Шығыс
Қазақстан облысы, Семей қаласы,
ЖШС «Ер-таң1» шағын
орталығы,
Мамырбаева Маншук Нурсагызовна,
тәрбиеші
Тәуелсіз елдің өнерлі
өрендері
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге,
Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне,
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың
сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын
арттыру.
1-жүргізуші:
Армысыздар қадірменді қонақтар! «Ел бақытын тербеткен -
Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
1-жүргізуші:
Балабақша еліміздің қаны –жаны,
Бақшадан басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі салтанатты кешімізде,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
Әнұран
орындалады.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке бейбіт түрде қол
жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің
қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер
танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін
және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін
орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа
толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті.
-
Балалар, 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақтың санасын сілкіндірген
желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі
болды. Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз
егеменді ел атанды. Біздің еліміз жылдан - жылға, күннен - күнге
өркендеп, өніп гүлденіп келеді.
-
Балалар, тәуелсіз біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- ҚР елордасы қай қала?
- Астана қаласы.
- Ал, сендер арайлы Астана қаласы туралы,оның әсем де әдемі
ғимараттары туралы білгілерің келеді
ме?
2-жүргізуші: - Ия, білгім
келеді.
1-жүргізуші: - Ендеше асқақтаған Астана туралы тақпақ
айтып берсін. Тыңдап көрелік.
Астана, Астана, Қазақтай халқы бар,
Көркем бұл жас қала. Кеңпейіл салты бар.
Өркенде бас қала, Әлемге даңқы бар,
Астана, Астана! Астана, Астана!
Би: «Тұлпарым»
Сарыарқа төсіндегі қазақ елінің бүгінгі елордасы
– Астана қаласы. Астана қаласы күн санап өсіп келе жатыр. Астана –
байтағымның бас қаласы, еліміздің лүп-лүп соққан жүрегі.
Бәйтерек – Астананың бой тұмары. Ал Астана – қазақ халқының
Бәйтерек боп тереңге тартқан тамыры, алтын тұғыры. Биіктігі 97
метр. Ер Төстік ертегісінің желісі бойынша
салынған.
Айсұлу:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
К.Каусар:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Ақерке:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ш.Ердаулет:
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз – халқың.
Отан - өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Сабира:
Отан - сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Нұрмұхаммед:
Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» - деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Тәрбиеші: Отан туралы қандай мақал-мәтел
білесіңдер?
1. Әлия: Туған жердей жер болмас.
Туғанелдей ел болмас.
2. Данияр:- Отан отбасынан басталады.
3. Зере: - Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
4. Нуриддин - Отан - оттан да ыстық.
5. Інжу: Туған жерге туыңды тік.
- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып - өскен жері, туған
туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал, қазір бәріміз
Тәуелсіз Отанымызға тағы бір мәрте құрмет көрсетіп, «Атамекен» әнін
орындайық.
Тәуелсіздік ұғымы «қазақ» деген атауға қан мен
жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп
елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді
шартарапқа танытты.
-Нұрмұхаммед , сенің алдыңа қойған мақсатың бар
ма?
2-жүргізуші: - Әрине, бар. Менің алға қойған мақсатым:
өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен
қарайтын азамат болу.,
1-жүргізуші: Ал Президентіміздің мемлекет алдына
қойған мақсаты қандай екен?
2-жүргізуші: «Президентіміз алдына анық та айқын
мақсат қойды. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз
елімізде бірді бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға
алды.
1-жүргізуші: Ендеше, Нұрмұхаммед, ең басты
бақытымыз тәуелсіздік жылдарының осы уақыт ішінде жеткен
жетістіктер шежіресіне ой жіберелік: /бұтаққа көк жалаушаларды
бір-бірлеп ілу/
Би: «Татар» биі
Ел шежіресі:
Бақдәулет:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Мерейлім:
Тәуелсіздік – жыр-әнім..
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!
Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
ғарышқа самғады.
Біздің жаңа мемлекеттік рәміздер: Ту, Әнұран, Елтаңба
бекітілді.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік
рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде
қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан
түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры
бар.
Алихан:
Әнұраным – жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым
Бақыт бірлік күнтталабы
Тоқтамайды дабыр үні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраным!
Барша халық таныған.
Алуа:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі
Танығандай көңілді
Ортада аспан әлемі.
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанаты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Қазақстан елімнің
Жеке дербес туы бар
Елдің ашық көңілі
Сол туынан көрінер.
Темірлан:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Би: «Испан» биі
Республикасының ұлттық ақшасы - Теңге айналымға
енді.
Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухын
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп
көрсетілген.
С.
Ердәулет:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Жүргізуші: Қастерлеп елім бүгін азаттығын,
Танытты қазақ бүгін қазақтығын.
Елім деп көш бастаған Елбасының
Таныды әлем міне, алыптығын
О, шіркін, Қазақстан ғажап бүгін!- демекші
Би: «Тәуелсідік»
тамашалаңыздар.
Назым:
Таңғажайып атыңда дәл табылды
Табылды да, талай жұртқа танылды
Қазақ елі көкке жетті көк туың
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі
Диас:
Қуаныштан талай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін
жүргізуші:
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
Барлығы хормен: Егемендік елдікті аңсаған,
Тәуелсіз біз жас ұлан
2-жүргізуші:
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтын өз жерімізді, өз
елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,
қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық!
2-жүргізуші: Егер де сен өз еліңнің отаншыл перзенті
болсаң,
1-жүргізуші: Егер сен тәуелсіз елдің тірегі болғың
келсе,
2-жүргізуші: Егер ертең өз тағдырыңды өз қолыңа
алғың келсе,
1-жүргізуші: Қазірден бастап жақсы оқып, үлкен
жетістіктерге жетуге тырыс!»
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі тәрбие сағатымызда өз
мәресіне жетті. Туған еліміз Қазақстанды сүйіп, мақтан
етейік!
Қазақстан Республикасы:Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің туын биік ұстап,
Мемлекетіміздің Рәміздерін әрқашан қадірлей білейік!Тәуелсіз
еліміздің көк байрағы-көгімізде желбіреп, елтаңбасы шалықтап,
әнұраны шарықтай берсін!