Сабақ тақырыбы: Тарихи жәдігерлер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтың материалдарымен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау:
-
Тарих дегеніміз не?
-
Тарих сөзін алғаш қолданған кімдер ?
-
Тарихтың атасы деп кімдерді атаймыз ?
-
«Тарихи жазбалар» атты еңбектің авторы ?
-
Жазба тарихтың негізін салушы ?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар
-
Тарихи жәдігер дегеніміз не .
-
Тарихи деректер түрлері: Ауызша, жазбаша , археологиялық,этнографиялық
Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, адамзат баласының өткен тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме. Қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылымның – археология деп аталады. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни, археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Сондай-ақ, балалар, жер бетінде түрлі халықтар өмір сүргеннен кейін олардың айналысатын кәсібі мен өзіндік мәдениеті болатыны белгілі. Осыған байланысты, түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылымды – этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия – «жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді.
Тірек сөздер:
1. Иероглиф 8. Латын алфавиті
2. Жазу 9. Кирилл әліппесі
3. Пиктография 10. Қытайлықтар
4. Шумер сына жазуы 11. Иоганн Гутенберг
5. Финикиялықтар 12. Жылнама
6. Сына жазуы 13. Тарихи еңбектер
7. Араб жазуы 14. «Күлтегін жазуы»
1. Иероглиф – жазудың бір түрі. Оның таңбалары ретінде заттың, өсімдіктің, жануарлардың, құстың суреті қолданылған.
2. Жазу – адамның ойын, пікірін білдіретін таңбалар жүйесі.
3. Пиктография – тасқа, қышқа жазылған сурет жазулары.
4. Шумер сына жазуы – бізге белгілі тарихтағы ең көне жазу үлгісі.
5. Финикиялықтар – Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы теңізде жүзушілер.
6. Сына жазуы – Ежелгі Түріктер б.з-дың VІ-VІІІ ғасырларында пайдаланған.
7. Араб жазуы – Б.з-дың Х ғасырынан бастап, Ислам дінінің орнығуымен тарады.
8. Латын алфавиті – Кеңес өкіметінің ықпалымен араб алфавитінен 1929 ж. көшірілді.
9. Кирилл әліппесі – Бүгінгі өзіміз жазып жүрген 1940 жылы енгізілді.
10. Қытайлықтар – Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар.
11. Иоганн Гутенберг – Кітап басуды жеңілдетуді Еуропада ХV ғ.ашқан неміс шебері.
12. Жылнама – жазбаша тарихи кітап.
13. Тарихи еңбектер – Тарихи оқиғаларды жүйелеп, кезең-кезеңімен жазу басталды.
14. «Күлтегін жазуы» - Орхон-Енисей өзендері бойынан табылған жазу.
Сабақты бекіту:
1.Тарихи дерек дегеніміз не?
2. Тарихи деректің түрлері?
3. Ауызша деректерге не жатады?
4. Археология деген не?
5. Мұрағат деген не ?
6. Этнография нені зерттейді ?
7. Тасқа жазылған суреттердің атауы ?
8. Алғашқы алфавитті кімдер ойлап тапты ?
Қорытынды
Бағалау :
Үй тапсырмасы: Тарихи жәдігерлер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарихи жәдігерлер

шағым қалдыра аласыз