|
Басы
|
Психологиялық ахуал
қалыптастыру.
Жұмыс ережесін
келісу
-
Сабақта
бір-бірімізді сыйлаймыз,
тыңдаймыз!
-
Уақытты
үнемдейміз!
-
Нақты,дәл жауап
береміз!
-
Сабақта өзіміздің
шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды
көрсетеміз!
Әнұран
орындалады.
|
Психологиялық ахуалға берілген
тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа
назар аудару.
|
|
Психологиялық
ахуал.
|
|
Ортасы
|
Жоспар:1 Тарихи шолу
а)Тәуелсіздік жолында
ә)Желтоқсан жаңғырығы
2.Тәуелсіз Қазақстан
Мұғалім:16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған
Тәуелсіздік тарихы ел тарихы.Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған
ашық тәрбие сағатымызды еліміздің мемлекеттік әнұранмен
бастайық.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік ежелден ел тілегі.Тәуелсіздік
халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық
күресінің тарихи нәтижесі.
оқушы.XV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан,
яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен
Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды.
Қазақ халқының ең соңғы өліп тірілуі біздің халқымыздың қайғы
қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам
сотталды.

758 адам комсамолдан 52 адам
коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар
берілді.Қазіргі күнде16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін
жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен аяқталды.
Желтоқсан оқиғасы- XX ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені
желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық коммунистік жүйенің
күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай ақ ол бұрын
бағынышты болып келген еөптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік
әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс
болды.
Тәуелсіздік бабалардың
ұраны
Бей уақытта бойға таққан ұраны.
Тәуелсіздік түнектерге тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған
шырағы.
Тура келіп тарихи бір
орайға
Тәуелсіздік түсті деме оңайға.
Бастан өткен шұбырынды ақтабан,
Не көрмеді қазақ елі соны
ойла.
Дербестігін аңсаған
ел, ақ адал
Қанын төкті қанша батыр бабалар.
Осы жолдар құрбан болды емес пе
Халық жауы атанған көп
бабалар.
|
Берілген сұраққа
жауап беріп, өз ойларын
білдіру.
|
Форма
тивті
бағалау.
ҚБ: Бас бармақ
арқылы бір-бірін бағалау.
.
|
|
|
Соңы
|
Қорытынды: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай
қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай
ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола
берсін.
|
Қойылған сұрақтарға
жауап береді.
|
|
|