Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТАРИХТЫ ТАСПЕН ӨРНЕКТЕГЕН СӘУЛЕТКЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның териториясында қазақ халқының және осы территорияда оның алдында жасаған тайпалардың, әр түрлі тарихи кезеңдеріне жататын монументал архитектураның бірталай ескерткіштері сақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарихты таспен өрнектеген сәулеткер


Түменбаева Ғ.И -Маңғыстау облыстық медицина колледжінің оқытушысы

б/т 87027600577 э/п gainizhamal77@mail.ru

Дуйсенбаева Бақытгүл 1курс 184«Мейірбике ісі» студенті



«Маңғыстау өңірінде ғасырлар бойы ақ тастан салынған тарихи ескерткіштер сақталғаны белгілі. Ол туралы  біздің тарихшыларымыз да, археологтарымыз да, сәулетшілеріміз де көптеген еңбектер жазып жүр. Сайын Назарбекұлы –  сол асыл мұраның бүгінгі көзі. Сәкеңнің тікелей өз қолымен жасаған ақтас құрылыстары қазір  мәдениет мақтанышы»  

        Қуаныш  Сұлтанов

Өнері өмірдің өзегіндей болған маңғаз Маңғыстаудың марғасқасы Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда өмірге келген. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі.

1958жылы мектеп бітірген соң еңбек жолын Таушық автобазасында жүргізуші болып бастап,оны Өзен мұнай-газ іздеу экспедициясында жалғастырады.1964-69 жылдары Алматы политехникалық институтына оқып,құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірді. Ректорат шешімімен ұстаздық жұмысқа қалдырылып, 1975жылға дейін мұғалім, аға мұғалім деңгейінде студенттерге дәріс берді.

1975-80 жылдары``Маңғыстаумұнайгаз``өндірістік бірлестігіне қарасты Жаңаөзен қаласындағы жөндеу-құрылыс мекемесінде бас инженер,мекеме басшысы қызметін атқарады. 1980-89 жылдары Алматы құрылыс техникумында ұстаздық етті.

1989-1992 жылдары республикамыздың ұмтылуға айналған ұлттық қолөнерін қалпына келтіру, қайта жандандыру, осы шаруалармен айналысатын шеберлерді біріктіру жолында үлкен еңбек сіңіріп, Қ.Тілеуханов басшылық еткен ``Мирас``атты өндіріс-шығармашылық кооперативін құруға атсалысты.

Қазақстанның кең байтақ территориясы сонау ертедегі өткен шақта елдің мәдени-экономикалық жағдайына өзінің  әсерін тигізген қоғамдық ірі қозғалыстардың арнасы болды. Қазақстанның териториясында қазақ халқының  және осы территорияда оның алдында жасаған тайпалардың, әр түрлі тарихи кезеңдеріне жататын  монументал архитектураның бірталай ескерткіштері  сақталған. Сонымен қатар бұл тарихта көп ғасырлар  ішінде қалыптасқан құрылыс істерінің тәжірибесі нәтижесінде сәулет өнерінің өзгеше үлгілерін жасап, онда құрылыс тәсілдерін, архитектуралық көркемдік тәсілдерін меңгерту, дмаыту үшін 1992жылы өзі туып-өскен Маңғыстау өңірінде-қазақ халқының ұлттық өнерінің көрмесіндей Маңғыстау өлкесінің мирасын жинақтау,соның ішінде тас өнерін елге таныту, жетістіру мақсатында «Парыз» атты шағын мекеме құрды. 1992жылдан бері біраз зираттық сәулет ескерткіштері өмірге келді. Маңғыстауда Абыл, Досан күмбездері Маңғыстау шеберлерінің тарихи қалыптасқан күмбездік сәулет өнерінің ұлттық формасын, мағынасы мен сипатын сақтай отырып жаңа кеңістікке қадам басты. Шеберлерге жаңа үлгі көрсетілді.

