Материалдар / Тәуелсіз ел- Мәңгілік ел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз ел- Мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
орта буынға арналған ашық сабақ жоспары, әр сынып жетекші өзіне керегін түртіп алады деген ойдамын, жан-жақты қамти отыра, қазіргі кездегі жастардың, жалпы қазекеңнің ана тілінде сөйлемеуі мәселе болып көтеріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты:

  1. Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  2. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілік:

Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.

Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Балалар, ең алдымен сендермен тақырыпты анықтайық, ендеше назарларыңды экранға бұрайық ( әр түрлі суреттер бар слайдтар)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы –«Тәуелсіз ел-Мәңгілік ел»

Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.

І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы топпен отырып, Тәуелсіздік дегенді қалай түсінем? Тек бір оқушы бір сөзбен ғана жазып, түсінік құрастыру.

Жақсы балалар, Тәуелсіздік белгілеріне тоқтала кетсек.Олар нелер және қандай? Экранға назар аударайық ( слайдта рәміздер (елтаңба, ту, әнұран ) оқушылар баяндап береді

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында оқушы: «Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы; Әнұраны қабылданды Енді олардың шығу тарихына тоқталамыз.

Мемлекеттік жалау 1992 жылы 4- маусымда қабылданып,

6- маусымда күшіне енді. Жалаудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың ашық көгілдір түсі, соғыссыз, бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жалаудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба. Шаңырақ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ең жүрегін көтеріп, оған негізгі арқау болып, тұрған шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ отан от басынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі - бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Тұлпар – ол мәңгіліктің белгісі, ал елтаңбадағы қыран қанаты, мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп - өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді. Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз – Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың бағы ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманын арқалап тұрғандай.

Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай ,ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады.Осындай Ата Заң біздің елімізде де , яғни Қазақстан Республикасында да тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды.

КОНСТИТУЦИЯ деген сөз латынның сөзінен шыққан,яғни орнату,құрылым деп аударылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Осы орайда балалар қаншалықты мұқият тыңдап отыр екен?Тест арқылы бағалап көрсек.

  1. Мемлекеттік жалау қай жылы қабылданды ?

а) 1990 6 - маусым. ә) 1991 4- маусым. б) 1992 6- маусым

2. Жалаудың өлшемдері:

а) ұзындығы 3 м, ені 1,5 м ә) ұзындығы 2м, ені 1 м

б) ұзындығы 2м, ені 3 м

3. Жалаудың авторы:

а) Шәмші Қалдаяқов ә) Жандарбек Мәлібеков б) Шәкен Ниязбеков

4. Елтаңбадағы тұлпар нені білдіреді ?

а) мәңгілік ә) молшылық б) байлық

5. Елтаңбаның авторы:

а) Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов

ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов

б) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев

6. Конституция сөзінің аудармасы

А) Құрылым ә) саясат б) тәуелсіз

Біраз уақытта рәміздеріміз туралы білімімізді толықтырдық деп ойлаймын, рақмет балалар. Қане балалар біраз сергіп алайық, орнымыздан тұрып, Бәйтерек бейнесін жасайықшы.

Не үшін жасалған әрекет ? Балалар өз ойларын ортаға салады, орындарына жайғасады. Бәйтерек туралы мәліметке құлақ түрейік.

Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды.

Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.

Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды. «Бәйтерек» монументі ертедегі көшпенділердің дүниетанымын танытатын терең философиялық мағынаға ие. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал бұл сәтте діңгектің жанында жұмыртқаны қарпып қалғысы келетін аш құрсақ Айдаһар жасырынған. Осылайша, жақсылық пен жамандықтың мәңгі күресі көрсетілген. Айналасында Әлемдік өзен ағып өтеді, ал жағалауында ұшар басымен аспан тіреп, тамырымен жерге ойысқан Бәйтерек тұр.

Бұл Өмір ағашы Әлемнің сипаты іспетті: жерасты әлемі «Бәйтеректің» тамыры, жерүсті әлемі – сабағы, ал аспан әлемі – ағаштың ұшар басы. Құрылысты аяқтап тұрған диаметрі 22 метр болатын үлкен шыны шар бақыт құсы Самұрық ағаш басына жыл сайын салатын алтын жұмыртқаны аңғартады. Монументтің биіктігінің де өзіндік мәні бар.

Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» – үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек, «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді білдіреді.

Балалар тәуелсіздік туралы өз ойларыңды ортаға салдыңдар, рәміздерді ,символдарын айттық, қазіргі таңда үлкен мәселеге айналып бара жатқан тәуелсіздіктің белгісі, айнасы бар, ол не екен? Қалай ойлайсыңдар? (тіл туралы нақыл сөздер айтылады)

Қазақ тілі, жалпы тіл туралы қандай мақал –мәтел, нақыл сөздер білеміз? Неге қазақ бола тұра біз бір- бірімізбен орысша тілдесеміз, неге акцентпен сөйлейміз?

Ендеше келесі тапсырма -Тіл туралы нақыл сөз, мақал- мәтел құрап көрсек, топпен жұмысты жалғастырайық

Балалар жасаған жұмыстарын таныстырып, ортаға салып бөліседі. Балалар ата-бабаларымыз елін, жерін қорғады, намысты қолан бермеді, олар қазіргі кездегі жастардың, бөтен тілге сөйлеп жүргендерін естісе, білсе қайғы мұңға түсер еді. Сондықтан тілімізді құрметтейік, қазақша сөйлесейік.

«Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.» - деп қан майданға аттанған аталарымыз қаншама. Ендеше оларға мың тағзым ете отырып, Сабинаның атасы туралы жасаған бейнеролигін тамашалайық. Рақмет, Сабина, балалар ұлы Отан соғысының сұмдық сәттерін көрдіңдер, не сезіндіңдер, 1941-1945 жылдары өткен сұрапыл соғыспен қазіргі таңның байласы неде?Ал қазіргі бейбітшілік таңда сендердің ерліктерің не? (балалар ойларын ортаға салады)

Қорытынды: Құрметті оқушылар ! Сабағымызды қорытындылай келе, қазығымның символына айналған Бәйтеректегі Самұрық құсының өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқаға өз тілегімізді жазып, стикерлерді жабыстырсақ. Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар.Ендігі жерде еліміздің тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда.Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер.Ол үшін сендер терең әрі жан-жақты білім алу керексіңдер,-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз .





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!