Материалдар / Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы. Сабақтың мақсаты: Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығының нығаюы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың типі: аралас Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, БжС технологиясы. Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниежүзі тарихы Көрнекілік: бағалау кестесі, слайд. Сабақтың барысы:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
1667
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: №69 мектеп-гимназиясы

Пән мұғалімі: Утеубаева Сания Абаевна

Сыныбы: 7 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы.

Сабақтың мақсаты: Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығының нығаюы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниежүзі тарихы
Көрнекілік: бағалау кестесі, слайд.
Сабақтың барысы:

1

Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.

2

Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру.

Бірінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

Хақназар хан.

1. Қасым ханның баласы Хақназар хан билеген жылдар?

(1538-1580 жж.)

2. Моғолстан ханы Абдрашид Жетісу мен Ыстық көлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастаған кезең? (ХVІ ғасырдың 50-60 жылдары)

2. ХVІ ғасырдың ІІ жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға? (Ойраттардың тонаушылық жорықтары)

3. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті? (Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары)

4. Хақназар мен Моғолстан ханы Абрашидке қарсы соғыста одақтасты? (Қырғыздармен)

5. Патша Хақназар ханға жіберген елшілері арқылы кімге қарсы әскери одақ құрды? (Сібір ханы Көшімге)

6. 1569-1579 жылдары Қазақ хандығында болған орыс елшілері? ( Семен Мальцев пен Третяк Чебуков)

7. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, туыстарын өлтірген жылы? (1580жыл)

8. Өзін қолдағаны үшін Абдалах хан Хақназарға қай аймақтағы қаланы сыйға берді (Түркістан)

9. Орыс мемлекет шыкарасын Қазақ хандығына жақындата түскен? (Ноғай ордасының ыдырауы)

10. 1570 жылдың аяғында Моғолстаннан қазақ хандығына өткен жерлер? (Жетісудың батысы)

11. Сібір ханы мен Моғолстанға қарсы Хақназар қатынас орнатуға ұмтылды? (Шайбани әулетімен)

12. ХVІ ғасырда Қазақ хандығының тағында ұзақ отырған хан? (Хақназар)

13. ХVІ ғасырда Хақназар хан Өзбек билеушілерімен саяси қатынас орнату нәтижесінде? (Сыр бойындағы қалаларды өзіне қаратты)

14. Қазақ хандығының Шайбанихан әулетімен бейбіт қатынас орнату барысында, Хақназар бұл қаланы алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты? (Ташкент)

15. ХVІ ғасырда Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығымен саяси қақтығысқа түскен елдер? (Өзбек хандығы, Моғолстан)

16. Көмек көрсеткені үшін Хақназар ханға Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы сыйға тартқан өзбек ханы? (Абдаллах хан)

17. Хақназар ханның Абдалах ханмен одақтасу себебі? – (сыртқы жаудан қорғану)

18. 1570 жылы Хақназар хан Жетісудың батыс бөлігіндегі қай жерлерді өз билігінде ұстады? (Шу, Талас өңірі)

19. Хақназар хан «Дос болып, өзара көмектесу» жөнінде кіммен ант беріскен шарт жасасты? (Бұхар ханы ІІ Абдаллах)

20. ХVІ ғасырда Хақназармен саяси қатынас жасаған өзбек билеушілері? (Абдаллах, Баба сұлтан)

21. ХVІ ғасырда Хақназар хан кезінде Қазақ хандығының құрамына қосылды? (Ноғай ордасының көптеген ұлыстары)

22. ХVІ ғасырда Хақназар хан мен Моғолстан билеушілері арасындағы шайқастың негізгі себебі? (Жетісу өлкесі үшін)

23. Хақназар хан кезінде қазақ жасақтарының тегеурінді шабуылына шыдамаған ноғай мырзалары ығысты? ( Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон даласына)

24. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдарды Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірген жыл? (1579 жыл)

25.Қазақ хандығын біріктіріп, мемлекеттілігін нығайтуға ерекше еңбек сіңірген хан? (Хақназар)

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Екінші белгілеу

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз- 1мин 30 секунд.

Тірек сөздер: 1) Тәуекел, 2) Шығай, 3) Мауараннахр, 4) Бұхара, 5) қамал-қалалар, 6) елшілік, 7) Сібір хандығы 8) ойраттар, 9) аманат, 10) керуен саудасы 11) уәлаят

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Жаңа тақырып.Хақназар хан. Оқушылар оқулықтан бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс.

5

Түсінудің алғашқы тексерілуі

Үшінші белгілеу Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Мәтін бойынша қарама – қарсы сұрақтар қойылады.

1. Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған кім? (Шығай хан)

2.Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізген қазақ ханы? (Шығай)

3.Шығай ханның ұлдары? (Тәуекел,Есім)

4.Тәуекел хан кезінде шиеленіскен жағдай? (қазақ-өзбек қатынасы)

5.Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл? (1582 жыл)

6.1583 жылы “Ант беріскен шартты” бұзып,Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар? (Сауран,Түркістан,Отырар,Сайрам)

7.Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл? (1598 жазында)

8.Тәуекел ханның басты мақсаты? (Өзбек хандығына кеткен қалаларда қайтару)

9.Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс? (Ташкент қаласының түбіндегі Абдаллах ханды талқындауы)

10.XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға: (Ойраттардың тонаушылық жорықтары)

11. 1582 ж. Түркістан түбінде Баба сұлтанды жеңіп, Хақназар хан мен Жалым сұлтанның кегін қайтарған кім? (Тәуекел сұлтан)

12.Абдаллақ хан Самарқан өлкесіндегі Афиркент уәләятын кімге сыйға тартты? (Тәуекелге)

13.В.Степанов бастаған орыс елшілерінің Қзақ хандығына келген жыл? (1595 жыл)

14.1597-1598 ж. Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін талқандаған жері (Ташкет қаласының түбінде)

15.Тәуекел хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бір руын, ал інісі Шахмұқанбетті қай тайпаны басқаруға қойған? (қалмақтарды)

16.1598 ж.жазында Тәуекл хан өзбек сұлтандарының қолдаумен басып алған қалалары? (Ақши,Искандер,Мүнши,Ташкент,Самарқан.)


17. 20 күн қоршаса да Тәуекел ханның ала алмаған қаласы (Бұқара)

18.Тәуекел хан 1598 ж. 70-80 мың әскермен Бұқарды қоршауға алды,ал інісі? (Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқандта қалдырды.)

19.Тәуекел ханның қай елшісі 1594 жылы Ресейге барған? (Құлмұхамед)

20.Ресейден 1595 ж. қазақ хандығына келген елші? (В.Степенов)

21.1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі да қаза болып,екі хандық хансыз қалды,бұл хандықтар: Қазақ хандығы(Тәуекел) мен өзбек хандығы (Абдаллақ)

22.Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қазақ хандығына қай жылы қосылды (1598 ж.)

23.Тәуекел хан тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған ірі қала? (Самарқан)

24.Абдаллах ханның қазақ ханы Тәуеклге сыйлыққа жер беруінің себебі? (Баба сұлтанға қарсы күресте қолдау білдіргені үшін)

25.Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңісшісі,ханзадалардың тәрбиешісі болған ғалым-(Қ.Жалайыри)

6

Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Сын тұрғысынан сұрау. Тәуекел хан (1582-1598 жж.)

1. Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін, хан тағына Жәнібек ханның немере інісі Тәуекел хан отырды? (жоқ. Шығай хан)

2. Шығай хан тағына 1580-1582 жылдар аралығында отырды. (Ия.)

3. Баба сұлтан Бұхар хандығының билеушісі. ( жоқ. Ташкент)

4. Баба сұлтанға қарсы күреске Шығай ханның баласы Жәнібек тартылды. (жоқ. Тәуекел)

5. Тәуекел 1582-1598 жылдары хандық етті. (Ия.)

6. Тәуекел хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бір руын, ал інісі Құл-мұхаммедті қалмақтарды басқаруға қойған. (Жоқ. Шахмұханбетті)

7. Ханның көздеген басты мәселесі Абдалах ханмен күресте орыс патшасынан көмек алу еді. (Ия)

8. 1572 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан « ант беріскен шартты» бұзды. (Жоқ. 1583 жылы)

9.1587 жылдары Абдаллах хан мен оның баласының арасында қайшылық туды.(Жоқ. 1597 жылы)

10.Өзбек сұлтандары қолдаған Ақши,Искандер,Мүним,Ташкент,Самарқан қалаларын басып алды. (Иә)

11.Інісі Есім сұлтанды Самарқанда 20 мың әскерімен қалдырды.(Иә)

12.1594 жылы жылы орыс патшасы Федорға елшісі Тәуекелді аттандарды.(Жоқ. Құл-Мұхамедті)

13.Келіссөздер Тәуекел ханның ойындағыдай болды.(Иә)

14.1595 жылы Мәскеуден тілмаш Құл-Мұхамедты жіберді. (Жоқ Вельямин Степановты)

15.Қазақ-орыс қарым-қатынасының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. (Иә)

16.1595 жылы Сібір хандығы жойылды. (Жоқ. 1598 жылы)

17.Сыр бойындағы Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосты. (Иә)

18.1599 жылы Тәуекел хан қайтыс болды. (Иә)

19.1598 жылы жойылған Сібір хандығын Тәуекел хан басқарды. (Жоқ. Көшім хан)

20.Көшім Хан патша өкіметінен бас тартты. (Иә)

21.1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған Түркістанда болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқындады. (Иә)

22.Тәуекелдің басты мақсаты Орыс хандығына кеткен қалаларды қайтарып алу болды. (Жоқ. Өзбек хандығына)

23.Тәуекел хан 1593 жылы Маураннахрға баса көктеп кірді. (Жоқ. 1598 жылы)

24.Бұхара қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да ала алмады. (Иә)

25.Бұхарада болған шайқастың кесірінен Тәуекел хан қайтыс болды. (Иә)

7

Талдау

Бесінші белгілеу.

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.Оқытылатын тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру.

Тақырып бойынша эссе жазу. Тәуекел хан (1582-1598 жж.)

Оқытылған тақырып бойынша сөздік қорды тексеру (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. Әр бір сөз сөйлем мүшесі болуы керек. Норматив бойынша 63 сөзден тұратын шығарманы 5 минут уақытта жазу керек.

8

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:

-4-5 белгі – 5ұпай.

-3 белгі- 4ұпай.

-2 белгі- 3ұпай.

-1 белгі- 2ұпай.

9

Үй тапсырмасы

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

Тапсырма. 168 беттегі сұрақтарға жазбаша жауап жазу. Тақырып бойынша 10 сұрақ – жауап құрастыру.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!