Қазақ халқының ЮНЕСКО шеңберінде тойланып өткен атақты тойларының негізгі ғимараттары көрнекті сәулетші-оның қолынан өтіп,ұлтымыздың ұлы перзенттеріне тұрғызылған Абай, Шәкәрім мұнаралары, Мұхтар Әуезовттің ата-анасы Омархан-Нұржамал кесенелері дүниеге келді.Исатай-Махамбет кешеніне кеңесшілік көмек көрсетті.Ұлы Абай жерінде тікелей араласуымен Тоқтамыс батыр күмбезі, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай, Шәкір Әбенов сағаналары өмірге келді. Мамай батыр, Көкбай ақын және Кеңгірбай баба күмбездерінің өмірге келуіне де елеулі үлес қосты. Осы еңбектері үшін 1996жылы``Құрмет``орденімен марапатталды. 1996-97жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында`` Домалақ-Ана``кесенесінің жобасын жасап,құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды.1999жылы ``Хан Ордалы Сарайшық``кесенесін өмірге әкелді. Осы еңбегі үшін Атырау облысының Махамбет Өтемісов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. Сайын осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгіме жазуменен де шұғылданды. Алғашқы өлеңін ол 46 жасқа толған кезінде жазған.Қазір оннан астам кітаптары бар. 9томдық толық шығармалар жинағы «Жазушы»баспасынан жарық көрді. « Қазақ халқының шежіре-тарихы. Адай тайпасы» атты шежіреші Ж.Жылқышыұлымен бірге дайындалған 8 томдық еңбегі Алматы қаласындағы « Үш Қиян» баспасынан жарық көрді. Сондай-ақ ``Парыз``(1994),``Абай басқан Жидебай топырағы``(1995), ``Шерқала``(1996) өлеңдер жинағы,үш томдығы (2001), ``Сырласым бол ``ой-толғам кітабы (2004),``Менің Ақ Ордам``, таңдамалылары (2006), «Ұлы Дала Ұлдары»(2009), т.б кітаптары жарық көрген.

Сайын ағамыздың басты қасиеті-оның ерінбейтіндігі және жалықпайтындығы. Дала төсіндегі аптап пен шаңға бірер күн шыдауға болар, ал сол аптап пен шаңда апталап,айлап жүру-кез келгеннің қолынан келсе бермейтін нәрсе. Сайынды бірде сол Атыраудағы Жайықтың масаға толы жағасынан көрсек, енді бірде Қарашүңгілден, тағы бірде Оғландыдан көреміз. Оның Бекет атаның бейіті тұрған жердің жойылып бара жатқан туралы мәселе көтеруі осындай туған жерге, туған өлкеге, ата-баба мұрасына деген жаңашырлықтаң белгісі, бұл-да бір осы күні сирексіп кеткен елгезектік пен ынтаның көрінісі.

Рух бостандығы жолындағы алғашқы ізденісін Сайын Назарбекұлы бірі ақындықтың, екіншісі батырлықтың үлгісіндей темірқазық тұлғалар Абай мен Досан бабасына кесене көтеруден бастады. Кезінде Қайпалды сұлтанның екі жүзді саясатын ``Хиуаның қонышына кіріп кеттің, Бір уыс болмас еді,күнің тақсыр» деп сынайтын орақ ауыз,оқ тілді Абыл ақынның домбыра пішінді, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы Ресей патшасының отарлаушылық озбырлығына қарсы ең ірі көтерілістердің бірін бастаған Досан батырдың дулыға тәрізді ақ кесенелері мағынасы жағынан да, сәулеттік шешімі, құрылыстың көркемдігі жөнінен де ойлы да әсем дүниелер болып шықты.

Осы жолдың бойында ащы терге иленіп, шебер қолдармен қаланып, татымды ойлармен өрнектелген келісті кесенелер мен көркем күмбездер жасалды. Жеке тұлғалардың әруағын әспеттеп, ескерткіштер қою, кесенелер, тіпті қалаларды солардың құрметіне тұрғызу дүниежүзілік өркениетте бар үрдіс. Бірақ жер бетінен жойылып кеткен қалаға ескерткіш қоюдың мысылын өз басым естіген емеспін. Егер ондай мысал болмаса, біз қазақстандықтар ежелгі астанамыдың орнын ескерткіш тұрғызған бірнеше мемлекет екендігімізді мақтаныш ете аламыз. Ол асқан айбынымен, салтанатымен алыс-жақын көршілес мемлекеттердің мысын басып, амалсыздан Алтын Орда дегізген ұлы мемлекеттің астанасы болғандығымен аты тарихта қалып орнын уақыт көшкіні көміп кеткен Сарайшықтың құрметіне қойылған ескерткіш. Астананың тұсаукесер рәсімінде ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ мемлекетінің алғашқы астанасы санатында Сарайшықты атағаннан кейін –ақ мазалай берген бұл ойын ортаға салғанда, Атырау облысының әкімі Иманғали Тасмағамбетов құптап тіпті, сәулеттік жобасын да екеуі бірге сызған екен. Сөйтіп,ескерткіш құлпытастардан тұратын үлкен кешен не бары алты айда салынып бітті.

Сарайшық рухын қайта тірілтудің терең мәні бар,-дейді Сайын аға –Жалғыз Сарайшық емес, Түркістан, Тараз, Отырар сияқты ежелгі қалаларымыздың тарихын, өркениеттегі орнын, ұлттық тұлғаларымыздың ойына қанат, бойына талап бітіретіндей тәрбиелік мақсатқа пайдалана білсек, үшінші мыңжылдықта Қазақстанымыздың баяғы Алтын Ордаша дәуірлейтініне еш күмәнсіз болмауы тиіс.

Сайын ағаның кісілік келбетін көріктендіре түсетін тағы бір қасиеті халық мұрасына, талапты жасқа қамқорлық жасауға құнттылығы. Сайын Назарбекұлының демеушілігімен Маңғыстаудың жыр, толғау, батырлық дастандарын, шежірелерін жинақтап, он екі томдық кітап шығару қолға алынады. Қазірге дейін``Маңғыстау мұнаралары» сериясының үш кітабы жарық көрді. Сайын Назарбекұлы алғашқылардың қатарында егемен мемлекетіміздің ``Құрмет» орденімен марапатталды. ``Хан Ордалы Сарайшық» кесенесі үшін Атырау облысының әкімі И.Тасмағанбетов белгілеген Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлыққа ие болды.

Досан батыр мен Абыл ақынның Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенелерін тұрғызды. Алыстан қарағанда қос мұнара мұнарланып көз тартады. Биіктігі 34метрдей. Ұшар басындағы қалпақ күмбезі үш айырымға бөлінеді. Ол Абайдың тағылым алған үш қайнарын көрсетеді. Сайын Назарбекұлы Абай мұнарасын өру үстінде ешкімнің ойына келмеген үш жүздің бірлігін сипаттайтын шешімге келді. Ұлы жүздің топырағын алдырып, оны Абай мұнарасына пайдаланды. Сөйтіп орта жүздің жерінде кіші жүздің тасы қаланып, ұлы жүздің топырағын пайдалану арқылы қазаққа « Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаруға» меңзеді. Ол өзінің «Қоштасу»деген өлеңінде мұны:

Маңғыстау тасы

Сызылды көкке білек боп,

Астында жатыр,трек боп!

Жетісу құмын,

Бір қалта құмын алдырдым,

Жатсын деп мәңгі

Алыпқа мынау жүрек боп,- деп жырлайды.

 Маңғыстау өңірінде ғасырлар бойы ақ тастан салынған тарихи ескерткіштер сақталғаны белгілі. Сайын Назарбекұлы –  сол асыл мұраның бүгінгі көзі. Сайын аға тікелей өз қолымен жасаған ақтас құрылыстары қазір  мәдениет мақтанышы.  Бойына Жаратушы дарытқан бар өнерін өмір бойы ұштап,  өзін-өзі да­мыту жолында төккен тер мен еткен еңбектің нәтижесіне өзі де, өзге де риза болатындай. Бар саналы ғұмырын ұлан­ғайыр даламыздағы ұлы тұлға­лардың мәңгілік мекеніне ай­налған 30-дан аса қорым-зираттарын қайта қа­лап, менмұн­да­лаған мұнаралы, күмбезді кесенелердің құрылысына арнаған ерекше тұлғаның өз туған ел мен жеріне, келер ұрпаққа бергенінен берері әлі де көп пе деп қаласың… Сайын Назарбекұлы жайлы Алаштың абы­зы Әбіш Кекілбаев, қазақтың көрнекті тұл­­ғасы, әдебиет зерттеуші ғалым Ақселеу Сей­дімбек сынды қаламгерлер оның бойын­дағы сан өнерді байқап қана қоймай, үне­мі қолдау танытып, әсіресе, ақын-жазу­шылығының өзін осы ойшылдар бірінші болып мойындаған екен. Қорыта келгенде қазақ даласының кең тынысын күй мен жырға арқау еткен асылдарымыз ел тарихының алтын парақтарында тасқа таңбалап кеткен. Халқының мұң-зарын қобыздың ащы үнімен сөйлетіп, тарихын тасқа өрнектеп, қуанышын домбыраның қоңыр үніне сыйдырта алған текті бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы  осындай құнды жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап келеді. 

Уақыт ізін айшықтауға келгенде сәулет өнерінен асқан құдіретті дүние жоқ. Қара жерге қазық болып қағылып, тау боп төселген ғимараттар салынған дәуірінің тыныш-тіршілігі мен арман-мұратынан, қилы тағдырынан сыр мен шежіре шертер нағыз дерек. Сол дәуірдің ғимаратына қарап-ақ, уақыт лебі мен тарих желісін, өркениет мәнін түсінуге болады. Ендеше, еліміздің әр аймағында шебердің қолынан шыққан ақ мұнара айшықтарын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында арнайы экускурциялар ұйымдастырылса тарихты тасқа қашап жазған сәулетші Сайын ағамыздың өнері мен сәулетшілігін бар бойына сіңіруге мол мүмкіндік болар еді.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. C. Назарбек шығармалары

  2. Ж. Нығмет «Қазақ тілі хрестоматиясы»

  3. Ана тілі газетіне жарияланған Анар Шамшадинова мақаласы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12