Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2
минут
Топтарға бөлу. «Қағаз
қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы
оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып,
оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін
сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3
минут
«Өзі туралы кластер»
тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер
құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін
жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес
негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос
т.б
|
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар,
қалам.
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды
орындау
Балалық шағымыздан әрқайсысымыз денелердің Жерге
тартылу күші жақсы таныс, мысалы, тебілген доп та, бұтағынан
үзілген алма да Жерге түседі. Демек, денелерге Жер тарапынан күш
әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады. Күнді айнала
қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады
және өздері де бір – біріне тартылады.Барлық кеңістікті жайлаған
тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат жер астына енсек
те” құтыла алмаймыз. Сондықтан Әлемдегі денелердің бір – біріне
тартылуы Бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы Исаак
Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы – Бүкіләлемдік
тартылыс заңын тұжырымдады.
Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі –
денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fа
әрпімен белгілейді.
Жүргізілген көптеген тәжрибелерден денеге әрекет
ететін ауырлық күші дененің массасын тура пропорционал болатынын
көрсетті. Егер, мысалы, динамометр ілгегіне кезекпен массалары m1 ,
m2 , m3 денелерді іліп және әр жолы динамометр көрсетуін белгілеп
отырсақ, онда төмендегі қатынастың орындалатынына көз
жеткіземіз:
Сонымен барлық денелер үшін ауырлық күшінің
дененің массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g
(латынша оқылуы «же») әрпімен белгіленеді. Бұдан:
болады.
Осыдан, денеге әрекет ететін ауырлық күші дене
массасына тура пропорционал:
Тұрақты g - дың шамасы жуықтап
алғанда 9,8 Н/кг – ға тең. Денелер тек Жерге ғана емес, басқа да
аспан денелеріне – Күнге, Айға, планеталарға тартылады. Алайда өте
үлкен қашықтықтарда аталған аспан денелерінің тарту күші азаяды да,
ал қандай да бір аспан денесінің бетіне жақындағанда, оның
тартылысы басты рөл атқара бастайды.
Сонымен қатар әр түрлі планеталарда массалары
бірдей денелерге әрекет ететін ауырлық күші де түрліше болады.
Планетаның массасы неғұрлым аз болса, оның денелерді өзіне тартатын
күші соғұрлым аз болады.
Мысалы, массасы 1кг денені Жер – 9,81 Н, Ай –
1,62 Н, Марс – 3,73 Н күшпен тартады.
Денелердің жерге тартылу күшін ауырлық күші деп
атадық.Ауырлық күшімен қатар салмақ ұғымы да жиі қолданылады.
«Салмақ» сөзі өздеріңе жақсы таныс. Бірақ кей жағдайда сендер
ауырлық күші мен салмақты шатастырасыңдар. Сонымен салмақ деген -
дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы
деп аталады. Ол Р әрпімен белгіленеді. Оның формуласы; яғни Мысалы,
егер алақанға қандай да бір нәрсені салсақ,сол кезде нәрсенің
алақанға түсіртін қысым күші оның салмағы болып
табылады.
Ауырлық күшінің әрекет ету бағытында дене
тірегімен қоса бірқалыпты емес қозғалатын болса , онда салмақ пен
ауырлық күшінің арасындағы қатыс өзгеретін болады. Бұл жағдайда
дененің салағы ауырлық күшінен көп немесе аз болуы
мүмкін.
Тірек немесе аспа денемен
бірге еркін түскен кездегі жағдайдың ерекше маңызы бар. Бұл
жағдайда тірек дененің қозғалысына бөгет болмайды, сондықтан дене
тірекке әрекет етпейді. Салмағы нөлге тең болатын дененің мұндай
күйін салмақсыздық деп атайды. Мысалы, әрқайсылардың тұғырдан суға
секіргенде, лифтімен төмен түсе бастаған мезетте, жоғары қарай
секірген кездеріңде бір сәт болсын салмақсыздық күйін
кешесіңдер.Талдау
«Ыстық
орындық» орындық
әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта,
орындықтар оны айнала қоршай
орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір
оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға
жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар
белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей
алады.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті
маркерлер
«Ыстық
орындық» орындық әдісі, сұрақтар,
орындық.
|