Материалдар / Тасбақа - киелі жәндік ғылыми жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тасбақа - киелі жәндік ғылыми жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
1048
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны


І Кіріспе ..................................................................................................................1

ІІ. Негізгі бөлім ................................................................................................3

2.1. Тасбақалардың пайдасы ..................................................................3

2.2. Тасбақаларды сақтау шаралары ....................................................4

2.3. Түлкі, тасбақа және кене ..................................................................5

2.4. Жыланмойын тасбақа ......................................................................6

2.5. Саз тасбақасы ...................................................................................7

2.6. Тасбақа туралы ертегі ......................................................................8

ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………........9

Пайдаланылған әдебиет……………………………………………....................10
































І. Кіріспе.

Тасбақаның аузындағы

шөбін алған адамның барлық

арманы орындалады.

(халық даналығы).



Тасбақаның ерекшелігі


Ерте заманда жоғалудың аз – ақ алдында қалған жайбасар жануарлардың бірі – тасбақа. Ол ең көне және омыртқасыздардың ішінде ұзақ өмір сүретін жануарлар тобына жатады.

Тасбақаның өзгелерден ерекшелігі – ұзақ уақыт қоректенбей, су ішпей жүре алатындығында. Және бір ерекшелігі – олардың тосыннан қиянат жасар жауының аз екендігінде арқасындағы мықты сауыты тасбақыны ірі аң –құстардың шапқыншылығынан және температуралық толқулардан сақтайды екен. Қыстың қатты аязы мен боранында не жаздың аптапты ыстығында олар тіршілік етуді тоқтатады. Яғни мұндай сәттерде тасбақалар терең ұйқыға кіріседі. Тасбақа арқасына жапсырылған тасынан мойнын алға созу арқылы дем алады және өкпесіне ауа толтырады. Қызығы, ол жүрген кезде ғана жақсы тыныстайтын көрінеді.

Жасына, көлеміне қарай тасбақалар әртүрлі келеді. Ал олардың өмір сүру ұзақтығы – 150 жыл. Тасбақалар 10 жасқа толғаннан кейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалары аппақ әрі қалың қабыршықты келеді. Жылына 3 – 5 жұмыртқа салады [1].

Негізгі мемлекеттік құжат болып табылатын Қазақстан Республикасының Қызыл кітап жайлы заңында республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып бара жатқан және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің жағдайы, оларды зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану жайлы мәліметтер жиынтығы берілген. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлер республиканың бар аумағында ерекше қорғауды қажет етеді. Заң жүзінде қарастырылған ерекше бір жағдайлар болмаса, бұл түрлерді ұстауға рұқсат жоқ.

Қызыл кітапқа енгізілген түрлердің санын қысқартуға, жоюға немесе олардың тіршілік ортасын бүлдіруге байланысты жағдайларға жол берілмейді.

Омыртқасыз жануарларды Қызыл кітапқа енгізу 1983 жылы желтоқсанда ҚазССР – да зоология инстутында өткен сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар түрлері жайлы ІІ Республикалық кеңесте талқыланып, дұрыс шешімін тапқан еді.

Бұған дейін Қазақстан зоологтарының ешқайсысы біздің елімізде омыртқасыз жануарларды қорғау керек екендігі туралы ойланбаған еді. Олардың алуан түрлілігі мен санының көптігі сонша, оларды жойып жіберу мүмкін емес сияқты көрінеті. Дегенмен, маман – энтомологтардың соңғы бірнеше онжылдықтардағы жағдайларға қарсы көңіл бөлулеріне байланысты, омыртқасыз жануарлардың табиғи ортаның өзгеріс әсеріне өте сезімтал екендігін көрсетті [2].

Дала тасбақасы Қазақстан Республикасы мен Орта Азия мемлекеттерінің аумағында мекендейтін бауырымен жорғалаушылар тобына жатады. Дала тасбақасы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілмеген. Дегенмен дала тасбақасы жабай фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда Конвенциясының ІІ қосымша тізбесіне енгізілген бауырымен жорғалаушы. Демек, тасбақаға да қамқорлық керек [3].











ІІ. Негізгі бөлім.

Тасбақалардың пайдасы


Тасбақалар адам өмірінде киелі жәндік деп саналады. Қазақ халқының ырымы бойынша тасбақаның аузындағы шөп – қасиетті.

Тасбақаның қанын медицинада қолданады. Өйткені, тасбақа көпжыл өмір сүретіндіктен, адам жасын ұзартуға көмегі тиеді деп есептейді. Тасбақалардың сауыты өте мықты, суыққа, ыстыққа төзім келеді. Сауытынан әр – түрлі сувенирлік заттар жасауға қолданады. Сонымен қатар, тасбақалар шөлге де, аштыққа да төзімді келеді. Олардың тағы бір ерекшелігі қосмекенді екендігінде. Тасбақалар суда да, құрлықта да өмір сүретіндіктен адамға көп пайда келтіреді.

Тасбақаны ең көп қолда өсіретін ел – Франция. Тасбақаның пайдасы көп. Әсіресе оны медицинада қолданады. Оның терісінен, яғни сыртындағы тасынан сувенирлер, дәрі – дәрмек, түйме сиықты күнделікті тұрмысқа керекті заттар жасалады. Және де тасбақаның мүсінін тағам түрлерінің дизайны ретінде қолданады. Мысалы, тасбақа сияқты торт және т.б. тасбақа халық арасында өте киелі. Халық «Тасбақаның аузындағы шөпті алған адамның арманы орындалады, бақытты болады» деп есептейді. Расында тасбақаның аузындағы шөбі өте киелі. Бұл жәндіктер – бауырымен жорғалаушылардың арасындағы адамға зиянсызы.

Халық ұғымында біреуге ренжісе «тасбақа болғыр!» деп қарғайды. Ал сауда саттық жасағанда «таразыдан жеген тасбақа болсын!» деген сөздерде кездеседі. Өйткені, бұл жәндіктің адам өміріндегі ерекше маңызы бар екенін айқындайды [2].








Тасбақаларды сақтау шаралары

Қазақстан қызыл кітабына омыртқасыз жануарлардың өкілдерін қазіргі кезде енгізудің өте қажет екендігіне ешкім шүбә келтірмейді. Дегенмен, Қазақстан Қызыл кітабына кіргізетін түр тізімдерін дайындау өте қиын болды, себебі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан омыртқасыз жануарлар толық зерттелмеген, ал мамандар таксондық топтар бойынша Қызыл кітапқа енгізу үшін түрдің сирек кездесуінің бағалау белгілерін, оларды іріктеу негіздерін толық білмеді. Сонымен қатар, жоғалып бара жатқан түрлердің дәрежесін бағалау кезінде, барлық мамандардың өзіндік көзқарасы байқалды. Бұл әбден түсінікті, себебі Қызыл кітапқа тізімді дайындауға тек систематик – фаунистер қатысты, оларда түрдің биологиясы мен экологиясын терең зерттейтін мүмкіншіліктер жоқ.

Дәрежесінің кез келген жүйесі мен түрдің жойылып кету қаупін бағалау белгілері қызылкітаптық әрбір түрдің көпжылдық жете зерттелуіне негізделу керек, тек қана ортаның қолайсыз жағдайының әсері ғана емес, түрдің санының ауытқуын анықтайтын табиғи жағдайларды міндетті түрде есепке алу керек: масылдар, жыртқыштар, жаулар, аурулар, қоректік байланыстары, ауа райы, тіршілік ортасының табиғи өзгеруі.

Қызыл кітапты дайындағанда, оның авторлары жеке түрлерді қорғауда ортаның қолайсыз жағдайларының кері әсерлері салыстырмалы түрде тек омыртқалы жануарларда, әсіресе насекомдар үшін, олар өте бүркемелі: ұсақ дене мөлшері, оларды табиғатта танудың қиындығы, санын есептеу мен басқа да ерекшеліктері, жеке түрді қорғауды онша тиімді етпейді. Сондықтан, мысалы, энтомологтар арасында көбі жеке түрді қорғауға, тіпті кейбірі оларды Қызыл кітапқа енгізуге қарсы. Соңғы көзқарас біздің ойымызша дұрыс емес, оны тірпті қабылдауға болмайды, себебі Қызыл кітап омыртқасыз жануарлар әлемінде сәтсіздік екені жайлы ескерту, сондықтан оны әзірге үгіт – насихат пен ескертпе ретінде қарастыру қажет, өйткені жалпы жұртшылық мұндай мәселе бар екенін хабардар болу керек [3].

Түлкі, тасбақа және кене


Бір уақыттарда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласты: «Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп бөліп алайық», – деді. Түлкі бір жарды көріп: 

Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер – деп, жардың астын саялап жатып алды. Тасбақа байғұс жерді тырналап, кене сорлы жиып, тарыны айдап әлекке түсті. Сөйтіп көп бейнет шегіп айдап, ол піскен соң, орып жинап алды. Бұны бастырып еді, бір аяқ тары болды. Біреуі барып түлкіні шақырып еді.  Түлкі келді дағы:

Бұл тарыны үшеуміздің бөлгенімізге болмайды. Үш бөлгесін бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді? Онан да үшеуміз жарысып қай озғанымыз алайық, – деді. Мақұл деп үшеуі қатарласып, бір жерге келіп, «алла әкбар» деп түлкі жөней бергенде, кене түлкінің башпайына жабысып ол да кетті. Түлкі өліп-өшіп барынша  жүгіріп келіп, қырманға отырайын деп еді, кене:

Әй, батшағар, мені басып өлтіресің бе, – деді. Түлкі:

Әй, сен қашан келдің? – деді. Кене:

Сен бағана «алла әкбар» дегенде-ақ мен келіп қалғанмын, – деді. Екеуі шатақтасып жатқанда, аузы-мұрны қан болып тасбақа келді. Келе сала:

Ойбай, түлкі, мен бір пәле көріп келдім. Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, екі қара бүркіті бар және екі  тазысы бар екі адам келіп, «жаңағы  қасыңдағы түлкі жолдасыңды тауып бер» деп менің осындай аузы-мұрнымды қызыл-ала қан қылды, сонда да мен сені айтқаным жоқ. Әйтеуір осы жаққа қарай келе жатыр, – деді. Түлкі:

Айналайындар-ай, мені айта көрме, мына тарыны екеуің тең бөліп  ал, мен сендерге ырза болайын, олар келсе, «білмейміз, қайда кеткенін де», – деп, түлкі кетіп қалды. Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене екеуі бөліп алыпты [6].

Жәндіктердің түрлері

Ең алымен, омыртқасыз жануарлар табиғаттағы зат айналымында маңызды қызмет атқарады. Бұл жануарлар өсімдік пен жануарлар қалдықтарын ыдыратады. Олар күрделі органикалық қосылыстарды жай заттарға айналдыра отырып, бір уақытта химиялық элементтерді топыраққа жіберіп, оның құнарлығын арттырады.

Топырақта қарапайымдылардың көптеген түрлері (талшықтар, инфузориялар, саркодарлар) кездеседі. Олар биологиялық белсенді заттар қорын жинақтайды. Өсімдік қалдықтарын ыдырататын топырақ саркофагтарының ішінен әр түрлі қоректік топтардың өкілдерін кездестіруге болады: жоғары өсімдіктер қалдықтарын, соның ішінде түскен жапырақтар мен қылқандарды, шіріген бұтақ пен тамырларды пайдаланушыларға; төменгі өсімдіктермен (оның ішінде саңырауқұлақтар) қоректенушілер, детритофагтар мен бактериофагтар.

Топырақ құнарлығын арттыруда омыртқасыздардың атқаратын қызметі өте зор. Топырақ түзуші жануарларға көптеген қарпайымдылар, жауын құрттары, есек құрттары, топырақ насекомдары мен өрмекшітәрізділер жатады. Бұл жануарлардың пайдалы қызметі топырақ биоценоздарында жанамалы түрде, яғни ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл топқа омыртқасыздар, табиғат тазалаушылары, яғни өлі органикалық заттарды пайдаға асырушылар жалғасады [5].

Тұщы су қоймасында тіршілік ететін әртүрлі омыртқасыздар, мысалы, қарапайымдылардан кірпікшелі инфузориялар немесе аз қылтанды құрттардың кейбір түрлері, сонымен қатар бұтақмұртты шаяндар дафниялар, судың ластану дәрежесін анықтайтын көрсеткіш ретінде пайдаланылады. Кейбір омыртқасыздар суды тазалайды. Қос жақтаулы моллюскалар класы өкілдері желбезегінің көмегімен суды сүзіп, қоректік заттарын ұстайды [6].


Жыланмойын тасбақа


Тасбақа Африка, Индия жерлерінде тіршілік етеді. Ол суыққа төзімсіз, ыстықты өте жақсы көреді. Ол жұмыртқалғанда жұмыртқасын топырақтың астына көміп кетеді. Ол суда жүреді, су жоқ болса құрлықта өмір сүреді. Ол адамға тиіспейді. Ол адамнан қорқады. Оның адамға зияны жоқ. Оның аузындағы шөпті алса, ол кісінің арманы орындалады. Ол 400 жыл бойы өмір сүреді. Ол тауда да жүре береді. Оның үйі өзінде. Оған тиісуге болмайды және оның түрі жабай болады.

Оның мойнының ұзындығы басымен қосқанда дене тұрқымен бірдей болады. Өзен көлдерді мекендейді, жақсы жүзеді, әрі сүңгиді. Аяқтарында жарғақтары бар. Балықпен, ұсақ омыртқалармен қоректенеді. Жергілікті тұрғындар оның еті мен жұмыртқасын дәмді ас деп санайды. Королиндік терілі тасбақалар АҚШ – та тіршілік етеді. Бас терілі тасбақалардан айырмашылығы ол суда емес, құрлықта өмір сүреді. Оның бүкіл денесін сүйекті терілі тасбақа жауып тұр. Қауіп төнген жағдайда ол басымен аяқтарын соған тығып жасырына қояды. Айтпақшы, тасбақалар көнеден қалған бауырмен жорғалаушы, әйтседе ол біздің кезімізге дейін сақталған: тасқабы олар тіршілік еткен сандаған жылдар бойы дауларынан сенімді түрде қорғап келген [5].















