Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым педагогтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобында өткізілген Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз атты тәрбие сағаты

Тәрбиеші: Өксікбаева Ботакөз Сәрсенбіқызы

Тақырыбы :Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз

Ертеңгіліктің мақсаты:

Егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақтар. Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отанға, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту. Туған жері мен елін сүюге, елінің болашағына үлес қосып, еліне, жеріне деген ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, танымдылық қабілетін арттыра отырып өнерге баулу. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.

Тәрбиеші: Біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 26 жыл толыпты. Құрметті қонақтар, қымбатты балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!          

           Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,

           Атын атап ақын оны жыр қылды.

           Сол күнменен қатар туған сәбилер,

           Кішілерге аға болып үлгерді. Болашағы жайнаған бақ тұғыры.

           Бұл да болса қазақтың мықтылығы.

           Еркіндік, тәуелсіздік аңсаған ел,

           Жирма жылға қыр асып шықты міне.

Олай болса ортамызға өз өнерлерін көрсеткелі отырған «Балауса» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық. (Ән – әуеннің ырғағымен балалар қолдарына жалаушалар алып топқа кіреді)

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран

Сезім биігі, төзім шыңы, ол – Әнұран

Әннің асылы, ұранның басымы, ол – Әнұран

Олай болса балалар Тәуелсіздігіміздің  26 жылдығына  арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.

«Әнұран орындалады»

Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)

ҚР президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев) Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)

Біз қай ауылда тұрамыз? Ж. Ералиев ауылында

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атайықшы (Әнұран, Елтаңба, Ту)

Ендеше рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып берейікші

Салтанат :     Әнұраным – жанұраным,

                  Жүрсем егер дүние кезіп,

                  Айтар әнім, сөйлер сөзім,

                  Туған жерім сағынарым.

 

Дінмұхаммед :   Бақыт бірлік күн талабы,

                    Тоқтамайды дүбір әні

                    Мәңгі бақи шырқалады,

                    Республика Әнұраны.

 Алтынай :       Айнымайды аспаннан,

                     Біздің тудың бояуы.

                     Оны халық қадірлеп,

                     Биікке іліп қояды.  

Айсұлу:         Сүйесің ғой даланың,

                      Гүл жайнаған алабын.

                      Білесің ғой сен бірақ,

                      Қазақстан жалауын.

Әділет :      Қатар шапқан қос тұлпар,

                       Ай астында қазақ үй

                       Қалықтаған жас сұңқар,

                       Шарықтаған таза күй.

                       Бұл таңбасы елімнің,

                       Елдігімнің белгісі.

 Гүлхан :       Елтаңбасы елімнің,

                       Неткен әйбат, әдемі!

                       Тұнығындай көңілдің,

                       Ортада аспан әлемі.   

                       Өнерлі ғой қыздар – ай.

Би  «Қара жорға»

Тәрбиеші:       Кенге толы қойнауы,

                       Төлге толы жайлауы

Ол – біздің Қазақстан!   Анамыздай тілеуі ақ, Отан біздің біреу ақ Ол – біздің Қазақстан! 

Енді балалар қонақтарға тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік. 

Ақгүлім :        «Бұл не?» деп мен сұрадым,

                  «Жаңалық қандай тағы?»  деп.

                  Жауап берді анашым,

                  «Тәуелсіздік таңы» деп.               

Мағжан :       Атамекен ақ үйдің,

                  Азат болған күні бұл.

                  Құндақтағы сәбидің,

                  Қазақ болған күні бұл.            

Тәрбиеші:  Естіген жұрт тамсанар,

                  Тамылжытып ән салар.

                  Бізде  сондай бала бар.

Жанерке орындауында «Ертегілер» әнін  қабылалыңыздар.

Асылхан :       Күн болды бұл күн керемет,

                  Ақ түйенің қарны жарылған.

                  Ел болдық, шүкір не керек,

                  Әлемге аты танылған.

Бекнұр:  Сен әкелдің шаттығымды,күлкімді.

                  Ата-бабам армандағанбұл күнді.

                  Тәуелсіздік өркендесін,

                  Бақытпенен қауыштырған жұртымды!

Хор : Көк тудың желбірегені

Тәрбиеші:  Қызады бүгін тойымыз

                  Ортамызды ашайық.

                  Ән мен күйді көтеріп,

                  Інжу маржан шашайық.

Ән «Атамекен» орындайтын

Тәрбиеші:    Тәуелсіздік –

                    Менің байтақ Отаным.

                    Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным

                    Тәуелсіздік – сәбиімнің күлкісі,

                    Тәуелсіздік – ақ батасы атамның.

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

      Құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз» атты ертеңгілігімізге келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп,көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін! Рахмет Сау болыңыздар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2018
653
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі