15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тарихқа толы, мәдени өлке-Оңтүстік!"
Тарихқа толы, мәдени өлке-Оңтүстік!
1-ж 2012 жылы 10наурызда құрылғанына 80 жыл толған Оңтүстік Қазақстан облысы ежелгі және орта ғасырлар дәуірінің өзінде-ақ шаруашылығы дамып, мәдениеті гүлденген, ірі қалалары болған өңір.
2-ж Төбесі көк тіреген биік шыңдары, шөккен нардай ұзыннан ұзақ созылған жоталары, әр бір сайы мен сылдыр қаққан мөлдір бұлақтары, ерте кезден-ақ талай аңыз ьен жырдың өзегіне айналған өзендері, қырлары мен белдері не бір сырды бүгіп жатқандай.
Оркестр. Сурет сабағы
1-ж Географиялық жағынан Тұран ойпатының шығыс бөлігіне орналасқан Оңтүстіктің табиғаты да ерекше сұлу. Керіліп жатқан бетпағы мен Мырзашөлдей кең даласы, малдың қысқы ықтасыны болған Қызылқұм мен Мойынқұмы, талай жыр мен аңыздың арқауына айналған әр төбесі мен сайы табиғат сұлулығының белгісіндей емеспе?
2-ж Қазақтың қалдырмауға бір қыстағын
Хандары Хиуа, Қоқан қырқысқан
Сол күннен жеткен бізге жалғыз дара
Жәдігер жаухар қала Түркістан
Сұлтанахмет Нұрбақтың орындауында « Жәдігер қала» әнін қабыл алыңыздар
1-ж Аумағы жөнінен дүние жүзінде 9-шы орындағы Қазақстанның 117.300 шаршы шақырымын алып жатқан, тұнып тұрған тарихы бар бұл өңір ата бабаларымыздың қашаннан бергі жайлауы, құтты қонысы. Қойнауы тұнған асыл қазына, таусылмас ырыс береке.
2-ж Оңтүстік-өскен,өнген өлкем менің
Көрмедей көктем құрған көркем елім
Жұмысшы шаруаның жігерімен
80 жыл өрлеп өрге өркендедің
Алдарыңызда тәрбиешілер көрінісі
Бірлігіміз жарасқан біз Оңтүстік Қазақстан
Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізге мол мұра жинақтадық
О.Қ тату тәтті көп ұлттар мекені
Салт-дәстүр тамыры терең жайған мекен
Қой сойып қонақ күткен мейманасын, тасытқан берекесін құтты мекен
Бүгінде егемен ел болған өлкем
Ойда егін, қырда түлік толған мекен
Бұл маңға Қыдыр ата қонған екен
Жеріне пейілі сай дархан мекен
Бәрінде сүйем өлкем, сүйіп өтем
Өркендей бер өрлей бер Оңтүстігім
Болашақтын іргесін бірге қалаймыз
Туымыз көкте желбіресін, егеменді еліміз өркендей берсін
Оңтүстіктін 80 жылдығы құтты болсын
1-ж Заңғар басына құс қанаты жете бермейтін Қаратау, Алатаудың асқар шыңдары мен белес-белес жоталары бар Оңтүстік Қытайдан Батыс елдеріне баратын аты әйгілі Жібек жолының бойында орналасқан
2-ж Ұлы кошке аттың басын тіредің
Оңтүстігім сайын далам тірегім
Бақ пен байлық оты мәңгі жағылған
Оңтүстігім гүлдене бер тағыда
------------ орындуында «Түркістан» әнін қабыл алыңыздар
1-ж Тарихымызға көз жіберсек Шыңғыс ханның қазақ жеріне шабуылы заманында бұл өңірде қаншама оқиғалар болды және көптеген ғұлама ғалымдарды, данышпандарды өмірге келтірді.
2-ж Қазақ елім тарихыңды таныдым
Таныдым да бабалардың аруағына табындым
Жылдан жылға сен көркейіп құлпырып
Ал мен болсам ән жырымды ақтардым
Хор «Түркістаным тұраным» әнін қабыл алыңыздар
1-ж Тарих айнасына айналған Оңтүстікте бүгін де 11аудан, 8қала, 13 кент, 932 ауылдық елді мекендер бар екен, Облысымыз бұл күні ежелден келе жатқан тарихи- мәдени орындарының көпшілігі мен ерекшеленеді.
2-ж Иә небір қасиетті әулие бабаларымыздың мекені болған және олардың кесене, күмбездері тарихи мәдени ескерткештері көбірек сақталған аймақ. Олардың әрқайсысы өз дәуірінің тарихынан өзгеше шежіре шертеді.
