Тәуелсіз болмай жер болмас, егеменді болмай ел болмас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз болмай жер болмас, егеменді болмай ел болмас

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан оқиғасына көрініс қоюға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шағын жинақталған Саржыра негізгі орта мектебі» кмм









5 сынып

Тәрбие сағаты



Егеменді болмай – ел болмас,

Тәуелсіз болмай – жер болмас!

















Өткізген: Әлжапаров Н.Қ

Тексерген: Қабықаев Е.Ж









- Қыздар, жігіттер естідіңдер ме? Біздің басшысымызды орнынан алып тастапты ғой. (Олжас)

- Алғаны несі кімді алып тастапты? (Ұнар)

- Басшымыз Дінмұхамед Қонаевты. Оны алып тастап орнына орыс Колбинді қойыпты (Олжас)

- Сұраушысы, іздеушісі жоқ адамдай мұнша қорлағаны қалай? (Тоты)

- Өзгенің айтқанына көніп, айдауына көніп жүре беретін соншалықты жасық, сорлы халық па едік? (Динара)

- Жо-жо-жоқ Колбинді танымаймыз ғой. (Ұнар)

- Неге мұндай қызметке қазақ ұлы қойылмайды. Қазақ ұл тумапты ма? (Динара)

- Дұрыс айтасың. Дұрыс айтасың. Неге алаңға үкімет үйіне бармаймыз. Өз ойымызды айтуға құқымыз бар ғой. (Динара)

- Қиратуға барайын деп жатқан жайымыз жоқ. Бейбіт түрде ойымызды білдірейік. Өз ел, өз жеріміз деп күжіңдейміз. Біз де елде, жерде жоқ. Өгейміз, өгей болмасақ, бір мекемеге барып , бір жапырақ қағазды қазақша толтыра аласың ба?! (Олжас)

-Толтыра алмайсың ( хормен )

- Жиналыста бір ауыз қазақша сөз айта аласың ба? (Олжас)

- Айта алмайсың (хормен)

- Қара базарға барсаң. Пәтер іздегеннің бәрі қазақ. Бір орысты көрмейің. Күреспесек, қарсы шықпасақ. Қайда жүр мыналар деп. Біз не істесек те соған көне беретін мал екен деп ойларына келгенін істемей ме? (Олжас)

- Оу , Алаштың баласы бұл қорлыққа қашанғы шыдаймыз. (Тоты)

- Шыдамаймыз. Малда тұяғына тікен кірсе, тепкіленбей ме?

Алаңға шығамыз. Өз ойымызды ашық айтамыз. Кеттік. (Олжас)





Алаңға шығатындар: Олжас, Динара, Аяужан. Біз қарсымыз. Колбин кетсін. Колбин кетсін. Колбин кетсін. Билікті қазақ басқарсын. Бұл не бассыздық. Бізге жауап беріңдер



Қазақтар, үйлеріңе тараңдар. Тарамасаңдар шара қолданамыз. (Тоты, Ұнар)

Қайталау Олжастар.

Не сөз ұқпайсыңдар ма, тараңдар жатақханаға.

Қайталау Олжастар

Соңғы рет айтамыз қайтыңдар. Ұрып соғып тұтқындап алып кету. Ұнар мен Тоты

Айыпкер Рысқұлбеков Дерменов, Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе? (Ұнар)

-Егер ол көшеге бармасам мен оларды қайдан көремін. (Олжас)

-Советскийді сен өлтірдің бе (Ұнар)

-Жоқ, өлтіргенім жоқ. (Олжас)

-Сенің ұрып жатқаныңды біреулер көріпті ғой (Ұнар)

-Олай болса мені сол адаммен кездестір. Бұл өтірік жала. (Олжас)

-Ах, ты декабрист несчастный. (Ұнар)

-Я тебе покажу өтірікті. Жала дейді ғой еще. Ей, Рысқұлбеков советскийді өлтірдім,- деп мойында сонда жазаңды жеңілдетеміз. Әйтпесе өз обалың өзіңе. (Деп шапалақпен соғу Қарауылшы Динара)

-Мен мойныма алмаймын.Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын (Олжас)

-Сот үкімі Ұнар: Қайрат Рысқұлбеков айыпты деп танылып, Қазақ КСР жоғарғы сотының 60бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 65бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаның ең ауыр түрі ату жазасына кесілсін. Рысқұлбеков соңғы сөзін айтсын



Күнадан таза басым бар,

21де жасым бар.

Қасқалдақдай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар

Қазақ деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Қайрат деген атым бар.

Ерлер тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар (Олжас)





Қазағым елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып.

Қанған жоқ па әлі ұйқың,

Ұйықтайтын бар не сыйқың. (Олжас)

Сол жерде тапаншамен ату (Тоты)







Желтоқсан бірде,

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ

Көрінді шын ақ айбарлы.


Тоңдырды мені,

Тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.


Жоғалтып нуын,

Жоғалтып қуын;

Арал да суын тауысты.

Қаңырап мекен,

Аңырап бөкен,

Өріске бөтен ауысты.


Тоңдырды мені,

Тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.


Шайқалды күйім,

Шайқалды миым -

Бомбалар жиі жарылды.

Малым да кеміп,

Әлім де кеміп,

Қинады берік жанымды.















Picture 1



Picture 10



Picture 7

Picture 4

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2018
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі