Материалдар / «Тарихи қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау дағдысын арттыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тарихи қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау дағдысын арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тарихи қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау дағдысын арттыру» авторлық бағдарламаны мектепте пайдалану
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала атауы: «Тарихи қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау дағдысын арттыру»

Автор туралы мәліметтер:

Аты-жөні: Жумабекова Гульмира Бектемировна

Қызметі: Тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

Жұмыс орны: Абай облысы ББ Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия» КММ

Байланыс телефоны: 87074173774, e-mail: gbigeeva@mail.ru



«Тарихи қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау дағдысын арттыру»

 

Қазіргі замандағы дүниежүзі тарихының мазмұн көлемі өте ауқымды, дегенмен 9-сыныптарда аптасына 1 сағат қана бөлінеді, бұл материалды сапалы меңгеруге аздық етеді. Осыған орай мен 9-сыныптарға дүниежүзі тарихы пәнінен «Тарих пәнінен қызықты тапсырмалар» деген тақырыпта авторлық бағдарлама құрастырдым. Бүгінгі күндегі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға және жақсартуға ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру екені баршамызға аян. Бұндай жеке тұлғаға қойылатын алғашқы талап – ол шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік және кәсіби сауаттылық. Мектепте оқушылардың біраз бөлігі дүниежүзі тарихы пәнін меңгеруде біраз қиналып қалады. Тарих пәні мұғалімдерінің оқушылардың білім олқылықтарын толтыру мақсатында өте қажетті, оқулыққа көмекші құрал болып табылады. Тапсырмалар оқу бағдарламасына ыңғайланып, тақырыптар бойынша құрастырылған. Оқушылардың дүниежүзі тарихы пәнінен білімін тереңдетуде, жетілдіруде көмек беріп отыр.

Авторлық бағдарламада дүниежүзі елдерінің даму ерекшеліктерін анықтау, жаһандану заманындағы біртұтас өзара тәуелді қоғам ұғымын түсіну, елдердің дамуының балама мүмкіндіктерін көрсету, тарихи оқиғалардың сабақтастығын ұғыну сияқты оқушылардың белсенді әрекеттерін қажет ететін мәліметтер тапсырмалар түрінде берілген. Автор жаңаша ойлау арқылы, барлық тақырыпқа қызықты тапсырмаларды құрастырған. Тақырыптық тапсырмалар білім алушыға тақырыпты терең түсінуге тиімді етіп жасалған. Сонымен қатар оқушы:

- дүниежүзі тарихының хронологиясын, кезеңдерін, негізгі оқиғалары мен өзекті мәселелерін қызықты тапсырмалар арқылы түсінеді;

- дүниежүзі елдерінің ХХ-ХХІ ғасырлардағы даму ерекшеліктерін, жаһандану заманындағы біртұтас өзара тәуелді қоғам ұғымын, елдердің дамуының балама мүмкіндіктерін көрсете алады;

- әлем тарихының өзара байланыстылығы мен сабақтастылығын негізге ала отырып, оқушыларды толеранттылыққа, ұлттық және мәдени мұра құндылықтарын құрметтеуге тәрбиеленеді.

Бағдарламада бірнеше пәндердің байланысын көруге болады. Атап айтсам, Қазақстан тарихы, география, әдебиет, жаратылыстану ғылымдарымен, құқық пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. «Тарих пәнінен қызықты тапсырмалар» бағдарламасы өз мектебімізбен қатар басқа да бірнеше мектептерге тәжірибеден өтуге ұсынылды.

Осыған орай тақырыптық тапсырмалардың бірнешеуіне тоқталып өткім келеді.

Shape1

Тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы




1-тапсырма: ІІ д/ж соғыста фашизмнің күйреуінің негізгі себептерін топтастыру

Shape2



Shape5 Shape4 Shape3



ІІ д/ж соғыста фашизмнің күйреуі




Shape6 Shape7

Shape8

.



Shape9

Тақырыбы: Әлемде отарсыздандыру процесінің күшеюі


1 -тапсырма: Тұлғаны таны. Сұрақтарға жауап беру

  1. Суреттегі кім?

  2. Жалынды сөзі қандай?

  3. Тақырыпқа қандай қатысы бар?

2-тапсырма: Даталармен жұмыс жүргізу

1956 жылы - ......

1958 жылы - ......

1962 жылы - .....

Shape10

Тақырыбы: Дүниежүзілік мемлекеттердің екіге бөлінуі


1-тапсырма: У.Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзін ПТМС формуласына салу

ПТМС формуласы

Позиция _____________ деп санаймыз

Түсіндіру (себебі...)

Мысал (біз мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламыз...)

С алдар немесе нәтиже (айтылған мәселе бойынша мынндай қорытынды жасаймыз...)

2-тапсырма: Картамен жұмыс. НАТО елдері және ВШҰ елдерін көрсету





Shape11

Тақырыбы: XX ғасырдың 60-70- жылдарында КСРО тап болған экономикалық қиыншылықтар



1-тапсырма: Адасқан әріптер

3 -тапсырма: Тарсия әдісі


Қорыта келе айтарым, мұғалім алдында отырған әр оқушыны шамшырақ етіп жаға білуі керек. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Өзімнің 28 жылдық ұстаздық жолымда шәкірттерімді тек білімге ғана емес, сонымен қатар отансүйгіштік қасиетке баулу менің тәжірибемдегі - басты қағидам. Алдымдағы шәкірттеріме  қарап  үнемі ойланамын: «Бүгін  менің  алдымда  отырған  бала  -   ертеңгі  күнгі елімнің  болашағы. Демек, ел ертеңі осылардың  қолында.  Яғни,  менің ұстаз ретінде зор жауапкершілігім тек  бүгінгі  жас ұрпақтың  ғана емес, ертеңгі  ел  алдында», - деп пайымдаймын.  Алдымдағы қабілетті оқушыларды білімге оқытып, ғылымға баулып, сол арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосып жүргеніме қуанамын.




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. АлдабекН., Макашева К., Байзакова К. Дүниежүзі тарихы. оқулық. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық «Мектеп» баспасы, 2019. - 217 б.

  2. Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу

https://eduindex.kz/pedagogical-work/607-daryndy-balalardy-oytu-zhne-trbieleu.html

  1. Дарынды оқушыны дамыту – ұстаз парызы

https://ult.kz/post/daryndy-okushyny-damytu-ustaz-paryzy


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!