Материалдар / ТАРИХИ КОНЦЕПТІЛЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАРИХИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТАРИХИ КОНЦЕПТІЛЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАРИХИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тарих пәні мұғалімдеріне көп көмегін тигізеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2020
9052
32 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАРИХИ КОНЦЕПТІЛЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ТАРИХИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ


Ғ.Б. Айтпенбетов

«№ 41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік

мекемесі тарих пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді.Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім берудегі ақпараттандыру,халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға,дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау қажет

Қазіргі таңдағы білім мазмұнын жаңаша бағытта өзгертудегі мақсат-білім алушылардың алған білімін өмірде қолдана ала білуі. Жас ұрпақтың бойында ұлттық-тарихи сананы қалыптастырудың негізгі жолы, ол тарихи білім болып табылады.

Тарихи сана – әлеуметтік философиялық ұғым. Адамзат баласының мәдениеті мен рухани құндылықтарының қалыптасуында оның болмысының рухани өрісі, тарих бетінде қалатын рухани таңбасы тарихи сананың феномені, үлгілері мен тұлғалық көріністері арқылы ерекшеленіп, айқындалып отырады. Көне дәуірдің өзінде өзінің төл мәдениеті мен өркениетін, сол арқылы адамзат өркениетінің даму негізін қалыптастырушы ұлттардың дүниетанымы, дәстүрі мен тәжірибелері айқын дәлел болып отырғандай, әрбір тарихи уақыт шеңберіндегі даму жекелеген адамдардың (ұлт тұлғаларының) интеллектуалдық қызметінен, интеллектуалдық дамуы тарихи санадан бастау алатындығын айқындайды. [1]

Тарихи ойлау-тіл практикасымен және кеңістік қиялымен байланысты субьект пен тарихи шындық құрылысына бағытталған ақыл-ой жиынтығы

Осы кезге дейінгі қолданылған оқу бағдарламаларында сыни ойлауға, проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған тапсырмалардың болмауы, сонымен қатар оқушылардың бойында тарихи сананы, тарихи ойлау дағдыларын қалыптастырып, құндылықтарға баулуға бағытталған тапсырмалардың жетіспеуі, деректерге негізделген метериалдардың тым көп көлемде берілуі тарих пәнін жаңаша тәсілдермен оқыту қажеттілігін туындатты. [5]

Оқушылар бойында тарихи ойлау мен тарихи сананы қалыптастырудың бірден-бір жолы-оқушыларды тарихи концептілерге сүйене отырып оқыту.

Ең алдымен «концепт», «концепция» ұғымдарының мәнін ашып алайық.



Концепт туралы ғалымдар ойы әртүрлі. Линн Эриксон: «Концепт – бұл көп мысалдарға ие, кең, абстрактілі, әмбебап идеялар» деп атаған

Концепт- (лат. сoncepus) адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. [2]

Конце́пция (лат. conceptio — түсіну, жүйе ) — басты ой, жетекші идея, әлемдегі, табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарға қатысты көзқарастар жүйесі. [3]

Жаңартылған білім мазмұны бойынша өзара тығыз байланыстағы тарихи тарихи ойлау тұжырымдамасын жүзеге асырудағы концептілер алты бөлікке бөлінген. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларды қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктер) негізделеді:

1) өзгеріс пен сабақтастық;

2) себеп пен салдар;

3) дәлел;

4) ұқсастық пен айырмашылық;

5) маңыздылық;

6) интерпретация.

Дәлел- қарастырылып отырған дәлелге қатысты тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, мысалы: аудитория, мақсаттары, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст,тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды.Өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, кей кезде қарама-қайшы айғақтарды біріктіреді.

Өзгеріс пен сабақтастық-сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды.Сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді.Тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді.

Себеп және салдар-бір немесе бірнеше себептердің және /немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді.Тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды.

Ұқсастық пен айырмашылық-белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.

Маңыздылық-қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды.

Интерпретация- белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды. [4]

Тарихи концептілер жаттандылықтан гөрі оқушылардың берілген материалдарды белсенді әрекеттер арқылы терең игеруіне көмектеседі.

Осыған байланысты мен де өз сабақтарымда оқушылардың терең тарихи ойлауын қалыптастыру үшін тарихи концептілерге сүйенемін.Мысалы: Қазақстан тарихы бойынша 6-сыныпта өткізілген сабағымды алайық

Тақырып: Қазақстан аумағындағы ертеортағасырлық мемлекеттер

Тарихи концепт: Ұқсастық пен айырмашылық

«Ақпараттық органайзер» әдісі



Қағанаттар

Қағандар

Тарихи жылдар










Тірек сөздер

Тарихи ескерткіштер

Маңызды оқиғалар











Бұл жерде оқушылар VI-IX ғасырлардағы Қазақстан жерінде құрылған қағанаттардың даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Қазақстан тарихы 5-сынып Тақырып: Кіріспе Ежелгі дүние тарихында не оқытылады? Тарихи концепт: маңыздылық

Зерттеу сұрақтары:

Тарих дегеніміз не? Ол не туралы баяндайды?

«Қазақстан тарихы» пәні нені оқытып үйретеді?

Ежелгі дүние тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?

Археологиялық деректер қалай жинақталады?

Топтық жұмыста осы зерттеу сұрақтары бойынша тарих ұғымының мағынасын ежелгі дүниенің негізгі кезеңдерн сипаттайды

7-сыныпта дүние жүзі тарихынан Еуропадағы орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? тақырыбында өткізген сабағымда тарихи концептілер: дәлел мен маңыздылық

«Уакыт сызығы» - Уақыт сызығында белгіленбей қалған жүзжылдық соғыстағы тарихи оқиғалардың даталарын қойып шығады. Қызыл сызыққа соғыста басымдыққа ие болған мемлекеттерді көрсетеді. Уақыт сызығындағы көрсетілген аралықтағы тарихи оқиғаларды түсіндіреді


Карточкалаларды жіктеу» «Орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттердің белгілері»,

Орталықтанған мемлекет

Бытыраңқы мемлекет



Бұл тапсырмада оқушылар орталықтанған және бытыраңқы мемлекеттің негізгі белгілерін жіктейді.

Қазақстан тарихы 6-сынып

Тақырып:Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты

Тарихи концепт: Себеп және салдар

«Екі жақты палитра»

Қазақ хандығының сыртқы саясаты жөніндегі ақпартты қолданып, Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының Моғолстанмен, Ноғай Ордасымен, Өзбек және Ресей мемлекеттерімен сыртқы байланыстарының негізгі нәтижелерін саралайды. Жауаптарын 1 парақтың екі жағына жазады

1.сәтті тұстары 2.сәтсіз тұстары


Дүние жүзі тарихы 7-сынып

Тақырып:XVII ғас. ортасындағы Ағылшын революциясы қандай маңызға ие болды?

Тарихи концепт: интерпретация

Тапсырма

Батыс Еуропа және Солтүстік Американың революциялардың сипаттаудың негізгі ұғымдарының мағынасын табыңыз:

Негізгі ұғымдар

Анықтамасы


Капитал



Буржуазия



Жұмысшы табы



Революция





Қазақстан тарихы 8-сынып

Тақырып: Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы

Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық

СӘЭТ әдісі Әрбір санат бойынша Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі өзгерістерді талдап үш сөйлемнен жазыңыздар

Саяси

1.

2.

3.

Әлеуметтік

1.

2.

3.

Экономикалық

1.

2.

3.

Технологиялық

1.

2.

3.



Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім алушыларға концептуалды білім беру олардың тарихи санасын қалыптастырып, олардың кез-келген тақырыпта тарихи ойлауына ықпал етеді.Әрине, оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын бірден қалыптастыру оңай емес.Ол үшін ең алдымен мұғалімнің теориялық білімі, оны практикада ұштастыра алатындай дағдысы болу керек. Оқушылармен бірге тиімді нәтижеге жету үшін мұғалім төмендегідей мәселелерді есте ұстауы қажет деп санаймын:

1.Сабақ барысында оқушылардың жадында ұзақ сақталып қалу үшін берілген ақпараттарды қайта өңдеу

2.Тарихи концептілер арқылы оқыту үшін, қажетті деректер, ресурстар тиімді таңдап алынуы қажет.Сонымен қатар бірлескен оқу ортасын құру маңызды

3. Берілген материалдарды меңгерту үшін педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану.

Қорыта келгенде, бүгінгі күні қазіргі заман ағымына сай жаңаша оқыту — сапалы білім берудің кепілі екеніне көз жеткіздік.Сондықтан жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілік-пен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге еркеше көңіл бөлуіміз қажет.



























Пайдаланылған әдебиеттер:



1.«Ақиқат» (ұлттық қоғамдық саяси журнал) № 5 2015

2.Ержанова А.С., Сыдыкова А.К., Туребаева А.Е. Концепт ұғымының теориялық негіздері // Молодой ученый, 2105.

3.Иргалиев С.С Концептуалды білім беру арқылы тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру. Чита: Издательство Молодой ученый,2017

4. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған

«Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі» тарихы пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


5.Ділманов Б.Қ., Зейнулла А.З, Кенбаева Н.А, Уайсова С., Тұтқышбаева Г.Ж. Концептуалды білім беру арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру: әдістемелік нұсқаулық Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!