Саз тасбақасы


Еуропадан шыққан түрі болғандықтан, тек солтүстік – Батыс Қазақстанды мекендейді. Ол еділдің Атырауынан Ырғыз су қоймасы мен Сырдария сағасына дейін таралған. Жайық өзенінің сағасынан Қазақстанның солтүстік шекарасына дейін тіршілік етеді. Соңғы кезде саз тасбақасы Қостанай облысының кейбір өзендері мен көлдерінде кездесіп жүр. Ағысы жай тұщы су қоймаларын мекендейді. Өзендер, көлдер және шалшық сулардың тыныш және тұңғиық жерлерін таңдайды. Паналайтын жері – су қоймасының түбіндегі лай әрі сол жерде қыстайды. Тасбақа жазда су бетінде болғанда, өкпесіне ауа толтыру үшін су бетіне шығады, сөйтіп тек тұмсығының ұшын ғана судан шығарады. Жазда, шуақты күнде су бетіндегі ағаш пен томарға шығады, егер қауіп төне қалса, суға түсіп кетеді. Су қоймалары қатып қалса, түбінде қыстаушы тасбақалар қырылып қалады. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Негізгі қорегі – су жәндіктері, ұсақ балықтар мен шаян тәрізділерді де жейді, тіпті өсімдікті де [3].





















Тасбақа туралы ертегі

(татар халқының ертегісі)


Бір әйелдің үш қызы болыпты. Оларды асырап, жеткіземін деп аналары күні – түні жұмыс істейді. Қарлығаштай лып ете қалатын жылдам, толықсыған айдай көркем болып ағайынды үш қыз бой жетіп, бірінен соң бірі тұрмыс құрып, алысқа ұзатылып кетіпті. Бірнеше жылдар өтеді. Кәрі шешелері науқастанып, қыздарына хабар айтуға Жирен тиінді жұмсапты.

- Тезірек жетсін деп сәлем айт, - деді сырқат шешесі. Жирен тиіннен суық хабарды естіп, тұңғыш қызы:

- Уһ! – депті күрсініп. – Уһ! Мен қуана – қуана барар едім, бірақ мына екі тегешті тазалау керек болып тұр.

- Екі тегешті тазалау керек пе? деп ашуланады тиін.

- Ендеше сол тегештерден ажырамайтын болып қал!

Сол – ақ екен үстелдің үстіндегі екі тегеш үлкен қызды жоғарыдан да, төменнен де бас салады. Құлап түскен қыз дәу тасбақаға айналып, үйден жыбырлап шығып бара жатады [4].




















Қорытынды


Омыртқасыздардан Қызыл кітапты дайындаған кезде, негізінен омыртқалы жануарларда пайдаланған түр дәрежесінің белгілері пайдаланылады: І дәрежеде – жойылып бара жатқан түрлер, ІІ – саны қысқарып бара жатқан түрлер, ІІІ – сирек кездесетін түрлер, ІV – бейтарап (белгісіз) түрлер, V дәреже (қалпына келтірілген түрлер) шығарылып тасталды, себебі Қазақстанда әзірге омыртқасыздарды қалпына келтіру жұмысы жүргізілген жоқ. «Шамамен жойылған түрлерді» қарастыратын нөлдік дәреже енгізілді. Себебі Қазақстан омыртқасыз жануарларының биологиясы мен фаунасының қазіргі білімне толық сенуге болмайды, өйткені кез келген түрлі республика жерінде немесе дүние жүзінде қайтып кездеспей жоқ болып кеткеніне толық сенім жоқ.

2001 жылдың қаңтарынан бастап, түрлерді қорғаудың Халықаралық одағының (МСОП, IUCN, 2001) соңғы хабарын 3.1 қолдану керек. МСОП 3.1 жаңа хабары қазіргі уақыттағы ең жетілген және аз мәлімет болса да құрып кету қаупі бар түрдің жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіндік беретінін авторлар аса бағалап отыр. Оны микроорганизмдерден басқа, барлық систематикалық топтарға, аймақтық дәрежеде ғана емес, бүкіл жер шарын қамтитын дәрежеде де қолдануға болады [2].

Ұсыным. Осы ғылми эксперименттік жұмысымды келешекте жас натуралистер қоғамына пайдалануды ұсынғым келеді.











Пайдаланылған әдебиеттер


1. А. Исаева. – Мөлдір бұлақ – Балаларға арналған танымдық суретті журнал. 2007 жыл. – шілде (№7) – 15 бет.

2. З. Сәтімбекова. Қызықты би

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!