Бекзаттың орындауында «Наш край» әнін қабыл алыңыздар
1-ж Ауыл ұлттық тәрбиемен салт-дәстүрдің қайнар көзі. Ауылы, кіндік қаны тамған туған жері жайлы жырламаған ақын, ән айтпаған әнщі жоқ шығар сірә.
2-ж Айдыны ақ алтынның арай мекен
Ақ ұлпа алпыс елге тарайды екен
Мақтасы мата болып қалса өзінде
Жер шарын бір орауға жарайды екен
Макамбай Ерболаттың орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар
1-ж Осындай тарих жүгін арқалаған Оңтүстігімізде 1991 жылы 16желтоқсанда жарияланған Тәуелсіздік күнінің куәгері болды. Сүйтіп халқымыздың ең басты жетістігі Тәуелсіздіктің арқасында қоғамымызда көп өзгерістер болды.
2-ж Ұлттық тілді, салт-дәстүрлерді жарасымды жалғастыруға, халықтың ардақты ұлдары мен батырларын еске түсіруге олардың мерей тойларын өткізуге мүмкіндік туды. Түркістан қаласында дүние жүзі қазақтарының 2-ші Құрылтайы өтті. Сонымен қатар Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласының 1500 жылдығы жоғары деңгейде аталып өткені баршамызға мәлім.
Сарбино бен Айданың орындауында «Біздің қала» әнін қабыл алыңыздар
1-ж Оңтүстік туған жерім мекенім
Сені әнге қосып мәнгі өтемін
Әрбір тасың тұнып тұрған шежіре
Алыс кетсем сағынышпен жетемін
2-ж Тойламақпыз 80 жылды бәріміз
Үлкен кіші жасымыз бар кәріміз
Тарихтың парақтарын ақтарып
Өткен күнді ардақ тұтып жүреміз
Дайындық сынып оқушыларының «Әдемі» әнін қабыл алыңыздар.
1-ж Биыл ОҚ облысы құрылуының 80 жылдығын атап өту қарсаңында, біз өткен тарихымызды зерделеп жеткен жетістіктерімізді дәріптеп, Тәуелсіздігімізді ту етіп, мызғымас бірлігімізді, берік ауыз біршілігімізді, кішіпейіл ізгілігімізді мақтана айта аламыз.
2-ж Бүгінде Оңтүстіктің іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, Саяси жүйесі сараланған, мәдениеті сақталған, өз жолын, өз болашағын айқындаған беделі биік облыс.Олай болса, ынтымағы мен бірлігі жарасқан облысымыз гүлденіп жайнай берсін, еліміздің көк байрағы көкке желбірей берсін деп осымен «Тарихқа толы, мәдени өлке-Оңтүстік!» атты өнер фестивальі аяқталды
Талантты жас ұрпақтың сүйенері
Балауса балапанын сүйеді елі
Қалқысын алдарыңда қарлығаш боп
Бүгінгі балалардың би өнері
«Сов.танец» биін қарсы алыңыздар
Билесе біздің ұлдар таң қаламыз
Көре көре бәріміз шаттанамыз
Биші ұлдарды өмірге әкелген аналарға
Мың алғысты біз бүгін айталамыз
Ұлдарымыздың «Махамбет жыры» биін қабыл алыңыздар.
Бишілер әсемдікпен бұралғанда
Жанарың жалын атпай тұралғанба
Алыстап кеткендейсің бір арманмен
Жақындап қалғандайсын бір арманға
«Түрік» биін қарсы алыңыздар
Буындарым былқылдап
Саусақтарым сыртылдап
Талшыбықтай иіліп
Таң қалдырам биіммен
Біз сиақты бишілер
Бұл жиында кімнен кем деп «Шолпы» биін тамашалаңыздар
Көмейден құйылады жырдың басы
Өнермен тасығандай дариасы
Ән айтып би билесең ширайсың сен
Шұғыладай қиаға кең құлашты
«Толғау» биін қарсы алыңыздар
Ұланымыз орыстың
Ұлы мекен қоныстың
Ұранымыз туыстық
Ұлттар бізге тым ыстық
Ортада «Орыс» биін қарсы алыңыздар
Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн
Айдын дала аспан үн
Ей адамзат бас әуенге сал биге
Шырқат биік тіршіліктің дастанын
Өмір ырғақ әуеніне ермесең
Тірлігің тұл, тас жаның
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның
«Өзбек» биін тамашаланыздар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген