ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛДЫҢ ІСКЕРЛІК ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛДЫҢ ІСКЕРЛІК ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың іскерлік әрекеттерінің маңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛДЫҢ ІСКЕРЛІК ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Маулимов Алихан

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың іскерлік әрекеттерінің маңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ой елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеру, тарихи процестің кейбір заңдылықтарын біліп алуы керек. Білімнің терең меңгерілуі оқушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен кұбылыстарды салыстырып, саралай білуді, оларды өз бетімен бағалай білуді көздейді. Соған коса тарих нұскаулары, қосымша тарихи әдебиеттер мен карталар және көрнекі кұралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушылардың ауызша және жазба тілін дамыту карастырылады. Тарихтың оқу пәні ретіндегі ерекшелігі сол, бұл пәннен окушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің рөлі орасан зор.

Мұғалімнің әсерлі, кызғылықты әңгімесі оқушының өткендегінің жаркын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оку материалын айкын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нактылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде мұғалім пікір алысудың және тарихи окиғалардын өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде материалды нактылай түсудің төмендегідей әдістері колданылады:

  • сторителлинг әдісі

  • айқын эпизодтар келтірілетін суретті әңгіме (мысалы: сақтардың тұрмысы туралы);

  • оқушыларға ойша өте ерте замандардағыны көз алдына келтіріп, соған «қатысушы ретінде сезіндіретін өткендегіге саяхат» түріндегі әңгіме (мысалы: тарихи – мәдени сәулет ескерткіштері жөніндегі әңгіме):

  • тарихи окиғалар мен кұбылыстарды байланыстыру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер тарихи адамның тағдыры арқьшы көрсетіледі (мысалы, XVIII ғасырдағы Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіруі жөніндегі документті материалға кұрылған әңгіме);

  • тарихи оқиғалар мен кұбылыстарды драмалы әңгіме ретінде айтып беру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер бірнеше тарихи адамдардын немесе ойдан шығарылған адамдардың қақтығысуы арқылы беріледі (мысалы, XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі казақ батырларынын ерлігін баяндау);

  • комикс әдісі.

Тарихтың оқу пәні ретіндегі ерекшелігі сол, бұл пәннен окушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің рөлі орасан зор. Мұғалімнің әсерлі, қызғылықты әңгімесі оқушының өткендегінің жарқын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оку материалын айқын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нақтылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Материалдарды ауызша баяндау кезінде мұғалім пікір алысудың және тарихи окиғалардын өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп береді. Сондықтан да оқушы білімін үнемі жетілдіріп, тәуелсіз еліміздің тарихи кезеңдеріне саяси, экономикалық және мәдени материалдар берілген кітаптар, кітапшалар, энциклопедияларды, мерзімді баспасөз беттерінде берілетін тарихи-қоғамдық материалдарды оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыт-бағдар бере білу керек. Ел тарихын оқытуда сыныптан тыс оқу, қосымша көркем тарихи әдебиеттерді сабақта пайдалану – оқушылардың білімінің, тарихи ұғымдардың жүйелілігіне әсер етеді; оқушылардың ақын-ойын, танымын, сезімін дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оқушыны еңбектене білуге үйретіп, қызығушылығын арттырады.

Қорытындылай келе, қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты – өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйрету. Оқушылардың бойына іскерлікпен қатар, білімді беріп, ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі ізденісте болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.





Қолданылған деректер тізімі:


1. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. – А., 1984.

2. Сарсекеев Б.С. Задания для самостаятельной работы учашихся по истории Казахстана. – Алматы, 1991


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі