыту және оқу мазмұнын тұтастықта қабылдау үшін қолданылады. Мәселен, тарих пен әдебиетті байланыстыра отырып оқыту – оқушылардың тарихи санасы мен көркемдік түсінігін бір уақытта дамытады. Зерттеуші Ә.Е. Әбіл, «Оқу үрдісінде интеграцияланған әдістерді қолдану» атты еңбегінде пәндер арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру – білім сапасын арттырудың басты құралы екенін атап көрсетеді. Бұл көзқарас өзара байланыс әдісінің бүгінгі білім беру жүйесінде де өзектілігін көрсетеді. Қорытындылай келе, өзара байланыс әдісі – ғылыми танымда кең қолданылатын, күрделі құбылыстардың арақатынасын ашуға бағытталған әмбебап тәсіл. Ол тарихи деректерді, педагогикалық үрдістерді және әлеуметтік құбылыстарды кең ауқымда түсіндіруге мүмкіндік береді. Өзара байланыс әдісі – тарихи оқиғалар, құбылыстар мен процестер арасындағы байланыстарды анықтауға, олардың себеп-салдарын зерттеуге бағытталған тәсіл.[31]
Тарих пәні бойынша өзара байланыс әдісіне арналған тапсырмалар:
1. Тарихи оқиғалардың себеп-салдарын анықтау
Тапсырма:
"1917 жылғы Қазан төңкерісі
мен Қазақ автономиясының құрылуы арасындағы байланысты
талдаңыз."
1-кезең: Қазан төңкерісінің негізгі себептерін атаңыз.
2-кезең: Қазақстан аумағындағы саяси өзгерістерді сипаттаңыз.
3-кезең: Қазан төңкерісінің Қазақ автономиясының құрылуына қалай
әсер еткенін талдаңыз.
2. Қоғамдық қозғалыстардың байланысын зерттеу
Тапсырма:"1837-1847 жылдардағы
Кенесары Қасымұлы көтерілісі мен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың
ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтаңыз."
1-кезең: Кенесары көтерілісінің себептері мен нәтижелерін
сипаттаңыз.
2-кезең: 1916 жылғы көтерілістің себептері мен салдарын
талдаңыз.
3-кезең: Осы екі көтеріліс арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды көрсетіңіз.
3. Геосаяси процестердің өзара байланысын анықтау
Тапсырма:"1867-1868 жылғы әкімшілік реформалар мен Қазақстанның Ресей империясына толық қосылуы арасындағы байланысты зерттеңіз."
1-кезең: 1867-1868
жылғы реформалардың мәнін ашыңыз.
2-кезең: Ресей империясының
Қазақстандағы билігін нығайту жолдарын
сипаттаңыз.
3-кезең: Бұл реформалардың
Қазақстанның отарлық жүйеге толық енуіне қалай әсер еткенін
анықтаңыз.
4. Экономикалық процестер арасындағы байланыс
Тапсырма:
"19 ғасырдағы Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда байланыстарының
қазақ шаруашылығына әсерін талдаңыз."
1-кезең: 19 ғасырдағы қазақ даласындағы негізгі сауда орталықтарын
атаңыз.
2-кезең: Ресеймен сауданың қазақ экономикасына тигізген оң және
теріс әсерлерін көрсетіңіз.
3-кезең: Сауда қатынастарының дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығына
әсерін талдаңыз.
5. Мәдени және саяси өзгерістер арасындағы байланыс
Тапсырма:"Алаш қозғалысы мен 1920-1930
жылдардағы мәдени саясат арасындағы өзара байланысты
анықтаңыз."
1-кезең: Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарын сипаттаңыз.
2-кезең: Кеңес билігінің 1920-1930 жылдардағы қазақ мәдениеті мен
зиялыларына қатысты саясатын талдаңыз.
3-кезең: Кеңес билігінің мәдени саясаты Алаш қайраткерлерінің
тағдырына қалай әсер еткенін
анықтаңыз.
6. Демографиялық өзгерістердің тарихи процестермен байланысы
Тапсырма:"1930-жылдардағы ұжымдастыру саясаты мен қазақ
халқының демографиялық өзгерістерін
зерттеңіз."
1-кезең: Ұжымдастыру саясатының мазмұны мен мақсатын
сипаттаңыз.
2-кезең: Осы саясаттың халық санына тигізген әсерін зерттеңіз.
3-кезең: Ұжымдастырудың көші-қон процестері мен қазақ халқының
әлеуметтік құрылымына әсерін
анықтаңыз.
2.7. Нарративтік талдау әдісі
«Нарратив»
сөзі –
қазақ тіліне аударғанда «әңгімелеу», «баяндау»,
«хикая»,
кей
жағдайда «әңгіме
желісі»
немесе «баяндау
құрылымы» деген мағына береді. Бұл сөз
латын тіліндегі "narratio"
–
«әңгімелеу, баяндау» деген түбірден шыққан. Ғылыми және әдеби
контексте нарратив
дегеніміз
– оқиғаларды рет-ретімен баяндау арқылы мағына қалыптастыру
процесі. Ол тек қана оқиға туралы баяндау емес, сонымен қатар сол
оқиғаның қалай,
қандай
реттілікпен,
қандай
стильмен,
кімнің
атынан баяндалып отырғанын да
қамтиды. Тарих
ғылымында: Нарратив – тарихи деректер мен
оқиғаларды белгілі бір көзқарас немесе идеология аясында құрастырып
баяндау. Тарихшылар нақты фактіні емес, сол фактіні
қалай
баяндайтынын,
қандай мағына
беретінін зерттейді.
Нарратив — бұл оқиғаны
баяндаудың мәні мен формасы.
Ол тек
"не болды?" дегенге емес, "бұл қалай айтылды, қалай түсіндірілді?"
деген сұрақтарға жауап береді. Нарративтік
талдау – тарих ғылымында,
гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарда кеңінен қолданылатын
зерттеу әдістерінің бірі. Бұл әдіс нақты оқиғаларды, құбылыстарды
немесе тәжірибелерді баяндау құрылымы мен мазмұны
арқылы зерттеуді көздейді.
Нарративтік талдау тарихи оқиғалардың тек өздігінен болғанын
емес, олардың қалай баяндалғанын, кімнің атынан
және қандай мақсатпен айтылғанын
анықтауға
бағытталады. Хейден Уайт (Hayden
White) – нарративтік тарихнама
теориясының негізін қалаушы. Оның "The Content of the Form: Narrative Discourse
and Historical Representation"
(1987)
еңбегінде тарихи баяндаудың әдеби құрылымдарына (трагедия, эпопея,
сатира т.б.) талдау жасалады. Уайт тарихи баяндаудың объективті
емес екенін, әрбір нарративтің авторлық интерпретация екенін
дәлелдеген.[32].Пол Рикёр (Paul
Ricoeur) –
"Temps et
récit" (1983) – уақыт пен баяндаудың
философиялық байланысын зерттеген. Ол тарих пен әдебиеттің баяндау
тәсілдері ұқсас екенін көрсетті. Джером Брунер (Jerome
Bruner) –
"Acts of
Meaning" (1990) еңбегінде адамның
шынайылықты тану жолы көбіне нарративтік түрде жүретінін дәлелдеп,
бұл әдісті психология мен білім беру саласына
енгізген. Кэтрин Райс (Catherine Kohler
Riessman) –
"Narrative
Analysis" (1993) кітабында әлеуметтік
ғылымдарда нарративті қалай талдау керектігін нақты әдістемемен
көрсеткен.[33] Нарративтік талдау – бұл тарихи деректер мен
оқиғаларды баяндау, сипаттау үлгісі арқылы талдайтын ғылыми әдіс.
Бұл әдіс, ең алдымен, оқиғалардың қалай орын алғанын ғана емес,
олар қалай баяндалғанын, кімнің атынан, қандай мақсатпен жазылғанын
анықтауға бағытталады. Нарратив – дерек пен мағына арасындағы көпір
іспеттес: ол тарихи фактілерге авторлық көзқарас, эмоция мен
риторикалық құрылым енгізеді. Сол себепті бұл әдіс тарихи шындықты
ашуда ерекше рөл атқарады. Нарративтік әдістің негізінде тарих –
бұл тек оқиғалардың тізбегі емес, бұл – қоғамның өткенге деген
көзқарасы, жады мен танымының көрінісі деген ұстаным жатыр. Яғни,
деректің мазмұны ғана емес, оны баяндау формасы, құрылымы, тілдік
ерекшелігі де зерттеу нысанына айналады. Бұл әдістің ерекшелігі –
деректердің мәнін тек сыртқы белгілерімен емес, ішкі мағыналық
құрылымымен ашу. Мысалы, батырлар жыры немесе шежірелік әңгімелер
нақты тарихи оқиғаға сүйенгенімен, оларда уақыт, себеп, кейіпкер
бейнесі көркем тілмен баяндалады. Сондықтан нарративтік әдіс –
әсіресе ұлттық тарихи сананы, ауызша тарихты зерттеуде таптырмас
құрал. Нарративтік талдау – тарихи
деректерді жаңаша пайымдауға, оқиғалардың мағыналық құрылымын
тануға мүмкіндік беретін тиімді әдіс. Бұл әдіс қазіргі таңда
постмодерндік, сындарлы және деколониалды тарихнамада кеңінен
қолданылуда. Отандық ғалымдар да бұл бағытты меңгеріп, тарихи
танымды жаңғыртуда маңызды қадамдар жасауда . Қазақ тарихшылары
арасындағы осы тақырыпты зерттеген ғалымдар:
Қазақстанда нарративтік талдау әдісін ғылыми айналымға
енгізіп, оны қолданған тарихшылардың қатарында төмендегідей
ғалымдарды атап өтуге болады: Жамбыл Артықбаев және Бүркіт
Байғалиев, Әлімғазы Дәулетхан . Олар қазақ ауызша тарихы мен тарихи
жырларды зерттеу барысында нарративтік құрылымды маңызды деп танып,
тарихи сана мен тұлғалық бейнені талдауда осы әдісті қолданды.[34]
Әлімғазы Дәулетхан Қазақтың көшпелі мәдениеті мен ерлік эпосын
тарихи нарратив ретінде талдай отырып, халықтың тарихи жады мен
дүниетанымдық негіздерін саралады.
Қазақ қоғамындағы билік жүйесі мен дәстүрлі құрылымдарды
баяндаудағы нарративтік үлгілерге назар аударып, шежірелік
әңгімелер мен тарихи аңыздарды дерек ретінде қарастырды. Берік
Әбдіғалиұлы Ұлттық тарих пен тұлғалардың бейнесін қалыптастырудағы
тарихи нарративтердің рөлін зерттеген. Ол әсіресе отандық тарихтағы
оқиғалардың ел жадындағы көрінісін талдаған.
Нарративтік талдау әдісі – тарихи деректердің мазмұнын ғана
емес, олардың баяндалу стилі мен формасын зерттеуге мүмкіндік
беретін тиімді әдіс. Бұл тәсіл тарихи сана, ұлттық жады және
тұлғалық бейнелерді зерделеуде ерекше маңызға ие.Қазақ тарихшылары
бұл әдісті отандық материалдарда қолданып, ұлттық тарихты жаңа
ғылыми деңгейде танытуға күш салып келеді. Нарративтік тәсіл –
заманауи тарих ғылымының ілгері даму бағыттарының бірі ретінде
танылып отыр. Нарративтік талдау – бұл тарихи деректер мен

құрал. Қазақ тарихшылары арасындағы зерттеген
ғалымдар: Қазақстанда нарративтік талдау
әдісін ғылыми айналымға енгізіп, оны қолданған тарихшылардың
қатарында төмендегідей ғалымдарды атап өтуге болады: Бүркіт
Байғалиев.Ол қазақ ауызша тарихы мен тарихи жырларды зерттеу
барысында нарративтік құрылымды маңызды деп танып, тарихи сана мен
тұлғалық бейнені талдауда осы әдісті қолданды. Әлімғазы Дәулетхан
Қазақтың көшпелі мәдениеті мен ерлік эпосын тарихи нарратив ретінде
талдай отырып, халықтың тарихи жады мен дүниетанымдық негіздерін
саралады.[35] Жамбыл Артықбаев

әңгімелер мен тарихи аңыздарды дерек ретінде
қарастырды.[36] Артықбаев Ж. Қазақ
қоғамындағы дәстүрлі билік жүйесі. – Астана:
Елорда,2005.Берік Әбдіғалиұлы.Ұлттық тарих
пен тұлғалардың бейнесін қалыптастырудағы тарихи нарративтердің
рөлін зерттеген. Ол әсіресе отандық тарихтағы оқиғалардың ел
жадындағы көрінісін талдаған. Нарративтік талдау әдісі – тарихи
деректердің мазмұнын ғана емес, олардың баяндалу стилі мен формасын
зерттеуге мүмкіндік беретін тиімді әдіс. Бұл тәсіл тарихи сана,
ұлттық жады және тұлғалық бейнелерді зерделеуде ерекше маңызға ие.
Қазақ тарихшылары бұл әдісті отандық материалдарда қолданып, ұлттық
тарихты жаңа ғылыми деңгейде танытуға күш салып келеді. Нарративтік
тәсіл – заманауи тарих ғылымының ілгері даму бағыттарының бірі
ретінде танылып отыр.[37]
Тақырыбы: Нарративтік талдау әдісі негізінде тарихи мәтінді зерттеу
Сынып: 10–11.Тарихи деректерді талдаудың әдістерін қолдану, деректерді сыни талдау арқылы тарихи интерпретация жасау.
Тапсырманың мақсаты: Нарративтік (баяндаушы) мәтіннің құрылымын түсіну;
Авторлық көзқарасты ажырату;
Мәтіндегі тарихи және субъективті элементтерді анықтау;
Өз бетінше тарихи интерпретация жасау.
Тапсырма мазмұны:1. Мәтінмен жұмыс (дерек үзінді)
«1928 жылы тәркілеу науқаны басталғанда, қазақ байларының көпшілігі шекара асып кетті. Солардың бірі – белгілі ру басы Тілеуберді болатын. Ел ішіндегі беделі жоғары, дәстүрлі билікті ұстанған тұлға ретінде ол большевиктер тарапынан "тап жауы" саналды. Бұл оқиға ауыл өмірінің түбегейлі өзгеруінің бастамасы болды...»
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мәтінде баяндалған тарихи оқиға
қандай? Оның нақты уақыты мен сипатын атаңыз.
2. Автор Тілеубердінің бейнесін қалай сипаттап отыр? Бұл
сипаттамада қандай субъективтілік бар деп
ойлайсыз?
3.Мәтіндегі баяндау стиліне назар
аударыңыз. Эмоциялық немесе риторикалық тәсілдер қолданылған ба?
Нақты мысал келтіріңіз.
4. Бұл үзіндіде тарихи факті мен авторлық көзқарасты ажыратып
көрсетіңіз.
5. Сіздің ойыңызша, нарративтік тәсілмен жазылған мұндай мәтін
тарихи шындықты көрсетуге қалай әсер етеді? Артықшылығы мен
шектеулерін жазыңыз.
2. Шығармашылық тапсырма:
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап,
қысқаша (8–10 сөйлем) тарихи нарратив
жазыңыз.
Талап: тарихи факт болсын, бірақ баяндау авторлық
көзқараспен сипатталуы қажет.
Тақырыптар мысалы:1931–1933 жылдардағы ашаршылық, Алаш арыстарының қуғын-сүргіні,Желтоқсан көтерілісі (1986),Тәуелсіздік алған күн, Бір тарихи тұлғаның (мысалы, Әлихан Бөкейхан, Нәзір Төреқұлов, Хан Кененің) өмірінен үзінді.
Осы
тапсырмалар бойынша бағалау критерийлері (рубрика
![]()
|
Критерий |
Ұпай саны |
|
|
Мәтін мазмұнын түсіну, тарихи уақытты дәл анықтау |
2 Ұпай |
|
|
2 Ұпай |
|
|
2 Ұпай |
||
|
Авторлық көзқарасты анықтау және талдау |
2 Ұпай |
|
|
Нарративтік белгілерді тану (субъективтілік, баяндау стилі) |
2 Ұпай |
|
|
Факт пен пайымдауды ажырату қабілеті |
2 Ұпай |
|
|
Жалпы ұпай |
2 Ұпай |
3.Қазіргі заманғы технологиялар мен тарихи деректерді талдау
Цифрлық дәуір тарих ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. ХХІ ғасырдағы жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы, цифрландыру үдерісі тарихи деректерді жинау, сақтау, жүйелеу және талдау әдістерінің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етті. Бұл жағдай зерттеушілердің мүмкіндігін кеңейтіп, тарихи білімді тарату мен танымның жаңаша үлгілерін қалыптастырды. Сондықтан да қазіргі заманғы технологиялар мен тарихи деректерді талдау әдістемесін үйлестіру – заманауи тарихнаманың маңызды бағытына айналды. Цифрлық тарих — компьютерлік және интернет-технологияларды қолдану арқылы тарихи деректерді зерттеу, визуализациялау және тарату процесі. Бұл бағыт Батыс елдерінде 1990-жылдары қалыптаса бастаса, Қазақстанда соңғы онжылдықта белсенді дами бастады. Цифрлық тарихтың ерекшеліктері:Жаппай сандық деректерді сақтау және қолжетімді ету (мұрағаттар, карталар, фотосуреттер);Қашықтан дерекпен жұмыс істеу (онлайн мұрағаттар, электронды кітапханалар);Деректерді автоматты өңдеу және сұрыптау (мәтіндік, графикалық, статистикалық); Жасанды интеллект пен big data-ны тарихи зерттеуде қолдану. Қазіргі таңда тарихи деректерді талдауда келесі технологиялар мен платформалар кеңінен қолданылуда:Тарихи құжаттар электронды форматта енгізіліп, кілт сөздер мен сілтемелер арқылы өзара байланыстырылады. Тарихи оқиғалар мен процестерді кеңістік пен уақытқа байланысты картада көрсету, көшпелі тайпалардың миграциясы, шекаралар эволюциясы, соғыс қимылдары. Тарихи деректерді кесте, диаграмма, график және интерактивті сызба түрінде беру, Ескі қолжазбаларды, кітаптарды сканерлеп, мәтінге айналдыру,Архив құжаттарын сандық форматқа енгізуге қолайлы. Жасанды интеллект арқылы мәтіндік деректерден жасырын мағына, эмоция, идеяларды тану (тексте нарратив құрылымын анықтау). Қазіргі технологиялар тарихты тек талдауға ғана емес, оны оқытуда, насихаттауда да кеңінен қолданылады: Виртуалды музейлер (мысалы: ҚР Ұлттық музейінің 3D нұсқасы); АР және VR технологиялары арқылы тарихи реконструкциялар жасау; Интерактивті тарихи карталар мен хронология құралдары; Онлайн курстар мен оқулықтар (Coursera, Khan Academy, OpenU.kz). Қазақстанда тарихи деректерді цифрлық форматта сақтауға және зерттеуге бағытталған бастамалар белсенді дамып келеді. Атап айтқанда: ҚР Ұлттық мұрағатының электронды базасы; e-history.kz — тарихи материалдарды онлайн ұсынатын портал; «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында архив құжаттарын цифрландыру жұмыстары. Тарихи деректерді зерттеуде заманауи технологияларды пайдалану – ғылымның жаңа дәуірі басталғанының дәлелі. Бұл үрдіс зерттеушілерге кең көлемде материалмен жұмыс істеуге, күрделі тарихи процестерді визуалды әрі интербелсенді түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, цифрлық құралдар ғылыми нәтижелерді көпшілікке қолжетімді етіп, тарих ғылымының ашықтығы мен қоғамдық рөлін арттырады. Болашақ тарихшылар үшін технологияны игеру – тек қосымша құрал емес, ғылыми ізденістің ажырамас бөлігіне айналып отыр.[38]
«Қазіргі заманғы технологиялар мен тарихи деректерді талдау» тақырыбына арналған практикалық тапсырмалар мен кестелер ұсынылып отыр. Бұл материалдарды әдістемелік құралға қосымша ретінде немесе оқыту процесінде қолдануға болады.
Тапсырма 1. Деректерді типіне қарай жіктеңіз
|
№ |
Тарихи дерек мысалы |
Дерек типі |
Қысқаша түсініктеме |
|
1 |
XVIII ғ. халық санағы |
|
|
|
2 |
«Қобыланды батыр» жыры |
|
|
|
3 |
1917 жылғы фотосурет |
|
|
|
4 |
Археологиялық қыш ыдыс |
|
|
|
5 |
Қазақ хандығы туралы деректі фильм |
|
|
Нұсқау: Әр мысалдың қай типке жататынын (жазба, ауызша, бейнелік, материалдық, сандық) анықтап, кестені толтырыңыз.
Тапсырма 2. Цифрлық платформалармен жұмыс жасау
|
№ |
Платформа атауы |
Мақсаты / функциясы |
Ізделетін тарихи тақырып |
Нәтиже (қысқаша сипаттама) |
|
1 |
e-history.kz |
|
|
|
|
2 |
Europeana.eu |
|
|
|
|
3 |
Ұлттық мұрағат сайты |
|
|
|
|
4 |
Google Arts & Culture |
|
|
|
|
|
||||
Нұсқау: Әр сайтқа кіріп, тарихи тақырыпты іздеп көріңіз. Қандай дерек табылатынын қысқаша жазыңыз.
Тапсырма 3. Визуализация жасаңыз
Тапсырма
сипаттамасы:
XV-XVIII ғасырлар аралығындағы қазақ хандығының жер аумағының
өзгерісін интерактивті
карта, диаграмма немесе временная шкала (timeline) түрінде көрсету үшін қандай құрал
қолданар едіңіз?
|
Құрал атауы |
Мақсаты |
Неліктен таңдадыңыз? |
Қысқаша нәтижесі |
|
Хронологиялық ось |
|||
|
|
|||
|
Мыс.: TimeToast |
Уақыты ретімен көрсетуге ыңғайлы |
1465–1718 жылдар аралығы көрсетілді |
Нұсқау: Визуализация құралын таңдап, оның артықшылығын сипаттаңыз.
Тапсырма 4. Тарихи құжатты OCR арқылы тану
Мақсат: Қолжазбаның немесе сканерленген тарихи құжаттың мәтінін цифрлық форматқа көшіру үшін қандай OCR құралын қолданасыз?
|
Құжат атауы |
OCR құралы (мысалы: ABBYY FineReader, Google OCR) |
Артықшылығы |
Қиындықтар |
|
|
|
|
|
Нұсқау: OCR құралын таңдап, оның қандай дерекпен тиімді жұмыс істейтінін түсіндіріңіз.
Осы әдіске байланысты қосымша кестелер
Кесте 1. Цифрлық құралдар мен олардың функциялары
|
Құрал/Платформа |
Қызметі |
Пайдалану саласы |
|
GIS (ArcGIS, QGIS) |
Географиялық мәліметтермен жұмыс |
Тарихи картография, миграция |
|
OCR (FineReader) |
Қолжазбаны мәтінге айналдыру |
Архив, құжаттар |
|
Google Arts & Culture |
Тарихи көркем туындылар мен музейлер |
Визуал тарих |
|
TimelineJS |
Хронологиялық оқиғалар тізбегі |
Уақыт шкаласы |
|
e-history.kz |
ҚР тарихына қатысты деректер мен мақалалар |
Оқу, ізденіс |
|
Flourish / Tableau |
Деректерді визуалдау |
Статистика, презентация |
4. Қорытынды
Тарихи деректерді талдау – бұл
жай оқиғаларды сипаттау емес, өткеннің шынайы бейнесін ғылыми
әдістер арқылы қалпына келтіру үдерісі. Тарих ғылымының
объективтілігі осы талдау әдістерінің дәлдігіне тікелей байланысты.
Қазақстандық және шетелдік тарихшылар тарихи деректерге сын көзбен
қарап, олардың пайда болу уақыты мен жағдайын, авторының ұстанымын,
идеологиялық бағытын, әлеуметтік-философиялық көзқарасын ескере
отырып талдайды.
Біріншіден, тарихи деректі дерек ретінде
пайдалануда контекстуалды
талдау әдісі кең қолданылады. Бұл
әдіс тарихи оқиғаны оның уақыттық және кеңістік аясында,
әлеуметтік, саяси, мәдени жағдайларымен байланыстыра түсіндіруге
мүмкіндік береді. Белгілі тарихшы, академик
Мәмбет
Қойгелдиев өз еңбектерінде Алаш
қозғалысын зерттеуде деректердің контекстуалды мәнін терең ашып
көрсетіп, олардың сол дәуір идеологиясымен байланысын
дәлелдеген.[41] Екіншіден, салыстырмалы-тарихи
әдіс арқылы түрлі өңірлердегі
тарихи құбылыстарды салыстыру арқылы ұқсастықтар мен ерекшеліктер
анықталады. Бұл әдісті Берекет
Кәрібаев Қазақ хандығы тарихын зерттеу
барысында Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы және Моғолстанмен
салыстырмалы талдау жасауда тиімді
қолданған.[42]Үшіншіден, квантификациялық
әдіс (сандық әдіс) тарихи
мәліметтерді нақты деректер арқылы дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, 1897 жылғы Ресей империясы жүргізген алғашқы халық санағы
деректерін Жамбыл
Артықбаев өз еңбектерінде кеңінен
қолданып, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын, демографиясын
зерделеген.[43] Төртіншіден, дерекке
сыни
көзқарас – тарихи дереккөздің
объективтілігіне, оның авторлық ұстанымына баға беру болып
табылады. Белгілі ағылшын тарихшысы
Э.Х.
Карр: «Тарих – бұл тарихшы мен
дерек арасындағы үздіксіз диалог» дейді. Бұл ұстанымды қазақстандық
тарихшы Талас
Омарбеков те қолдайды. Ол кеңестік
кезеңдегі құжаттарды зерттегенде, деректердің идеологиялық тұрғыдан
бұрмаланғанын ғылыми дәлелдермен көрсеткен.
[44]
Осы ғылыми тәсілдер мен
тұжырымдар көрсеткендей, тарихи деректерді жан-жақты талдау – тарих
ғылымының негізі. Әдістердің үйлесімді пайдаланылуы арқылы тарихи
шындық қалпына келтіріліп, ұлт тарихының жаңа беттері ашылады. Бұл
тек ғылыми-зерттеу ісінің қажетті шарты емес, сонымен қатар
жастарға тарихи сананы сіңірудің, ұлттық болмысты ұғындырудың
пәрменді құралы. Тарихи деректерді талдау – бұл
өткен оқиғалар мен құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру жолы.
Қазіргі заманда деректерге негізделген объективті тарих жазу үшін
бірнеше әдістерді кешенді түрде қолдану қажет. Осыған орай, отандық
тарихшы ғалымдар тарихи талдау әдістерін жетілдіріп, оны нақты
зерттеулерінде қолдану арқылы қазақстандық тарих ғылымына елеулі
үлес қосуда. Тарихи деректердің шынайылығын
анықтауда нарративтік талдау
әдісі маңызды орын алады. Бұл
тәсілді Бүркіт
Байғалиев өзінің еңбектерінде қолдана
отырып, қазақ эпостары мен шежірелік деректерді тарихи дерек
ретінде қарастырған. Оның айтуынша, ауызша тарихты жазба
деректермен қатар қарастыру – қазақ қоғамының тарихи санасын
қалпына келтірудің бір
жолы.[45]Архивтік деректерді
жүйелі талдау арқылы тарихи шындықты жаңаша
зерделеу жолға қойылуда. Мысалы, тарихшы
Мақсат
Алпысбес кеңестік кезеңдегі саяси
репрессиялар мен қоныс аудару саясатын архив құжаттары арқылы
зерттеп, жаңа деректерді ғылыми айналымға енгізді.[46] Ол архив
деректерін талдауда дереккөздің түпнұсқалығына, мазмұндық
мағынасына ерекше мән береді. Мәдени-антропологиялық
әдіс тарихи деректерді қоғамның
рухани және материалдық мәдениеті арқылы сараптауға мүмкіндік
береді. Бұл бағытта Әлімғазы
Дәулетхан өз еңбектерінде қазақ халқының
көшпелі мәдениетіне қатысты деректерді талдап, тарихи деректің тек
саяси емес, тұрмыстық-мәдени қырларын да ашып
көрсеткен.[46] Тарихи геосаяси
талдау әдісін
Жамбылов Дос
Көшімұлы ұлттық мемлекеттердің құрылу
жолдарын, шекара мәселесін, кеңістіктік-тарихи тұтастықты зерттеуде
тиімді қолданған. Ол деректерді елдік мүдде тұрғысынан пайымдай
отырып, Қазақстанның шекаралық тарихын талдаған.[47].Аталған
әдістер мен зерттеушілердің еңбектері дәлелдегендей, тарихи
деректерді талдауда тек бір көзқарасқа сүйену жеткіліксіз. Ғылыми
негізделген, көпқырлы әдістердің үйлесімді пайдаланылуы тарихи
шындыққа жақындауға көмектеседі. Бұл – тек ғылыми қауымдастық үшін
ғана емес, ұлттық болмысты дұрыс түсінгісі келетін жас ұрпақ үшін
де аса маңызды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі;
[1]. «Шындық пен бұрмалау: Қазақстан туралы ағылшын‑американдық тарихнама» (орысша: Действительность и фальсификация) (1976ж
[2].Қозыбаев М. (1995). Тарих және тағдыр. Алматы: Санат.2003ж119-120бб
[3]. «Ғұн‑түрік‑қазақ тарихы зерттеу мәселелері».Стамбул. (2005ж)27-28бб
[4].Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Арыс, 2004.56-57бб
[5].Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы: тарихи мәселе ретінде қарастыру. – Алматы, 2011.14-15бб
[6]. (Есмағамбетов К.Л. «Деректану және тарихнама», 2011, 38-б.; Қойгелдиев М.Қ. «Алаш қозғалысы», 1995, 22-б.). 77
[7]. Тәкенов Ә.С. «Тарих деректері мен оларды пайдалану», 2008, 88-б.
[8]. (Дәулетханұлы Ә. «Ежелгі және ортағасырлардағы түркілер», 2014, 47-б.; Мұхаметханұлы Н. «Қазақ тарихының өзекті мәселелері», 2009, 90-б.).
[9].(Есмағамбетов К.Л. «Қазақтар шетел әдебиетінде», 1995, 54-б.; Қойгелдиев М.Қ. «Алаш қозғалысы», 1995, 29-б.).
[10]. Эдвард Халлетт Карр «What is History?» (1961)45-46бб
[11]. White, Hayden. The Content of the Form: Narrative Discourse and Historical Representation. — Baltimore: Johns Hopkins University Press, 1987.
[12]. Якоб Гримм "Deutsche Grammatik" (1822)
[13]. Ә Қайдар «Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері».А.Сардар баспасы.2014ж 44-46 бб
[14] Қозыбаев, М. Тарих және тағылым. — Алматы: Атамұра, 1998.
[15] Ермұхан Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында».А.Атамұра.1990ж .32-35бб
[16] Омарбеков, Т. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. — Алматы: Қазақ университеті, 2007.
[17] Қинаятұлы, З. Қазақ тарихындағы кеңестік бұрмалаушылықтар. — Алматы: Жалын, 2007.
[18] К.Л Есмағамбетов «Зарубежная историография истории Казахстана (с древних времен до начала 90-х жағы XX ғ.).// Автореферат.Жамбыл.2000ж .
[19]. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Арыс, 2004).
[20]. Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы: тарихи мәселе ретінде қарастыру. – Алматы, 2011).
21] Мырзахметұлы, М. Түркістан тұғыры. — Алматы: Білім, 1994.
[21] Ермұхан Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында».А.Атамұра.1990ж .32-35бб
[22]. Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы: тарихи мәселе ретінде қарастыру. – Алматы, 2011).
[23].Қозыбаев М.Қ. “Жауды шаптым ту байлап”– Алматы: Қазақстан, 1998ж 36-38бб
[24]. Хандар шежіресі.Қинаятұлы З.Қ. – Алматы: Арыс, 2001.ж65-66 бб
[25]. Тайшыбай З. "Алаш арыстары", Алматы, 2008ж.78-79бб
[26]. Қазақ мемлекеті дәуірлер үндестігі (Аяған Б.Ғ. және т.б., Алматы, 2014).55-57бб
[27]. Е Сайлаубай.«Алаш әскері қалай жасақталды?»// e‑history.kz сайты
[28]. Роберт Фогель (Robert Fogel) Railroads and American Economic Growth: Essays in Econometric History (1964)
[29]. Х Әбжанов «Түркі әлеміндегі Қазақстан: іргелі тарих және методология».Петропавл. Полиграфия баспасы.2011ж.261-262бб
[30]. E. H. Carr – «What is History?» 1961.Macmillan (UK), Knopf (АҚШ) .
[31]. Ә.Е. Әбіл, «Оқу үрдісінде интеграцияланған әдістерді қолдану» .А.2017ж
[32] .Пол Рикёр (Paul Ricoeur) – "Temps et récit" (1983)
[33]. Catherine Kohler Riessman) – "Narrative Analysis" (1993)
[34]. Байғалиев Б. Тарих және тұлға. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
[35]. Дәулетхан Ә. Көшпелілер өркениеті және қазақ мемлекеттілігі. Алматы: Тарих, 2014.
[36]. Артықбаев Ж. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік жүйесі. – Астана: Елорда,2005
[37]. Әбдіғалиұлы Б. Тарих. Тағылым. Тұлға. – Астана: Фолиант, 2013.
[38]. ЦИФРОВОЕ ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ: ОБЗОР ПРАКТИК И ПЕРСПЕКТИВЫ В КАЗАХСТАНСКОМ ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИИDigital Literary Studies: // researchgate.net/publication/сайты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тарихи деректерді талдау әдістері"Оқу-әдістемелік құрал (тарих пәні мұғалімдеріне арналған)

шағым қалдыра аласыз